- •Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •1.Қаржылық есеп берудің функцияларының мақсаты.
- •2.Шаруашылық субьектінің басқару мүшесінде есеп берудің ақпараттық ресурстарының рөлі.
- •3.Қаржылық есеп беруді құру үшін талап етілетін заңды тұлғаның аспаптары.
- •4.Қаржылық есеп берудің мазмұны мен құру кезеңділігін реттейтін нормативтік база.
- •5.Қаржылық есеп беруді құрудың мақсаты.
- •6.Қаржылық есеп берудің қойылатын талаптары.
- •8.Бухгалтерлік баланс түсінігі
- •9.Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп берудің негізгі қағидаларының сипаттамасы.
- •10.Баланстың пассивтері және оның құрылымына сипаттама.
- •11.Баланстың активі.
- •12.Баланстағы өзгерістердің негізгі түрлері.
- •13.Баланс активінің негізгі баптарының интерпретациясы.
- •14.Баланс пассивінің негізгі баптарының интерпретациясы.
- •15.Пайдалар мен зияндар туралы есеп берудің мақсаты.
- •16.Пайдалар мен зияндар туралы есеп құрудың негізі болып табылатын реттеуші құжаттар мен шоттар.
- •17.Пайдалар мен зияндар туралы есеп берудің негізгі баптарына жалпы сипаттама.
- •18.Ақша қаражаттары туралы есебін құрудың мақсаты.
- •19.Ақша қаражаттары туралы есебін құрудың тәртібі.
- •21Ақша қозғалысын ашу әдістері.
- •22.Капиталдағы өзгерістер туралы есеп берудің мақсты.
- •27.Түсініктеме хатта баланс бөлімдері бойынша алынатын сұрақтар.
- •28.Түсініктеме хатта пайдалар мен зияндар туралы есеп беру бойынша алынатын ақпарат
- •41 Қаржылық есеп берудің түрлері.
- •Есеп беру қаржылық сипаттағы шешімдерді негіздеудің ақпараттық базасы ретінде.
11.Баланстың активі.
Кәсіпорын әдетте есеп беріліп отырған айдан кейінгі айдың бірінші күніне шаруашылық құралдары мен оның көздерінің баланстық қортындысын жасайды. Баланс шаруашылық құралдарын өндіріс процесінің құрамы мен функциялық ролі бойынша, ал оның көздерін құралу формасы және мақсаты, міндеті бойнша ақшалай бағамен белгілі мезгілге топтастыру. Баланс деректері бойынша біржақты немесе екіжақты кесте ретінде беріледі және 2 бөлімнен актив пен пассивтен тұрады. Баланстың активінде кәсіпорынның мүлкі көрсетіледі. Балансты активі екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі қысқа мерзімді активтер деп аталады және оған келесі активтер кіреді: материалдық заттар, товар, аяқталмаған өндіріс, ақшалай қаржы, дебиторлық қары, қысқы мерзімді қаржылық инструменттер және басқа да активтер. Екінші бөлімі ұзақ мерзімді активтер, мұнда: негізгі құралдар, материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді инвестициялар бейнеленеді. Актив деп кәсіпорын бақылауындағы, сатып алу кезінде өзіндік құны өлшемге келетін экономикалық ресурстарды айтады. (6, 64 бет). Активтердің өзіне тән келесі белгілері бар: - оларға өткен кезең операциясының нәтижесінде алынған экономикалық ресурстар жатады; - олар жеткілікті түрде шынайы бағаланады; - болашақта ұйымға пайда әкелуге қабылетті экономикалық ресурстар.
12.Баланстағы өзгерістердің негізгі түрлері.
