Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sintaxis_s_1201_ra_1179_taryna_zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
110.33 Кб
Скачать

18 Сұрақ. Бірқұрамды сөйлем. Жақты сөйлем. Оның түрлері.

Бір құрамды сөйлем - тұлғалық құрылымы жағынан бiр ғана предикативтік бас мүшелi құрылымда келiп, екiншi бас мүшемен толықтыруды мағынасы қажет етпейтiн жай сөйлем түрi.

Бір құрамды сөйлемге мынадай сөйлем түрлері жатқызылып жүр:

  • а) белгісіз жақты сөйлем -  грамматикалық бастауышы ерекше айтылмайтын, істелген іс-әрекет белгісіз бір субъектілерге тән болып ұғынылатын жай сөйлем, яғни баяндауышы жақты болғанмен, бастауышы белгісіз жақты сөйлем. Анамен алыспайды да, атыспайды да

  • ә) жалпылама жақты сөйлем- баяндауышы 2-жақтық жіктік жалғауда айтылған сөйлемдердің бастауышы болмай, үш жаққа бірдей ортақ мағынада айтылатын сөйлем Топ iшiнен жалғыз сенi жау алар деймiсiң? (Д.И.);

  • а) белгiлi жақты сөйлем- Келбеті келгеннен кеңес сұра(Д.И.);

  • в) жанама жақты сейлөм: —тек баян ғана болады. Маған ұйықтау керек.

  • Жақты сөйлем — бастауышы мен баяндауышы қиыса байланысқан жай сөйлемнің бір түрі. Жақты сөйлемнің бастауышы болады немесе сөйлемнің мазмұнынан бастауышының қай сөз екенін табуға болады. Жақты сөйлем үшке бөлінеді: 1)арнаулы жақты сөйлем (“Мен оқиын. Сіз тыңдаңыз”); 2) ауыспалы (ортақ) жақты сөйлем (“Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра”); 3) бастауышы белгісіз жақты сөйлемнегізінен, 3-жақта айтылады. Бастауышы қай сөз екені сөйлемнің мазмұнынан аңғарылады. (“Біздің бала кезімізде отты шақпақ таспен тұтататын еді”).

20 Сұрақ. Айқындауыш. Түрлері. Тыныс белгілері

Айқындауыш — анықтауыштың ерекше түрі. Сөйлемде белгілі бір мүшенің мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөйлем мүшесі. Айқындауыш мүшелер құрамы мен құрылымына қарай 3 түрлі болады: 1) Оңашаланған; 2) Қосалқы; 3) Қосарлы;

Оңашаланған айқындауыш — өзі қатысты сөзінен кейін тұрып, көтеріңкі әуенмен айтылып, айқындайтын сөзінін заттық, мекендік, мезгілдік т.б. мағыналарын саралап, дәлдеп, нактылап тұратын сөздер: Мэкии өз туысына, інісіне, тамашалай қарады (М. Әуезов). Қосалқы айқындауыш — зат есімдердің (көбінесе кісі аттарының) қосымша сипаты, анықтамасы ретінде жұмсалатын сөздер: Жамбыл ақынҚамбар батыр. Қосарлы айқындауыш өзі айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болады: жер-ана, әйел-ана, телефон-автомат, инженер-механик, пәтер-мұражай, т. б.

21-сұрақ. Сөйлемнің біріңғай мүшелері. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері - сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқаратын, бір ғана сұраққа жауап беретін, көбінесе бір тұлғада, бір сөз табынан жасалып, бір ғана сөзге қатысты болатын сөздер тобы. Сөйлемнің барлық мүшелері де сөйлемнің бірыңғай мүшелері бола алады. Бірыңғай бастауыш: Жаз келер, қыстыгүні қысым етіп, Қар, суық, аяз, боран — бәрі кетіп (Шәкәрім). Бірыңғай баяндауыш: Ат міндім, атан алдым, шекпен кидім, Жөнім жоқ сені мақтай сөйлемеске (Жамбыл). Бірыңғай толықтауыш: Бай бейілін, мейірін, Сән, салтанат сейілін, Ақыл күшін, зейінін, Ең ақыры, төбетін, Күймен, жырмен мадақтап, Бәйіт қылып беретін (Жамбыл). Бірыңғай анықтауыш: Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың Алданбайсың артынан ерте берсең (Шәкәрім). Бірыңғай пысықтауыш: Ол мойнын бұрып жан-жағына қарады да, түйенің табанындай аяқ-қолдарын асықпай, табандықта сермеп жүзіп жүре берді (Б. Момышұлы). Сөйлемнің бірыңғай мүшелері жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да байланысады. Негізінен, мұндай реттерде ыңғайлас жалғаулықтар, қарсылықты жалғаулықтар және талғаулы жалғаулықтар қатынасады: Арбада, дөңгелектер де, адамдар да, олардың ойлары да қызғылт шаңның ішінде (М. Жұмабаев); Бірыңғай мүшелерідің алдында немесе соңында жалпылауыш сөздер болады. Ондай қызметті есімдіктер, сияқты, тәрізді сөздер, сондай-ақ сан есімдер де атқарады: Арқаға аяқ салып түскен барып Екі оттың — орыс, қытай арасына (М. Жұмабаев).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]