
- •1)Ғылыми тәсіл ұғымын және жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуының жалпылама тәсілдеріне сипаттама беріңіз
- •2) Ғылыми революция және олардың тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •3) Жаратылыстану ғылымдарының философиялық негіздерін талдау.
- •4)Жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуының негізгі тәсілдері.
- •5)Дүниенің ғылыми суреті (нкм) және ғылыми революцияның тарихи түрлері.
- •11)Физика заңдарының классификациясы
- •13)Термодинаканың үш заңы. Энтропия ұғымы.
- •14)Электродинамикадағы эфир мәселесі
- •15)Электромагниттік өрістің дуалистік табиғаты туралы. Жарық кванты ұғымы.
- •16)Кванттік механика мен статистикалық механиканың негізгі концепциялары
- •17)Кеністік пен уақыт, материя туралы а.Эйнштейннің ілімі
- •18. Астрофизикалық және космологиялық концепциялар.
- •19. Кванттық физиканың негізгі концепциялары.
- •20. Эйнштейннің салыстырмалы теориялары.
- •21. Энтропияның статистикалық мағынасы
- •22. Физикалық өзара-әрекеттерді “Ұлы біріктіру” мәселесін талдау.
- •23. Бейстационарлық космологиялық концепциялар
- •24. Философия мен ғылым арасындағы байланыс
- •25. Физикалық өзара әрекеттердің түрлері
- •26.Бүкіләлемдік тартылыс заңы мен әлемнің астрономиалық бейнесіне сипаттама беріңіз.
- •27.Әлемнің біртектілік принціпі мен инерция принціпінің арасындағы байланысты талдау.
- •28.Толқындық қозғалыстың табиғаты мен заңдылықтарының ерекшелілігін көрсетіңіз.
- •29.Энтропия заңы мен даму процессінің қарама-қайшылығын талдау.
- •30. Кеңістік және уақыт туралы түсініктердің дамуы
- •31)Детерменизмнің тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •32)Эволюцияның модельдерін конструктивті сыни тұрғыда талдау.
- •34)Менделеев таблицасының кванттік механикалық мәнін көрсетіңіз.
- •35)Биологияның негізгі концепцияларын конструктивті сыни тұрғыда талдау.
- •36.Кибернетиканың негізгі концепцияларын талдау.
- •37.Синергетиканың негізгі ұғымдарының мәнін беріңіз.
- •38. Корпускулды-толқындық дуализмнің физикалық мәнін анықтаңыз.
- •39. Әлемнің бейстационарлық моделіне сипаттама беріңіз.
- •40. Тіршіліктің генезисі мен эволюциясы мәселесін талдау.
- •41. Генетикалық информацияның биохимикалық мәнін талдау.
- •42. Хаос пен реттіліктің арасындағы байланысты талдау.
- •43. Материяның атомдық концепциясына сипаттама беріңіз.
- •44. Материяның өрістік формасының заңдылықтарын сипаттаңыз.
- •45. Термодинамиканың екінші бастамасы мен даму мәселесін талдаңыз.
- •46. Хх ғ. Вакуум концепцияларын талдаңыз.
- •47.Космологиядағы антроптық принциптің мәнін талдаңыз.
- •48.Космологиядағы “құрдым” мәселесін талдау.
- •49.Материя мен кеңістіктің геометриялық табиғаты арасындағы байланысты көрсетіңіз.
- •50.Физикалық өзара-әрекеттердің түрлері және олардың кванттық табиғатына сипаттама беріңіз.
- •51.Толқындық функцияның физикалық мағынасын талдау.
4)Жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуының негізгі тәсілдері.
Әлемнің даму заңдылықтары: диалектиканың негізгі заңдары.
1. Диалектика - шындықтың заттары мен құбылыстарының өзара байланысы туралы ілім.
2. Дамудың мәні.
3. Диалектиканың негізгі заңдары.
Осы уақытқа дейін біз қарастырған әлем мен адам қарым – қатынасының барлық қырында даму құбылысымен жеткілікті түрде таныстық. Әлем де, адам да, табиғат та, қоғам да ұдайы өзгерісте, дамуда. Даму дегеніміз – мәңгі, қажетті қозғалыс, өзгеріс.Философияның бір бөлігі болып табылатын диалектика - әлемнің дамуының теориялық негіздерін анықтайды. Диалектика дегеніміз – болмыс пен бүкіл әлем дамуының жалпы байланыстары туралы ілім. Онда даму процесі зерттеледі. Диалектика – дамудың философиялық теориясы. Сонымен қатар, ол - әлемді біртұтас және қарқынды бүтіндік деп қабылдайтын ойлау тәсілі.Диалектика әлем үлгісін өзгертіп тұратын түрлер, жағдайлар және дәуірлердің бір – бірімен ауысуының мәңгі процесі деп қарастырады.
Ф.Энгельстің анықтамасы бойынша, диалектика дегеніміз - әлемдегі байланыстар, табиғаттың, қоғам мен ойлаудың қозғалысы мен дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Философия объективті және субъективті диалектика ұғымдарын қолданады. Ойлау және таным процестері үшін бұл өте маңызды ұғымдар.Объективті диалектика дегеніміз - әлемнің, табиғаттың, объективті дүниенің дамуы, өзгеруі. Ал оның адам санасында бейнелеуінен субъективтік диалектика туындайды. әлем, дүниенің дамуымен, өзгеруімен қатар оны бейнелейтін, түсіндіретін ұғымдар да дамып, өзгеріп отырады.
Диалектика зерттейтін маңызды сұрақтардың қатарына: «даму дегеніміз не?», «Ол неліктен болады», «Даму қалай іске асып отырады», «Даму қайда бағытталған» сияқты маңызды проблемалар жатады. Осылар төңірегіндегі ізденістер мен ойлар иірімдері материалдық әлемнің терең қабаттарын ашып, оның даму тетіктерінің мәнін зерттеуге мүмкіндік береді. Неміс философиясы дамытқан идеалистік диалектиканың маңызы аса зор болды. Неміс философы И.Гердер әлемдік мәдениеттің қозғалу логикасын анықтады.
Диалектиканың дамуына қомақты, сүбелі үлес қосқан философ - Г.Гегель. ол тұңғыш рет бүкіл табиғи, тарихи және рухани дүниені процесс түріндегі нәрсе деп: яғни үнемі қозғалуда, өзгеруде, қайта құрылуда және дамуда деп таныды, сөйтіп, осы қозғалу мен дамудың ішкі байланысын ашуға тырысты.Диалектиканың негізгі ұғымы – даму. Даму дегеніміз – қозғалыстың, өзгерістің бір көрінісі. Ол көп жақты, ескіден жаңаға, жаңадан ескіге, қарапайымнан күрделіге, күрделіден қарапайымға, төменгіден жоғарыға, жоғарыдан төменге өзгеру болады. Даму кезінде заттың, құбылыстың жүйесі өзгеріске ұшырап, қасиеттер ауысып отырады. Тарихтың дамуында бір – біріне ұқсамайтын әртүрлі дәуірлер, адамның дамуында балалық, жастық, толысу, қартаю кезеңдері болады. Даму - өте күрделі процесс, онда кері қозғалыстар, секірістер, әртүрлі қиылысулар болып тұрады.Диалектиканың маңызды принциптеріне дүниенің объективтілігін, оның негізгі бөліктері мен қасиеттерінің, құбылыстарының бір – бірімен байланыста, өзара әрекеттесуде, қайшылықта болатындығын мойындау жатады.