
- •Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •1.Қаржылық есеп берудің функцияларының мақсаты.
- •2.Шаруашылық субьектінің басқару мүшесінде есеп берудің ақпараттық ресурстарының рөлі.
- •3.Қаржылық есеп беруді құру үшін талап етілетін заңды тұлғаның аспаптары.
- •4.Қаржылық есеп берудің мазмұны мен құру кезеңділігін реттейтін нормативтік база.
- •5.Қаржылық есеп беруді құрудың мақсаты.
- •6.Қаржылық есеп берудің қойылатын талаптары.
- •8.Бухгалтерлік баланс түсінігі
- •9.Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп берудің негізгі қағидаларының сипаттамасы.
- •10.Баланстың пассивтері және оның құрылымына сипаттама.
- •11.Баланстың активі.
- •12.Баланстағы өзгерістердің негізгі түрлері.
- •13.Баланс активінің негізгі баптарының интерпретациясы.
- •14.Баланс пассивінің негізгі баптарының интерпретациясы.
- •15.Пайдалар мен зияндар туралы есеп берудің мақсаты.
- •16.Пайдалар мен зияндар туралы есеп құрудың негізі болып табылатын реттеуші құжаттар мен шоттар.
- •17.Пайдалар мен зияндар туралы есеп берудің негізгі баптарына жалпы сипаттама.
- •18.Ақша қаражаттары туралы есебін құрудың мақсаты.
- •19.Ақша қаражаттары туралы есебін құрудың тәртібі.
- •21Ақша қозғалысын ашу әдістері.
- •22.Капиталдағы өзгерістер туралы есеп берудің мақсты.
- •27.Түсініктеме хатта баланс бөлімдері бойынша алынатын сұрақтар.
- •28.Түсініктеме хатта пайдалар мен зияндар туралы есеп беру бойынша алынатын ақпарат
- •41 Қаржылық есеп берудің түрлері.
- •Есеп беру қаржылық сипаттағы шешімдерді негіздеудің ақпараттық базасы ретінде.
Курс бойынша емтихан сұрақтары
1.Қаржылық есеп берудің функцияларының мақсаты.
Қаржылық есеп берудің мақсаттары есеп берудің негізгі қаржылық жағдайы нәтижелер жайында ақпарат ұсыну болып табылады. Қаржылық есеп беру экономикалық шешім қабылдау үшін қажетті барлық ақпаратты өзіне енгізе алмайды. Өйткені есепнегізінде өткен оқиғаларды бейнелейді. Қаржылық есеп беру пайдалы ақпараттарды жинақтайды: 1. Несиені ұсыну жөніндегі инвестициялық шешімдерді қабылдауға; 2. Субъектінің алдағы ақшалай түсімін бағалауға және олардың түсімі мен жыл ұстасуы; 3. Субъектінің ресурстар мен міндеттемелерін байланысты бағалауға; 4. Басшы органдардың жұмысын бағалауға.
Қарж/қ е/берудің сапалық сипаттамалары:
Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады, ал шығысы мен зияны орын алынған кезінен бастап танылады.
Толассыздық. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.
Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.
Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс, қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған мәліметтер өз септігін тигізуі керек.
Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.
Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен құралады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар болмаса.
Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъектінің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсыну керек.
Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны абзал.
Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табысты, сондай-ақ міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.
Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттардың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.
Жүйелілік. Пайдаланушы субъектінің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі есептік кезеңмен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.
2.Шаруашылық субьектінің басқару мүшесінде есеп берудің ақпараттық ресурстарының рөлі.
Қаржылық есеп беру – субъектілердің пайдалануына ұсынылатын қаржылық ақпараттардың сипаты және көлемі.Экономикалық шешім қабылдау барысында олар субъектілердің қаржылық есептеріне сүйенеді . Қаржылық ақпараттарды пайдаланушылардың 2 негізгі топтары : 1. Ішкі 2. Сыртқы Сыртқы пайдаланушылар 2 факторға бөлінеді : 1. Субъект қызметіне тікелей қаржылық мүдесі бар . 2. Субъект қызметіне жанама қаржылық мүдесі бар . Тікелей қаржылық мүдесі бар пайдаланушылардың категориясына жататындар : 1. Қазіргі және болуы ықтимал инвесторлар . 2. Қазіргі және болуы ықтимал кредиторлар. 3. Сатып алушылар . Жанама қаржылық мүдесі бар пайдаланушылар категориясына жататындар : 1. Салық органдары 2. Реттеуші органдар 3. Статистикалық органдар 4. Аудиторлар , кеңесшілер , тұтынушылар тобы және т.б. .