Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sintaxis_s_1201_ra_1179_taryna_zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
110.33 Кб
Скачать

33Сұрақ. Сабақтас құрмалас сөйлем, грамматикалық табиғаты.

Сабақтас құрмалас сөйлем- комп-рі грамматикалық жақтан теңдік қатынаста болмай, бірі екіншісіне тәуелді бағынышты боп келетін құрмаластың түрі. Жұрттың бәрі колхозға енген соң, көзге түрткі болмайық деп жортып кеттік.

Сабақтас құрмаластың салалас құрмалас сөйлмнен басты айырмашылығы: оны құрайтын сөйлемдердің өзара қарым қатынасында. Егер салаласқа енген сөйлемдер шартты түрде тең дәрежеде болса, ал сабақтасқа енген сөйлемдердің бірінші сөйлемі екінші сөйлемге бағынышты келеді. Сабақтас құрмалас сөйлемнің бірінші сыңары бағыныңқы, екінші сыңары басыңқы деп аталады. Бұл сөйлемде бағыныңқы сыңарының баяндауышы тиянақсыз формада айтылады. Оның өзі көбіне етістік баяндауыштар арқылы, яғни есімше, көсемше, кейде оларға түрлі шылаулардың қатысы арқылы жүзеге асады. Осы тиянақсыздың нәтижесінде бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемге бағынышты, сол басыңқы сөйлемге қатысты мезгілді, мекенді, мақсатты, т.б білдіреді, басыңқы сөйлем арқылы олардың негізгі топтары айқындалады.

34 Сұрақ. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері.Әр түрі бір сұрақ

8 түрі бар:

1.Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем

Бағыныңқы жай сөйлем басыңқы жай сөйлемдегі іс-әрекет, жай-күйдің болу я болмауының шартын білдіреді. Мыс., Тәкежан Абаймен араз, қырбай болса, түбінде Оразбайды табатыны бұрын да шешілген.

Шартты бағыныңқы басқа бағыныңқы сөйлемдерден бірнеше өзгешелігі бар.

Бірінші өзгешелік шартты бағыныңқының баяндауыш формасында, оның өз бастауышымен байланысында. Шартты бағыныңқының шартты райдан болған баяндауышы жіктік жалғаулар арқылы әр жаққа жіктеле айтылады да, өз бастауышымен жақтық жағынан қиысып тұрады. Мыс., сіз бұрын оқып болсаңыз, оны еске түсіру оңай.

Жасалу жолдары: 1. Бағ комп баян-ы шартты райлы ет-ке аяқталады. Аттан түсіп отырсаң, алыстан көрген бөрі онша елей қоймайды. 2.Б.к.б. –ы, -а, -е, -й формалы көсемшенің болымсыз тұлғасына аяқталады. Кейде осы көсемшеге –ша, -ше жұрнағы да қосылады. Жүсіптер бізден кешңрңм сұрамай, біз ол үйдің табалдырығын аттамаймыз. 3.Б.к.б. Жатыс жалғаулы есімшеден. Биыл қыс қатты болмағанда, Сүйіндіктің малы көп шығынға ұшырамас еді.

2.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемге жай сөйлемдері мағыналық жағынан бір-біріне қайшы келетін сабақтас құрмалас сөйлемдер жатады. Жасалу жолдары: 1.Б.к.б. –да, -де шылауына тіркескен шартты рай формалы ет*ке аяқталады. Қаражан тақап келсе де, Абай амандасқан жоқ. 2.Б.к.б. көмектес жалғаулы есімшеге аяқталады. Бұл кесім үш болысқа өрескел көрінгенімен, олар амалы құрып үнсіз қалды. 3.Б.к.б. шартты рай формалы ет-ке аяқталады да, әр комп құрамында бір-бірне қайшы келетін сөздер болады. Дәулеткелді бірдеңе дейін десе, кемпір аузын аштырмай ақырып сөйлетпейді. 4. Көсемше формалы етке аяқт. Мұншама досы бола тұрып, ол сырын ешкімге айтпайды. 5.-ша,-ша қосымшалы есімшеге аяқт. Бір ауылда мың туысың болғанша, әр аулда әр туысың болғаны жақсы.

3.Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас сөйлем. Сабақтас құрмаластың кейбір түрлерінде бір жай сөйлемдегі әрекет, жай-күй екінші жай сөйлемдегі әрекетпен, жай-күймен салыстырыла, ұқсастырыла теңдестіріле айтылады. МЫс: МАйдандағы сіздердің халдеріңіз қандай болса, мұндағы біздің халіміз де сондай.

С.Қ.С мынандай тәсілдер арқ. Жасалады:

1. Бағынықы компонеттті шартты рай формалы етістікке аяқталады да оның құрамында міндетті түрде қандай, қанша, қалай деген сұрау есімдіктері айтылады. Ал басыңқы компонет құрамында алдыңғы бағыныңқы компонетттегі сұрау есімдіктеріне қарай айтылған сондай, сонша, солай дегендер тәріздес сөздердің бірі келеді. МЫс: Кісі қалай жүрсе, көлеңке солай жүреді. 2. Салыстырма бағыныңқылы сабақтас сөйлем, сондай-ақ бағыныңқылы компонетттің баяндауышы қызметінде дай, дей жұрнақтары өткен шақтық есімше келу арқылы жасалады. МЫс: Қамыс құрақ басын ақырын жел желпіп, судыратып кеткендей, қысқа сыбыр қазақ тобын түгел айналып шықты.

