Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДАРИЛИК ЖАУАП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
229.41 Кб
Скачать

25.Құрамында алколоидтар бар өсімдіктер, олардың морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты.

Алкалоидтар саны 5000-нан астам. Бірақ та алкалоидтардың құрылыстары толық зерттеліп бітпегендіктен олардың нақты дұрыс классификациясын жасау оңай жұмыс емес. Дегенмен, алкалоидтардың классификациясын жасауға ғалымдар әртүрлі әрекеттер жасады.

Көптеген ғалымдар классификация негізіне алкалоидтар молекуласы құрамына кіретін гетероциклдар табиғатын алды.

Екінші топтағы ғалымдар бұл принципті қабылдамады. Бұл топтағы ғалымдар кейбір тұқымдастар немес туыстар (мысалы, амариллистер алкалоидтары, спорынья алкалоидтары және с.с.) алкалоидтарын жеке топтарға бөлді. Құрамында алкалоидтары бар өсімдіктер фармацияда әртүрлі мақсат үшін пайдаланылады. Олардың бір бөлігі аптекаларда әртүрлі дәрілік заттар жасауға пайдаланылады (мысалы тұнба, қайнатпа). Құрамында алкалоидтары бар өсімдіктердің көпшілігі өндірісте препараттар (Гален және жаңа Гален) алу үшін пайдаланылады. Енді құрамында алкалоидтары бар кейбір өсімдіктерге қысқаша тоқталып өтейік:

Ациклді алкалоидтар және бүйір тізбегінде азоты бар алкалоидтар. Алкалоидтардың бұл топтары Sphaerophysa galsula (Pall.) DC, Ephedra equіsetіna Bunge; Capsіcum annuum L, Colchіcum specіosum Stev. өсімдіктері мүшелерінде кездеседі. Осылардың ішінен біз толығырақ Ephedra equіsetіna-ға тоқталып өтейік.

Қырықбуын қылша (Ephedra equіsetіna – Хвойник хвощевый).

Ксерофитті бұта биіктігі 1-1,5 м, өркендері әртүрлі жаста; бірінші реттегі бұталары діңінен (ствол) дерлік тік бағытта өседі, олардан өз кезегінде екінші реттегі бұталар т.с.с. Өркендері 1-2 жаста әлі жасыл көк қалпында қалады, сосын олар сүректеніп сұр қабықпен жабылады. Өркендері жеке-жеке мүшелерден құралған, буынаралықтары ұзындығы 1,5-3 см, буындарында жапырақтары шоқтанып орналасқан, олар ұзындығы 1,5-2 мм, түссіз қабыршаққа дейін редукцияланған, түптері тұтасып біріккен. Жас өркендері (бұташықтары) жасыл-көк. Қылша - екі үйлі өсімдік. Тозаңдық масақтары аталық бағана түрінде көрінеді. Жеміс беруші "гүлдері" дара, тұқым бүршігінен тұрады, тұқым бүршігінің екі жамылғысы бар. Сыртқы жамылғысы жоғарғы жағында кеңінен ашылған, ішкісі жоғары жағында түтікше тәрізді қуыс өскінше тәрізді. "Гүлдері" 2-3 қосарланған қарама-қарсы орналасқан гүл жапырақтарымен қоршалған. Жемістерде гүл жапырақтар етті болып, шырынды қызыл бүржидекке айналады.Қырықбуын қылша негізінен Орта Азия және Қазақстан тауларында (Жоңғар Алатауы, Іле Алатауы, Орталық және Батыс Тянь-Шань, Памир – Алай) кездеседі. Таулардың ашық ұсақ тасты беткейлерінде өседі, теңіз деңгейінен 1000-1880 м биіктікке дейін көтеріледі. Өндірістік дайындау Алматы, Жамбыл облыстарында жүргізіледі. Олар өскен жерлер ауданы ондаған және жүздеген гектар болуы мүмкін.

Химиялық құрамы.

Қылшаның түрлерінің дерлік барлық мүшелерінде алкалоидтар: L-эфедрин, D-псевдоэфедрин және L-N-метилэфедрин болады. Псевдоэфедрин дегеніміз - эфедриннің оптикалық изомері. Эфедриннің өзі фенилалкиламиннің туындысы, ол фенилаланиннен пайда болады. Ал енді қырықбуын қылшасын жеке алып қарайтын болсақ, қырықбуын қылшаның шикізаты негізінен эфедрин алкалоидын алуға пайдаланылады. Өркендерінде 11%-ға дейін илік заттар, жемістерінде 160 мг/% аскорбин қышқылы болады.

Медицинада пайдаланылуы.

Эфедра препараттарын бронхы астмасын, рахит болғанда, қабыну ауруына шалдыққанда, қан тамырларын тарылту үшін, безгек болғанда, есекжеммен (крапивница) ауырғанда пайдаланады. Ұйықтататын дәрілермен және наркотиктермен уланғанда ішеді. Эфедринді қантамырларын кеңейту үшін және көздің қарашығын үлкейту үшін де ішеді.

Халық медицинасында ревматизмді, асқазанның жарасын, малерияны және т.б. ауруларды емдеуге пайдаланады.

Зиягүл (Senecіo – Крестовник).

Senecіo platyphylloіdes - Қазақстанда кездеспейді, көпжылдық шөптесін өсімдік, жуан көлденең дамыған тамырсабағынан көптеген қосалқы тамырлар кетеді. Senecіo platyphylloіdes өсімдігі Кавказ тауларында бұталардың арасында, аралас қарағайлы-қайыңды-шамшат (бук) ормандарында, субальпі белдеулерінде кездеседі. Өте мол Батыс және Оңтүстік Закавказьеде кездеседі.

Химиялық құрамы.

Өсімдіктің барлық мүшелерінде алкалоидтар платифиллин және сенецифиллин болады. Платифиллин дегеніміз платинециннің және сенецион қышқылының күрделі эфирлері. Бұл екі алкалоид та көп жағдайда N-оксид формасында болады.

Тамырсабақтарда алкалоидтар жиынтығы 2-ден 5%-ға дейін, ал шөбінде 0,6-3% болады. Олардың 30% платифиллин, ал қалған сенецифиллин болады

Дәрілік шикізаты.

Бұл өсімдікті негізінен Грузияда жинап дайындайды. Өйткені бұл регионда өсімдікте алкалоидтар мөлшері жоғары. Көп уақыт бойы тамырсабақтары тамырларымен бірге жиналады. Бірақ та бұлайша жаппай жинау өсімдіктің тіршілігіне ғана әсер етіп қоймай, ол өсімдік өскен жерлердің экологиялық жағдайы нашарлап, топырақтары эрозияға ұшырайды. Қазіргі уақытта тамырсабағының орнына тек жер үсті мүшелерін жинайды.

Өсімдікті гүлдеу кезінде сабақтарын жер бетінен 10-15 см биіктікте кесіп алып, тамырсабақтарына зиян келтірмейді. Платифиллин мөлшері 0,2%-дан кем емес.