Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИФ-КА СУРАК ЖАУАП.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
358 Кб
Скачать
☆

25. Морфогенез бен дифференцировка айырмашылығын табыңыз?

Морфогенез (гр: morphe-пішін,түр және генез)-организмнің жауарлар түрлеріне , туысына,отрядына,класына,типіне байланысты дене бітімі мен пішінінің қалыптасу процесі.Пішін қалыптастыру принципін биологияның үлкен саласы морфофизиология зерттейді. Морфогенез прогенезден бастап көптеген процестермен байланысты. Жыныс аналық клеткалардың поляризациясы, ұрықтандырудан кейінгі ооплазмалық сегрегация,гаструляция кезінде клеткалық массаның қозғалысы,дененің пропорциялық өзгеруі -бұл көрсетілген проц-ң барлығы морфогенез үшін үлкен рөл атқарады. Морф. кезінде негізгі рөлді кл-ң миграциясы атқарады. Онтогенез-организмнің жеке дамуы.Онтогенезде морфофизиологиялық, биохимиялық және цитогенетикалық белгі-ң дамуы жүреді. Онтогенез 2 процесті көрсетеді: морфогенез және репродукция.Онтогенез барысында дамып келе жатқан орг-ң жеке мүшелері,өсіп,жіктеледі және бірігеді. Эмбриональді морфогенез тұқым генотипінің әсерлесу кезінде бөліну, дифф-ка, клеткалардың өлуі және миграция процестерімен байланысты. Эмбриогенез-ұрықтанғаннан бастап жұмыртқадан жарыққа шыққанға дейінгі даму мерзімі. Филогенез- организмдер топтарының тарихи тұрғыдан қалыптасуы. Морфогенез ерекшеліктерін зерттеу орг-ң биологиялық дамуының биогенетикалық заңдылықтарын тереңірек білуге мүмкіндік береді. Дифференцировка -клеткалардың мамандану процесі. Нәтижесінде клеткалардың химиялық,морфологиялық және функциялық ерекшеліктерге ие болады. Бір клеткалық цикл барысында жүзеге асатын өзгерістер. Мыс: берілген клеткалық цикл типіне тән негізгі функциялық белоктардың синтезінің басталу кезінде болатын өзгерістер.Мыс: ретінде адамның терісі эпидермисінің дифф-сы, клетка базальді қабаттан басқа беттік қабаттарға ауысады, клеткада жылтыр қабат элеидинге айналатын кератогиалин жинақталады. Клеткалардың формалары клеткалық мембрананың құрылысы мен органоидтар жиынтығы дифф-у барысында өзгереді. Тек бір клетка емес,ұқсас клеткалардың тобы дифф-ды. Адам орг-де 220түрлі клеткалар болғандыұтан көптеген мысалдар келтіруге болады. Фибробластар коллагенді синтездейді.Миобластар-миозинді асқорыту жүйесінің эпителий клеткалары-пепсин мен трипсин синтездейді.

26 Морфогенездің ерекшеліктерін табыңыз? Морфогенез (гр: morphe-пішін,түр және генез)-организмнің жауарлар түрлеріне , туысына,отрядына,класына,типіне байланысты дене бітімі мен пішінінің қалыптасу процесі.Пішін қалыптастыру принципін биологияның үлкен саласы морфофизиология зерттейді. Морфогенез прогенезден бастап көптеген процестермен байланысты. Жыныс аналық клеткалардың поляризациясы, ұрықтандырудан кейінгі ооплазмалық сегрегация,гаструляция кезінде клеткалық массаның қозғалысы,дененің пропорциялық өзгеруі -бұл көрсетілген проц-ң барлығы морфогенез үшін үлкен рөл атқарады. Морф. кезінде негізгі рөлді кл-ң миграциясы атқарады. Онтогенез-организмнің жеке дамуы.Онтогенезде морфофизиологиялық, биохимиялық және цитогенетикалық белгі-ң дамуы жүреді. Онтогенез 2 процесті көрсетеді: морфогенез және репродукция.Онтогенез барысында дамып келе жатқан орг-ң жеке мүшелері,өсіп,жіктеледі және бірігеді. Эмбриональді морфогенез тұқым генотипінің әсерлесу кезінде бөліну, дифф-ка, клеткалардың өлуі және миграция процестерімен байланысты. Эмбриогенез-ұрықтанғаннан бастап жұмыртқадан жарыққа шыққанға дейінгі даму мерзімі. Филогенез- организмдер топтарының тарихи тұрғыдан қалыптасуы. Морфогенез ерекшеліктерін зерттеу орг-ң биологиялық дамуының биогенетикалық заңдылықтарын тереңірек білуге мүмкіндік береді.

