- •1Сұрақ. Синтаксис пәні ,оның зерттеу нысандары мен салалары
- •12 Сұрақ. Баяндауыш
- •18 Сұрақ. Бірқұрамды сөйлем. Жақты сөйлем. Оның түрлері.
- •20 Сұрақ. Айқындауыш. Түрлері. Тыныс белгілері
- •22 Сұрақ. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі
- •Жай сөйлемдердің жалғаулықсыз, іргелесе құрмаласуы;
- •Жай сөйлемдердің жалғаулықтар арқылы құрмаласуы;
- •1.Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •33Сұрақ. Сабақтас құрмалас сөйлем, грамматикалық табиғаты.
- •34 Сұрақ. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері.Әр түрі бір сұрақ
- •35 Сұрақ. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
12 Сұрақ. Баяндауыш
Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, белгісін, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп,сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше баяндауыш деп аталады. Баяндауыш қайтті, не істеді, не қылды? деген сұраққа жауап береді. Баяндауыш дара, күрделі және үйірлі болып үшке бөлінеді.
Дара баяндауыш бір сөзден жасалады. Бұл сөзге бәрі жамырай күлді. Күрделі баяндауыш екі немесе одан да көп сөзден тұрады. Бұл сөзге бәрі жамырай күліп жіберді. Үйірлі баяндауыш Тілек бұл сөзге онша таңқалған жоқ. Баяндауыш негізінен етістіктен болады. Баяндауыш зат есімнен де болады. Машинадан түскеннің бірі – қарт майдангер Қуандық қария.
Баяндауыш сын есімнен де болады. Күз аспаны бұлыңғыр, бұлтты.
Баяндауыш сан есімнен де болады. Бұл үйдегі адам саны жетеу. Баяндауыш есімдіктен де болады. Жамал апайдың жастарға айтпағы –осы. Құрамына қарай: күрделі есімді баян, күрд етістікті баян, құрама баян. Құрама баян – Айдос қып-қызыл болып кетті.
13- сұрақ. ҚИЫСУ- синтаксистік байланыстың жиі ұшырайтын бір түрі. Ол сабақтаса байланысқан сөздердің бағыныңқысының басыңқы сөздерге икемделе, олардың грамматикалық мағыналары мен тұлғаларына үйлесіп тұратын сөздер арасында болады. Қ т/де сөздер бір-бірімен орыс тіліндегідей, септік жалғауларында қиыспайды, тек оңашаланған айқындауыштар ғана айқындайтын сөздері қандай септік жалғауда тұрса, сол жалғауда тұрып қиысуы мүмкін. Баяндауыштың бастауышпен қиысуы «жақтық не көптік» болады. 1 және 2 жақтық жіктеу есімдіктер (мен, біз, сен, сіз) 1,2 жақтық бастауыш болады да, олардан басқа сөз атаулының бәрі бастауыш қызметінде тек 3 жақтық мағынада айтылады. Сонд «жұмабай айтты» деген сөйлемнің де, «жолдасым айтты», «жолодасың айтты» деген сөйлемнің де басндауыштары 3 жақтық бастауышпен қиысып, сол 2 жақта тұрады.
14-сұрақ. Толықтауыш жасалуы, мағыналық түрлері. Жай сөйлемді жайылмаға айналдырып, оның іргесін әрі қарай кеңіте беруге діңгек болатын тұрлаусыз мүше – толықтауыш. Толықтауыш болатын сөздердің негізгі белгілері: 1) атау мен іліктен басқа барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларын меңгеріп тұрады; 2) толық мағыналы сөздер туралы, жөнінде, жайында деген септеулік шылаулардың бірінің тіркесуінен жасалады; 3) толықтауыш болатын сөз заттық мағынаға ие болады; 4) толықтауыш болатын сөз Кімге? Неге? Кімді? Нені? Кімде? Неде? Кіммен? Немен? Кім туралы? Не туралы? Кім жөнінде? Кім жайында? деген сұрақтарға жауап береді; 4) толықтауыштың байланысу түрі –меңгеру мен жанасу. Толықтауыш құрамына қарай үшке бөлінеді: 1) дара ; 2) күрделі; 3) үйірлі .Бір сөзден болған толықтауыш дара толықтауыш деп аталады. Мысалы: Абай Ерболмен (кіммен?) ұзақ ақылдасты. Күрделі сөздерден болған толықтауыш күрделі толықтауыш деп аталады.Күрделі толықтауыш төмендегі жолдармен жасалады: 1. Күрделі зат есімнен: Ата-анасын (кімді?) сыйлаған адам қор болмайды.Күрделі сын есімнен: Марат күрең қасқамен (немен?) ойқастай жүрді.Күрделі сан есімнен: Жүз – жиырма төртке (неге?) қалдықсыз бөлінбейді. 2. Негізгі сөз бен көмекші есім немесе көмекші етістік арқылы: Үй ішіне(кімдерге?) сырттағы дауыс қатты естілді. Абай биік мансаптың биік жартас екенін (нені?) айтқан. 3. Туралы, жөнінде, жайында шылауларының қатысуы арқылы: Абай Әбдірахманның болашақ жоспары туралы (не туралы?) сұрап-білді. Үйірлі мүшеден болған толықтауыш үйірлі толықтауыш деп аталады. Мысалы: Көкірегі ашық, білімі тереңге (кімге?) өмірде қиындық кездеспейді. Толықтауыштар мағынасына, синтаксистік қызметіне және тұлғасына қарай екі топқа бөлінеді: 1.Тура толықтауыш, 2.Жанама толықтауыш. Табыс септігінде жұмсалатын сөйлем мүшесі тура толықтауыш бола алады. Ол заттың қимыл процесін білдіретін сабақты етістіктермен тығыз байланысты болады. Барыс, шығыс, көмектес және жатыс септіктеріндегі толықтауыштар жанама толықтауыш деп аталады.
