Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FOP_билет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45.96 Кб
Скачать

9.Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп берудің негізгі қағидаларының сипаттамасы.

Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:

Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады, ал шығысы мен зияны орын алынған кезінен бастап танылады.

Толассыздық. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.

Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.

Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс, қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған мәліметтер өз септігін тигізуі керек.

Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.

Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен құралады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар болмаса.

Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъектінің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсыну керек.

Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны абзал.

Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табысты, сондай-ақ міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.

Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттардың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.

Жүйелілік. Пайдаланушы субъектінің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі есептік кезеңмен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.

10.Баланстың пассивтері және оның құрылымына сипаттама.

Кәсіпорын әдетте есеп беріліп отырған айдан кейінгі айдың бірінші күніне шаруашылық құралдары мен оның көздерінің баланстық қортындысын жасайды. Баланс шаруашылық құралдарын өндіріс процесінің құрамы мен функциялық ролі бойынша, ал оның көздерін құралу формасы және мақсаты, міндеті бойнша ақшалай бағамен белгілі мезгілге топтастыру. Баланс деректері бойынша біржақты немесе екіжақты кесте ретінде беріледі және 2 бөлімнен актив пен пассивтен тұрады. Баланстың пассиві ұйымның өз меншік иелерінің алдындағы шығарылған капитал түріндегі және басқа заңды және жеке тұлғалардың алдындағы сырттан алынған капитал түріндегі міндеттемесі. Ендеше, баланстың пассиві меншікті капитал мен міндеттемелерден тұрады. Міндеттемелер – бұл өткен кезеңдердің оқиғаларынан туындаған, өтелуі компаниядан экономикалық тиімділігі бар ресурстардың шығуына әкеп соқтыратын компанияның ағымдық борышы. (7,64б). Мерзімділігіне қарай міндеттемелер ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып екіге бөлінеді. Қысқы мерзімді міндеттемелер: банк несиелері, жабдықтаушыларға қарыз, бюджет, жинақ зейнетақы қорына және басқа да кредиторлар алдындағы бір жылға дейін алынған борыш. Ұзақ мерзімді міндеттемелер жаңа техниканы енгізгенде, өндірісті ұйымдастыруға және ұлғайтуға және де бір жылдан астам уақытқа басқа да мақсатта несие мен займдар алғанда туындайды. Капитал – бұл компания активтерінен оның барлық міндеттемелерін шегеріп тастағанда қалатын үлесі. Ұйымның меншікті капиталының құрамына шығарылған капитал, резервтік капитал, және бөлінбеген пайда кіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]