Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психокоррекциялық жаттығулар,.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
556 Кб
Скачать

2. «Үрлегіш пен доп»

Мақсаты: Бұлшық еттерді шынықтыру.

Барысы: Бұл жаттығуға екі адам қатысады. Біреуі – үлкен үрленетін доп, ал екіншісі осы допты үрлегішпен үрлейді. «Доп» аяғын сәл бүгіп, қолы мен мойнын ос ұстайды. Денесі сәл алға шығыныңқы, басы төмен салбырап тұрады. Доп толық үрленбеген. Ал «үрлегіш» ысылдап қолдың қимылымен допты толтыра бастайды. Әрбір дыбыс шыққан сайын, доп үрлене бастайды. Бірінші дыбыстан кейін «доп» ішіне толтырып ауа жұтады, екіншіден кейін түзеле бастайды, үшіншіден кейін басын көтере бастайды, бұдан кейін беті үрленіп, қолын кең құлаштайды. «Доп» үрленіп болды, жолдасы «үрлегішті» доптан шығарады. «Доптан» аса үлкен күшпен «Ш» дыбысы шығады. Дене салбырап бұрынғы қалпына түседі. Ойнаушылар орнын ауыстырады.

  1. «Жұдырығымда не бар?»

Мақсаты: Шығармашылық қабілетті дамыту.

Барысы: қандай да бір шағын зат жұдырықта жасырылады. Балалар бұл не зат екенін табу үшін ол туралы әртүрлі сұрақтар қояды. Мысалы: «Заттың көлемі қандай?», «Ол неден жасалған?», «оны қалай өзгертуге болады?» т.б.

  1. Бос уақыт. Пазылдармен жұмыс.

  2. Коллаж «Мен өз болашағымды қалай елестетемін?»

Мақсаты: Қиялды, шығармашылықты дамыту, болашақты жоспарлау.

Жаттығудың жүргізілуі: алдымен әңгіме жүргізіледі. Әр баладан өскенде кім болғысы келетіні туралы сұралады. Ол өзі таңдаған мамандықты қалай елестетеді. Бұдан кейін балаларға ватман қағазы, желім, ескі түрлі – түсті журналдар, қайшы таратылады. Балалардың міндеті: өздерінің болашақ мамандығын қағаз бетіне түсіру. Бұл үшін олар журналдан сәйкес келетін суреттерді қиып алып жапсырады. Ең маңыздысы бала өзінің суреттерін неге олай жапсырғанын түсіндіре алуында.

Мұнан кейін ата – аналармен бірге жүргізіледі.

  1. Танысу «Қуаныш ортасы»

Барлығы шеңбер бойына отырады. Шеңбер бойына әркім өз есімін атап, жорыққа не алып шығатынын айтады (өз есімінің бірінші әріпіне байланысты). Бір – бірінің қолдарынан ұстап, қолдың жылулығын үнсіз береді. Бір – бірінің көздеріне қарап жымияды және жақсы көңіл – күй сыйлайды.

  1. Ширату «Жел соғады»

Мақсаты: Зейінді, қозғалыс белсенділігін дамыту.

Барысы: балалар шеңбер бойында үстелдерге отырады, ал жетекшінің орындығы жоқ ол тұрып тұрады. Жетекші белгі бергенде, яғни, «Жел таңертең тіс тазалаған адамға соғады», сонда ойыншылар орындарынан тұрып басқа бос орындықтарға отырулары тиіс. Өз орындықтарына отыруға болмайды. Егер ойыншы үлгермей қалса жетекші болады.

8. Үстел ойыны «Қу сайқымазақ»

Мақсаты: Зейінді, қозғалыс белсенділігін дамыту.

Барысы: балалар шеңбер бойында үстелдерге отырады, ал жетекшінің орындығы жоқ ол тұрып тұрады. Жетекші белгі бергенде, яғни, «Жел таңертең тіс тазалаған адамға соғады», сонда ойыншылар орындарынан тұрып басқа бос орындықтарға отырулары тиіс. Өз орындықтарына отыруға болмайды. Егер ойыншы үлгермей қалса жетекші болады.

Топтық жұмыс.қиылған суреттерден 32 сайқымазақты жинау қажет.

9. Коллаждарды көрсету.

Ата – аналармен кері байланыс Балалар өз жұмыстарын қорғайды, ата – аналардың сұрақтарына жауап береді.

10. Ортақ сурет (анамызбен бірге сурет саламыз).

Еркін тақырып. Басты шарт – үнсіз отырып салу. Талқылау.

11.Сабақтың қорытындысын шығару және қоштасу.

Шеңбер бойынша әр бала осы сәтте өзін қалай сезініп тұрғанын, бүгінгі сабақта не ұнағанын, ненің ұнамағанын, келесі сабақта нені қалайтынын айтады. Сұрақтар мен тілектер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]