Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sintaxis_s_1201_ra_1179_taryna_zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
110.33 Кб
Скачать

35 Сұрақ. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

Көп бағыныңқылы сабақтас – құрамында 1 басыңқы, 2 немесе одан да көп бағыныңқы жай сөйлемдері бар сабақтас құрмаластар. Көп бағыныңқылы сабақтас деп аталады. Көп бағыныңқылы сабақтастар бағының қыларының өзара және басыңқымен бай-тұлғапануы жағынан аралас құрмалас сөйлеммен сәйкеседі. Мысалы, Қырық бесінші жылы соғыс аяқталып, жұрт мәре-сәре болды, ел қайтадан бұрынғы қалпына келе бастады. (С. Жылы). Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің басты ерекшелігі бір-бірімен ұласа байланысқан жай сөйлемдердің соңғысынан басқасы тиянақсыз тұлғада тұрады.

36- сұрақ. Аралас құрмалас сөйлем. Құрамындағы комп-рі бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысқан, кемінде 3 комп-тен тұратын құрмаластың түрі. Мен келген соң, олар үнсіз отырды да, Дәулет сөз бастады.

37-сұрақ. Күрделі синтаксистік тұтастық туралы түсінік.

Лингвистикалық әдебиетте мағыналық және синтаксистік жағынан біріккен сөйлем топтарын күрделі синтаксистік тұтастық деп атаушылық бар. Күрделі синтаксистік тұтастық жеке сөйлемдерге қарағанда, ойдың дамуын неғұрлым толық бере алатын, мағыналық және синтаксистік жағынан өзара тығыз байланысқан сөйлемдердің тобы. Сөйлем сөздердің тіркесуі арқылы біршама аяқталған ойды білдірсе, күрделі синтаксистік тұтастық сөйлемдердің тіркесуі арқылы аяқталған ойды білдіреді. Егер шартты түрде шығарманың композициялық схемасын сызып көрсету керек болса, былай болып шығар еді: сөйлем-күрделі синтаксистік тұтасытқ-тарау-бөлім-аяқталған шығарма.

Күрделі синтаксистік тұтастық категориясына тән негізгі белгілер көзге түседі. Ең алдымен ол мағыналық бірлікке ие. Оны құрайтын сөйлемдер негізгі бір ой төңірегіне топталады. КСТ ой бірлігімен ғана сипатталып қоймайды, ол сол ойдың аяқталуымен де сипатталады. Мағына жағынан аяқталғандық, сөйлемге қарағанда, мұнда басым сезіледі. Үшіншіден КСТ интонациялық-ырғақтық бірлікке ие. КСТ бірігіуші сөйлемдер арасы біркелкі дауыс ырғағымен, араларына сәл кідіріс түсіріліп айтылса, көршілес екі КСТ арасында сәл ғана пауза болады.

Құрылымы: 1.КСТң барлық мағынасын өзіне қысқаша түрде жинақтап тұрған алғашқы сөйлем. 2.Ойдың, теманың дамуын көрсететін ортаңғы сөйлем. 3.Кішкене теманың, ойдың мағыналық және синтаксистік жағынан аяқталғанын білдіретін қорытушы сөйлем. Күрделі синтаксистік тұтастық туралы Р.Сыздықова: «Бұл категория қазақ тілі білімінде әлі күнге дейін жан-жақты сөз болмай келеді. Оның белгілері, табиғаты, тұтастыққа енген компоненттердің бірігу амалдар деген тәрізді жайыттар зерттелген емес.. Х.Қ.Арғынов сөйлемге «тиянақты ойды білдіретін бір я бірнеше сөздің тіркесі» - деп ең қысқа тұжырым жасаса, А.Байтұрсынов: «Сөйлем дегеніміз – сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой» - деп анықтаған. Ең толымды әрі тұжырымды анықтама «қазіргі орыс әдеби тілінің грамматикасында» берілген: «сөйлем дегеніміз – хабарлаудың дербес синтакистік единицасы, оның мағынасы предикативтілік, формасы – синтаксистік шақтар мен райларды білдіретін арнайы грамматикалық тәсілдердің жүйесін қамтып иеленген ең кіші құрылымдық үлгі». Қ.Аханов та осы анықтаманы қолдайды. Ш.Балли: «Сөйлем – ойды хабарлаудың ең қарапайым мүмкін формасы» деп қорытқан.

