- •Дифференцировка туралы түсініктеме беріңіз?
- •Клеткалар мен ұлпалардың мамандану ерекшеліктерін сипаттаңыз?
- •Пролиферацияға түсініктеме беріңіз?
- •Дифференцировканың негізгі ерекшеліктерін атаңыз?
- •Клетка циклінің фазаларын атаңыз?
- •25. Морфогенез бен дифференцировка айырмашылығын табыңыз?
- •54.Гендер экспрессиясының дифференциациядағы рөлін түсіндіріңіз?
- •57.Дифференцияланған клеткалардағы метаболизміндегі өзгерістерді түсіндіріңіз?
54.Гендер экспрессиясының дифференциациядағы рөлін түсіндіріңіз?
Клеткалардың құрылысы мен қызметі гендердің активтілігіне байланысты.Организмдегі клеткалардың құрылымы мен атқаратын қызметінің өзгеруіне себепші болатын әртүрлі гендердің экспрессиясы,яғни клеткалардың мамандануы әртүрлі гендердің әрекетіне байланысты.Организмнің барлық клеткаларында гендер бірдей болса да,олардың бәрі де бір мезгілде әрекеттенбейді.Әдетте гендердің азғантайы ғана активті болады.(5%)Активті гендердің қатарына биологиялық түр ерекшеліктерін белгілейтін және клеткалық метаболизмді іске асырушы гендер кіреді. 1976 ж. Дэвидсон (Davidson), клетканың дифференцировкасы ұрықтың дамуы кезіндегі әртүрлі клеткалық линияларда гендердің дифференциальды экспрессиялануы нәтижесінде жүретінін анықтаған болатын. Бактерияларда гендердің экспрессиясы регуляторлы механизм арқылы жүріп отырады,яғни матрицалық мРНК-ның синтезі арқылы. Ал эукариоттардағы гендер регуляциясы біршама күрделірек. Регуляция транскрипция, процессинг деңгейінде өтеді.
55.Пролиферация мен дифференциация кезіндегі клеткадағы морфологиялық процестердің және айырмашылығын түсіндіріңіз? Пролиферация ол ұлпа зақымданған жерге бірден жара ретінде бітіп келетканың үздіксіз бөлінуі жүреді, ал дифференцировка ол клетка сол зақым жерге арнайы бағаналы клеткамен керек жерге клетка түзеді және бұзылған процессті орнына келтіреді.Пролиферация қабынуға қатысатын әсіресе макрофагтар мен лимфоциттердің, жергілікті тін жасушаларының өсіп-өнуі. пролиферацияны дамытатын бірнеше медиаторлар белгілі, пролиферация үрдісі белгілі бір мөлшерде болуы қажет. Оның тым артық болуы ағзаның сыртқы пішінін өзгертетін және қызметін бүзатын артық тыртық тіннің өсіп-өніп кетуіне әкеледі. Бұл әсіресе жүрек қақпақшаларының, ми қабықтарының қабынуы кезінде өте қауіпті. Сондықтан қабыну ошағында дәнекер тіні же.сушаларының өсіп-өнуі белгілі мөлшерде шектеліп тұруы қажет. Сайын келгенде, тіннің кішігірім бүлінулерінде, жарақаттануында асқынбай бітетін қабыну үрдісі толық қалпына келумен аяқталады. Тым көп жасушалар тіршілігін жоғалтқанда ақау дәнекер тінге ауысып артынан тыртық пайда болады. Дифференцировка процесі кезінде маманданбаған клетка маманданған клеткаға айналады. Мысалы, моноцит дамып макрофагқа айналады, промиобласт дамып миобластқа айналады ол синцитийді түзеді, бұлшық етті қалыптастырады. Бөліну, дифференцировка және морфогенез— негізгі процесстер, олар арқылы бір клетка (зигота) көп клеткалы организмге дамиды.
Дифференцировка клетканың функцияларын, көлемін, пішінің және метаболиттік белсенділігін өзгертеді. Клеткалардың дифференцировкасы тек эмбриональды дамуда ғана емес, сонымен қатар ересек организмде де болады (қантүзілу, сперматогенез, зақымданған ұлпалардың регенерациясы кезінде).
56.Сүтқоректілердің дифференциациясының ерекшеліктерін түсіндіріңіз? Дифференциация ‐дамып келе жатқан организмнің құрылыстық, биохимиялық өзгерісі. Оның нəтижесінде клетка, ұлпа, мүше жəне организм бір түрліден көп түрліге айналады. Сонымен, дифференциация – жаңа ферменттік жүйенің, ерекше белоктардың, мембраналардың жаңа қасиеттерінің түзілуі жəне физикалық, химиялық өзгерістері, жаңа ішкі ортаның түзілуі. Эмбрион дамуы кезінде ең алғашқы дифференцировка бластоцистаның қалыптасу кезеңінде жүреді, яғни, бір тұтас морула клеткасының екі клетка типіне айналуы: ішкі эмбриобласт және сыртқы трофобласт. Трофобласт эмбрионның имплантациясына қатысады және хорионның эктодермасына бастау береді. Эмбрионның дамуна байланысты клеткалар одан сайын мамандана береді (мультипотентті, унипотентті), толық маманданбағанша. Адам организмінде 220 түрлі клеткалар бар. Ересек организмінде клеткалардың көп емес бөлігі мультипотентілікті сақтайды. Олар қан клеткаларының, терінің және т.б. табиғи жаңару процессінде қолданылады. Олар негізгі екі функцияларға ие, олар жаңару қабілетті және дифференцировка қабілетті , осыған байланысты оларды ересек бағаналы клеткалар деп аталады.
