- •Қолданбалы әлеуметтанудың даму тарихын сипаттап талдау жасаңыз
- •Әлеуметтанулық зерттеу кезеңдерін өзара салыстырып бейнелеп беріңіз
- •Әлеуметтанулық зертеу түрлерінің классификациясын салыстыра отыра сипаттаңыз
- •Сауалнама құрылымы. Сұрақтар классификациясына мысал келтіріңіз, сипаттаңыз
- •Әлеуметтік зерттеу бағдарламасының құрылымының бөлімдерінің ерекшеліктерін бейнелеңіз.
- •Эмпирикалық және қолданбалы социологияның дамуындағы әлеуметтік статистиканың рөлін анықтаңыз
- •Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен өзара байланысын сипаттаңыз
- •Әлеуметтанулық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін сипаттап беріңіз
- •XVII-xviiIғғ. Еуропадағы эмпирикалық және қолданбалы зерттеулерге сипаттама беріңіз
- •А. Кетленің зерттеулерінің негіздемелерін сипаттаңыз
- •Сұрау - алғашқы әлеуметтік ақпаратты жинақтау тәсілі ретінде алып түсініктеме беріңіз
- •Дж.Морено бойынша социометрия жүйесін түсіндіріңіз
- •II Дүниежүзілік соғыстан кейін зерттеу институттары мен оның бөлімшелері тек Америкада емес, Европада да ашыла бастайды.
- •Сауалнаманың түрлері мен маңызын өзара салыстыра отыра сипаттап беріңіз
- •Социометриялық сұрауды өткізудегі талап ету жүйесі сипаттаңыз
- •Сұхбат - әлеуметтік ақпаратты жинақтау тәсілі ретінде түсіндіріңіз
- •Хоуторондық эксперименттің қолданбалы социологияның дамуындағы атқарған рөліне сипаттама беріңіз Хоторн тәжірибесі
- •Эксперименттің төрт кезеңі
- •Хоторндық эффект
- •Хоторндық тәжірибенің басқару теориясына ықпалы
- •Фокус-топ ұйымдастыру. Телефон арқылы сұхбат. Артықшылықтары мен кемшіліктерін кесте құрастырып көрсетіңіз
- •Лонгитюдті зерттеулер, қайталанбалы зерттеулерді өзара салыстыра отыра түсіндіріңіз
- •Әлеуметтанудағы іріктеу әдісінің ерекшеліктері. Әлеуметтанудағы басты және іріктеу жиынтығын мысал келтіре отыра анықтаңыз
- •Барлау,бейнелеу,аналитикалық,эксперименталды зерттеулердің айырмашылығы қандай? Олардың өзара қалай байланысатынын түсіндіріңіз
- •Социологиялық зерттеулердегі болжамның атқаратын рөлі. Қандай түрлерін білесіз, мысал келтіріп түсіндіріңіз
- •Әлеуметтік және әлеуметтанулық зерттеулерді өзара салыстырып түсіндіріңіз
- •Құжаттар классификациясы. Құжаттарды талдау әдістерін түсіндіріңіз
- •Құжаттар мәртебесі жағынан:
- •Құжаттарды талдау
- •Құжаттарды талдаудың екінші түрі
- •У. Петли бойынша халықтың тұрмысын зерттеуіне сыни бағалаңыз
- •«Сапалы» және «сандық» әдістер ұғымындарын өзара байланыстыра отыра түсініктеме беріңіз
- •Бақылау социологиялық талдау әдісі ретінде сипаттама беріңіз, және басқада социологиялық әдістермен өзара әрекеттесуін байланыстырыңыз
- •Пошталық сұрау: оңтайлы жақтары мен кемшіліктерін кесте түрінде түсініктеме беріңіз
- •Әлеуметтік ақпаратты талдау және жалпылау сипаттап беріңіз
- •«Орта деңгей теорияларына» ұғымына түсініктеме беріңіз
- •31)Төменгі пікірлерді өзара салыстыра отыра сыни баға беріңіз:
- •39)Социологиялық зерттеулердің бағдарламасы не үшін қажет? Жауабыңызға дәлелдеме келтіріңіз.
- •45)Фундаменталды әлеуметтанудың қолданбалы әлеуметтанудан ерекшелігі неде? Олардың мағынасын ашыңыз.
- •47) Эксперимент әдісінің қоғамда орын алып отырған белгілі-бір құбылысқа жүргізілуіне мысал келтіріп, талдау жасаңыз.
- •48)Фокус-топ әдісін жүргізуге қойылатын техникалық талаптарды атаңыз және анықтама беріңіз. Фокус-топ әдісінің модераторы және оның атқаратын қызметіне талдау жасаңыз.