15 сұрақ. Анықтауыш жасалуы, мағыналық түрлері. Сөйлемде зат есімнен не заттық ұғымда жұмсалған басқа сөз таптарынан болған мүшелерді сындық, сапалық, сандық, иелік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше анықтауыш деп аталады. Анықтауыш Қандай? Қай? Қанша? Неше? Нешінші? Кімнің? Ненің? деген сұрақтарға жауап береді. Анықтауыш өзі анықтайтын мүшемен қабыса және матаса байланысады.Мысалы: күрең ат, сұлу жүріспен, Ұлжанның серігі, шеткі үй, сегізінші сынып, т. б. Қазақ тілінде анықтауыштардың көпшілігі анықтайтын зат есімдернен оқшауланбай, қатар тұрып, қабыса байланысады, олар фразалық бір екпінге бағынып, екпін жағынан бір түйдек болып тұрады. Мысалы, семіз қой, гүлденген өмір сияқты анықтауыштық тіркестегі сөздер жұбын жазбай қабыса байланысады да, тиісті грамматикалық тұлғалар тек анықталатын зат есімдерге жалғанады. Анықтауыштар сөйлемде заттың әр түрлі белгісі болып, бағыныңқы мүше ретінде жұмсалғанмен, олар анықтайтын затына, сонымен қатар түгел сөйлемге көрік беріп, әсерлі етіп тұрады. Сондықтан олар әдебиетте көрікті ойдың көркем бояуы қызметінде де жұмсалады. Бұйра толқын, асау терек, алтын күн, жазық дала т.б. Анықтауыш құрылысына қарай үшке бөлінеді: 1) дара 2) күрделі 3) үйірлі. Күрделі анықтауыш екі немесе одан да көп сөзден құралады. Мысалы: Ұлпа Керей еліндегі Байтүменов Бекбердінің қызы екен. Өз ішінде шартты түрде бастауыш пен баяндауышқа жіктелетін немесе сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталатын анықтауыш үйірлі анықтауыш деп аталады. Жаны сұлудың (кімнің?) тәні сұлу. Түрлі сөз таптарынан жасалатын анықтауыштардың мағыналары әр түрлі болады. Оларды мағынасына қарай негізгі екі топқа бөлуге болады: 1) сапалық, 2) меншікті. Сапалық анықтауыштарға сын есім, сан есім, есімдік, есімше, атау тұлғалы зат есімдерден болған анықтауыштар жатады. Меншік анықтауышқа ілік жалғауындағы айтылған анықтауыштар жатады. Сапалық анықтауыштар анықтайтын сөздерімен қабыса байланысады, меншікті анықтауыштар матаса байланысады. Анықтауыштың бір түрі айқындауыш: қосалқы, қосарлы, оңашаланған. Қосалқы – өзі анықтайтын сөздің кәсібін, жас мөлшерін, эмоциялық сипатын т.б. білдіреді. Жантас мұғалым дәріс оқып тұр. О.а. – анықтайтын мүшенің белгілі бір қайталамасы. Мен Кариева Айжан. Қосарлы а –телефон-автомат, инженер-механик.
16сұрақ. Пысықтауыш. Жасалуы, мағыналық түрлері. Пысықтауыш – тұрлаусыз мүшенің бір түрі. Етістіктен болған баяндауышты мекен, мезгіл, қимыл-сын, себеп, мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі пысықтауыш деп аталады. Сұрақтары: Қашан? Қалай? Қайдан? Қашаннан бері? Қанша? Қалай? Қайтіп? Қалайша? Неліктен? Неге? Не үшін. Пысықтауыш құрамына қарай үшке бөлінеді: 1) дара 2) күрделі 3) үйірлі . Пысықтауыш мағыналық жағынан алты түрге бөлінеді: 1) мезгіл пысықтауыш; 2)мекен пысықтауыш; 3) мақсат пысықтауыш; 4) амал пысықтауыш; 5) себеп пысықтауыш; 6) мөлшер пысықтауыш.
