Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДАРИЛИК ЖАУАП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
229.41 Кб
Скачать

18. .Құрамында органикалық қышқылдар бар өсімдіктер ол өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдалануы.

Құрамында органикалық қышқылдар бар өсімдіктер: Rubus іdaeus және оның морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдалануы.Құрамында майлары бар өсімдіктер: Rіcіnus communіs, Helіanthus annuus, Zea mays.Осы өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдалануы.Органикалық қышқылдар ерітінді түрінде көптеген өсімдіктердің клетка шырынында кездеседі, олар жеке түрінде және тұздары түрінде де кездеседі. Ең кең түрде таралғандары алма, лимон, вино-тас, қымыздық, силицила, құмырсқа, уксус және т.б. қышқылдар түрінде кездеседі. Органикалық қышқылдар зат алмасуда белсенді қатысады. Сілекей бездерінің, өт бөліп шығаруды, ұйқы безінің қызметтерін жандандырады, бактерия жойғыш қасиеттері бар, ішектердегі іріңдеу процестерін азайтады. Валериан және изовалериан қышқылдарының ерекше фармакологиялық әсері бар. Валериан және изовалериан қышқылдары Шүйіншөп (Valerіana-Валериана), Мыңжапырақ (Achіllea-Тысячилистник), Құлмақ (Humulus-Хмель) өсімдіктерінің эфир майларында кездеседі. Қанықпаған май қышқылдары (олеин, линолев, линоленов, пальмит) қандағы холестерин мөлшерінің азаюына әсер етеді, атресклероздан сақтандырады. Линолев қышқылы зығыр (Lіnum-Лен) және Шырғанақ (Hіppophae-Облепиха) жемістерінде көп болады.Төменгі карбон қышқылдары (оксол, қымыздық, малон) Қасқыржем (Asparagus-спаржа), Сүйелшөп (Chelіdonіum-Чистотел), Шетен (Sorbus-Рябина) өсімдіктерінің жемістерінде, жапырақтарында болады. Алма, вино және лимон оксикарбон қышқылдары Бүлдірген (Fragarіa-Земляника), Таңқурай (Rubus-Малина) өсімдіктерінің жемістерінің құрамында болады. Олар организмді сілтілеуге (ощелочивание) қатысады. Ароматикалық қышқылдардың - бензой, силицилов, коричны қышқылдарының терапевтикалық маңызы өте зор. Ол қышқылдар таңқурай жемісінде, түймедағы, жусан, мыңжапырақ гүлдерінде болады. Құрамында ароматикалық қышқылдар бар өсімдіктерден (лимон, шырғанақ, раушан, қарақат) ауруларға әсіресе операциядан кейінгі қызбалы күйіндегі ауруларға әртүрлі сусындар салады. Сонымен қатар әртүрлі микстуралардың дәмін жақсарту үшін шәрбаттар (сироп) жасалады. Rubus іdaeus L. – Малина обыкновенная- Таңқурай, Rosaceae Juss. – Раушангүлділер тұқымдасынан. Таңқурай – бұта, биіктігі 2 м-ге дейін, тамырсабағы ұзын, жылжымалы, екі жылдық жер асты өркендерге дамиды. Бірінші жылы сабақтары шөптесін, көк-жасыл, тікенектері 23 бар, қысқа қарай сабақтары сүректенеді. Екінші жылы өркендерінде гүлшоғыр дамиды, жемістері пайда болып сасып өледі. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, дара қауырсын тәрізді күрделі 3-9 жұмыртқа тәрізді жапырақшаларымен. Гүлшоғы – кішірек қойнаулы шашақ. Гүлдері көкшіл-ақ. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Шілде-тамыз айларында жеміс салады. Таралуы.Тобол-Ишим, Көкшетау, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Іле және Күнгей Алатауында кездеседі.Химиялық құрамы. Таңқурай жемістерінде әртүрлі органикалық қышқылдар (алма, лимон, силициилов, құмырсқа, капрон), қанттар (глюкоза - 4,3%, фруктоза - 8%, сахароза – 6,5% ), илік заттары 0,3% шамасында болады, олармен бірге құрамында пектиндер, азот және бояғыш заттар, калий тұздары, мыс, цианин-хлорид, ацетин, бензоальдегид, витамин С (45 мг % дейін), каротин 0,3% болады. Таңқурай тұқымдары құрамында эфир майлары 14,6% және фитостерин 0,4% болады. Медицинада қолданылуы. Кептірілген және жаңа мұздатылған таңқурай жемістері склерозға қарсы қолданылады, шай түрінде құрғақ жемістерінің температура түсіретін және тер шығарушы қасиеттері бар. Таңқурайдан жасалған шайды суық тигенде жазылу үшін ішеді. Жаңа жидектерінің құсуға қарсы, қабынуға қарсы, қандағы қанттың мөлшерін азайтатын қасиеттері бар. Құрғақ жемістерінің қайнатпасын: 1 ас қасық құрғақ жемісін 1 стакан қайнаған суға салып, 5-10 минут қайнатып шай ретінде ішуге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]