Жазушының стилiн анықтауда күрделi синтаксистiк тұтастықтардың, олардың түрлерi мен байланысу тәсiлдерiнiң де өзiндiк орны бар. Себебi күрделi синтаксистiк тұтастықтар шығармада әр түрлi стильдiк қызмет те атқаруы мүмкiн. Күрделi синтаксистiк тұтастықта автор ой жүйесiмен қатар оның әр түрлi экспрессивтiк-эмоциялық, модальдiк реңктерi де берiледi.

Әуелде ауыр қылмыстыларға кешiрiм жасауды жоспарламаған Ораз Мұхамед зынданның жеке бөлiктерiн аралау үстiнде жазалы жұрттың ешқайсысын да кеңшiлiктен қақпады.Бәрi де жазалы емес, жапалы көрiнген. Жапалы емес, жалалы.

Берiлген мысалда күрделi синтаксистiк тұтастық тiзбектi байланысқа құрылған. Бiрiншi сөйлемдегi бiр сөз екiншi сөйлемде, екiншi сөйлемнiң бiр сөзi үшiншi сөйлемде қайталанып келiп отырады. Сол арқылы жазушы кейіпкерлер басындағы күйді мейлінше тереңдетіп, оқырман сезіміне әсерін күшейте түседі.

Күрделi синтаксистiк тұтастықтар кейiпкер портретiн жасауда ерекше қызмет атқаруы мүмкін.

Қырынан қарағанда қыз әп-әдемi болып көрiнедi екен.Тайқылау бiткен тар маңдайы да, артық-ауыс жерлерi қырналып, қажеттi қалыпқа түсiрiлген қою қара қасы да ұнасымды.Екi танауы делдиiңкi, келiссiз мұрны да қырлана қалғандай. Жалпақ, доғал иегi де қайтадан қашалғандай мүсiндi.Тал бойына жараспай тұрған мүше – астыңғы ернi iсiңкi, Үстiңгi ернi түрiк бiткен үлкен ауыз ғана. Әйткенмен, Әлия дәл осы сәтте маған әжептәуiр оңды қыз тәрiздi көрiндi(М.М.).

«Көркем шығарма құрылымында күрделі синтаксистік тұтастықтар бір оқиғадан екінші оқиғаға, бір баяндау планынан басқасына өтуді ұйымдастырып отырады, сөйтіп шығарманың жалпы сюжеттік өрбуін ұйымдастырумен қатар, баяндаудың әр түрлі рең құбылыстары бір-бірімен ауыстырып отыратын стильдік амал ретінде пайдаланылады. Күрделі синтаксистік тұтастық арқылы жазушының не кейіпкердің психологиялық көңіл-күйі ашылады. Белгілі бір оқиға тарамдай бяндалады, кейіпкердің портреті жасалады. Ондайда күрделі синтаксистік тұтастықтар оқиғаның. Автор ойының жалпы ағымын ғана беріп қоймай, түрлі экспрессивтік-эмоциялық қырларын, модальдік реңктерін және сол арқылы туатын түрлі ассоциацияларды қоса білдіреді».