27. Өкпе ұлпасының морфологиялық тұрғыдан эволюция процесіндегі дамуын түсіндіріңіз? Өкпе – адам мен жануарлардың тыныс алу органы. Пішіні жартылай конус тәрізді, оның төменгі жағы негізі ойыстау біткен, кеуде қуысын іш қуысынан бөліп тұратын көк етке кіріп жатады. Жоғарғы жағы сүйір, бұғана сүйегінен 2 – 3 см-дей шығып, мойынның төменгі бөлігіне еніп жатады. Сыртында сірлі қабық – өкпеқап болады. Өкпеге ауатамырлары , өкпе артериясы келеді де, одан екі өкпе венасы шығады. Сол жақ өкпе екі бөліктен, ал оң жақ өкпе үш бөліктен тұрады. Плеврит — плевра қуысында сұйықтықтың жиналуы. Плевра — көкіректің ішкі бетін астарлап жататын сірі қабық. Плевриттің пайда болуына өкпе қабынуының және лимфа бездерінің асқынуы, ревматизм, әр түрлі ісік және аллергиялық аурулар немесе көкірек қуысының жарақаттары әсер етеді. Тыныс алу жүйесі - ағза мен сыртқы ортаның газ алмасу процесін қамтамасыз ететін тыныс алу жолдарының жиынтығы. Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді. Амфибиялардың респираторлық эпителиі бірыңғай полифункциональды пневмоциттермен көрсетілген, яғни тыныс алуға аэрогематикалық системамен қамтамасыз етіп отырады.Аэрогематикалық мембрана қалың қабат болып табылады. Рептилиялардың өкпесі екі торлы популяциялық болып бөлінеді.Олар: I типті пневмоцит және II типті пневмоцит. Бірінші пневмоцит аэрогематикалық мембрананың түзілуіне қатысады және оттегінің алмасуына қатысады. Ал екінші типті пневмоциттер осмиофильдік пластикалық құрылымымен бай болып саналады. Ал құстардың өкпесіне келетін болсақ, бұларда газ алмасу басқаларына қарағанда жоғары.Құстарда аэромембраналық мембрана тым жұқа, бірақ газдың диффузиясын жеңілдетіп отырады. Респираторлық бөлім күрделі болып келеді ол сүтқоректілерде. Олардың структуралық-функциональдық қайта құрылымында көрсетіледі.Құрамында екі жоғары типті пневмоциттер кіреді.Сүтқоректілердің аэрогематикалық мембранасы амфибиялар мен рептилиялармен салыстырғанда жұқа болып келеді.

28. Дифференцировканың генетикалық зерттелуі жайлы түсініктеме беріңіз? Генетика сәйкес келетін генотиптерді құрастыра білу мүмкіншілігінің арқасында онтогенездің тұқымқуалаушылық детерминациясын зерттеу барысында өзінің ұсыныстарын көрсетті. Оларға:1. Тізбекті геннің молекулярлық мазмұнда әсері,биосинтез ДНҚ-РНҚ-белок мутантты белгілер,олардың диф-ң бастамасы,уақыты және пайда болуы,мазмұны.2. Мутантты аллель-ң әсері және генотиптегі жабайы гендер типі. 3. Морфогенез және ұлпа-ң дифф-я процесі кезінде соматикалық жасушалардың рекомбинацмясы мен мутациясы. 4. Финокопияның пайда болуы. 5. Бөлек гибридтердің дамуы. 6.Біржұмыртқалы егіздерде белгілердің пайда болуы.7.Гетеро және гомопластикалық ұлпалардың қайта отырғызу кезінде генотиптердің әртүрлілігі және ұқсастық әсері.8.Белгілердің дамуына плазмон мен геномның әсері. 9. Сыртқы ортаның әртүрлі жағдайда генетикалық реакция нормасының пайда болуы.10.Генотипикалық жағынан бөлінуші орг-ң иммунологиялық реакциясы. Цитодифференцировка процесінің негізінде гендік экспрессияның реттелуі жатыр деп саналады . Осы реттелудің нәтижесінде клеткалық белоктардың құрамы өзгереді . Мұндай бөлек полипептидтердің және олардың топтарының құрамынының пайда болуы, жойылуы, үлкеюін қосатын мұндай өзгерістердің алуантүрлілігі гендік экспрессияның реттелуінің актілерінің алуантүрлілігімен сипатталады .Бұларды мынадай етіп систематикалауға болады . Онтогенездің генетикалық зерттеуінің негізгі кезеңі белгілерінің дамуында болып табылады.

