Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sintaxis_s_1201_ra_1179_taryna_zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
110.33 Кб
Скачать

1Сұрақ. Синтаксис пәні ,оның зерттеу нысандары мен салалары

Синтаксис ( гр. - құру, тәртіп, амал-тәсіл ) – сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Синтаксис сөйлеудің калыптасу ережелерін зерттейді. Қазақ тілінің Синтаксисі грамматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді: сөз тіркесінің Синтаксисі, сөйлемнің Синтаксисі. Соңгысы өз ішінен жай сөйлем Синтаксисі, құрмалас сөйлем Синтаксисі болып жіктеледі. Синтаксистік байланыс  сөздерді түрліше грамматикалық тәсілдер арқылы мағыналық, формалық жақтарынан өзара байланысқа түсіретін, сөз тіркесін, сөйлем жүйесін кұрастыратын формалардың көрінісі. Сөздер негізінен бір-біріне бағынынқылық және тен дәрежеде қатынас жасау арқылы Синтаксистік байланысқа түседі. Синтаксистік байланыстың екі түрі қалыптаскан: 1.Синтетикалық байланыс — сөздердің қөсымшалар арқылы бір-біріне бағына байланысуы: жасымда ескермедім, өмірде кездесу, түсініп сөйлеу. Синтетикалық байланыс сабақтаса байланысу арқылы жүзеге асады. 2.Аналитикалық байланыс — сөздердің қосымшасыз, орын тәртібі, интонация арқылы тен дәрежеде байланысуы: темір пеш, ағаш курек, осы ауыл. Аналитикалық байланыс салаласа байланысу арқылы жүзеге асады. Синтаксистік категориялар  сөйлемдегі бір сөздің не форманың баска сөзге не формаға бағыныштылығын білдіретін лингвистикалық категориялар. Мысалы: зат есімнің септік жалғаулары, синтаксистік Жақ категориясы, байланыс түрлері т.б.  Синтаксистік емес категориялар  жасалу формасы жағынан сөйлемдегі басқа формаларға тәуелді емес, яғни сөйлемдегі бір сөздің басқа сөздерге бағыныштылығы байқалмайтын лингвистикалық категориялар. Бұған, мысалы, сын есім шырайларын, етістіктің етіс түрлерін, зат есімдердің көпше түрін жаткызуға болады. Синтаксистік қатынастар — синтаксистік құрылымдардың (сөз тіркестерісөйлемдер) компоненттері арасындағы қатынастар. Синтаксистік қатынастар компоненттердің категориалды-семантикалықграмматикалық қасиеттеріне негізделеді. Синтаксистік қатынастардың көп кездесетін түрлері предикативтікатрибутив/атрибутивтікобъектілік,пысықтауыштық т. б. қатынастарға байланысты. Синтаксистік құрылым  белгілі грамматикалық белгілердің негізінде бірлескен синтаксистік тілдік құралдардың тұтастығы. Синтаксистік құрылым атқаратын қызметінің сипатына қарай әртүрде кездеседі. Мысалы: сөзтіркесінің Синтаксистік құрылымы есімді немесе етістік тіркестерден әр түрлі жолдармен жасалса, жай сөйлемнің Синтаксистік құрылымы жеке сөздер мен синтагмалық топтардан жасалып, предикаттық, айқындауыштық немесе жақты, жақсыз, қыстырынды т. б. құрылымдарда көрінеді. Синтаксистік мағына — синтаксистік категориялар мен құралдардын ішкі мазмұны.Сөйлемдегі, сөз тіркестеріндегі тіл құралдарының өзара байланысынан, қарым-қатынасынан туады. Мысалы: предикаттық(баяндауыштық) мағына, бастауыштық (тәуелсіз заттық) мағына, толықтауыштық (тәуелді заттық) мағына, аныктауыштық (заттың тәуелді белгісі) мағына, пысыктауыштық (белгінің белгісі) мағына т. б. түрде көрінеді.

2 сұрақ. Сөздердің байланысу тәсілдері – сөйлемнің, сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің синтаксистік байланысқа түсу жолдары. Сөйлемдегі сөздердің синтаксистік байланысқа түсуінің екі түрлі жолы бар:

1.Аналитикалық тәсіл – сөйлемдегі сөздердің қосымшасыз, орын тәртібі, интонация және шылаулар арқылы байланысуы.

