Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТІЛ ДАМЫТУ № 1-20.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
134.08 Кб
Скачать

1 билет

І Сұрақтар:

Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ғылыми негіздері.

«Тіл дамыту әдістемесі» пәні – ғылыми теориялық білім беруді мақсат ете отырып оның болашақта зерттелуге тиіс проблемаларына байланысты студенттерді ғылыми ізденіске баулуды өзінің міндеті деп санайды.

Ана тілін ұғыну заңдылықтары тіл табиғатының өзінен және оны ұғыну психологиясынан шығады. Бұған білім беру жолдары мен құралдары да жағдай жасайды.

1.Білім беру құралдары мен жолдарына:

2.Мақсатты түрде іріктеліп алынған тілдік материал:

3.Оқу жұмысын ұйымдастыру;

Оны үйретудің әдістері жатады.

Тіл дамыту әдістемесі пәнінің міндеті – студенттерге теориялық және тәжірибелік тұрғыда білім беру. Болашақ тәрбиеші- мұғалімдерге бес жастағы балаларды грамматикаға үйрету жолдарын яғни балалардың (дыбысты) фонематикалық естуі мен қабылдауын қалыптастыру; балалардың ой – өрісін кеңейту өшін сөздердің мағыналарын салыстыру; бір сөздің әр түрлі мағынада айтылуын түсіндіру; балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу; балалардың сөздік қорын молайту, т.б. меңгерту.мектепке дейінгі балаларды ана тілінің жоғарғы сөйлеу мәдениетін игеруге (орфоэпия, грамматика, лексика, стилистика, нормаларын) тәрбиелеу. Сөздік қорын арнайы сөздіктер арқылы молайту жолдарын меңгерту және арнайы жаттығулар жүргізу барысында істелетін жұмыстарды дұрыс ұйымдастыруға үйрету. Жаңа сөз үйрету, сөз тудыру мен сөз тұрлендіру процесінде грамматикалық қателіктерді тұзеп грамматикалық мағыналарын түсіндіру. Мектепке дейінгі балаларды таза, дұрыс сөйлеуге үйрету,сөздегі дыбыстарды толық, анық айту, сөз интонациясының жекелеген элементтерін (дауыстың күштілігі, тоны жоғарылығы, қарқыны, ырғағы, тембрін) қалыптастыру. Студенттерге төрт-бес жастағы балалардың дыбыстық құрамды меңгеруге қажетті дағдыларын қалыптастыруын қадағалауды т.б. үйрету.

Пәннің негізгі міндеті:

- Тіл дамыту әдістемесі жайында түбегейлі білім беру;

- Тілдің грамматикалық құрылымы тұтас жүйе екендігін таныту;

- Пән бойынша тапсырмалар орындау және тапсыру кестелеріндегі белгіленген кестелеріндегі белгіленген мерзімде өткізу.

Пәннің мазмұны:

Студент курс аяқталған соң бес жастағы балаларды грамматикаға үйрету әдістемесі жайында түбегейлі біліммен қарулануы қажет.

2. Орфоэпияны оқыту.

Орфоэпия грек тілінде «огfоc» - дұрыс, «eроэ» - сөз. Сөзді дұрыс айта білу деген сөз.

Қазақ тілінің орфоэпиялық нормасы бойынша сөздердің аралығында қатар келген екі дауысты дыбыстың алғашқысы сөйлеуде түсіріліп айтылады. Мысалы: торы ала ат, бара алмады, келе алмады деген тізбектер торалат, баралмады, келе алмады түрінде айтылады. Орфоэпияны қарастырғанда оның негізгі мәселесі екпінмен ұштасады. Екпін орфоэпиялық категория. Екпіні тұрақты тілдерде екпін сөздер мен сөз тіркестерінің айтылуына әсер етеді. Мысалы: Сарыарқа деген сөздің Сарарқа болып айтылады, бұл сөздің бірінші сыңарының дербес екпіннен айырылып қалып, соңғы сыңармен екпін жағынан бір топ болып айтылуына байланысты болады. Сондай-ақ, торы ала ат сөзі таралат болып ықшамдалуы, оның сарынының әрқайсысының дербес екпінге ие болу қажетінен айырылып, бір екпінге бағынып айтылуымен байланысты болады. Әдеби тілдің орфоэпиялық нормаларын қалыптастыруда мектеп, радио, телевизор, театр және киноның атқаратын ролі айрықша күшті. Сондықтан да орфоэпиялық қағидаларды үйренуде ірі және көрнекті дикторлардың сөздерін жиі тыңдау қажет.

