- •1.Майда еритін витаминдері бар өсімдіктер, осы өсімдіктердің морфоло гиялықер екшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, қолданылуы.
- •2.Суда еритін витаминдері бар өсімдіктер, осы өсімдіктердің морфоло гиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, қолданылуы.
- •3.Өсімдіктердегі алколоидтардың ролі.
- •6.Стероиты сапониндердің химиялық құрылысы және қасиеті.
- •7.Жаңа дәрілік өсімдіктерді айқындап әшкерелеудің жолдары мен әдістері.
- •8.Өсімдік шикізатын жинау күнтізбегі. Дәрілік шикізатты сақтау.
- •9.Дәрілік өсімдіктер шикізатын шетке шығару және шеттен алып келу
- •18. .Құрамында органикалық қышқылдар бар өсімдіктер ол өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдалануы.
- •19. .Құрамында майлары бар өсімдіктер. Ол өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері,
- •21.Витаминдер туралы түсінік. Витаминдер алынатын дәрілік өсімдіктер жәнешикізаттар.
- •22.Құрамында каротиноидтар бар өсімдіктер, олардың морфологиялық ерекшеліктері,химиялық құрамы, дәрілік шикізаты.
- •23.Құрамында к тобының витаминдері бар өсімдіктер, олардың
- •24.Өсімдіктердегі алколоидтардың болуына сыртқы орта факторларының әсері
- •25.Құрамында алколоидтар бар өсімдіктер, олардың морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты.
- •26.Құрамында жүрек гликозидтері бар өсімдіктер және олардың морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдаланылуы.
- •27.Гликозидтер туралы жалпы түсінік. Жүрек гликозидтерінің құрылысы және классификациясы
- •1. Гликозидтер туралы жалпы түсінік.
- •2. Жүрек гликозидтерінің құрылысы және классификациясы
- •28.Хиназолинді алкалоидтар
- •29.Илеуші заттар туралы жалпы түсінік.
- •30.Алколоиды бар шикізатты пайдалану жолдары
- •31.Кумариндер. Кумариндер туралы жалпы түсінік және классификациясы.
- •32.Изохинолинді алкалоидтар.
- •33.Фенолдар туралы жалпы түсінік.
- •34.Тритерпенді сапониндердің химиялық құрылысы және қасиеті.
- •35.Өсімдіктердің дамуындағы алколоидтардың пайда болуының динамикасы.
- •36.Хинолинді алкалоидтар.
- •39.Илік заттардың өсімдіктерде таралуы және олардың биологиялық ролі.
- •41Тапсырма: Ranunculaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
- •42Тапсырма: Papaveraceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
- •43Тапсырма: Chenopodiaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
- •45Тапсырма: Cruciferaceae, тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
- •46Тапсырма: Rosaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
- •48Тапсырма: Umbeliferaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
- •49Тапсырма: Fabaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
- •50Тапсырма: Scrophulariaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
- •51Тапсырма: Lamiaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
- •52Тапсырма: Poligonaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
- •53Asteraceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
- •54 Malvaceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
- •55 Ranunculaceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
- •56Scrophulariaceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
- •57 Poligonaceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
- •58Lamiaceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
- •59 Fabaceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
- •60 Umbeliferaceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
6.Стероиты сапониндердің химиялық құрылысы және қасиеті.
Сапониндер (лат. saponis—сабын) - өсімдік гликозидтері тобына жататын азотсыз күрделі органикалық қосылыстар. Әдетте Стероидты сапониндердің құрамында спиростан немесе фуростан туындылары болады. 3-ші орында гидроксил тобы бар спирт туындысы болғандықтан оларды спиро- немесе фурастанол гликозидтері деп атайды.
Спиростан
Фуростан
Диосцин
Спиростанолды сапониндерде көбінесе 27 атом көміртек болады. Стероидты сапониндің молекуласының углеводты бөлігі 3-ші гидроксилға қосылады және 1-6 моносахарид (D-глюкоза, D-галактоза, D-ксилоза, L-рамноза, L-арабиноза, галактурон қышқылы және глюкурон қышқылы) құрамында бола алады. D-хиновоза, D-апиоза және D-фукоза қалдықтары бар сапониндер белгілі. Моносахаридтер сызықты және тармақты тізбектерді құрастырады. Көмірсулы компонент С-1, С-2, С-5, С-6, С-11 атомдарына да жалғануы мүмкін. Көмірсулы тізбек біреу (монодесмозидтер), екеу (бидесмозидтер), өте сирек үшеу (тридесмозидтер) болады. Ацилдық тобы (сірке, бензой, 2-гидрокси-2-метилглутар, күкүрт қышқылдардың қалдықтары) молекуланың сапогенді болігінде де көмірсулы бөлігінде де болуы мүмкін. Спиростанол гликозидтердің маңызды уәкілі - диосцин (құрамында сапогенині - диосгенин және 3 тармақты тізбектелген гликозид бар). Диосцин Диаскореяның (лат. Dioscorea) тамырсабағында болады. Фармацевтикада кортикоидты препараттардың өндірісінде қолданылады.
Фурастанол қатарындағы сапониндерде С-3 орнында көмірсулы тізбек және С-26 орнында D-глюкозаның қалдығы болады. Қышқылдардың немесе ферменттердің әсерімен С-26 орнынан D-глюкозаның қалдығы ажыраған кезде спиростанол сапонин түзеледі.
Спиростанол сапониндерде гемолитикалық, гипохолестеринемикалық, канцеролитикалық және фунгицидты, микробқа қарсы, моллюскоцидты әсерлері болады. Ал фуростанол сапониндерде гемолитикалық және фунгицидты әсері аз болады, бірақ антиоксидантты, анаболикты және иммуномодульды ықпалы болады.
Стероидты гликозидтер өсімдіктердің жапырақтарында фурастанол түрінде синтезделеді. Бүкіл өсімдік бойымен тасынып, олар жапырақтардың және сабақтарының арнайлы жасушалар - идиобласттарда жиналады. Көбісі тамырсабағына тасынып, сол жерде спирастанол (белсенді) түріне айналады.
7.Жаңа дәрілік өсімдіктерді айқындап әшкерелеудің жолдары мен әдістері.
Дәрілік өсімдіктер дамуының қазіргі кездегі сатысында зерттеудің бағытын жаңа әсерлі де маңызды дәрілік түрлерді зерттеу мен табуға бағыттау керек. Ғалымдардың зерттеулерінде бірнеше әдістер қолданылады: 1)Халық медицинасының тәжірибесін кеңінен зерттеу.Қазіргі ғылыми медицинада қолданылып жүрген барлық өсімдіктер дерлік халық медицинасынан алынғандар. Халық медицинасында қолданылып жүрген өсімдіктерге ерекше мән берудің жаңа болашағы бар өсімдіктерді іздеуде әсері зор. Халық медицинасының өсімдіктерін зерттеудің алғашқы сатыларына жататындар: а) арнайы немесе жолай экспедицияларды пайдаланып (этнографиялық) халықтан сұрастыру, өсімдіктер жайында білетіндермен танысу, үлгілерін алу арқылы мәліметтер жинау; б) әдеби мәліметтер жинау үшін корреспонденттік жүйе ұйымдастыру. Алдымен зерттелінетін өсімдіктің емдік көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеріп білу керек. Егер алғашқы фармакологиялық (немесе биологиялық) зерттеу мәліметтердің дұрыстығын растайтын болса, онда ары қарай өсімдікке фармакогностикалық (ең алдымен фитохимиялық), технологиялық (жеке қосылыстарды бөліп қарау немесе препарат қосылыстарын табу), фармакологиялық (табылған препараттардың негізінде терең зерттеу) ең соңынан клиникалық зерттеулер жүргізіледі. 