Пысықтауыш болатын сөз таптары:
Үстеуден болады
Сын есімнен болады
Сан есімнен болады
Көсемшелер сөйлемде қайтіп? қалай? не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап берсе, пысықтауыш болады
Барыс, жатыс, шығыс және көмектес септіктерінде тұрған сөздер мекен, бет алыс-бағыт, сын-қимыл мағыналарын білдіріп,қайда? қайдан? қашан? қалай? деген сұрауларға жауап берсе, пысықтауыш болады
Мезгілге байланысты зат есімдер тәуелдік жалғау я шылау тіркесу арқылы, кейде оларсыз да, басқа сөздермен бірігіп те пысықтауыш болады
барыс септіктегі кейбір сөздерден кейін шейін (дейін), бола, қарай, таман сияқты шылаулардың бірі тіркесіп пысықтауыш болады.
кейбір шығыс септіктегі сөздердің соңынан соң, кейін, ары, бері, қарай, бұрын сияқты шылаулардың бірі тіркесіп, пысықтауыш болады.
кейбір көмектес септіктегі сөздердің соңынан бірге, қабат, қатар сияқты шылаулардың бірі тіркесіп, пысықтауыш болады
кейбір сөздерге арқылы, арқасында, үшін, сайын шылаулары тіркесіп келіп, пысықтауыш жасайды.[
17 сұрақ. Сұраулы сөйлемдер, жасалу жолы, мағыналық түрлері. Бір нәрсе туралы хабар алу үшін қойылған сұрақты білдіретін сөйлемдерді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемдер оларға ерекше форма беретін мына амалдар арқылы жасалады: сұраулык есімдіктер, сұраулық шылаулар (ма, ме, ше), интонация. СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ЖАҒЫНАН БӨЛІНУІ 1. Негізгі сұрақты білдіретін сөйлемдер диалогқа желі болып отырған тақырып жөнінде әңгімелеудің бастапқы кезеңінде жұмсалады. — Ей, сен бала, директордың шопыры емессің бе?(А. Нұрманов). Негізгі сұрақты білдіретін сөйлемдер сұраулы сөздердің (не істеді, кім, қашан т. б.), шылаулардың(ма, ме, па, пе) қатысуымен жасалады. Сұраулы сөйлемдердің бұл түрі бір заттың, кұбылыстың белгісін білу үшін койылған бастапқы, әр негізгі сұрақты білдіреді. Оның кызмет ерекшелігі жетек сұрақтармен салыстырғанда анық байқалады. 2. Жетек сұрақты білдіретін сөйлемдер. Бұл топқа негізгі сұракқа жауап алу үстінде косымша қойылған сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдерді жаткызамыз. — Бұл құрылысқа бас инженер қылып кімді тағай- ындасақ екен? — Бұған Ілияс дайын тұр. Білімі де, тәжірибесі де сай. — Сен өзің ше?. Жетек сұрақ әр уақытта негізгі сұраққа арқа сүйеп жұмсалады. Бүл оның құрамына әсер етеді. Жетек сұрақтар толымсыз болып құралады. Көбіне тек сұрақ мағыналы сөзден ғана түрады. Ашык сұрақ мағынасындағы сөйлемдер жетек кызметінде келгенде, ол тек сұрак мағыналы сөзден құралады. Жетек сұрак алыернативті мағынада келгенде ше шылауынын катысуымен кұралады. Альтернативті білдіретін мүше ше шылауын қосып сөйлем құрайды. 3. Анықтаушы сұрақты білдіретін сөйлемдер. Бұл сұраулы сөйлемдер екінші жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылған сұрақты білдіреді. Аынқтаушы сұрақ көбіне алдыңғы репликаның лексикасын қайталап құралады. — Бұл кісілер қай елдікі? — Сабынкөлдікі. — Сабынкөлдікі? — Иә, Сабынкөлдікі (Б. М.). Бұл диалогтардағы анықтаушы сұрақты білдіретін сөйлем тек интонация арқылы форма алып тұр. Оған шылаулар, сұрау мағыналы сөздер қатыспаған. Бұл амал-анықтаушы сұрақка тән амал және бұл хабарлы сөйлемге қатысты қойылатын анықтаушы сұрақтың формасы.Негізгі сұраққа қатысты қойылған анықтаушы сұрақ басқа формада құралады. — Күздік бас алды ма? — Күздік пе, күздік биыл кеш көтерілді. Анықтаушы сұрақ көбіне алдыңғы репликаның лексикасын қайталап құралады.