29. Гемопоэтикалық бағана клеткаларына түсініктеме беріңіз? Қан жасаушы (гемопоэтикалық) бағаналы клеткалар – оттек тасымалын, бөгде агенттерден қорғайтын, қанның ұюын анықтайтын, иммундық жауапты және т.б. қамтамасыз ететін қан клеткаларының алуантүрлілігін құрайды. ГБК ересек организмнің сүйегінің қызыл кемігінде болады. Ең алғаш осыдан 30жыл бұрын ГБК-ды тышқан сүйегінің қызыл кемігінен алған. Көп уақытқа дейін ГБК-дың диф-сы тек қана қан клеткаларында жүреді деп ойлаған. Бірақ мультипотентті ГБК зерттеу 1жылдан кейін іске аырылды. Нәтижесінде трансплантациясы қанның ГБК-дың диф-сын туғызуы мүмкін. 1978жылы ұрықжолдас қанының  құрамында гемопоэтикалық бағаналы  жасушалардың бар екені анықталды. Гемопоэтикалық бағаналық  жасушалардың сүйек миының қалыпты  қызметін қалпына келтірудегі рөлін  алғаш рет 40 жылдай бұрын Тилл мен  Мак Кулох дәлелдеді. 1998жылы  Вискон университетінің  профессоры Джеймс Томсон және  оның шәкірттері ең алғашқы  болып адамның эмбриондық бағаналы  жасушаларын бөлді. 1999 жылы Science журналы эмбриондық бағаналы жасушалардың ашылуын биологиядағы ең ғажайып жаңалықтардың бірі деп жариялаған. Бағаналы жасушаларды қолданудағы қойылатын талаптар: -Бағаналы жасушалардың саны қол жетімді мөлшерде болу қажет; -Бағаналы жасушалардың дифференциациясы бағытты түрде жүруі қажет; -Бағаналы жасушалар реципиент ағзада өмір сүре алуы қажет; -Трансплантациялаудан кейін бағаналы жасушалар реципиент жасушада мамандана алу қажет; -Трансплантация кезінде реципиент жасушаға ешқандай зақым келмеуі тиіс.

30. Дифференцировка және пролиферация процесін түсіндіріңіз? Дифференцировка – клетканың мамандануы процесі, нәтижесінде клетка химиялық, морфологиялық және функционалдық ерекшеліктерге ие болады. Бір клеткалық цикл барысында жүзеге асатын өзгерістер, мысалы, берілген клеткалық цикл типіне тән негізгі функциональдық белоктардың синтезінің басталуы кезінде болатын өзгерістер. Мысал ретінде адамның терісі эпидермисінің дифференцировкасы, клетка базальды қабаттан басқа беттік қабаттарға ауысады, клеткаларда жылтыр қабат элеидинге айналатын кератогиалин жинақталады, содан кейін мүйізді қабатта – кератин жинақталады. Клеткалардың формалары, клеткалық мембраналардың құрылысы мен органоидтар жиынтығы дифферециациялану барысында өзгереді. Тек бір клетка емес, ұқсас клеткалардың тобы дифференциацияланады. Адам организмде 220 түрлі клеткалар болатындықтан көптеген мысалдар келтіруге болады. Фибробласттар коллагенді синтездейді, миобласттар – миозинді, асқорыту жүйесінің эпителий клеткалары – пепсин мен трипсин синтездейді. Клеткалардың атқаратын қызметіне байланысты физиологиялық және құрылымдық айырмашылықтардың пайда болуын дифференциялану процесі деп атайды. Дифференцировка барысында жеке ұлпалардың өзіне тән сипатқа ие болуын гистогенез деп атайды. Клеткалардың дифференцировкасы, гистогенез және органогенез бірлестікте түзілетін процестер, ұрықтың белгілі бір аймақтарында белгілі бір уақытта іске асады. Бұл өте маңызды, себебі, эмбриональды дамудың үйлестірілуін және бірігуін анықтайды. В.Вейсман тек жыныс клеткалары линиялары ғана өзінің геномының толық ақпаратын ұрпақтарына беріп отырады, ал соматикалық клеткалар зиготадан және бір-бірінен тұқымқуалайтын ақпараттың саны бойынша ерекшеленеді, сондықтан әртүрлі бағытта дифференциацияланады деген гипотеза ұсынған.

