Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
соц.методы ответы экзамен.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
181.57 Кб
Скачать
  1. Пошталық сұрау: оңтайлы жақтары мен кемшіліктерін кесте түрінде түсініктеме беріңіз

Жауабы төленген сауалнамаларды пошта арқылы жіберу. Бүгінде, көбінесе сараптамалық сұраулар үшін пайдаланылады. ESOMAR- дың мәліметтері бойынша осы әдісті қолдануымен жүргізілетін маркетингтік зерттеулер небәрі 3%-ды ғана құрайды. Кеңестік кезеңнен кейінгі мемлекеттерде пошталық сұрау поштаның нашар жұмысына байланысты тиімді емес. Бұл әдістің артықшылығы – оның арзандығында, кемшілігі – көлемнің, құрылымы мен дизайнының шектеулігінде, ал ең басты кемшілігі – сауалнамалардың аса төмен қайтарымдылығында.

  1. Әлеуметтік ақпаратты талдау және жалпылау сипаттап беріңіз

Әлеуметтану мәліметтерін талдаудың объективтілігі көбінесе әлеуметтанушының зертету объектісі мен пәнін білуіне байланысты.

Алынған мәліметтерді талдаудың сапалық бөлігі келесіден тұрады:

  • Зерттелетін құбылыстар мен бұрын анықталған фактілермен салыстыру арасындағы байланысты немесе заңдылықты анықтау;

  • Анықталған байланыстар мен үрдістерді сипаттай отырып, олардың қандай жағдайда орын алатынын ескерту қажет;

  • Зерттеу мәліметтері негізінде олардың артында тұрған әлеуметтік проблеманы тұжырымдауға әрекет жасалынады;

  • Зерттеу мәліметтерін зерттелетін құбылыстар туралы болжамдарға тықпаламау керек;

Мәліметтерді талдау кезеңдері:

Бірінші кезең – мәліметтерді сипаттау. Әлеуметтану зерттеуінің нәтижелерін сипаттау мынаны білдіреді:

  • Зерттелетін объектінің тіркелетін құбылыстарының өзара байланысын анықтау;

  • Алғашқы эмпирикалық мәліметтерді реттеу;

  • Тұрақты байланыстар мен үрдістерді іздеу;

  • Зерттелетін объектінің тұрақты қасиеттерін іздеу;

Екінші кезең – мәліметтерді түсіндіру. Ғылыми зерттеудегі түсіндіру деп зерттелетін пәннің немесе бағынатын заңның тұрақты байланыстарын жете түсіну болып табылады. Түсіндіру нысандарының келесі негізгі түрлері ажыратылады:

  1. Себептік – басқа объектілермен заңдылықты байланыс орнату; объектінің жай-күйі оның өткен жай-күйі арқылы түсіндіріледі;

  2. Себептік түсіндіру түрінде зерттеу болжамдарын талдау белгіленеді. Болжамдар зерттелетін объект туралы бар білімдерден құрылады. Зерттеудің болжамдарды тексеруге бағдары зерттеуді қажетті байланыстарды тексерумен шектеуге мүмкіндік береді.

  3. Генетикалық – объектінің себептік-салдарлық байланыстарға енуі;

  4. Құрылымдық-функциялық – объект жүйенің элементі немесе өзінің функциялық мәніне иее бөліктері бар тұтастық ретінде қарастырылады. Функция деп объектіге өзгермейтіндей тән және осы объектінің сақталуына мүмкіндік беретін белгілі бір мінез-құлық әдісі түсіндіріледі.

Үшінші кезең – үлгі негізінде түсіндіру. Әлеуметтік объектілерді теориялық тұрпаттандырумен түсіндіру. Осы жағдайда объектіні түсіндіру оны жүйе деп түсінуден шығады.

Әлеуметтік объектінің теориялық үлгісінің екі негізгі түрі болады:

  1. Абстракциядан туындайды (ұғымдар,мысалы, «идеалды газ»)

  2. Эмпирикалық фактілерді қорытындылау негізінде құрылған (объектінің өлшемін қорытындылау, сұрыптау және комбинация).

Алынған ақпаратты түсіндіру кезеңінде түсініктемелік болжамдар тексеріліп, зерттеліп жатқан әлеуметтік объектінің себептік-салдарлық байланыстары туралы негізгі қорытындылар алынуы тиіс.

Төртінші кезең – болжам рәсімі. Бұл рәсім талдаудың алдыңғы кезеңдерінің жүзеге асырылуы негізінде орындалады. Болашақта белгілі бір жағдайда зерттелетін объектінің дамуы жөнінде ықтималды пікірдің болуы белгіленеді.

Бұл кезең қайта зерттеулерді жүргізген уақытта ғана мүмкін (объектінің уақыт аралығында өзгеруінің тұрақты үрдісін анықтау).

Болжамның келесі түрлері болады:

  • Тривиалды – тұрақты әлеуметтік жүйеде болып жатқан қарапайым оқиғаларды алдын-ала білу;

  • Тривиалды емес – оқиғалардың болуына орай әлеуметтік жүйенің өзінде өзгерістерді алдын-ала білу.