Мектеп жасына дейінгі балалар тілінің дамуын зерттеген ғалымдардың пікірлерінше, олардың сөздік қоры мына түрде: екі жастағы балалардың сөздік қоры-500 сөзден астам, үш жастағы балалардың сөздік қоры шамамен-1200 , төрт жастағылардың сөздік қоры-1900 , алты- жеті жастағылардың сөздік қоры 2500-3500 сөз мөлшерінде болады екен.

Ұзақ жылдар арнайы жүргізілген зерттеу нәтижелері балалардың сөз меңгеруі отбасында, балабақшада жүргізілетін тәрбие жұмыстарына, ата аналар мен тәрбиеші педагогтардың бұл аса маңызды мәселеге көңіл бөліп, баланың сөйлеу тілін дамыту, айналадағы өмір құбылысын ұғындыру, олармен сөйлесе отырып, пікірлесе білуге жетелеу, бала қызыққан сұрақтарға дұрыс жауап беріп отыру жұмыстарына байланысты екенін көрсету. Ал, тәрбиеші басшылыққа алатын білім мазмұны бағдарламада нақты көрсетілген. Сондықтен жас ерекшеліктеріне қарай жұпталғае әр топта өтілген сабақтардыцң алдына қоятын мақсатын, бағдарламалық білім мазмұнын тәрбиеші жете білуге тиіс. Бұл жөнінде бағдарламада: тілді барлық жағынан дамыту керек: сөздің ана тілі нормасына сәйкес айтылуын, бағдарламаға сай болуын, бейнелілігін қамтамасыз етуі керек делінген.

Тәрбиеші балалардың жан жақты дамуы үшін барлық қажетті бағдарламаларды шараларды пайдаланып, балабақшаның қызметін балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының орындалуына бағыттап, білім беру сапасын арттыруға міндетті.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын байыту, дүниетанымын, ой өрісін кеңейтіп, адамгершілікке баулу ісінде көркем әдебиеттің алатын арны ерекше.

Ертегі, шағын әңгіме , өлең, мақал мәтел жұмбақ, сияқты балаларға лайықты көркем сөз жанрларының ежелден ақ тәрбие ісінде зор көмекші екені белгілі. Балабақшада тәрбиеленген, әлі мектеп жасыеа жетпеген балалар ата аналарынан, әже аталарынан естіген халық ауыз әдебиеті нұсқаларынн нәр алып өсетіні белгілі. Мұндай шығармаларды сәбилер қызыға тыңдайды, жылдам жаттап алады.мысалы: «торғай», «Бақа бақа, балпақ», «Санамақ», т.б. сияқты халық өлеңдері ойнақы тілімен, қайталама сөзімен, музыкалық үнімен бөбектерді баурап, сөз өнеріне брулиды.

Сол себепті де «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу» бағдарламасында 5 жасқа дейінгі балаларға әдеби шығармаларды оқу, тіл дамыту жұмысы үшін арнайы білім берілді.

Көркем шығармаларды тыңдауға бала сәби кезінен ақ құмартып қызығадыц. Қысқа ертегі, өлең оқып берсе тез жаттап алады. Жаттау аоқылы оның тілі жетіледі. Әдеби кейіпкерлердің жақсы ісіне сүйсінеді. Жаманнан жиренеді, бойын қорқыныш билейді. Балаларда жақсы және жаман іс әрекет жөнінде түсінік пайда болады. Сөйлеу тілі жетіле түседі. Ал, тілінің дамуы баланың бойында қабылдай, ести білу сияқты психологиялық процестердің бірте бірте қалыптасуына негіз болады.

ІІ Тест:

1.А

2.С

3.А

4.В

5.С

6.А

7.С

8.С

9.А

10.С

ІІІ Талдау:

Фонетикалық талдау жасаңыз: Айттым сәлем, қаламқас.

А-дауысты, жуан, ашық, езулік.

Й-дауыссыз, үнді(ауыз жолды), тіл ортасығ, ызың.