38. Бөгде сөз. Оның түрлері. Тыныс белгілері. Адам сөйлегенде я жазғанда, сол өзі баяндап отырған мәселеге байланысты немесе соған қатысы бар басқа біреулердің сөзін, пікірін келтіретіні болады. Ондай сөздер автор үшін басқа біреудің сөзі, яғни бөгде сөз болып табылады. Бөгде сөзге әрдайым басқа біреулердің айтқанынан алынған сөздер ғана жатпайды, сонымен бірге, автордың басқа бір жағдайда, басқа бір еңбектерінде айтқан өзінің сөзінен алынған келтірінділері де жатады. Бөгде біреудің сөзін келтірудегі мақсат – әр түрлі. Бірақ солардың ішіндегі ең негізгісі – сөйлеушінің я жазушының баяндап отырған мәселе жөніндегі өз пікірінің пайымдауларының дұрыстығын дәлелдей түсу мақсаты. Бөгде сөздерді қолдану тәсілі түрлі болуы мүмкін. Бір жағдайда бөтен біреуден алынған сөз ешқандай өзгеріссіз, түп нұсқасы бұзылмай қолданылса, екінші бір жағдайда ол азды-көпті болса да, өзгертіліп, тың сөздер, грамматикалық жеке формалары түсіріліп айтылуы да, болмаса біреудің тек пікірі ғана алынып, ол түгелдей өз сөзімен берілуі мүмкін.соған қарай бөгде сөз: 1) төл сөз; 2) төлеу сөз болып екі топқа бөлінеді. Төл сөз деп жазушының я сөйлеушінің сөздігі жағынан болсын, грамматикалық сөздігі жағынан болсын ешқандай өзгеріссіз, бұлжытпай алып, өз сөзі ішінде қолданған біреудің сөзін айтамыз. Қолдану орнына және қолдану мақсатына қарай төл сөз цитат немесе диалог түрінде келеді.Цитат түріндегі төл сөз негізінде, саяси әдебиеттерде, ғылыми және әр алуан публицистикалық еңбектерде қолданылады. Цитат ретінде келтірілген төл сөздің айналасында оны пайдаланып отырған жазушының я сөйлеушінің өз сөздері қоса қолданылады. Ол – автор сөзі деп аталады. Төл сөздің айналасында қолданылатын автор сөзінің атқаратын қызметі – төл сөздің кімдікі екендігін, қайдан алынғандығын, төл сөз иесінің алынып отырған үзіндінің алдында нелерді айтқанын, оның үзіндіні қай күнде, қандай жағдайда, ішкі сезім дүниесінің қандайлық құбылыстары жағдайында айтқандығын және қалай айтқандығын тағы сол сияқтыларын білдіру. Оны мына мысалдардан байқауға болады: Гоголь «Пушкин туралы бірнеше сөз» деген мақаласында: «Біздің тіліміздің барлық байлығы, күші, икемділігі Пушкиннің логикасына дарыған тәрізді», - деп жазды. Автор сөзі диалог түрінде келетін төл сөздерде де болады. Бірақ диалог түріндегі төл сөз қолданылу орны жағынан да, функциясы жағынан да цитат түріндегі төл сөзден басқа. Қолданылу орны жағынан алғанда, диалог төл сөз көркем әдебиет жанрларында қолданылады. Мұндағы төл сөз болып саналатындар – көркем шығармалардағы персонаждар сөздері. Ал персонаждарға сөз беріп, оларды сөйлестіріп отырған жазушының өз сөзі автор сөзі болып есептеледі. Диалог төл сөздің айналасында автор сөзінің атқаратын функциясында да цитаттағы автор сөзінен біраз өзгешеліктері болады. Мұндағы автор сөзі төл сөздің кімдікі екендігін білдіру, оны қандай құбылыста, қандай күйде, қалай айтқандығын байқату сияқты функциялар атқарады. Сонымен бірге, автор сөзінің әрбір сөйлесушінің сөз сайын қолданылып отырлуы шарт емес. Оны мынадай мысалдан көруге болады: - Мынау аттан түсіп жатқан кім?