4.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем. Бағыныңқы компонеті басыңқы компонеттегі іс-әрекетттің, оқиғаның мезгілін білдіріп тұратын сабақтас құрмалас сөйлем мезгіл бағыңқылы сабақтас сөйлем деп аталады.

Жасалу жолдары: 1.Жатыс жалғаулы есімшеден: Базаралы әңгімесін бітіргенде, ол бір қызық ойын қысқа түйді. 2.Өткен шақтық есімшеге –ша, -ше жұрнағы қосылу арқылы: Базарбай атының басын бұрғанша жас балалар анталап қарсы барып тақалды. 3.Атау тұлғалы есімшеге сайын, соң, кезде, күнде, уақытта, мезгілде, сәтте күні, жылы деген тәріздес сөздердің көмекші болып айтылуы: Бұл арадағы майдан біткен соң ол топ жылқының соңынан шаба жөнелді. 4.Барыс жалғаулы есімшеге шейін, дейін шылаулары тіркесіп айталуы арқ: Олар бөктер айналып жеткенге дейін, мына төтесімен сіздер де барып қаласыздар. 5.Шығыс жалғаулы есімшеге кейін, соң, бері шылаулары тіркесіп айтылуы арқ: Рахмет, қоштасып кеткеннен кейін, Натальяның ұйқысы ашылып кетті. 6.Шартты рай формалы етістіктен болады: Ербол есік алдына шықса, үлкен ауыл жақтан екі-үш атты кісілер келе жатыр екен. 7.Көсемше етістіктен болады: Дәулет армияға аттанғалы, Марфуға КЕңтоғайға келмеген еді. 8.Ысы.- ісі қосымшалы етістіктің көмектес жалғаулы түрінен болды: Қонақтар үйге кіріп отырысымен, Абай Әбіштің жүзіне үңілді.

5.Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем Бағныңқы компонетті басыңқы компонеттегі іс-әрекеттің болу болмауының себебін білдіріп, басыңқы компонетті сол себептен туған нәтежиені салдарды білдіретін сабақтас құрмалас сөйлем. Жасалу жолдары: 1.бағыныңқы компонет –дықтан, -діктен қосымшалы өткен шақтық есімшеге аяқталады: Үлес жөнінде әлі ойын ашпаған Абай болғандықтан, Тәкежан енді бұның өзінен ішіндегі ниетін сұрады. 2.Бағыныңқы компонет соң шылаулы өткен шақтық есімшеге аяқталады: Тымырсық ыстықта тыныс тарылған соң, өзіңді сабалап жер іздейсің. 3.Бағыныңқы компонет көсемше етістікті жұрнаққа аяқталады: Түнде жылқышы ұйықтап қап, қалың жылқы егістікке түсіп кетіпті.

6.Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлем Бағыныңқы жай сөйлемі басыңқы жай сөйлемдегі іс-әркеттің қимыл қозғалыстың сындық амалын, қалай болғандығын білдіретін с.қ.с.с амал бағыныңқылы саьбақтас сөйлем. Жасалу жолдары: 1.-ып, -ып формалы көсемшеден. Тұла бойы дірілдеп, екі шекеге ыстық қан шапшығандай болды. 2. –а, -е, -й формалы көсемше. Әдемі қарақат көздер ікүлімсірей, қиғаш қасы керіле Бағила тәтті бір ойдың құшағына еніпті. 3. –дай, -дей жұрнақты есімшеге аяқт. Қайғы-қуанышы малымен бірге тебінге кеткендей, бұл еде мұның сөйлесіп отырар бір көңілдесі жоқ.

7.Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем Бағыныңқы компонеті басыңқы компонетттегі іс-әркеттің оқиғаның болу я болмау мақсатын білдіретін Жасалу жолдары: 1. Бағыныңқы компонет үшін шылаулы тұйық етістікке аяқталады: Қыс ызғары өтпеу үшін, қоңыз інді терең қазады. 2.Бағынықы компонет негізгі ет-ке деп көмекші ет. Жалғанады. Аяғының сырқарағаны басылар ма екен деп ол тізесін қыздырды. 3. Бағыныңқы компонет бол көмекшісіне тіркесіп келген -мақ, -мек, -бақ, -бек жұрнақты етістікке аяқталады: Абайлар ой құдықтағы ауылға жете қонбақ болып аттарын шоқыта сар желіске сала жөнелді.

8.Мезгілдес бағыныңқылы сабақтас сөйлем Бағыныңқы компонеті бсыңқы компонетке тек баяндауыш тұлғасынының тиянақсыздығы арқылы ғана тәуелді болғаны болмаса, мағыналық жағынан өз дербестігін сақтап, басыңқы сөйлемнің ешбір мүшесіне меңгерілмей, онымен жарыса болған мезгілдес әрекеттерді, жай күйлерді білдіретін құрмалас сөйлем. Мыс: Жаукеңнің көз жанары жасқа толып, иегі ерексіз кемсеңдей бастады.

Жасалу жолдары: 1. –ып, -іп формалы көсмше. 2. –са, -се шартты рай формасы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]