Т-дауыссыз, қатаң, тіл алды, шұғыл.

Ы-дауысты, жуан, езулік, қысаң.

М-дауыссыз, үнді(мұрын жолды), шұғыл, еріндік.

С-дауыссыз, қатаң, тіл алды, ызың.

Ә-дауысты, жіңішке, езулік, ашық.

Л-дауыссыз, үнді(ауыз жолды), тіл алды, ызың.

Е-дауысты, жіңішке, езулік, ашық.

М-дауыссыз, үнді(мұрын жолды), еріндік, шұғыл.

Қ-дауыссыз, қатаң, тіл алды, шұғыл.

2 билет

І Сұрақтар:

1. Тіл дамыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері.

Пәнді оқытудың мақсаты:

Студенттерге теориялық білім беріп, сол теориялық түсінікті пайдаланып тіл дамыту әдістемесі ерекшеліктерін талдаулар жасау арқылы еркін пайымдай алатындай дәрежеде білім беру.

Пәнді оқыту міндеттері:

– Тіл дамыту әдістемесі пәнін игеру барысында студент бала тәрбиесінің күрделілігі мен маңызын жете түсініп, ұстаздың этикет пен мәдениет деңгейінің жоғары болуын үнемі назарда ұстауы тиіс.

– Тіл дамыту әдістемесі пәнінің тарихын терең меңгеріп, оның өкілдерінің шығармаларымен толық танысу.

– Пәнді ұйымдастыру кезінде оқушылардың жас ерекшелігіне айрықша көңіл бөлуді студенттерге ескерте отырып, игерту.

– Студенттердің, болашақ маман иелерінің өздері оқытатын оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін үнемі назарларында ұстауға, балалармен қарым-қатынасты үйлестіре білуді үйрету.

– Болашақ тәрбиеші мұғалімдерге балаларды тіл дамытуға үйретуді яғни, балаларды ( дыбысты) фонематикалық естуі мен қабылдауын қалыптастыру жолдарын саралап көрсету;

– Балалардың ой-өрісін кеңейту үшін сөздердің мағыналарын салыстыру, ажырату тәсілдеріне тоқталу;

– Грамматика салаларының өзара байланыстарын көрсету;

– Балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеуді үйрету;

– Балалардың сөздік қорын арнайы сөздіктер арқылы молайту жолдарын меңгерту және арнайы жаттығулар барысында істелетін жұмыстарды дұрыс ұйымдастыруға үйрету.

–Мектепке дейінгі даярлық тобындағы балалардың дыбыстық құрамды меңгеруге қажетті дағдыларын қалыптастыруын қадағалауды т.б. үйрету.

2. Байланыстырып сөйлеу әдістемесі.

Мектепке дейінгі балаларды байланыстырып  сөйлеуге үйретуде балаларға сөз бен сөз тіркесін білу жеткіліксіз. Олай дейтініміз, баланың өз ойын байланыстырып жазу әрекеті жеке сөз бен сөйлемдерден тұрмайды, ол бір-бірімен логикалық және грамматикалық байланысқа түскен сөйлемдер бірлігі болып табылатын тұтас мәтіннен тұрады.

Байланыстырып сөйлеуге үйретудің педагогикалық ұстанымдары мен тәрбиелік маңызы Оқыту белгілі бір ұстанымдарға негізделетіні белгілі. Баланы жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретуде теориялық білім беру ұстанымын басшылыққа ала отырып,  тұтас бір ойды білдіретін сөйлемдерді байланыстыру жолдарын теориялық мәліметтерге сүйеніп орындау көзделеді. Мәтіннің сөйлемнен айырмашылығы, оның бөліктерге жіктелуі, негізгі ой мен тақырып байланысы, мәтіндегі сөйлемдер байланысы т.б. теориялық білім беру мәтін құрастыру үрдісіндегі ерекше кезең болып табылады. Мәтінді мағыналық, құрылымдық жағынан теориялық талдау тілдік ерекшеліктерді танып білуге септеседі, мәтіннің ақпараттық бағытын түсінуге, мәтіндегі тұтастықты қамтамасыз ететін элементтердің арасындағы байланысты саналы түрде ұғынуға мүмкіндік ашады. Мектепке дейінгі балаларды  байланыстырып сөйлеуге үйретудің мазмұны мен көлемі Әдістемелік еңбектерде (А.Қыдыршаев, Н.Ж.Құрманова, Т.М.Әбдікәрім, Т.А.Ладыженская, Г.С.Щеголева т.б.) баланың мәтінді құрастыру білігін оның тілдік қатысымдық білігін қалыптастыру құралы ретінде қарастырады.  Әдіскер-ғалымдар тілдік білік қалыптасу үшін мынадай кезеңдерді бөліп көрсетеді: -    дайындық кезеңі;  -    біліктің қалыптасу кезеңі;  -    оны практикада қолдану кезеңі;  -    қалыптасқан білікті басқа оқу материалын оқу кезінде қолдану кезеңі.