- деді Шұға. - Әбдірахман гой, - дедім. - Әбдірахманың кім? - Қазақбайдың баласы. - Иә, әлгі учитель баласы ма? - Иә. - Жап-жас жігіт екен ғой, - деп, біраз қарады да, Шұға отауға кіріп кетті. Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзі автор сөзі деп аталады. Жоғарыдағы мысалдағы деген Абай, Айбала ... деп қала жаздап, аузын жиып ала қойды, деп ойлады қарт суретші – автор сөзі. Төл сөз бен автор сөзі «де» көмекші етістігінің деді, деп, деген, дейді, дегендей, дей жаздады, деген екен тұлғасындағы түрінің бірімен байланысады.  Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібіне, төл сөзді сөйлемнің хабарлы, сұраулы, лепті болуына қарай төл сөздің тыныс белгілері де әр алуан болады. 1. Төл сөз автор сөзінен бұрын орналасса, төл сөз бас әріппен жазылып, тырнақшаға алынады не алдынан сызықша қойылады. Егер төл сөз хабарлы сөйлем болса, соңына үтір, сұраулы сөйлем болса, сұрақ белгісі, лепті сөйлем болса, леп белгісі қойылып, автор сөзінің алдынан сызықша қойылады. Мысалы: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар деген нәрселермен озады», – деген ұлы Абай. Бекбергеннің қызын неге алып қашпақ болдыңдар? – деп сұрады үй иесі менен. 2. Төл сөз автор сөзінен кейін тұрса, автор сөзінен кейін қос нүкте қойылып, төл сөз не тырнақшаға алынады, не алдынан сызықша қойылады. Мысалы: А.Жұбанов былай деген: «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті». Әйел бір төбенің басына шығып алып былай деді: – Менің атым – әйел, мына қыздың анасымын. 3. Төл сөз автор сөзінің ортасына орналасса, автор сөзінен кейін қос нүкте қойылып, төл сөздің алдынан не сызықша қойылады, не төл сөз тырнақшаға алынады да, төл сөзден кейін не үтір, не сұрақ белгісі, не леп белгісі қойылады. Мысалы: Әйтілес қарт: – Аттың құлағында ойнайтын жас кезіміз, – деп бастады әңгімесін. 4. Автор сөзі төл сөздің ортасына орналасса, төл сөз тырнақшаға алынып немесе алдынан сызықша қойылып, автор сөзінің алдынан да, соңынан да сызықша қойылады да, төл сөздің екінші бөлігі кіші әріппен жазылады. Мысалы: «Осы бір тегін адам болмаған шығар, – деді Жалпақ балуан, – түнейік осы молаға». Төл сөздің әрқайсысы жеке сөйлем болып айтылса, бас әріппен жазылып, автор сөзінің алдынан үтір (сұрау не леп белгісі) мен сызықша қойылып, автор сөзінен кейін нүкте мен сызықша қойылады. Мысалы: – Баруын барарсың, елін де шабарсың, – деді Бала би. – Қалыңдықтың қызығына түсіп кетпей, қалың жылқыға да көзіңді сал. 5. Бір төл сөздің ішінде екінші төл сөз келген жағдайда алқашқысының алдынан сызықша қойылып, соңғысы тырнақшаға алынады. Мысалы: – Қазақ халқында «Ұлық болсаң, кішік бол» деген нақыл бар, – дегенді жиі айтатын ол. Төлеу сөз – көркем шығармада кейіпкердің сөзін айтылған қалпын сақтамай, тек мағынасын ғана жеткізетін сөздер. Мысалы, «Абай жолы» романында М.