- •49 Сауалнамалық сұрау әдісі мен сұхбаттасу әдісін өзра салыстырыңыз. Кесте құрастырыңыз.
- •50) Әлеуметтік сауалнама мен сұхбаттың құрылымдық процесінің компоненттерін көрсетіңіз. 49-суракта жазылганды аламыз менің тусінуім бойынша
- •51) Әлеуметтанудағы бақылау әдісінің артықшылығы мен жетіспеушіліктерін сипаттай отырып бағалаңыз
- •55)«Интернетті» қолдану арқылы сұрау: оңтайлы және теріс жақтарын сипаттайтын екі бағанадан тұратын кесте құрыңыз.
- •56) Не себепті сапалық немесе сандық әдістерді үздік деп тануға болмайды, өзіңіздің сыни бағаңызды беріңіз
- •58) Сауалнамалар қандай сұрақтардан тұрады және олардың атқаратын қызметі мен мәнін көрсетіңі. Мысал келтіріңіз
- •59)Сауалнама әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайтын 2 бағананы құрайтын кесте құрыңыз. Өз тусыныктеріңізбен жазыңыздар
Құжаттарды талдаудың екінші түрі
Сандық ( Контентті талдау) Сапалық (Дәстүрлі талдау)
Құжаттарды талдау әдістері былайша бөлінеді:
Дәстүрлі әдіс талдау ретінде құжатта белгілі бір тұрғыда айтылған мәліметтерді түсіндіруге бағытталған зерттеушілер әрбір нақты жағдайда қабылдаған барлық ақыл-ой операциялары түсініледі.
Қалыпқа келтірілген әдіс – сапалы ақпаратты сандық көрсеткіштерге аудару, мұнда – контент-талдау – мәтіндік ақпаратты (газет, хат), фонетикалық ақпаратты (TV және радио хабарлары) сандық көрсеткіштерге аудару.
У. Петли бойынша халықтың тұрмысын зерттеуіне сыни бағалаңыз
«Сапалы» және «сандық» әдістер ұғымындарын өзара байланыстыра отыра түсініктеме беріңіз
Әлеуметтанудың атасы Огюст Конт өзінің көптеген замандастары сияқты әлеуметтік процестерді табиғаттағы процестер секілді математикалық дәлдікпен есептеуге, модельдеуге және болжамдауға болады деп армандаған. 19 ғасырда әлеуметтануды көбіне «әлеуметтік физика» деп атады. Әлеуметтану ойының классиктері, Конттан бастап Дюркгеймге дейін, әлеуметтанудың ұғымдық аппаратына математика, физика, биология, басқа да жаратылыстану ғылымдарының терминдерін енгізуге барынша тырысты.
Алайда, Веберден бастап, қоғамтануда «қоғам-математикалық аппараттың көмегімен талдау үшін тым күрделі шындық» деген өзге түсінік қалыптаса бастады. Бүгінде қоғамдық ғылымдарға өзінің атомдары мен гендерін ашуға тура келетінін айқын байқап отырмыз.
Қазіргі статистикалық қорытындылау мен математикалық есептеулер эйфориясы әзірше әлеуметтік қатынастар механизмінің күрделілігін және көбінесе шешілмегендігін ескеретін танымның өзге құралдарын іздеумен алмастырылды.
Осы ізденістің негізгі кезеңі әлеуметтану тұрғысынан зерттеулер стратегиясын таңдауда сандық және сапалық әдістер арасындағы біршама тең құқылықты бекіту болды.
Сандық әдістер сапалық әдістерге қарағанда әлеуметтік ақпарат жинау және талдау кезінде әлдеқайда ертерек қолданыла бастады. 19-2ғғ басында зерттеушілер халық санағы, арнайы статистикалық зерттеулер мәліметтерін белсенді пайдаланды. К.Маркстің «Капиталы», Ф.Энгельстің «Англиядағы жұмысшы табының жағдайы», Э.Дюркгеймнің «Өзін-өзі өлтіру» сияқты өткінші емес, даңққа ие болған еңбектері статистикалық ақпаратты ғылыми әлеуметтану тұрғысынан талдаудың тамаша үлгілеріне айналды.
Қоғамдық пікірді зерттеудің институттануының алғашқы әрекеті статистика шеңберінде «пікірлер статистикасы» деп аталатын біршама дербес бағыттың құрылуы болғаны атап кетерлік жәйт. Қазіргі эмпирикалық әлеуметтануда қолданылатын ақпарат жинаудың аса маңызды әдістері – сауалнама, сұхбат, пошта және баспасөз сұраулары да статистика аясынан шықты.
