
- •Метрологияның негізгі түсініктері мен терминдерінің анықтамасын беріңдер.
- •Физикалық шаманың шкаласы деген не? Метрологияда қандай шкалаларды қолданады?
- •Физикалық шаманың өлшем бірліктер жүйесі деген не? Осы жүйелерді құрастыру принципі қандай?
- •Абсолюттік, салыстырма, келтірілген қателердің қандай айырмашылықтары бар?
- •Жүйелі, кездейсоқ және өрескел қателердің қасиеттерін тұжырымдаңдар?
- •6.Тікелей өлшемдердің өңдеуін жүйелеп түсіндіріңдер.
- •7.Өлшеу құралдардың түрлері.
- •8.Физикалық шаманың бірлік этолоны деген не және олардың қандай түрлері бар?
- •9.Стандарттаудың негізгі түсініктері мен терминдері.
- •10.Параметрлік стандарттауда r және е таңдаулы сандар қатарлары қай принципімен құрылады.
- •11.Стандарттаудың негізгі мақсаттары мен принциптерін атап өтіңдер.
- •12.Метрология мен стандарттаудың негізгі халықаралық ұйымдары.
- •13.Сертификаттаудың негізігі түсініктері мен терминдері.
- •14.Сертификаттаудың мақсаттары қандай?
- •15.Физикалық шаманың размері мен размерлігі деген түсініктердің айырмашылығы қандай?
- •16.Өлшем жасау арқылы неге физикалық шаманың шын мәнін анықтауға болмайды?
- •17.Интегралдық және дифференциалдық таралу функцияларды сипаттаңдар.
- •Чебышев теңсіздіктері және 3δ ережесі кездейсоқ қатені бағалауда қалай қолданылады?
- •19.Өлшеу нәтижелерін және кездейсоқ қателердің қалыпты таралуын Гаусс таралуы сипаттаңдар.
- •20.Өлшеу нәтижелерін және кездейсоқ қателердің математикалық күтімі мен дисперсиясын сипатаңдар.
- •21.Жүйелік қателерді анықтаудың және жоюдың қандай әдістері бар?
- •22.Сұрыптауда пайдаланып өлшенетін шаманың шын мәнін және дисперсиясын қалай нүктелі бағалайды?
- •23.Параметрлердің аралық бағалауының мәнісі неде?
- •24.Аралық бағалаудың Стьюдент әдісін сипаттаңдар.
- •25.Бірлескен өлшеу деп қандай өлшеуді айтады? Кіші квадраттар әдісі қалай қолданады?
- •26.Өлшем құралдардың метрологиялық сипаттамаларын нормалаудың мәнісі қандай? Оның қалыпты жағдайлары қандай?
- •27.Метрологиялық қамтамасыздандырудың мәнісі қандай және оның қандай негіздері бар?
- •28.Стандарттаудың негізгі әдістерін атап өтіп түсіндіріңдер.
- •Стандарттау объектілерін реттеу
- •Параметрлік стандарттау
- •29.Қай жағдайларда міндетті сертификаттау, ал қай жағдайларда ерікті сертификаттау жүргізіледі?
- •30.Сертификаттауга қатысушылар және олардың міндеттері.
28.Стандарттаудың негізгі әдістерін атап өтіп түсіндіріңдер.
Стандарттау әдістері – стандартаудың мақсатына жететін әдістердің жиындығын айтамыз.
Стандарттау объектілерін реттеу
Бұл әдіс стандарттау объектілердің көпшілігін кеміту, реттеу үшін бағытталған. Стандарттау әдісінің әмбебап әдісі ретінде қарастырылады. Стандарттау объектілерін реттеу – объектінің көптеген бағытын кемітуге бағытталған әдіс. Бұл реттеу нәтижесіне дайын өнімді жасау үшін құрастырушы бөлшектер санын кемітетін тізімдер жасайды. Типтік бөлшектердің альбомдарын құрастырады. Типтік құжаттар үшін де формалар жасалынады.
Жалпы әдіс өзі бірнеше әдістерлен тұрады. Олар:
Жүйелеу
Селекция (таңдап алу)Симплификация
Типтеу
Оптимизация
Жүйелеу – бұл әдісте нақты стандарттау объектілерін кластарға, топтарға бөліп реттейді.
Селекция – өндіруге және кейін пайдалануға болады деп танылған нақты объектілерді бөліп алады.
Симплификация – кейінгі өндіріске жарамайды деп танылған объектілерді бөліп тастайды.
Типтеу – бұл әдісте типті немесе үлгілі объектілерді жасайды.
Оптимизация – бұл әдісте объектілердің негізгі оптималды параметрлерін табады және басқа сапа үнемділікті көрсететін негізгі қасиеттерін табады. Бұл әдісте оптималдау үшін ғылыми, экономикалық - матиматикалық әдіс қолданылады.
Параметрлік стандарттау
Параметрлік стандарттау – параметрлердің ыңғайлы номенклатурасы мен сандық мәнін таңдап, негіздеу болып табылады.
Өнімнің параметрі дегеніміз оның қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Негізгі параметрлерге жататын өнім не үшін пайдаланатын және пайдалану жағдайының параметрлер. Негізгі параметрлер размерлік, салмақтық, энергетикалық және өндірісті сипаттайтын болып табылады.
Өндірісте өнімнің жасалуына байланысты белгілі бір типі бірқатар параметрлерде сипатталады. Сол параметрлердің жиындығы параметрлік қатар деп атайды. Мысалы: киімнің размерлік қатары.
Стандарттың таңдамалы қатары негізі пайдаланылатын қатар R деп белгілейді. R5; R10; R20; R40.
1) R5 - 1.00; 1.6; 2.50; 4.0; 6.3; 10
2) R10 – 1.00; 1.25; 1.60; 2.0; 2.5; .....
3) R20 – 1.00; 1.12; 1.25; 1.40; …….
4) R40 –
Өндіріс үшін ең ыңғайлысы R5. Машина жасауда да R5 қолданылады. Негізгі размерлерді R5 алады, ал бөлшектердің размерін R10 мен алады.
Электро техникада Е3; Е6; Е12 қатарды пайдаланады.
Е3 –
Е6 –
Е12 –
Өнімді унификациялау
Өнім жасалатын бөлшектердін агрегаттың санын кеміту. Ол үшін типтик бөлшектер жасайды. Дайын бөлшектер пайдаланылады. Жаңа бөлшектерді енгізбейді.
Ку
Ку 100%
n – өнімді жасау үшін қажет жалпы бөлшектер саны
– бірінші
рет пайдаланатын бөлшектер (жаңа
бөлшектер)
Агрегаттау әдісі
Бұл әдісте машина, құралдарды, қондырғыларды жекелей стандартты көбірек пайдаланатын бөлшекпен жасайды. Қазіргі заманда агрегаттау модельді де көп пайдаланылады. Мысалы: медициналық модуль, армиялық модуль, спорттық модульді әкеліп, орната салады. Метрологияда пайдалану өте ыңғайлы.
Комплексті стандарттау
Бұл әдіс принциптерді іске асыру үшін қолданылатын әдіс. Бұнда күрделі объектінің стандарттын сол объектінің бөлшектерінің құрастырушы бөліктердің сәйкестігін сақтап стандарттау. Мысалы: трансформатордың бір стандарттын жасау ұшін 36 стандарт жұмсайға тура келеді.
Басып озу стандарттау әдісі
Қазіргі ғылымның, техниканың дауын ескеріп стандарттың алға басып отыру керек.