2)Ғылыми медицинада қолданылатын өсімдіктерді терең зерттеу. Осындай қазіргі ғылыми деңгейдежүргізілген жәнеөсімдіктің химиялық құрамы туралы түсінікті тереңірек дамытатын зерттеулер кеңінен қолданылып жүрген өсімдіктердің қолдану аймақтарын өзгертіп отырады. Бұл қадамға ғалымдарды халық медицинасының мәліметтері итермелейді, бұл өсімдіктер өз кезінде ғылыми медицинада қолданылған бертін келе ұмыт бола бастаған болуы мүмкін. Мысалы, МФ II (1871) сүйелшөп шөбі, авран шөбі, мелиса жапырақтары мен қара қарақат жапырақтары және сабыншөптің тамырлары ресми түрде қолданылған. Қазіргі кезде олардың көбісі Мемлекеттік реестрге қайта енгізілді. 3)Филогенетикалық әдіс.Бұрыннан белгілі болғандай ботаникалық жағынан туыстас өсімдіктер химиялық құрамы жөнінен ұқсас болады да ұқсас фармакологиялық әсер көрсетеді. Бұндай биологиялық заңдылықтар жаңа дәрілік өсімдікті іздеудегі жұмыстарды мақсатты әрекеттерге бағыттап, еңбекті нәтижелі етуге көмектеседі. Отандық ғалымдар өсімдіктерді зерттеу барысында өсімдіктердің систематикалық жағдайы мен олардың химиялық құрамы арасындағы байланыстар мәселесіне көп көңіл бөледі. Дегенмен бұл мәселелерді зерттеу барысында кейбір қиыншылықтар туындайды. Мұнда хемотоксономиялық заңдылықтардан басқа өсімдіктердің биохимиялық белгілері мен филогенетикалық қатынастары арасындағы толық параллелизмнің болмауы көрініс табады. Бұдан басқа химиялық конвергенция құбылысы, яғни филогенетикалық байланысы жоқ әртүрлі топ өсімдіктерінде ұқсас заттардың болуы да байқалады. Көптеген шикізат көздерінде күннен күнге өсіп отырған қажеттіліктердің артуы ресми түрге енгізілген кейбір өсімдіктерді ғана дайындаумен шектелуге байланысты болып отыр. Мұндай амалдар дәрілік өсімдіктер туралы ғылымның дамуына кедергі жасайды. Филогенетикалық әдісті пайдаланып жақын туыстарды зерттей отыра өсімдік шикізаттарының түр құрамын кеңейте түсу керек. Қазіргі кезде дәрілік өсімдіктерінің түр құрамын кеңейтуге мүмкіндік беретін экспериментальдық мәліметтер бар, мысалыға жалынгүл түрлерін, сасықшөп, шәйқурай, термопсис, жөке және басқа да түрлерді. Әсіресе, Орта Азиядағы мемлекеттер мен Қазақстанда, Қиыр Шығыс флорасында қабылданған дәрілік өсімдіктер өспейтін, ал оған жақын түрлер өсетін елдерде бұл мәселелер маңызды орын алады. 4)«Елеу» әдісі. Бұл әдіс белгілі бір ауданда немесе жергілікті жерде өсетін өсімдіктерді жаппай дала жағдайындағы фитохимиялық талдау арқылы негізгі биологиялық белсенді заттарды анықтауда қолданылады. Болжам бойынша мұндай зерттеу барысында яғни, «аналитикалық елеуден өткізілген» өсімдіктерден болашағы зор алкалоидты, жүрек гликозидті, сапонинді, эфир майлы және басқа да белсенді заттар табылады.«Елеу» әдісі бір кездері өте танымал әдіс деп табылып, көптеген экспедициялар зерттеуге шығып отырған. Бұл әдіс болашақта өсімдіктерді іздеуде белгілі бір кезеңде маңызды орын алған. Дегенмен бұл әдіс көп еңбекті қажет ететін, қымбат әрі эмпирикалық ретінде күрделі. Қазіргі кезде экспедициялар халық медицинасында кең қолданылатын белгілі бір түрге жататын және де өзінен көп үміт күттіретін түрлерді ғана жинайды. ТМД елдерінің медицина тәжірибесіндегі өсімдіктерден басқа фармакогностар шығыс медицинасына да көптеген қызығушылықтар танытады. Тарихи кейбір жағдайларға байланысты бұрынғы атақты шығыс медициналық жүйесінің ерекше іздері қалды: Орта Азия мен Кавказда – ежелгі араб медицинасының, Бурятияда – тибеттік, Қиыр шығыста – қытайлық және т.б.
