
- •Қолданбалы әлеуметтанудың даму тарихын сипаттап талдау жасаңыз
- •Әлеуметтанулық зерттеу кезеңдерін өзара салыстырып бейнелеп беріңіз
- •Әлеуметтанулық зертеу түрлерінің классификациясын салыстыра отыра сипаттаңыз
- •Сауалнама құрылымы. Сұрақтар классификациясына мысал келтіріңіз, сипаттаңыз
- •Әлеуметтік зерттеу бағдарламасының құрылымының бөлімдерінің ерекшеліктерін бейнелеңіз.
- •Эмпирикалық және қолданбалы социологияның дамуындағы әлеуметтік статистиканың рөлін анықтаңыз
- •Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен өзара байланысын сипаттаңыз
- •Әлеуметтанулық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін сипаттап беріңіз
- •XVII-xviiIғғ. Еуропадағы эмпирикалық және қолданбалы зерттеулерге сипаттама беріңіз
- •А. Кетленің зерттеулерінің негіздемелерін сипаттаңыз
- •Сұрау - алғашқы әлеуметтік ақпаратты жинақтау тәсілі ретінде алып түсініктеме беріңіз
- •Дж.Морено бойынша социометрия жүйесін түсіндіріңіз
- •II Дүниежүзілік соғыстан кейін зерттеу институттары мен оның бөлімшелері тек Америкада емес, Европада да ашыла бастайды.
- •Сауалнаманың түрлері мен маңызын өзара салыстыра отыра сипаттап беріңіз
- •Социометриялық сұрауды өткізудегі талап ету жүйесі сипаттаңыз
- •Сұхбат - әлеуметтік ақпаратты жинақтау тәсілі ретінде түсіндіріңіз
- •Хоуторондық эксперименттің қолданбалы социологияның дамуындағы атқарған рөліне сипаттама беріңіз Хоторн тәжірибесі
- •Эксперименттің төрт кезеңі
- •Хоторндық эффект
- •Хоторндық тәжірибенің басқару теориясына ықпалы
- •Фокус-топ ұйымдастыру. Телефон арқылы сұхбат. Артықшылықтары мен кемшіліктерін кесте құрастырып көрсетіңіз
- •Лонгитюдті зерттеулер, қайталанбалы зерттеулерді өзара салыстыра отыра түсіндіріңіз
- •Әлеуметтанудағы іріктеу әдісінің ерекшеліктері. Әлеуметтанудағы басты және іріктеу жиынтығын мысал келтіре отыра анықтаңыз
- •Барлау,бейнелеу,аналитикалық,эксперименталды зерттеулердің айырмашылығы қандай? Олардың өзара қалай байланысатынын түсіндіріңіз
- •Социологиялық зерттеулердегі болжамның атқаратын рөлі. Қандай түрлерін білесіз, мысал келтіріп түсіндіріңіз
- •Әлеуметтік және әлеуметтанулық зерттеулерді өзара салыстырып түсіндіріңіз
- •Құжаттар классификациясы. Құжаттарды талдау әдістерін түсіндіріңіз
- •Құжаттар мәртебесі жағынан:
- •Құжаттарды талдау
- •Құжаттарды талдаудың екінші түрі
- •У. Петли бойынша халықтың тұрмысын зерттеуіне сыни бағалаңыз
- •«Сапалы» және «сандық» әдістер ұғымындарын өзара байланыстыра отыра түсініктеме беріңіз
- •Бақылау социологиялық талдау әдісі ретінде сипаттама беріңіз, және басқада социологиялық әдістермен өзара әрекеттесуін байланыстырыңыз
- •Пошталық сұрау: оңтайлы жақтары мен кемшіліктерін кесте түрінде түсініктеме беріңіз
- •Әлеуметтік ақпаратты талдау және жалпылау сипаттап беріңіз
- •«Орта деңгей теорияларына» ұғымына түсініктеме беріңіз
- •31)Төменгі пікірлерді өзара салыстыра отыра сыни баға беріңіз:
- •39)Социологиялық зерттеулердің бағдарламасы не үшін қажет? Жауабыңызға дәлелдеме келтіріңіз.
- •45)Фундаменталды әлеуметтанудың қолданбалы әлеуметтанудан ерекшелігі неде? Олардың мағынасын ашыңыз.
- •47) Эксперимент әдісінің қоғамда орын алып отырған белгілі-бір құбылысқа жүргізілуіне мысал келтіріп, талдау жасаңыз.
- •48)Фокус-топ әдісін жүргізуге қойылатын техникалық талаптарды атаңыз және анықтама беріңіз. Фокус-топ әдісінің модераторы және оның атқаратын қызметіне талдау жасаңыз.
- •49 Сауалнамалық сұрау әдісі мен сұхбаттасу әдісін өзра салыстырыңыз. Кесте құрастырыңыз.
- •50) Әлеуметтік сауалнама мен сұхбаттың құрылымдық процесінің компоненттерін көрсетіңіз. 49-суракта жазылганды аламыз менің тусінуім бойынша
- •51) Әлеуметтанудағы бақылау әдісінің артықшылығы мен жетіспеушіліктерін сипаттай отырып бағалаңыз
- •55)«Интернетті» қолдану арқылы сұрау: оңтайлы және теріс жақтарын сипаттайтын екі бағанадан тұратын кесте құрыңыз.