31. Ұлпалардың регенерациясы мен гистогенезін анықтаңыз? 1989ж Халықаралық парадантологиялық конгресте «ұлпалардың бағытталған регенерациясы» терминін жеке ұлпаларды ажырату арқылы регенерацияға жету операциясын айтады. Бір уақытта айтылған НРТ әлден клиникалық әдістері негізделген, ол жаңа дәнекер тіннің байланысын түзуі нәтижелі, ең бастысы, І және ІІ класс ақауларының фуркациясының қосылуымен. Ұлпалардың бағытталған регенерациясында негізгі принцип болып әр түрлі популяциялық клеткаларды қосу мақсатында клеткалық фильтрді қолданып сүйектік пародонтальдық дефекті толтыруға негізделген. Резобиялану белгілеріне байланысты мембраналар екі негізгі классқа бөлінеді.Мембраналарының қасиетіне байланысты бұл мембраналар сіңірілетін және сіңірілмейтін деп екіге бөлінеді. Бұл көрсетілген клиникалық жағдайда 26шы тіс аймағындағы сүйек дефектісін жабу үшін Bio-Gide мембранасы туралы айтылады. Екінші топ әдісінде – бұл кірісу, мукогингивальді жағдайларды шешу үшін бағытталған, олар ауыз қуыс кіреберісінің дұрыс түзілмеуінен дамиды, пародонт жағдайына қатерлі әсері бар: Өткізгіш Ұлпалар өсімдік денесінде суды, минералдық, органик. заттарды тасымалдау және органдарды біртұтас жүйеге біріктіру қызметін атқарып, өсімдіктерде түтікті талшықты шоқтарға жинақталады. Сондай-ақ жасушалар жиынтығынан (шірнеліктер, безді талшықтар) немесе дара жасушадан (идиобластар) тұратын секреттік Ұлпалар болады. Ұлпаның сапалық өзгешеліктері жасушадағы гендердің ерекше ырықтылығына негізделген. Ұлпа құрамындағы кез келген жасуша оның геномында тұтас организмнің дамуы жөніндегі ақпарат болатындықтан, бүтін органның немесе организмнің бастамасы бола алады. Бірақ бұл қасиеттің жүзеге асуы фитогормондардың, метаболиттердің және олардың физикалық, химикалық жағдайларының өзара үйлесімдігіне тығыз байланысты. Ұлпаның даму жолдарын зерттеуде жасушаларды іn vіtro жағдайында өсіру арқылы жүргізу ядродағы генетик. бағдарламаны толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ұлпаның пайда болып, дамуын гистогенез, ал бұл процестерді тереңдетіп зерттейтін ілімді — гистология деп атайды.

32. Өкпе эпителийі құрамындағы клеткалардың дифференцировкасын түсіндіріңіз? Нәрестенің өкпесінде интерстиций жақсы дамыған, онда лимфа тамырлары мол болады. Бронх тармақтарының дифференцировкасы 7 жаста қарай аяқталады. Бронхтардың өсуі 20 жасқа дейін жүреді, әсіресе жыныстық есею кезеңінде қарқынды болады. Бронхтарда және бронхиолаларда аргирофильді эластикалық талшықтар мен бұлшық ет элементтері нашар дамыған.Бұл жағдай альвеоланың нәрестелерде тез қабысуына әкеледі. Нәресте өмірінің бірінші айында эластикалық талшықтар альвеола аймағында пайда болады. 5 жастағы баланың өкпесінде эластикалық компонент альвеола арасында жетілген, бірақ тіпті 12 жасар балада да ол әлі жеткіліксіз. Өкпенің эластикалық каркасы 18-20 жаста жетіледі. Өкпенің салмағы мен көлемі де туғаннан кейін тез арта бастайды. 8 жасқа дейін ол 8 есе, 20 жасқа дейін 20 есе өседі. Нәрестеде ацинустардың саны аз болады. Бір жасқа дейін ацинустардың өсуі жаңа альвеолалардың, жаңа альвеолярлық жолдардың түзілуі арқылы жүреді. Жаңа альвеолярлық жолдардың құралуы 7-9 жаста аяқталады, жаңа альвеола капшықтарының түзілуі 12-15 жаста тоқтайды. Аэрогематикалық тосқауылдың құрылымдарының дифференцировкасы 9 жасқа қарай аяқталады. 