Мысалы, Тамаша өмір, шаттық жыр, қала, дала, ой мен қыр (Жамбыл); 2.Синтетикалық тәсіл – сөздердің қосымшалар арқылы байланысуы. Мысалы, Жаздың көркі енеді жыл құсымен. (Абай). Салаластық қатынастағы сөз тіркестері аналитикалық тәсілмен, сабақтастық қатынастағы сөз тіркестері әрі аналитикалық, әрі синтетикалық тәсілдермен байланысады. Сөздер өзара тіркескенде, бір-бірімен әр түрлі тәсілдер арқылы байланысады:

1.Сөздер өзара қосымшалар арқылы, әсіресе жалғаулар арқылы, байланысады.

2.Сөздер бір-бірімен септеулік шылаулар арқылы байланысады.

3.Сөздер өзара ешбір жалғаусыз, шылаусыз, түбір тұлғаларында тұрып байланысады.

4.Сөздердің арасындағы мағыналық байланыс кейде дауыс ырғағы арқылы де беріледі.

Сөздердің байланысу түрлері Қазақ тілінде сөздердің байланысы бес түрге бөлінеді: Қиысу деп сөзбен сөздің жіктік жалғаулары арқылы және жіктелу ретімен байланысқан түрін айтамыз. Меңгеру деп сөздің ілік септігінен басқа септік жалғаулары арқылы байланысуын атаймыз. Мысалы: Уикипедияны өңдеу; үлкенді сыйлау; Матасу - сөздердің ілік септігі мен тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуын матаса байланысу тәсілі . Мысалы: мектеп үйі, ауылдың малы. Қабысу - сөздердің бір-бірімен ешбір жалғаусыз, шылаусыз, тек іргелес тұру арқылы байланысу түрі. Мысалы: қызық кітап, ақ жаға, алтын сағат. Жанасу деп алдыңғы сөздің соңғы сөзбен шылаулар арқылы немесе ешбір жалғаусыз, түбір тұлғаларында тұрып, орын жағынан бірде іргелес, бірде алшақ байланысуы аталады. Мысалы: шарықтап ұшу, шырақтап көкке ұшу.

3 сұрақ. Сөз тіркесі. Оған тән белгілер. Толық мағыналы кемінде екі сөздің тұлғалық және мағыналық жағынан байланысқан тобы сөз тіркесі деп аталады. Құрамы үш не одан көп сөзден тұратын сөз тіркесін күрделі сөз тіркесі деп атайды. Мысалы: он шақты кітап, тақтаға жақындай түсу т. б.

Сөз тіркесінің негізгі белгілері: 1.Сөз тіркесі деген ұүғымға сөздердің емес, сөз формаларының тіркесі деген ұғым жатады. 2.Сөздердің байланысуы сөйлем ішінде анықталатындықтан, сөз тіркесі сөйлем ішінде танылады; 3.Толық мағыналы кем дегенде екі сөзден тұрады, әр компонент әр түрлі сұраққа жауап береді; 4.Сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір-бірімен белгілі бір грамматикалық тәсілдер арқылы байланысады (жалғау, шылау, орын тәртібі, интонация); 5.Сөз тіркестерінің компоненттері белгілі бір форма арқылы байланысады (қиысу, матасу, меңгеру); 6.Компоненттердің арасында анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық грамматикалық қатынастар болады; 6.Тек қана грам-қ жағынан ғана емес, семантикалық жағынан да үйлесіп байланысу қажет; 7.Алдыңғы комп кейінгі комп-ке бағына байланысуы қажет. Сөйлем ішіндегі сөздердің әр түрлі байланысуына қарай сөз тіркесі еркін сөз тіркесі және тұрақты сөз тіркесі болып бөлінеді.  Тұрақты сөз тіркесі – екі немесе одан да көп сөздің бастапқы мағынасы ескерілмей, бір ұғым ретінде қолданылып, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы. Тұрақты тіркестер өз алдына сөз тіркесі бола алмайды, тек сөз тіркесінің бір сыңары болады Мысалы әкесіне тіл тигізу – не істеу? деген бір сұраққа жауапбереді, бір ғана ұғым атауы болады. Сөз тіркесі құрамына қарай екіге жіктеледі: 1) жай сөз тіркесі; 2) күрделі сөз тіркесі. Жай сөз тіркесінің құрамы екі сөзден ғана құралады. Мысалы, орманды өлке, әдепті оқушы, асыққан жолаушы, екеуі кездестіт. б.