Әуезов Самалбек тілмәштың Абайға айтқан сөзін былай жеткізеді: «Оның жалғыз білгенім сол деп айтқаны: алысып жатқан екі жақ бірдей Абайды тыңдау қажет десті, бірақ олардың ішінде, арғы ниетінде қандай байлау бар екенін Самалбек білмейді. Оның ойынша, абай не қыларын өзі жақсы аңғаратын болар. Және сол өзіне лайық көрінген дағдылы жолмен куәлік айтқаны Абай басына лайық болар» дегендей кеңес тәрізді сөз айтып бітірді». Бұл жерде жазушының кейіпкер сөзін тікелей келтірмей, өзінше мақмұндап беру тәсілі көңіл аудармақ. Көркем шығармада кейіпкердің ішкі монологі, яғни іштей айтқан ойы, кейде төл сөз түрінде басталып кейіпкердің аузынан шыққан қалпын сақтағандай көрініп бара-бара төлеу сөз түріне ауысып, автордың сөзі болып кетеді, ал кейде сол екеуінің жігін, шекарасын айыру қиын болады. Осындай көркемдік тәсіл «абай жолы» романында Абайды ойлану, толғану үстінде бейнелейтін тұстарда ұтымды қолданылады. Төлеу сөз тәсілін қолдану әдебиетте төл сөзге қарағанда әлдеқайда сиреку кездеседі. Бұдан жазушының кейіпкер сөзін тікелей айтылған қалпын сақтап беруге көбірек мән беретіні байқалады. Төлеу сөз – бөгде сөздің өзгеріске ұшырап, тек мазмұны сақталған түрі. Автордың өзге біреудің сөзін өз тарапынан өзгертіп беруін төлеу сөз дейміз. Мұндайда біреудің сөзінің не туралы айтқаны, негізгі ойы сақталады да, оған тән басқа ерекшеліктер: ритмика-интонациялықбояуы мен кей сөздердің грамматикалық тұлғалары өзгертіліп пайдаланылады. Төлеу сөзде бөгде сөздің тұрлаулы мүшелері жойылып, автор сөзінің тұрлаусыз мүшелеріне, яғни бастауышы ілік септікті анықтауышқа, баяндауышы табыс не барыс септікті толықтауышқа айналады. Сонымен қатар жақ өзгеріске ұшырап, бір жақтың орнына басқа бір жақ қолданылады. Автор сөзіндегі «де» етістігі түсіп қалып, оның орнына басқа етістіктер қолданылады. Мысалы, Әлі бұл өңірде көктің шабан тебіндеп келе жатқанын, қыс ызғарының әлі түгел айығып болмағанын әңгіме қап отырды (М.Әуезов). Елеусіз көлдің не себепті Қызылкен атанғанын сұрады (Т.Әлімқұлов). Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру кезінде болатын өзгерістер: -негізгі өзгеріс төл сөздің тұрлаулы мүшелерінде болады; -бір жақтың орнына екінші жақ айтылады; -автор сөзіндегі де етістігінің орнына айт, сөйле, сұра, бұйыр деген сияқты етістіктердің бірі айтылады. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары: 1. Төл сөздің баяндауышы етістіктің ашық райынан болса, төлеу сөзде ол сәйкес шақтағы есімшеге айналып, оған -дық, /-дік жұрнағы, тәуелдік жалғауы және табыс септігі жалғанады да, толықтауыш болады. 2. Төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық райынан болса, төлеу сөзде ол тұйық етістікке айналып, оған табыс не барыс септік жалғауы немесе туралы, жөнінде, жайында шылауларының бірі қосылып айтылады. 3. Төл сөздің баяндауышы есім сөздерден не тұйық етістіктен болса, төлеу сөзде ол сөзге тіркес екенін деген көмекші етістік айтылады. Төл сөздің бастауышы төлеу сөзде ілік септік жалғаулы анықтауышқа айналады. 4. Төл сөзде белгілі бір жақта тұрған сөз төлеу сөзде автор тарапынан басқа бір жақта тұрып айтылады. 5. Төл сөз сұраулы сөйлем болып, оның құрамында сұрау есімдігі болса,-төлеу сөзде сол күйінде сақталады. Егер сұраулы сөйлем -ма/ме сұраулық шылауы арқылы жасалса, төлеу сөзде шылаумен айтылған сөз болымды-болымсыз түрде не антоним түрінде қосарланып айтылады. 6. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда автор сөзіндегі де етістігінің орнына айт, сұра, ойла, бұйыр, талап ет, ескерт деген сияқты айту, ойлау мәнді етістіктерінің бірі айтылады.

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]