Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДАРИЛИК ЖАУАП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
229.41 Кб
Скачать

23.Құрамында к тобының витаминдері бар өсімдіктер, олардың

ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдалануы.

Құрамында К тобының витаминдері бар өсімдіктер: Urtіca dіoіca (Крапива двудомная - Қосүйлі қалақай), Capsella bursa-pastorіs (Пастушья сумка – Кәдімгі жұмыршақ). Осы өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдалануы.

Қосүйлі қалақай - Urtіca dіoіca L. – Крапива двудомная Urtіcaceae Juss тұқымдасынан.

Көпжылдық шөптесін қосүйлі өсімдік, күйдіргіш түктерімен жапырақтары сағақты, қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері ұсақ, көк-жасыл, масақтарға жиналған. Жемісі – тұқымша, гүл серігімен қоршалған. Бүкіл жаз бойы гүлдейді. Қазақстанның барлық региондарында кездеседі. Әсіресе, үйлер жанында, азотқа бай топырақтарда, қоқыс үйінділерінде.

Химиялық құрамы.

Қосүйлі қалақайдың жапырақтары өте бағалы поливитаминдері бар шикізат. Оның құрамында витамин К1 (0,2% ), витамин С (0,6%), 10 мг/100г каротиноидтар ((-каротин ксантофилл, виолаксантин және т.б.), витамин В2, пантотен қышқылы болады. Жапырақтары хлорофилдерге өте бай (5%). Құрамында гликозид уртицин, илік заттары, құмырсқа қышқылы және минералды тұздар болады.

Дәрілік шикізат.

Гүлдеу кезінде жапырақтарын сабақсыз жинап дайындайды. Оның алдында өсімдіктерді орады шамалы солғаннан кейін жапырақтарын сыпырып алады. Жапырақтары жұмыртқа – ланцет тәрізді, ұзындығы 20 см дейін.

Пайдаланылуы.

Қосүйлі қалақайдан жасалынған препараттардың қан тоқтататын қасиеті бар. Олар қанның ұюын күшейтеді, қандағы гемоглобин мөлшерін көбейтеді. Медициналық практикада әртүрлі қан кету ауруларына жатырлық, геморроидиялық, асқазандық және созылмалы сыртқы жараларды емдеуде кеңінен қолданылады.

Тұнба және экстракт формасында пайдаланады. Жапырақтары асқазандық және поливитаминдер құрамына кіреді. Қос үйлі қалақайдан фармацевтикалық және тамақ өнеркәсіптерінде пайдаланылатын хлорофилл алынады. Жас өркендері, витаминдерге өте бай. Тамаққа пайдаланады. Шашты жуып, жақсартуға басты жууға ұсынылады.

Capsella bursa-pastorіs (L.) Medіk – Пастушья сумка – Кәдімгі жұмыршақ Brassіcaceae тұқымдасынан.

Кәдімгі жұмыршақ - біржылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 20-30 см, жоғарғы бөлігі кейде бұтақтанған. Тамырға жақын орналасқан жапырақтары сағақты, розетка жасайды. Олар сопақ-ланцет формалы, қауырсынды-бөлінген үшбұрышты тістерімен. Сабақтағы жапырақтары сиректеу, ұсақ, сағақсыз. Гүлдері ұсақ, ақ, ұзын сызықты, шашақ гүлшоғына жиналған, жеміс байлағанда ұзарып кетеді. Бүкіл жаз бойы гүлдейді. Жер шарында тропикпен Арктикадан басқа жерлердің бәрінде кездеседі.

Химиялық құрамы.

Өсімдіктердің өскіндерінде көп мөлшерде витамин К1 және аскорбин қышқылы болады. Оған қосымша аминдер (холин, ацетилхолин, турамин және гистамин), илік заттар, флавонов гликозид диостин және органикалық қышқылдар (фумаров, лимон, алма, вино) күлінде 40%-ға дейін калий болады.

Дәрілік шикізаты.

Әдетте гүлдеген кезде өсімдікті жерден тамырымен жұлып алады. Сосын тамырын кесіп тастайды.

Пайдаланылуы.

Тұнба түрінде және сұйық экстракт күйінде гинекологиялық практикада босанғаннан кейін қан тоқтату үшін және бала туарда жатынның бұлшық еттерінің жұмысын күшейту үшін қолданылады.