Күрделі сөз тіркесі үш немесе одан да көп сөзден құралады. Мысалы: әдепті оқушының мінезі, орманды өлкені аралау, асыққан жолаушыға жол көрсету

Сөз тіркесінің құрамындағы сөздің екінші басыңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, есімдік болса, ол есімді сөз тіркесі деп аталады, басыңқы сыңары етістік болса, етістікті сөз тіркесі болады.

 Сөз тіркесі болу үшін сөздер белгілі заңдылықпен байланысады. Сөздер бір-бірімен 4 тәсіл арқылы байланысады: 1) жалғау арқылы;

2) шылау арқылы; 3) орын тәртібі арқылы; 4) интонация арқылы.

Қазақ тіліндегі сөздердің байланысуының бес түрі бар: 1) қиысу; 2) матасу; 3) меңгеру; 4) қабысу; 5) жанасу.

 4 сұрақ. Сөз тіркесінің ұйытқы сыңарға байланысты түрлері. Есімді сөз тіркесі Есімді сөз тіркестері— сөз тіркесінің басыңқы сыңары есім сөз болып келетін түрі. Мұндай сөз тіркесінің ұйытқы сөздері (басыңқылары), негізінен, зат есім және сын есімсан есім сияқты есім сөздер болады да, бағыныңқы сыңарлардың қызметін есім сөздердің бірі немесе етістіктің есімше түрі атқарады: “қалың тоғай”, “жақсының сөзі”, “екінің бірі”, “оқылған кітап”.

  • Есімді сөз тіркестерінің сыңарлары қабыса, матаса, меңгеріле байланысады.

    • Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері, зат есім + зат есім (“алтын сақина”, “темір пеш” ), сын есім + зат есім (“жақсы дос”, “сұлу әйел”), сан есім + зат есім (“оныншы сынып”, “отыз студент ”), есімше + зат есім (“көрінген тау”, “сөйлейтін адам ”), есімдік + зат есім (“мына үй”, “ана жол”), үстеу + зат есім (“қазір осында”, “бүгін көңілді”кездеседі.

    • Матаса байланысқан есімді сөз тіркестері байланысудың табиғатына сай ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесі болып шығады (“қораның шатыры”, “құстың сұлуы”).

    • Меңгеріле байланысқан (“жанға бай”, “жақсылыққа үйір”). Осының барлығынан да сын, сапа, меншіктілік сияқты синтаксистік мағыналар туындап отырады.

