Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психокоррекциялық жаттығулар,.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
555.52 Кб
Скачать
  1. Танысу Қуаныш шеңбері.

Қатысушылар шеңбер бойына отырып өз есімдері мен сүйікті ойынын атайды. Мұнан соң көршісінің қолын қысып, үнсіз қол жылуын жібереді. Бір-бірінің көздеріне қарап, күлімсіреп, ойша жақсы көңіл-күй тілейді.

Мұнан кейін барлығы шеңбер бойынан отырып қазіргі сәттегі сезімдермен алмасып, кешегі күнді қалай өткізгендерін әңгімелейді.

2. Психогимнастика «Затты жалғап жібер»

Балалар шеңбер бойына тұрып, жетекшінің белгісі басталғаннан кейін патомимика арқылы қандайда бір заттарды алып берулері тиіс: ыстық картопты, мұзды, көбелекті, ауыр кір тасын, үрлемелі шарды.

3. «Соқыртеке»

Мақсаты: жағымды эмоционалдық әсерді қалыптастыруға қорқынышты болдырмау, өзіне сенімділігін жоғарылату.

Ойының жүргізілуі: бір ойыншының көзін байлап, есік бірге келесі өлеңді айтады:

Мысық, мысық, қызанақ.

Қызықты етіп, бізді қу

Көздеріңді шешпестен,

Ұстап алып көрші енді.

Мұнан кейін балалар әр жаққа тарап кетеді. Мысық ойыншыларды ұстап алады.

4. «Екі қолмен сурет саламыз»

Мақсаты: кеңістікті бағдарлауды, қолдың икемділігін дамыту.

Жаттығудың жүргізілуі: балалар көздерін жұмып екі қарындашпен жетекшінің ұсынған суретін салады (бірін оң, екіншісін сол қолға). Мысалы, шеңбер, шаршы, шырша. Мұнан кейін суретті күрделендіруге болады. Бірнеше заттардың немесе картинаның суретін салулары қажет. Сурет салып болғаннан кейін тапсырманы орындау жеңіл ме әлде күрделі болды ма, сурет салу барысында қандай сезімдер туындағанын пікірлесуге болады.

5. «Көршінің суретін аяқта»

Мақсаты: балаларды топта ортақ іс-әрекет жасауға үйрету..

Жаттығудың жүргізілуі: балаларға дербес сурет ойлап табу ұсынылады: Жетекшінің шапалақ ұрғаннан кейін оң жақтағы көршіге сурет беріледі. Сурет қайтып баланың өзіне келмейінше сурет салу жалғаса береді.

6. «Соқыр мен жетелеуші»

Балалар жұпқа бөлінеді. Біреуінің көзін байлайды. Екіншісі жетелеушінің рөлін ойнайды. Жетелеуші соқырды жетелеп жайлап, ақырын бөлмеде ертіп жүреді. Мысалы, оңға бір адым жасап, жанымен өту үшін түрлі кедергілерді айналып өту қажет. Мұнан соң ойыншылар рольдермен ауысады. Ойын аяқталғаннан кейін талқылау болады: балада жетелеушінің немесе соқырдың роліне болғанда қандай сезім туындайды.

7. Ойын «Тірі топтар»

Мақсаты. логикалық ойлауды жаттықтыру.

Жаттығудың жүргізілуі: балалар топтарға бөліну үшін көрсеткіштер ойлап табулары тиіс. Мысалы: шаштарының түстеріне байланысты екі топқа бөліну ұсынылады. Жетекшінің оң жағына кімнің әпкелері бар, сол жағында інілері бар қатысушылар тұрады.

8. Бос уақыт. Пазлалармен жұмыс

9. Психогимнастика «Заттарды бейнелеу»

Бала қимылмен, ишарамен затты бейнелейді, қалған балалар оны табады. Кім дұрыс тапса, сол жетекші болады.

10. «Мәндес жұптар»

Мақсаты: Логикалық ойлауды жаттықтыру.

Жаттығудың жүргізілуі: Мұны өткізу үшін қарапайым сөздер жазылған жолақтар жиынтығы қажет. Жолақтың жоғары жағында мағынасы бір-бірімен байланысты екі сөз жазылады. (мысалы: алма,алмұрт). Бұл баланың екінші жұп сөзді құруға арналған бағыты. Жолақтың төменгі жағында екінші сөз (мысалы: қайың) және бір-бірімен мағынасы байланысқан бес сөз нұсқасы ұсынылған мысалы: а) жапырақ, б) емен, в) тал, г) жер, д) саябақ. Бала бұл сөздердің ішінен тек мағыналық жұбын құруға мүмкіндік беретін сөзді таңдайды..

    1. алмұрт – жеміс;

қайың: а) жапырақ, б) емен, в) тал, г) жер, д) саябақ.

    1. Қоршау – циркуль;

шаршы;

а) дөңгелек, б) қарындаш, в) қағаз, г) сызық, д) сызғыш;

    1. еден – кілем:

    2. стол: а) паркет, б) үстел, в) дастархан, г) мебель, д) бөлме.