ІІ Тест:

1.В

2.А

3.А

4.В

5.А

6.А

7.С

8.В

9.В

10.А

ІІІ Талдау:

Фонетикалық талдау жасаңыз: Төменгі алқапта жатқан көп үйлі қалың ауыл ояна бастапты.

Т-дауыссыз, қатаң, тіл алды, шұғыл.

Ө-дауысты, жіңішке, еріндік, ашық.

М-дауыссыз, үнді(мұрын жолды), шұғыл, еріндік.

Е-дауысты, жіңішке, езулік, ашық.

Н-дауыссыз, үнді(мұрын жолды), тіл алды, шұғыл.

Г-дауыссыз, ұяң, тіл ортасы, шұғыл

І-дауысты, жіңішке, езулік, қысаң.

А- дауысты, жуан, ашық, езулік.

Л- дауыссыз, үнді(ауыз жолды), тіл алды, ызың.

Қ-дауыссыз, қатаң, тіл алды, шұғыл.

А- дауысты, жуан, ашық, езулік.

П-дауыссыз, қатаң, еріндік, шұғыл.

Т- дауыссыз, қатаң, тіл алды, шұғыл.

А- дауысты, жуан, ашық, езулік.

Ж-дауыссыз, ұяң, тіл(тіл алды), шұғыл.

А- дауысты, жуан, ашық, езулік.

Т- дауыссыз, қатаң, тіл алды, шұғыл.

Қ-дауыссыз, қатаң, тіл алды, шұғыл.

А- дауысты, жуан, ашық, езулік.

Н-дауыссыз, үнді(мұрын жолды), тіл алды, шұғыл.

К-дауыссыз, қатаң, тіл(тіл ортасы), шұғыл.

Ө-дауысты, жіңішке, еріндік, ашық.

П-дауыссыз, қатаң, еріндік, шұғыл.

Ү-дауысты, жіңішке, еріндік, қысаң.

Й-дауыссыз, үнді(ауыз жолды), тіл ортасы, ызың.

Л-дауыссыз, үнді(ауыз жолды), тіл алды, ызың.

І-дауысты, жіңішке, езулік, қысаң.

Қ-дауыссыз, қатаң, тіл алды, шұғыл.

А- дауысты, жуан, ашық, езулік.

Л-дауыссыз, үнді(ауыз жолды), тіл алды, ызың.

Ы-дауысты, жуан, езулік, қысаң.

Ң-дауыссыз, үнді(мұрын жолды), тіл (тіл арты), шұғыл.

А- дауысты, жуан, ашық, езулік.

У-дауыссыз, үнді(ауыз жолды), еріндік.

Ы-дауысты, жуан, езулік, қысаң.

Л-дауыссыз, үнді(ауыз жолды), тіл алды, ызың.

О-дауысты, жуан, еріндік, ашық.

Я=Й-дауыссыз, үнді(ауыз жолды), тіл (тіл ортасы), ызың.

Я—А- дауысты, жуан, ашық, езулік.

А- дауысты, жуан, ашық, езулік.

Б-дауыссыз, ұяң, еріндік, шұғыл.

А-дауысты, жуан, ашық, езулік.

С-дауыссыз, қатаң, тіл(тіл алды), ызың.

Т- дауыссыз, қатаң, тіл алды, шұғыл.

А- дауысты, жуан, ашық, езулік.

П- П-дауыссыз, қатаң, еріндік, шұғыл.

Т- дауыссыз, қатаң, тіл алды, шұғыл.

Ы- дауысты, жуан, езулік, қысаң.

3 билет

І Сұрақтар: