Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sms_wpora.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10.89 Mб
Скачать

9.Стандарттаудың негізгі түсініктері мен терминдері.

Техникалық реттеу туралы ҚР заңы бар. Ол 2004 жылы қарашада шыққан. Осы заңда стандарттау және сертификаттау туралы бәрі көрсетілген.

Стандарттау – ғылым, техника және экономика саласында көбірек қайталанылатын және осы салалардың мақсаттарын тиімді дәрежеде ретке келтіретін мәселелерді шешу жолындағы әрекет.

Заңда. Стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет.

Стандарттау объектiлер: Өнiм, көрсетiлетiн қызмет, процестер болып табылады.

Өнім - процестің немесе қызметтің нәтижесі. Көрсетілетін қызмет - беруші мен тұтынушының тікелей өзара іс-қимылының және берушінің тұтынушы қажеттіктерін қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің қорытындылары. Процесс - өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы.

Жалпы алғанда стандарттау стандартты жасау, жариялау және олардың қолдану процестерінде орындалады.

Нормативті құжат түрлі қызметтерге және оның нәтижелеріне қатынасты жалпы ережелерін және принциптерін қабылдайтын құжат. Стандарттау жөніндегі негізгі нормативті құжат –стандарт.

Стандарт – мүдделі жақтардың бір-бірімен бірлесіп, келісімді немесе мақұлданған түрде жасаған ғылым мен техниканың және практикалық тәжирибелердің нәтижелеріне негізделген қоғамның пайдасына бағытталған, стандарттау органдарымен қабылданған нормативті техникалық құжат.

Заңда. Стандарт - уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат.

Стандарт өнім мен қызметтерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативті техникалық құжат. Осы құжаттарды жасау, өндіру, пайдалану, сондай-ақ стандарттаудың басқа да объектілеріне қойылатын талаптар туралы ережелер.

Техникалық реттеу - санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестікті растау, аккредиттеу және белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау жөніндегі қызметті қоса алғанда, өнімге, көрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын міндетті және ерікті талаптарды анықтауға, белгілеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтік реттеу.

Техникалық регламент - өнімдерге және олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт.

Техникалық регламент өнімнің белгілі бір түріне қойылатын талаптар туралы нормативтік техникалық құжат. Демек, техникалық талаптар өнімнің техникалық құжаттар жинағының бөлігі

10.Параметрлік стандарттауда r және е таңдаулы сандар қатарлары қай принципімен құрылады.

Параметрлік стандарттау – параметрлердің ыңғайлы номенклатурасы мен сандық мәнін таңдап, негіздеу болып табылады.

Өнімнің параметрі дегеніміз оның қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Негізгі параметрлерге жататын өнім не үшін пайдаланатын және пайдалану жағдайының параметрлер. Негізгі параметрлер размерлік, салмақтық, энергетикалық және өндірісті сипаттайтын болып табылады.

Өндірісте өнімнің жасалуына байланысты белгілі бір типі бірқатар параметрлерде сипатталады. Сол параметрлердің жиынтығы параметрлік қатар деп атайды. Мысалы: киімнің размерлік қатары.

Стандарттың таңдамалы қатары негізі пайдаланылатын қатар R деп белгілейді. R5; R10; R20; R40. R5 геометриялық қатар,яғги геометриялық қатар болса оңың көбейтіндісі болу керек;

1) R5 - 1.00; 1.6; 2.50; 4.0; 6.3; 10

2) R10 – 1.00; 1.25; 1.60; 2.0; 2.5; .....

3) R20 – 1.00; 1.12; 1.25; 1.40; …….

4) R40 –

Өндіріс үшін ең ыңғайлысы R5. Машина жасауда да R5 қолданылады. Негізгі размерлерді R5 алады, ал бөлшектердің размерін R10 мен алады.

Электро техникада Е3; Е6; Е12 қатарды пайдаланады.

Е3 –

Е6 – Е12 –

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]