5 сұрақ. Сөз тіркестерінің ұйытқы сыңарларға байланысты түрлері ( етістікті сөз тіркесі) Етістікті сөз тіркестері— грамматикалық тірегі етістік болатын сөз тіркесі. Тіркес кұрамындағы басқа сөздер тірек етістіктің маңына топталады. Етістікті сөз тіркестері: а) қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері ә) меңгеріле байланысқан Е. с. т болып екі салаға бөлінеді. Қабыса байланысқан Етістікті сөз тіркестерінің құрамы әр түрлі болады. етсітіктер мен қабыса байланысатын сөздер: үстеулер, еліктеуіш сөздер, көсемшелер, сын есімдер, сан есімдер, жалғаусыз зат есмідер. Есімдіктердің ішінде тек сұрау есімдіктері ғана етістіктермен қабысу жолымен қалай оқиды? Қанша сұрайды? Қашан келеді? Не алды? Тәрізді сөз тіркестерін құрайды.. Етістікті сөз тіркесіне бағыныңкы болып сын есімдер жаппай еркін қатыса бермейді. Етістікпен мол тіркесетіндер -дай, -дей, -тай, -тей, -сыз, -сіз жұнақтары арқылы жасалған сын есім сөздер: сынаптай құбылды, шайдай ашылды. Сан есімдер етістікті сөз тіркесіне негізінен дүркіндік, көлемдік мағыналы рет, есе сөздерінің жетегінде кірігеді: екі рет сүңгіді, екі есе өлшеді. ЕЛІКТЕУШІ СӨЗДІҢ ҚАБЫСУЫ АРҚЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ Еліктеуіштер — мағынасына орай тек етістіктермен тіркесіп, қимылдың сапасын, сынын білдіретін сөздер. Сөздердің еліктеуіштік мағынасы оларды белгілі етістіктермен ғана тіркесуге мәжбүр етеді. Мысалы,қарш-қарш. тек шайнады етістігімен, бұрқ-бұрқ — қайнады, қарқ-қарқ — күлді етістігімен тіркеседі. Еліктеуіш сөз-дердің бәрі бірдей түбір күйінде тікелей етістікке тіркесе алмайды. Мысалы, шіңк-шіңк, жалт-жұлт, адыраң-адыраң, қылп-қылп тәрізді көптеген еліктеуіш сөздер көмекші етістіктің жәрдемімен көсемшелік тұлға алып тіркеседі: жалт-жұлт етіп жарқырады, шіңк-шіңк етіп сөйледі.[29-б] КӨСЕМШЕНІҢ ҚАБЫСУЫ АРҚЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ Етістікті тіркеске көсемшенің үш түрі де (-ып, -іп, -п, -а, -е, -й, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі) қатысады. Қөсемшелермен етістіктердің тіркесу мүмкіншілігі екі шартпен өлшенеді. МЕҢГЕРУ АЛМАЛЫ АРҚЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ Етістік сөз тіркестеріне меңгеріліп бағыныңқы компонент ретінде зат есім, есімдіктер қатысады. Сын есім, сан есім, есімшелер бұл тіркеске субстантивтенген жағдайда ғана енеді: кісіні шақырды, алғанын көрді т. т. Бағыныңқы сөздер барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік формалар арқылы немесе септеулік шылаулар арқылы меңгеріледі.[31-б]

6-сұрақ. Матаса байланысқан сөз тіркестері, олардың сыңарлары (изафет). Ілік септігіндегі сөздің тәуелдік жалғауындағы сөзбен өзара байланысуы матасу деп аталады. Мысалы: Матаса байланысқан сөздердің бірінші сыңары ілік септігіндегі жеке сөзден де, бірнеше сөзден де бола береді. Осыған қарай матасу жай матасу және күрделі матасу деп бөлінеді. Бірінші сыңары ілік септігінде тұрған сөзбен байланысу жай матасу деп аталады. Мысалы: біздің колхоз;  Сенің кітабың. Бірінші сыңары екі не бірнеше сөздердің өзара сатылап бір-бірімен іліктесе байланысуы күрделі матасу деп аталады. Мысалы: Менің жолдасымның дәптері. Сенің жолдасыңның сөзі.  Кейде III жақ тәуелдік жалғаулы сөзбен байланыскан сөздер ілік септік жалғауы айтылмайды. Мысалы: егіс даласы, ел байлығы. Тек біз, сіз деген есімдік ілік жалғауда жұмсалғанда, онымен байланысқан сөздердін тәуелдік жалғауы түсіп калады. Мысалы: Біздің ту, біздің қыз, біздің Отан, Біздің ел,  сіздің  қыз, сіздің Отан, сіздің ел, Сіздің   ауыл, біздің ауыл. Изафет (парсышажалғастыру) – есім сөздердің бір-біріне бағына байланысуынан жасалған сөз тіркестерінің ғылыми атауы.

Зат есім сөздердің анықтауыштық қатыстағы байланысы изафет деп саналады. Мысалы, қол сағат, қала адамы, Асқардың баласыдеген үш сөз тіркесінің әрқайсысында алғашқы сыңарлары анықтауыш сөздер, 2-сыңары анықталатын сөздер, сондықтан олар анықтауыштық қатыстағы сөздерден құралған болып саналады. Түркі тілінде, соның ішінде қазақ тілінде, изафеттің үш түрі бар:

  1. бір зат есім сөздің екінші зат есімге анықтауыш болып, қосымшасыз қабыса байланысуы арқылы жасалған сөз тіркесі. Мысалы, алтын сағат, күміс сырға, кірпіш үй, т.б.;

  2. нольдік тұлғадағы зат есімнен болған анықтауыш сөз бен тәуелдік жалғаудың 3-жағындағы анықталатын сөзден жасалған сөз тіркесі. Мысалы, ауыл адамы, халық соты, үкімет қаулысы, ата батасы. т.б.;

  3. ілік септік жалғаудағы анықтауыш сөз бен тәуелдік жалғауындағы анықталатын сөзден жасалған сөз тіркесі. Мысалы, менің кітабым, сенің сағатың, оның дәптері.

