Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
смс.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10.68 Mб
Скачать
  1. Метрология мен стандарттаудың негізгі халықаралық ұйымдары.

1875 жылы метрология халықаралық деңгейге шықты. Парижде метрикалық конференцияға қол қойды. Оған 17 мемлекет қатысты. Ұйым «Халықаралық таразылар мен шамалардың бюросы» деа аталады. Севр қаласында осы халықаралық ұйым орналасқан. Мақсаты: өлшем бірегейлігін халықаралық деңгейде қамтамасыз ету және өлшем дәлдігін жоғарлату.

Метрология саласындағы ғылыми жұмыстар ұйымдастырылады. Эталондардың дәлдігін жоғарлатып, жаңарлатып отырады, халықаралық деңгейде конференциялар ұйымдастырады.

Заңдық метрологияның халықаралық ұйымы 1955 жылы ұйымдастырылған. Оның негізгі мақсаты – заңдық метрологияның жалпы сұрақтарын шешу, оның ішінде:

  1. Өлшем құралдарының дәлдік кластарын орнату;

  2. Өлшем құралдарының түрлерін біркелкі топтарға бөлуін қамтамасыз ету;

  3. Өлшем құралдардың проверкадан, сынақтан өткізгенде тексеретін метрологиялық анықтамалардың біркелкі жүйеге келтіру үшін ережелерді орнату және т.б.

Стандарттаудың негізгі ұйымы ISO (ИСО) 1946 жылы ұйымдастырылған. 25 елдің стандарттау ұйымдары бірігіп осы ұйымда орналасқан. ИСО-ға кіретін елдердің саны 150-ден асты. Халықаралық стандарттау саласында ИСО-дан басқа электротехника, радиоэлектроника және байланыс саласы бойынша халықаралық стандарттарды әзірлеу ұйымы бар. Халықаралық электротехникалық және электрониканың негізгі ұйымы IEC (МЭК) 1906 жылы ұйымдастырылған. МЭК мүшесінің саны 52 жуық, ол ИСО-ға қарағанда аз, себебі, электротехникасы, радиоэлектроникасы, байланысы нашар дамыған елдер ұйымға кіруге мүмкіндігі жоқ.

Стандарттау ұйымдарының мақсаттары – стандарттау мен сертификаттаудың негізі дамуы. Ол халықаралық сауданы дамыту үшін және ғылыми – техникалық саласында бірлесіп қызмет жасау.

ИСО-ның стандарттаның дүниежүзілік барлық елдер пайдаланады. Бүл халықаралық ұйым 1000-ға жуық стандарт жасайды.

90-жылдары халықаралық стандарт машина жасауда 30%, 12,5% - химияға, 3,5% - медицинаға, 3% - денсаулық, экология және қоршан ортаға тиесілі болатын. 20005 жылы денсаулық, экология және қоршан ортаға 11%-ке , информационналды технологияға 12% өсті.

  1. Сертификаттаудың негізігі түсініктері мен терминдері.

Сертификат латын тілінен аударғанда «дұрыс жасалған» деген мағынаны білдіреді. Сертификаттау – осы өнімнің, көрсеткен қызметтің оған әртүрлі құжатқа қойылған талаптарға сәйкес екенін растау.

Сертификаттау – өнім немесе қызмет түрлерінің белгілі стандарттар және техникалық шарттарға сай екендігін сәйкестік сертификат немесе сәйкестік белгі арқылы растауды айтады.

Сертификаттау – өнімнің стандартқа немесе басқа да нормативті техникалық құжаттарға сай екендігінің кепілі.

*** 2 тури бар- миндетти и ерикти растау.

Миндетти растау-онимнин тех регламеттерге белгиленген талаптарга сайкестигин растау расими.

Ерикти растау- дайындаушы немесе сатушынын бастама боынша жургизилип онимнин корсеетин кызметин процесин стандартка озгеде кужаттрага немесе отиниш берушинин арнайы талаптарына сайкестигин растау жузеге растау расим.***

Заңда. Сәйкестікті растау - нәтижесі объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын рәсім.

Сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім.

Сертификаттау объектілері:

  1. Өнім;

  2. Көрсетілген қызмет;

  3. Жұмыстар;

4. Сапа жүйелері;

5. Персонал;

6. Жұмыс орындары және т.б

Сетификаттау жүйесі – осы жүйеде қойылған ережелер бойынша сертификаттауды жасайтын, сертификаттауға қатысушылардың жиындығы.

Сертификаттау жүйелері регионалдық, ұлттық және халықаралық деңгейде жасайды. Сертификаттау жүйесін құрастыратын мемлекеттік уәкілетті орган.

Сәйкестік сертификат – ол өнімнің қойған талаптарына сәйкес екендігін растайтын сертификаттау жүйесін ережелері бойынша берілген құжат.

Сәйкестік декларациясы – өнімнің жасалған (сатылатын) өніміне қойылатын талаптарға сәйкес екенін растайтын құжат.

Сәйкестік декларациясының сертификатпен қатар жүретін құжат. Бұл құжат қолданылатын өнімдер тізбегін мемлекет бекітеді. Өндірушінің мәлімдемесі деп те атауға болады.

Сәйкестік белгісі – ол белгілі бір ережелер бойынша тіркелген белгі. Бұл белгі сертификаттау жүйелерінің ережелері бойынша белгіленген өнімнің қойылған талаптарға сәйкес екендігін растайтын белгі.

Сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат.

Сәйкестік декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат.

Сәйкестік белгісі - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі.