Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sms_wpora.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10.89 Mб
Скачать

13.Сертификаттаудың негізігі түсініктері мен терминдері.

Сертификат латын тілінен аударғанда «дұрыс жасалған» деген мағынаны білдіреді. Сертификаттау – осы өнімнің, көрсеткен қызметтің оған әртүрлі құжатқа қойылған талаптарға сәйкес екенін растау.

Сертификаттау – өнім немесе қызмет түрлерінің белгілі стандарттар және техникалық шарттарға сай екендігін сәйкестік сертификат немесе сәйкестік белгі арқылы растауды айтады.

Сертификаттау – өнімнің стандартқа немесе басқа да нормативті техникалық құжаттарға сай екендігінің кепілі.

Заңда. Сәйкестікті растау - нәтижесі объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын рәсім.

Сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім. Сертификаттаудың 2 түрі бар:

1.Міндетті

2. Ерікті сертификаттау

Сәйкестікті міндетті растау өнімнің техн.регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім.

Сәйкестікті ерікті растау дайындаушыныі(орындаушының) немесе сатушының бастамасы б/ша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілетін қызметтің және процестердің стандартқа өзге де құжаттарға немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім

Сертификаттау объектілері:

  1. Өнім;

  2. Көрсетілген қызмет;

  3. Жұмыстар;

4. Сапа жүйелері;

5. Персонал;

6. Жұмыс орындары және т.б

Сетификаттау жүйесі – осы жүйеде қойылған ережелер бойынша сертификаттауды жасайтын, сертификаттауға қатысушылардың жиындығы.

Сертификаттау жүйелері регионалдық, ұлттық және халықаралық деңгейде жасайды. Сертификаттау жүйесін құрастыратын мемлекеттік уәкілетті орган.

Сәйкестік сертификат – ол өнімнің қойған талаптарына сәйкес екендігін растайтын сертификаттау жүйесін ережелері бойынша берілген құжат.

Сәйкестік декларациясы – өнімнің жасалған (сатылатын) өніміне қойылатын талаптарға сәйкес екенін растайтын құжат.

Сәйкестік декларациясының сертификатпен қатар жүретін құжат. Бұл құжат қолданылатын өнімдер тізбегін мемлекет бекітеді. Өндірушінің мәлімдемесі деп те атауға болады.

Сәйкестік белгісі – ол белгілі бір ережелер бойынша тіркелген белгі. Бұл белгі сертификаттау жүйелерінің ережелері бойынша белгіленген өнімнің қойылған талаптарға сәйкес екендігін растайтын белгі.

Сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат.

Сәйкестік декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат.

Сәйкестік белгісі - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]