- •56) Не себепті сапалық немесе сандық әдістерді үздік деп тануға болмайды, өзіңіздің сыни бағаңызды беріңіз
- •58) Сауалнамалар қандай сұрақтардан тұрады және олардың атқаратын қызметі мен мәнін көрсетіңі. Мысал келтіріңіз
- •59)Сауалнама әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайтын 2 бағананы құрайтын кесте құрыңыз. Өз тусыныктеріңізбен жазыңыздар
Қолданбалы әлеуметтанудың даму тарихын сипаттап талдау жасаңыз
Қолданбалы социологияның бағыты әлеуметтік практикаға негізделеді. Оның нәтижесі әлеуметтік басқарушы тапсырыс берушіге әсерін тигізеді.
Ең алғаш қолданбалы социология жайлы сұрақ 1895 жылы туындады.
Қолданбалы социологияға маңызды еңбегі сінген Паул Лазарсфельд болды. Ол қолданбалы социологияны математика және психология базасында басқаша құрды. 1934 жылы ол Нью – Йорк қаласындағы бір университетте ұқсас институттың негізін салды. Ал, оның Р.Мертонмен достық қарым – қатынасы қолданбалы социологияның беделін одан мәрте арта түсірді.
II Дүниежүзілік соғыстан кейін зерттеу институттары мен оның бөлімшелері тек Америкада емес, Европада да ашыла бастайды.
Соңғы 100 жылда қолданбалы социология АҚШ-та экономиканың бір секторы ретінде өте қарқынды түрде дамыды. 1920 жылдың аяғында АҚШ-та дами бастады, кейін Европа елдерінде дамыды.
Сонымен бірге қолданбалы зерттеу саясатта да белсенді дамыды. Саясат басшылары мен лидерлер сайлаушылардың көңіл – күйі жайлы нақты мәліметті қажет етті. Қоғамдық пікірді, рейтингті анықтау, сайлаушылардың баға саны – сол кезде сұранысқа ие бола бастады, соған байланысты арнайы мамандандырылған зерттеушілер ұйымы пайда болды. Сөйтіп, 1935 жылы американдық зерттеуші Дж.Гэллап осындай әрдайым қоғамдық – саяси мәселелерді халықтан сұрау жүргізетін институт ашты.
Соғыс заманында қолданбалы социологияның дамуы АҚШ-та қосымша испульске ие болды. Себебі, ірі әлеуметтанулық зерттеулерге тапсырыс берушілер үкімет және антифашисттік бағыттағы қоғамдық ұйымдар болды.
Қолданбалы социологиялық зерттеудің тарамданған салалары:
Практикалық әлеуметтанулық психология
Психотехника
Әлеуметтік жоспарлау
Әлеуметтік инженерия
Әлеуметтік жұмыс
Іскерлік ойындар
Заводская социология
Эргономика
Мәдениеттің қолданбалы әлеуметтануы
Қолданбалы социологияның функциолары:
Танымдық
Диагностикалық
Прогностикалық
Басқару
Дайындалған - технологиялық
XX ғасырдың ортасында академиялық социология - нағыз социологиялық білімнің өнеркәсібіне айналды, ал қолданбалы социология – әлеуметтанулық ақпараттың өнеркәсібіне.
Сонымен, қолданбалы социология – теориялық білімдердің, методологиялық принциптердің, әдейә және социология тарамдарының ілімінің, модель, әдіс, зерттеу процедурасы, сонымен бірге әлеуметтік технологиялардың жиынтығы болып табылады.
Әлеуметтанулық зерттеу кезеңдерін өзара салыстырып бейнелеп беріңіз
Жалпы, әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің қисыны оның өткізілу кезеңдерімен анықталады. Әлеуметтану тұрғысынан зерттеу кезеңдерінің көпшілік мақұлдаған жіктелімін келтірейік:
Кезең. Әлеуметтану сұрауына дайындалу:
Бағдарлама жасау, мақсаттар мен міндеттер қою, негізгі және жұмыс болжамдарын ұсыну, ұғымдар операциясы, репрезентативтілікті есептеу;
Эмпирикалық ақпарат жинау үшін құралдар жиынтығын (сауалнама) жасау.
Кезең. Эмпирикалық ақпарат жинау:
Сұрауды ұйымдастыру , сұхбат алушыларды іріктеп алу, сұрау учаскілерін бөлу, қаржы – техникалық мәселелерін шешу және т,б.
Кезең. Әлеуметтану мәліметтерін өңдеу және түсініктеме беру:
Алынған ақпаратты компьютерлік мәліметтер базасына енгізу, макет дайындау, сауалнамаларды енгізу.
Сызықтық есептер мен әлеуметтік – демографиялық салалар бойынша есептерді өңдеу және шығару.
Кезең. Алынған мәліметтерді талдау:
Алғашқы талдау жүргізу, сұрау нәтижесінде анықталған тәуелділіктерді тіркеу, кестелер, диаграммалар жасау және т,б.
Мәліметтерді қайта талдау, салыстырмалы талдау, қосымша ақпарат тарту, жаңа болжамдар ұсыну.
Зерттеудің соңғы есебін дайындау.
Талдамалық қысқа хаттар, әр түрлі материалдар, мақалалар және т,б.жазу.