Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
смс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10.68 Mб
Скачать
  1. Қай жағдайларда міндетті сертификаттау, ал қай жағдайларда ерікті сертификаттау жүргізіледі?

Жалпы сертификаттау міндетті және ерікті болып екіге бөледі.

Заңда. Міндетті сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі органдардың қатысуымен өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау нысаны.

Міндетті сертификаттау мемлекет жағынан өнімнің қауіпсіздігін бақылау болып табылады.

Міндетті сертификаттау тек заң бойынша талап ететін жағдайда жасалынады. Міндетті сертификаттаудан өтетін өнімдердің тізімін заң түрінде бекітеді. Міндетті сертификаттауда тізімде қойылған негізгі талаптардан ғана өтеді.

Міндетті сертификаттау адам денс-ғы мен ҚОҚ-ға бағытталғандықтан қауіпсіздік пен экологияның тазалығын қамтамасыз ету болып табылады.

М.с. объектілері: машина жасау, э/тех-ка, прибор жасау, мед-қ тех-ка,ауыл шар-қ ж/е тамақ өнеркәсібі тауарлары,т.б.

Ерікті сертификаттау – өнімнің, стандарттарға және техникалық регламент құжаттарға сәйкестігін арызша ықыласы бойынша заңды түрде жүргізеді.

Егер міндетті сертификаттау өтетін тізімге кірген мемлекеттік өнімдер болса, онда олар үшін ерікті сертификаттау міндетті сертификаттаудың орнына жүрмейді.

Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттау жасалмайтын қасиеттері үшін сертификат жасауы мүмкін. Жасалу мақсаты? Мысалы: TV тез сату үшін, оны ерікті сертификаттаудан откізеді. Олар барлық қауіпсіздік талаптарға сәйкестігін түбегейлі тексеріп және де биологиялық жағынан зиян әсер етпейтінін растап береді.

Е.с. объектілері: өндіртік – технологиялық, әлеум-к – тұрм-қ (кітап,үй жиһаздарын шығару)

Міндетті сертификаттауға қатысушылар және олардың міндеті

Қатысушылар негізінде өндіруші немесе қызмет көрсетуші (I жақ), сатушылар (I - II жақ) және III жаққа жататын сертификаттау органы, сынақ лабораториясы немесе уәкілетті органдар.

  1. Сертификаттауга қатысушылар және олардың міндеттері.

Сертификаттауға 3 жақ қатысады.

  1. Өнім өндіруші немесе қызмет көрсетушы және кейде бұған сатушылар да жатады.

  2. Тұтынушылар, кейде сатушылар жатады (олар өнімді алған жағдайда).

  3. Өндірушілерге де, тұтынушыларға да тәуелсіз орган. Ол сертификаттауды жасайтын орган.

Негізгі сертификаттауға қатысушылар:

1)Өндірушілер;

2) Сертификаттау органдары;

3) Сынақ лабораториялары

Өндірушінің сертификаттау жүргізу кезіндегі міндеттері

  1. Өндіруші тек қана сертификаты бар немесе сәйкестік декларациясы бар өнімді сатуға жібереді.

  2. Сатуға жіберетін өнімді сертификатқа өткізілген, негізделген, нормаланған құжаттарға сай болу керек.

  3. Өнімнің техникалық құжатында сертификат немесе сәйкестік декларация туралы мәлімет болу керек. Өнімнің қай нормативті құжаттың талаптарына сәйкес екендігін көрсету керек.

  4. Сертификатция жүргізетін сертификаттау орган қызметкерлеріне өз жұмыстарын кедергісіз жасауға жақдай жасау керек.

  5. Егер өнім нормативті құжаттың талаптарына сәйкес болмай қалса, сертификаттау органның шешімімен сертификаттың құқығын тоқтатса немесе өнімнің пайдалану мерзімі өтіп кетсе онда өнімді сатуды тоқтату керек.

  6. Сертификаттау жұмысын жасау кезінде тексерілген сипаттамалар өзгерген болса, ол туралы мәліметті сертификаттау органына жіберу керек.

Сертификаттау органның функциялары

  1. Өнімді сертификаттайды. Өндірушіге сертификатты және сәйкестік таңбаны (белгі) пайдалануға лицензия береді.

  2. Сертификаттан өткен өнімді инспекциялық қадағалау жүргізіп отырады.

  3. Берілген сертификаттың құқығын уақытша тоқтатуға немесе жоюға мүмкіндігі бар.

  4. Өтініш берушілерге қажетті информация беру керек.

Аккредитациядан өткен сынақ лабораториялардың функциялары

Белгілі сертификаттан өтетін өнімдерді сынақтан өткізеді және сынақтан өту протоколдарын дайындайды. Сынақ лабораториялары өнімнің көрсетілген құжаттағы талаптарға сәйкестігіне жауап береді. Сынақталған нәтижелердің объективті және дәлме дәл болуына жауап береді. Кей жағдайда сартификаттау органның өзі де аккредитациядан өтеді. Сынақ лабораториялары да өтеді. Оны сертификаттау орталығы жүргізеді. Негізгі сертификаттау жұмыстарын жүргізетін адам – эксперт. Эксперт болу үшін сертификаттау саласында бір немесе бірнеше жұмыс жасауға құқығы бар деген аттестациядан өтеді. Сертификат беру туралы шешім қабылданғанда эксперттің білімділігіне, тәжірибесіне және оның объективті болуына байланысты.