Изафет қолданысына қарай бір-біріне ауыса алады. Мысалы, ауыл баласы – осы ауылдың баласы, бұл мектептің оқушылары – мектеп оқушылары, т.б. изафеттің бұл түрінің сыңарлары бір-бірінен алыс тұрып та байланыса береді. Мысалы, студенттің бүгінгі берген жауабы

Изафет: 1. Ілік септігі де, тәуелдік жалғауы көрініп тұрады. 2. Ілік септігі көміс, тәуелдік жалғауы көрнеу 3. Ілік септігі көрнеу, тәуелдік жалғауы жасырын 4. -нікі, -дікі арқылы. Матаса байланысатын сөздер зат есімдер. Сондықтан зат есім мағынасында не зат есім орнына жұмсалатын сөздердің бәрі сол тіркестің бірінші не екінші сыңары бола алады. Сөйлеуші бір затты не өзіне, не өзгеге, не басқа затқа меншіктеп айтқысы келгенде, меншіктелген сөзге нікі, дікі, тікі жұрнағын жалғап, Мына ат менікі, Мына сағат сенікі, Мына жер мемлекттікі деген сөйлемдер құрайды. Жұрнақтар жалғанған сөздерге одан бұрын айтылған заттар меншіктеліп тұрады да, ол екеуінің арасынан меншіктілік қатынас туады. Сондай ақ, зат пен заттың, меншіктілік басқа табиғи қатынасын білдіру үшін, меншіктеуші сөздерге ілік, меншіктелуші сөздерге тәуелдік жалғаулары жалғанады: менің атым, сенің атың, оның аты. Матаса байланысққан изафеттік тіркестің екінші сыңары зат есім, заттанған сын есім, сан есім, есімдіктер болады: теңіздің толқыны, аттың жүйрігі, оқушылардың бесеуі, менің айтқаным, сенің өзің.

7 сұрақ . Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері (есімді, етістікті) Меңгеру - сөз тіркесі құрамындағы бағыныңқы сыңардың басыңқы сыңармен атау мен іліктен басқа септік жалғауларында тұрып байланысуы. Меңгеру етістікке тән, алайда есімдерде де кездесіп қалады. Тілге бай одан үлкенмін. 1.Сын есім баяндауыш қызсметінде басыңқы сыңар бола алады, бұндайда олар меңгеріліп тұрады. Заттың түсін, сапасын білдіретін сын есімдер меңгеруде көп кездеседі (қардан ақ (шығ. с.), сөзге сараң (бар. с.), бетегеден биік, жусаннан аласа, жақсы ісімен жақсы). 2.Зат есім. Мысал: Білгенге маржан, елге сын, содан комсомолмын, төрде көрпе, аяқта етік. Заттың күйін білдіретін модаль сөздер: аз, жоқ, бар, мәлім, көп, т.с.с. Сақтықта қорлық жоқ, сайлауға міндетті, біткен іске сыншы көп.Сан есім мен есімдіктер меңгеруде сирек кездеседі: менде бесеу, сенде қалай.. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сөздің тұлғасына қарай былай бөлінеді: 1) табыс жалғаулы сөз тіркестері;2) барыс жалғаулы сөз тіркестері; 3) шығыс жалғаулы сөз тіркестері, 4)жатыс жалғаулы сөз тіркестері, 5)көмектес жалғаулы сөз тіркестері.

8 сұрақ. Қабыса байланысқан сөз тіркестері. Есімді сөз тіркестерінің бұл түрі құрылымы жағынан әр алуан. Олардың басыңқы сыңары, әдетте, зат есім не субстантивтенген сөзден жасалған есімдер болады да, бағыныңқы есімдер не есімше болып келеді. Мысалы қабыса байланысатын есімді сөз тіркесін құрауға қатысатын сөздер сипатына қарай: зат есімді тіркестер, сын есімді, сан есімді, есімдікті, есімшелі болып бөлінеді. Зат есімді тіркестері. Бұндай тіркестер көбіне зат есімнен құралады да анықтауыштық қатынаста айтылады, бірақ олардың бағыныңқысы сөйлемнің күрделі мүшелерінің құрамына еніп кетуі мүмкін (пұшпақ, бөрік, қол диірмен). Қатар тұру арқылы анықтауыштық қатынастағы сөздердің бірнешеуі де болуы мүмкін: қой көз қыз, темір қанат құс. Сын есім мен зат есімдерден құралған сөз тіркестері. Бұнда сын есімдер бағалық қызметте зат есіммен қабысады. Мағынасына қарай сын есім түсін, көлемін, табиғи күйін, дәмін, т.б. білдіреді. Сапалық сын есімдер мен зат есімдер еркін тіркес құрамында сөз тіркесінің І сыңары түбір қалпын өзгертпейді де, ІІ сөзі түрлі тұлғада айтыла береді. Бірақ соңғының жалғаулы болуының бұл сөз тіркесіне еш қатысы болмайды. Салыстырмалы тұлғалы сын есімдер зат есімдер мен қабыса байланысқан тіркес құрамында онша көп айтылмайды. Олар сло салыстырмалы шырай мағынасында көбінесе баяндауыш қызметінде жұмсалады: Кеңірек бөлмеде. Бөлме кеңірек.Бұндайда «келген» қосылып отырады. Күшейтпелі шырай көп кездеседі.Қатыстық сын есімдердің зат есіммен тіркесу қабілеті төмен. Олар белгілі бір зат атауымен тіркеседі.Бұндайда сапалық сынмен тіркесіп барып күрделі анықтауыш болады. Субстантивтеніп басыңқа сыңар да болады: ақсақалды үлкендер. Сан есім мен зат есімнен құралған сөз тіркестері. Сын есімдер сияқты анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Зат есімдермен тіркескен санауға келетін нақты зат есіммен байланысады. Тек стильдік мақсатта болмаса. Сан есім қатыстық сын есіммен тіркесіп барып күрделі сөз тіркесі болады: екі шекті домбыра. Бұлар әсіресе мөлшерді білдіретін зат есіммен тіркесіп анықтауыш болады. Мысал: Тоғыз жасар бала. Үш күндік жол. Етістіктермен қабыса байланысатын сөздер Олар – үстеулер, еліктеуіш сөздер, көсемшелер, жалғаусыз зат есімдер.Сын, сан есімдер – жаратылысынан зат есімдерге тән сөздер.

9 сұрақ.Сөйлемге тән белгілер. Сөйлем – мәтіндегі жеке ойды өзі сияқты ойлардан ажыратып тұратын буын, жеке ойды білдіретін мәтіннің ең кіші номинативтік буыны. Сөйлемнің негізгі белгілері туралы ғалымдар арасында түрліше пікірлер бар. Дегенмен солардың барлығы айналып келгенде, предикативтілік, модальділік және интонация үшеуінің төңірегінде өрбиді. Ең алдымен, сөйлемге тән қасиет, ол – предикативтілік. Предикативтілікке жақ, шақ категориясы негіз болады. Осы екеуі арқылы предикативтілік жүзеге асады. Предикативтілік деп біз біріншіден субъекті предикатқа негізделуін айтамыз, екіншіден сөйлемде айтылғанойдың ақиқат шындыққа, ақиқат болмысқа үйлесуін айтамыз. Сөйлемнің бір құрамды, екі құрамды немесе мүшеленбейтін түрлері болатыны белгілі. Бұларда предикативтілік түрлі деңгейде көрініс алады. Айталық, екі құрамды сөйлемдерде предикативтілік нақты, бір құрамды сөйдемдерде предикативтілік жартылай, ал мүшеленбейтін сөйлемдерде предикативтілік болмайды да. Бұған қарағанда, предикативтілік бастауыш пен баяндауыш арасындағы таза гр-лық құбылыс. Предикативтілік сипатына қарай: пред санына қарай: жай, құрмалас, баст-баян қат қарай: 1 құрамлы, 2 құрамды, пред қаңқаның ақпараттық жағынан толықтырылу, толықтырмалуына қарай: жалаң, жайылма, тлымды, толымсыз. Модальдылықтың 2 көрінісі болады: 1.объективті - сөйлем мазмұнының шындыққа қатысын (Ол жақта қыс ерте түседі) және 2.субъективті - сөйлеушінің сөйлем мазмұнына көзқарасын (Ол жақта қыс ерте түсетін сияқты). Модальдылыққа қарай: хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты. Интонация да сөйлемге тән. Сөйлемнің барлық түрінде оның құрылымдық компоненті ретінде и. болады. И-ның тоны, ұзақтылығы, интенсивтілігі, тембрі т.б. компоненттерінің қасиеттері сөйлемнің коммуникативтік, эмоциялық мағынасына үлкен әсер етіп, оны өзгертіп және түрлі реңкке бояп отырады.