Осы тұрғыда сапалық әдістер біршама жасқанып көрінді. Көбіне сапалық ақпарат негізінде жасалынған және қалың бұқараның көңілін аударған ең ірі әлеуметтану зерттеуі У.Томас пен Ф.Знанецкийдің «Еуропа және Америкадағы поляк шаруасы» атты еңбегі болды.
Кезінде АҚШ-қа қоныс тепкен эмигранттардың көп бөлігін Польша келімсектері құраған. Олар қалыптасқан сұрау әдісімен зерттеу үшін жақсы сандық базаны құрады. Мұндай сұрау көшіп келушілердің кету себептері, жаңа әлеуметтік, экономикалық және мәдени ортаға қосылу деңгейі мен нысаны, олардың материалдық жағдайы, жергілікті халықтың оларға деген қатынасы және т.б.туралы бай ақпарат берер еді.
Алайда, Томас пен Знанецкий процестің субъективтік жағына көңіл бөлуді ұйғарды. Олар респонденттерді зерттеуші қойған сұраққа ғана жауап беруге көндіруге тырысқан жоқ, респонденттерге не болып жатқанын өзіндік сезінуі, алуан түрлі сезімдері арқылы ақпарат жеткізуге мүмкіндік берілді.
У.Томас пен Ф.Знанецкий жеке құжаттарды талдау және терең сұхбат әдістерін қолданды. Олар поляк көшіп кетушілерінің өз туысқандарына жіберген 764 хатын зерттеп, АҚШ-та орналасқан поляктармен терең сұхбат жүргізді.
Сапалық зерттеулер қолданбалы әлеуметтануда да, қоғамдық пікірді зерделеуде де, нарықты зерттеуде де кең таралған жоқ.
20 ғасырдың 70-жылдарының ортасына дейін әлеуметтанушылық және маркетингтік зерттеулердің әлемдік индустриясында сандық әдістер басым болды. Бірақ, Батыс елдерінде жаппай тұтыну қоғамының дамуы, АҚШ, Батыс Еуропа және Жапония елдерінде халықтың басым көпшілігін құраған орта таптың өсуі экономикалық, саяси және идеологиялық қызметті қиындата түсті. Бұл әлеуметтік зерттеулердің сапалық әдістеріне жаңа көзқарасты тудырды.
«Сандық» және «Сапалық» әдістердің жақтаушылары арасындағы соңғы ірі қақтығыс 90-шы жылдардың бірінші жартысында ТМД мемлекеттері сахнасында орын алды. Қолданбалы әлеуметтану тұрғысынан зерттеулердің кеңестік мектебінде сапалық көзқарастың нақтылы дәстүрлері болмады. Сондықтан ТМД елдерінің көптеген жетекші қолданбалы әлеуметтанушылары «сапалы әлеуметтануға» бірден қарсы шықты.
Сапалық және сандық көзқарастар арасындағы айырмашылықтардың теориялық негіздемелері Э.Дюркгейм мен М.Вебердің әлеуметтану тұжырымдамаларына барып тіреледі, яғни мәселе қоғамды жеке-даралық үстіндегі шындық және жеке-даралық әлеуметтік маңызды әрекеттердің нәтижесі деп түсінулер арасындағы айырмашылықтар жайында болып отыр. Сандық және сапалық әдістер арасындағы айырмашылықты ары қарай мына сызықпен жүргізуге болады:
Макроәлеуметтану-микроәлеуметтану
Объективті-субъективті
Жалпы-ерекше
Қарапайым-бірегей
Сандық және сапалық әдістер өзінің «еңбек бөлінісіне» ие. Әлеуметтік ақпара жинау мен талдау біріншілері – қорытындылау, құрылымдандыру, типтендіру функциясын орындаса, екіншілері түсіну, нақтылау және жеке-даралау функциясын орындайды.
Сонымен қатар, В.А.Ядовтың «Әлеуметтану түрғысынан зерттеу стратегиясы» атты кітабындағы сапалық зерттеуге арналған тараудың авторы В.Семенов әділ байқағандай, «сапалық зерттеулер жаппай таралмайтын жаңа құбылыстарды немесе процестерді, әсіресе кенеттен болған әлеуметтік өзгерістер жағдайында зерделеуге мүмкіндік береді.»
Сандық әдістер деп жабық типті құрылымдық сұрақтарды пайдалану арқылы әр түрлі пікір сұрау жүргізуді айтады. Сапалық әдіс ақпаратты сапалы сипаттау және оны стандартты емес түрде жинау арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс бақылау, тереңдетілген сұхбат, фокус-топтар, бейне журналдар және әңгімелер қолдануға негізделген.