Бухгалтерлік баланс белгілі бір уақытқа жасалып, қаражаттың жағдайын және олардың шығу көздерін көрсетеді. Ұйымдағы шаруашылық жасау барысында қаражаттың тоқтаусыз қозғалысы, олардың құрамында, орналасуында және пайда болу, қалыптасу көздерінде тынымсыз өзгерістер болып жатады. Олар баланста тиісті баптардың өсуі немесе кемуі түрінде көрсетіледі, кейде баланста жаңа баптар пайда болса, кейде жоқ боп кетеді, яғни жабылады. Баланстағы өзгеру құрылымы бойынша шаруашылық операциялар 4 типке бөлінеді. І-тип ұйымның қаражатында өзгерістер болады, бірақ ол баланстың активтегі баптарына ғана әсер етеді. Бұл кезде активтегі бір бап қандай сомаға көбейсе, екінші бап тура сол сомаға азайады. ІІ-типке жататын операцияларда ұйымның бухгалтерлік балансының пассивтегі баптарыны ғана әсер етеді, активте өзгеріс болмайды. ІІІ-тип операциялар барысында баланстың активі де, пассиві де бірдей сомаға артады, яғни баланстың активіндегі бап қандай сомаға көбейсе, пассивтегі бап та сол сомаға көбейеді. ІV-тип кезінде де бухгалтерлік баланстың активіндегі де, пассивіндегі де баптар бірдей сомаға өзгереді, бірақ бұл жолғы операциялар әсерінен олар кемиді және баланстың жиынтық сомасы бірдей сомаға кемиді.
13.Баланс активінің негізгі баптарының интерпретациясы.
Баланстың активі мен пассивінің жекелеген көрсеткіштері баланс баптары деп аталады. Баланс активінің баптары шаруашылық қаржының жекелеген түрлерінің жай-күйін, ал пассив баптары шаруашылық құралдарының көздерінің жай-күйін бейнелейді. Актив мен пассивтің қортынды теңдігі баланстың ерекшелігі болып табылады. Бұл теңдік жалпы шаруашылық құралдарының екі жақты көрсетілуінен туындайды, яғни активтер- шаруашылық құралдарының сомасының өндіріс барысында оның функциялық рөлі бойынша көрсетілуі. Ал пассивте дәл сол құралдар оның құралу көздері бойынша көрсетіледі. Сонымен актив пен пассив әрқашанда тең болады: А = П. Шаруашылық қызымет процесінде көптеген операциялар туындайды. Соның нәтижесінде бір бап бойынша сома көбейеді 2-ші бап бойынша азаяды немесе баланс баптарының екі немесе одан да көбі бір мезгілде көбеюі мен азаюы мүмкін.Осыған байлансты, шаруашылық операциялар әсерінен болатын баланстағы өзгерістердің 4 түрі бар. 1 түрі: А+Б1-Б2=П Түрлі–өзгерістер баланстың тек активіндегі баптарының құрамында болады: 1 немесе бірнеше баптар белгілі бір сомаға көбейеді, бір немесе бірнеше баптар дәл сол сомаға азяды. Осылардың нәтижесінде жалпы қорытынды өзгермейді. Актив пен пассив арасындағы теңдік сақталады. 2 түрі: А=П+Б1-Б2 Өзгерістер тек баланстың пассивінде болады. 1 немесе бірнеше баптар белгілі бір сомаға көбейеді, бір немесе бірнеше баптар дәл сол сомаға азяды. Сондықтан екі бап та пассивті болғандықтан баланстың жалпы сомасы өзгермейді. 3-түрі: А+Б1=П+Б2 Әртүрлі өзгерістер баланстың активі мен пассивінің құрамында болады. Актив баптары белгілі бір сомаға көбейеді, пассивтікі де сол сомаға көбейеді. Осы операциялар нәтижесінде баланстың жалпы қорытындысы да көбейеді. 4-түрі. А-Б1=П-Б2 Өзгерістер баланстың активі мен пассивінде болады.Екеуі де белгілі бір сомаға азаяды. Осы операциялар нәтижесінде баланстың жалпы қорытындысы азаяды.