10 сұрақ. Сөйлем мүшелері туралы. Сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер сөйлем мүшелері деп аталады. Қазақ тілінде бес сөйлем мүшесі бар: бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш. Сөйлем мүшесінің белгілері: 1) толық мағыналы сөз болуы керек, яғни белгілі бір сұраққа жауап беруі керек; 2) сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұруы керек; 3)сөйлем мүшелерінің бірінің сұрағына жауап беруі керек. Мысалы: Жылы желдің әлсіз ызыңы естіледі. Сөйлемде толық мағыналы бес сөз бар. Олардың әрқайсысы белгілі бір сұраққа жауап беріп тұр. Сөйлем мүшелері құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі мүше болып үшке бөлінеді. Дара сөйлем мүшесі толық мағыналы бір сөзден болады. Мысалы: Аман жиналғандармен қысқа амандасты. Сөйлемдегі әрбір сөйлем мүшесі – бір ғана сөзден құралып тұрған дара мүшелер. Күрделі сөйлем мүшесі күрделі сөзден, тұрақты тіркестен не сөз тіркесінен, шылаулы сөзден құралады. Мысалы: Еңбек Ері Ыбырай Жақаев екі рет Алтын Жұлдыз медалімен марапатталған еді. Сөйлемдегі Еңбек Ері Ыбырай Жақаев –күрделі бастауыш, екі рет – күрделі пысықтауыш,Алтын Жұлдыз медалімен –күрделі толықтауыш, марапатталған еді –күрделі баяндауыш. Үйірлі мүше – кемінде екі не одан да көп сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы. Үйірлі мүшелер көбінесе бар, жоқ, аз, көп тәрізді сөздерге және сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталады. Мысалы: Білімі көп адам жерде қалмайды. Білімі көп – қандай? адам – үйірлі анықтауыш. Сөйлемнің бес мүшесі де үйірлі бола алады. Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелер болып екі үлкен топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде бастауыш пен баяндауыш сөйлем құрауға негіз болады, сондықтан тұрлаулы мүшелер деп аталады. Ал анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштарөздігінен сөйлем құрай алмайды, тек берілген ойдың шеңберін кеңейтеді, сондықтан бұлар тұрлаусыз мүшелер деп аталады.

11 сұрақ. Бастауыш жасалу жолдары және түрлері. Бастауыш деп сөйлемде атау септік тұлғасында тұрып, ойдың иесі болатын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз. Бастауыштарға қойылатын негізгі сұрақтар кім? Не? Бастауыш барлық сөз табынан жасала береді. Алайда баст болуға ыңғайлы сөз таптары зат есмідер мен есімдіктер. Ал қалған сөз таптары баст болуы үшін міндетті түрде заттануы керек.

Жақсы ісімен жақсы. Бес үшке бөлінбейді. Үйренгенің өзіңе жақсы. Еріншектің ертеңі бітпейді. Алыстан ура естіледі.

Құрылысына қарай: дара, күрделі, үйірлі Күрделі және үйірлі бастауыштар. Дара баст бір ғана сөз формасынан тұрады. Күрд баст сөз таптарының күрд түрінен тұрады. Мұның өзі қызық әңгіме.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]