- •1)Ғылыми тәсіл ұғымын және жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуының жалпылама тәсілдеріне сипаттама беріңіз
- •2) Ғылыми революция және олардың тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •3) Жаратылыстану ғылымдарының философиялық негіздерін талдау.
- •4)Жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуының негізгі тәсілдері.
- •5)Дүниенің ғылыми суреті (нкм) және ғылыми революцияның тарихи түрлері.
- •11)Физика заңдарының классификациясы
- •13)Термодинаканың үш заңы. Энтропия ұғымы.
- •14)Электродинамикадағы эфир мәселесі
- •15)Электромагниттік өрістің дуалистік табиғаты туралы. Жарық кванты ұғымы.
- •16)Кванттік механика мен статистикалық механиканың негізгі концепциялары
- •17)Кеністік пен уақыт, материя туралы а.Эйнштейннің ілімі
- •18. Астрофизикалық және космологиялық концепциялар.
- •19. Кванттық физиканың негізгі концепциялары.
- •20. Эйнштейннің салыстырмалы теориялары.
- •21. Энтропияның статистикалық мағынасы
- •22. Физикалық өзара-әрекеттерді “Ұлы біріктіру” мәселесін талдау.
- •23. Бейстационарлық космологиялық концепциялар
- •24. Философия мен ғылым арасындағы байланыс
- •25. Физикалық өзара әрекеттердің түрлері
- •26.Бүкіләлемдік тартылыс заңы мен әлемнің астрономиалық бейнесіне сипаттама беріңіз.
- •27.Әлемнің біртектілік принціпі мен инерция принціпінің арасындағы байланысты талдау.
- •28.Толқындық қозғалыстың табиғаты мен заңдылықтарының ерекшелілігін көрсетіңіз.
- •29.Энтропия заңы мен даму процессінің қарама-қайшылығын талдау.
- •30. Кеңістік және уақыт туралы түсініктердің дамуы
- •31)Детерменизмнің тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •32)Эволюцияның модельдерін конструктивті сыни тұрғыда талдау.
- •34)Менделеев таблицасының кванттік механикалық мәнін көрсетіңіз.
- •35)Биологияның негізгі концепцияларын конструктивті сыни тұрғыда талдау.
- •36.Кибернетиканың негізгі концепцияларын талдау.
- •37.Синергетиканың негізгі ұғымдарының мәнін беріңіз.
- •38. Корпускулды-толқындық дуализмнің физикалық мәнін анықтаңыз.
- •39. Әлемнің бейстационарлық моделіне сипаттама беріңіз.
- •40. Тіршіліктің генезисі мен эволюциясы мәселесін талдау.
- •41. Генетикалық информацияның биохимикалық мәнін талдау.
- •42. Хаос пен реттіліктің арасындағы байланысты талдау.
- •43. Материяның атомдық концепциясына сипаттама беріңіз.
- •44. Материяның өрістік формасының заңдылықтарын сипаттаңыз.
- •45. Термодинамиканың екінші бастамасы мен даму мәселесін талдаңыз.
- •46. Хх ғ. Вакуум концепцияларын талдаңыз.
- •47.Космологиядағы антроптық принциптің мәнін талдаңыз.
- •48.Космологиядағы “құрдым” мәселесін талдау.
- •49.Материя мен кеңістіктің геометриялық табиғаты арасындағы байланысты көрсетіңіз.
- •50.Физикалық өзара-әрекеттердің түрлері және олардың кванттық табиғатына сипаттама беріңіз.
- •51.Толқындық функцияның физикалық мағынасын талдау.
2) Ғылыми революция және олардың тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз.
Ғылыми революция дегеніміз – ғылым дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып, оның ішкі қайшылықтарын шешетін, мазмұнын өзгертетін ерекше құбылыстар.
Ғылымдағы революция сан қырлы. Олардың үш негізгі сипаттарын бөліп қарастыруға болады:
1) Жаңа эмпирикалық материалдарды теориялық түрде талдау жасау,
2) Табиғат туралы бұрын қалыптасқан түсініктерді түбірімен жою;
3) Тығырыққа тірейтін жағдайлардың пайда болуы.
Ғылыми революцияларға тән жағдай ол: ескі идеялар мен теориялар талқандап, шығарып тастау арқылы танымның теориялық негізін саналы қайта құру.
Ғылыми танымның тарихи дамуы барысында бірнеше ғылыми революциялардың түрлерін бөліп қарастыруға болады.
Жеке – білімнің тек бір аумағын қарастыратын микрореволюция;
Кешендік – білім аумағының бірнеше салаларын қарастыратын революция;
Әлемдік – ғылым негізін тұтасымен өзгертетін жалпы революция.
Ғылыми революциялардың түрлерін анықтаған кезде мынандай жағдайларды еске алу қажет:
ғылыми революциялардың аумағы;
ғылымның іргелі теориялары мен заңдарын қайта құру тереңдігі;
жаңа іргелі заңдар мен жаңа жалпы ғылыми жаратылыстық теориялар ашу;
әлемнің жаңа картинасының қалыптасуы;
ойлаудың жаңа түрін қалыптастыру;
ғылым дамуының тарихи кезеңі,
ғылыми революцияға ілесе жүретін әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар.Егер ғылым тарихына үңілетін болсақ, онда екі революцияны ғана әлемдік, іргелі революция деп атауға болады: XVI-XVII ғасырлардағы революция мен ХХ ғасырдағы ғылыми-техникалық революция.XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революция материя қозғалысының механикалық формасын зерттейтін ғалымдағы революциялық секіріс болды. Ол классикалық жаратылстанудың негізін қалады.XIX ғасырдың ортасында бірнеше кешендік революциялар қатар болды. Олардың ішінде ерекше бөліп қарайтын революциялар: органикалық клетканың ашылуы, энергияның сақталу және айналу заңы, Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі, химиялық элементтердің периодтық жүйесі.Бұл революциялардың мәні – заттар мен құбылыстарды даму және өзара байланыс тұрғысынан қарастыру.Екінші әлемдік революция ХХ ғасырдың қарсаңында болды. Ол салыстырмалық теориясы мен кванттық механиканың шығуымен байланысты.
.
3) Жаратылыстану ғылымдарының философиялық негіздерін талдау.
Тарихта мәдениеттің бір сферасының екіншісіне зиянын тигізе отырып ерекше бөлініп шығуының мысалдары көп. Ең алдымен бұл орта ғасыр мен жаңа уақыттағы ғылымның, философияның және діннің арақатынасына байланысты. Ортағасырлық ғылым діннің билігінде болғандықтан, антикалық ғылымның жетістіктері ұмытылуға айналып, ғылым бірнеше қадам артқа шегінгені белгілі. Тек қана XIX ғасырда жаратылыстанудың жетістіктеріне байланысты ғылым адамзат пен қоғам дүниетанымында, мәдениетінде басымдылыққа ие болды.
Содан бастап ғылым мен философия арасында осы уақытқа дейін басылмаған дау-дамай басталды, олардың әр қайсысы шындықты айқын көрсету құқығына ие болғысы келді. Ғылым ешбір шектеусіз барлық сұрақтарға жауап беріп, адамзатты жарқын болашаққа бастауды мақсат етті. Әдетте мұндай болашақ ғылым мен техниканың жетістіктерінен болатын материалдық игілік пен тоқшылықты білдіретін ХХ ғасырдың басындағы адамзаттың көп бөлігіне қатысты тіршіліктің төменгі деңгейінде болашаққа деген мұндай көзқарас бұқара халық тұрмақ. Саясаткерлерге де, тіпті ойшылдарға да (философтар, жазушылар, суретшілер) түсініксіз боп қала берді. ХХ ғасырдың басында философтар мен мәдениеттанушылардың аз бөлігі бұл жолдың апатқа бастайтынын ашық айтты. Бұл ХХ ғасырдың ортасында атом қаруын жасау экологиялық апаттың төнуі арқылы расталды.
Соған қарамастан, сциентизм идеологиясының қалдықтары ғылымның жалғыз ғана құтқарушы екендігіне сену – осы уақытқа дейін сақталып келеді. Ағартушылық қойнауынан дамып, позитивизм философиясында дамыған бұндай көзқарас ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғамдық және гуманитарлық пәндерден жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін асыра мақтап көрсетуге көшті. Осы сенім планетаның қазіргі жағдайына, термоядролық апат қаупіне, ең бастысы – мәдениеттің этикалық және эстетикалық көрсеткіштерінің төмендеуіне, технократтық психологияның күшеюіне әкеп соқтырды.
Философиялық негіздемелер – ғылыми ойлау стилін, яғни таным процесінің ерекшелігін қозғайтын өзгерістер.
Сөз жоқ, ғылым – адамзат мәдениетінің орасан зор жетістігі болып саналады. Ол адамзат өмірін ұрпақтан-ұрпаққа жеңілдетіп, тәуелсіз етеді және материалдық, рухани байлықтың негізіне айналады.
