Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
соц.методы ответы экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
181.57 Кб
Скачать
  1. Сауалнама құрылымы. Сұрақтар классификациясына мысал келтіріңіз, сипаттаңыз

Әлеуметтанулық сауалнаманың авторы әрбір сұрақты адамдардың үлкен жиынтығына арнайды. Сондықтан әрбір сұрақ қатысып отырған респонденттерге, яғни әр түрлі әлеуметтік – демографиялық топтарға: жастарға, қарттарға, қала тұрғындарына, т.б.түсінікті болуы қажет.

Сауалнаманың құрылымы: негізгі 3 бөліктен тұрады.

  1. Үндеу (кіріспе)

  2. Негізгі ( сұрақтар қойылады)

  3. Төл – құжаттық (паспортичка), әлеуметтік – демографиялық жағдайы

Анкетадағы барлық сұрақтарды түрі жағынан: ашық және жабық, тікелей және жанама, атқаратын міндеті жағынан : негізгі және негізгі емес сұрақтар деп классификациялауға болады.

Егер анкетада қойылған сұраққа толық жауап варианттарының тобы берілетін болса, онда ол сұрақ жабық сұрақ деп аталады. Мысалы: Сіз өзіңізді жоғары деңгейдегі кәсіби маман деп есептейсіз бе? Деген сұраққа а) иә; ә) жоқ; б) жауап беруге қиналамын; деген жауаптар беріліп қояды. Жабық сұрақтар альтернативті және альтернативті емес болуы мүмкін. Альтернативті сұрақтар респонденттерден жауаптың бір ғана варианттарын таңдауды талап етеді. Ал альтернативті емес сұрақтар респонденттерге жауаптардың бірнеше вариантын таңдауға мүмкіндік береді.

Зерттеуші анкетада қойылған сұраққа берілген жауаптардың толықтығына күмәнданған жағдайда респонденттердің өздеріне жауаптарды толықтыру мүмкіндіген береді. Мұндай сұрақтарды жартылай жабық сұрақтар деп атайды. Мысалы: Сіз соңғы үш жыл ішінде қандай газет – журналдарға жазылдыңыз? Деген сұраққа берілген жауаптардың соңына әлеуметтанушы тағыда қандай газет – журналдарға жазылдыңыз? (атап кетуіңізді өтінеміз), - деп көрсетеді.

Жабық сұрақтардан ашық сұрақтардың айырмашылығы респонденттерге жауаптар варианттарының берілмеуі. Мұндай сұрақтар респонденттердің өз пікірлерін толығымен білдіруін талап етеді. Сұрақтың соңында респондентке жауапты жазбаша түрде беру керектігін ескерту қажет. Ашық сұраққа жауапты жазуға қажетті қатарлар саны орташа есеппен үштен жетіге дейінгі аралықты қамтиды. Ашық сұрақтарға берілген жауаптарға зерттеуші өзі код жүргізеді. Ал, жабық сұрақтарда респонденттер жауап варианттарын өздері таңдап, сонымен бір уақытта кодын көрсетеді.

Тікелей және жанама сұрақтар. Анкетадағы кейбір сұрақтар респонденттердің өздеріне, қоршаған ортадағы адамдарға, қоғамдағы құбылыстарға баға беруін талап етеді. Көп жағдайда, тікелей қойылған сұраққа анық, дәл жауап алу мүмкін емес. Мұндай жағдайда көмекке жанама түрде қойылған сұрақтар келеді. Жанама түрде қойылатын сұрақтар респонденттің тікелей қойылған сұраққа анық бере алмаған жауабын алу мақсатында қойылады. Мысалы: Сіздің еңбек ұжымыңызда қалыптасқан тәртіпке жоғары баға беруге нее кедергі келтіреді? Деген сұрақ тікелей қойылған сұрақ. Бұл сұраққа а) ұжымда ынтымақтастықтың жеткіліксіздігі; ә)еңбек тәртібінің дұрыс ұйымдастырылмауы; б) басқарушылар мен еңбек ұжымындағы мүшелердің өзара түсіністіктің, сыйластықтың болмауы; тағыда осы сияқты жауаптар беріледі. Респондент тікелей қойылған сұраққа ешқандай да кедергі жоқ, бәрі де жақсы,-деп жауап беруі мүмкін. Сондықтан да қажет деген ақпаратты алу үшін, мысалы: Сіздің мына ойды жалғастыруыңызды сұраймын еңбек ұжымында қалыптасқан тәртіпке жоғары баға беруге кедергі келтіретін факторлар туралы айтқанда, мен былай деп ойлаймын....,- деген жанама сұрақ қойылады.

Негізгі және негізгі емес сұрақтар. Анкетадағы негізгі сұрақтар зерттеліп отырған құбылыстың мағынасы туралы ақпарат алуға бағытталады.

Негізгі емес сұрақтар негізгі сұрақтардың адресатын анықтауға, жауаптың дұрыстығын тексеруге арналады. Негізге емес сұрақтардың сүзгі сұрақтар және тексеру сұрақтары деген екі түрін бөліп көрсетуге болады. Сүзгі сұрақтарды қоюға деген қажеттілік зерттеушіге зерттегелі отырған жиынтықтың барлығы туралы емес, тек қана оның кейбір бөлігіне қатысты ақпарат алу үшін туындайды. Яғни зерттеушінің назарын аударып отырған респонденттер туралы ақпарат алу мақсатында сүзгі сұрақтар қойылады. Ал тексеру сұрақтарын зерттеуші респонденттердің берген жауаптарының шынайылығын тексеру мақсатында қояды. Тексеру сұрақтары негізге сұрақтардан бұрын да кейін де қойылуы мүмкін. Мысалы: Сіз ғылыми газет – журналдарды оқығанды ұнатасыз ба? Деген негізгі сұрақ қойылатын болса, онда тексеру сұрағы: Олардың ішінде қайсысына сіз өте жоғары баға бересіз? Деп қойылуы мүмкін.

Анкеталық сұрау түрлері:

  1. Таратылатын

  2. Почталық

  3. БАҚ

  4. Телефон, факс.