33. Эпителий құрамындағы клеткаларының дифференцировкасын түсіндіріңіз?. Эмбриогенезде безді эпителий жабынды эпителийдің туындысы болып табылады. Алғашында ол төменде жатқан ұлпаға батып тұратын жасушалық шоғыр түрінде болады. Содан соң қабат өседі және әртүрлі бағытта дифференцацияланады. Кейбір кабаттар эпителийдің бастапқы затымен байланысты болып қалады. Жабынды эпителийдің инвагинациясы болып табылатын (сөлді бөлімімен бірге) шығару ағымына байланысты. Олардан бөлінетін өнімдер ағын арқылы ішкі ортаға шығарылады. Бездің мұндай түрін экзокринді деп атайды. Баска қабаттар эмбриогенездің ерте кезеңінің өзінде эпителийдің бастапқы затынан бөлініп кетеді және өздері бөлгеи сөл синтезделінетін қан тамырларымен тығыз байланыска түседі. Мұндай бсздерді эндокринді деп атайды Барлық безді жасушаларға өздерінің өндіретін сөлінің құрамына байланысты эндоплазмалық тордың (егер сөлдің табиғаты ақуызды болса, онда түйіршікті, ал егер белок, көмірсу және стероидтар болса, онда түйіршіксіз), Гольджи аппартының, митохондрияның гипертрофиясы тән (күшейтілген даму). Грандулоциттердің цитоплазмасында әсіресе цитоплазманың апикальды бөлімінде эдетте түйіршіктер немесе сөлдің тамшылары жақсы ажыратылады. Әдетте олар Гольджи аппаратының ішінде шоғырланады. Органеллалардың даму деңгейі және безді жасушалардағы сөлдің мөлшері сөл бөліну циклының фазына тәуелді периодты түрде өзгеріп отырады

34. Сурфактант жүйесіне түсініктеме беріңіз?Сурфактант  — өкпе көпіршіктерінің ішкі бетін сынап, олардың қабырғаларының жабыспауын қамтамасыз ететін зат. Сурфактантты өкпе көпіршіктерінің қабырғасындағы ірі альвеолоциттер бөледі.Сурфактант фосфолипидтен, протеиннен және гликопротеидтен тұрады. Сурфактант жарғағын (биологиялық жарғаққа ұқсас) фосфолипид пен протеин, ал оның сүйық кабатын (гипофазасын)гликопротеид құрайды. Сурфактант аэрогемалық тосқауылдың маңызды құрамын құрайды. Дем шығару кезінде сурфактант өкпе көпіршіктері қабырғаларының қабысып қалмауын және көпіршіктер қабырғасы арқылы ауадағы микроорганизмдердің өкпе паренхимасына өтпеуін қамтамасыз етіп, қорғаныс қызметін атқарады, көпіршіктер қуысының әрқашанда ашық болуына мүмкіндік тудырады. Сурфактант дегеніміз гликолипидтіпротеинді зат. Сурфактант 2 бөліктен тұрады: 1) астыңғы - гипофазадан. Гипофаза альвеола эпителиінің кедір-бұдырларын азайтады. Гипофазаны торлы құрылым құрайтын тубулалар түзейді. 2) үстіңгі - апофазадан. Апофаза фосфолипидті моноқабат құрайды. Қабаттың гидрофобты бөліктері альвеоланың қуысы жағына бағытталған. Сурфактант келесі қызметтерді атқарады: а) альвеолалардың жоғарғы беттерінің тартылысын азайтып оларды қабысудан сақтайды. Сурфакттың бөлінуі зақымданса өкпенің қабысуы мүмкін. б) тамырлардан альвеоланың қуысына сұйықтықтың шығуына кедергі болады, өкпе ісінуіне жол бермейді в) бактерицидтік қасиеті болады. г) иммунокомпетентті жасушалардың және альвеолярлық макрофагтардың жұмысын реттеуге қатысады.Сурфактант үнемі алмасуда болады. Өкпеде сурфактант-антисурфактанттық жүйе бар. Сурфактантты 2 типті альвелоциттер өндіреді, ал оны ыдыратуды оларға сәйкес ферменттерді бөлу арқылы бронхтар мен бронхиолалардың Клар жасушалары, 2 типті жасушаның өзі және альвеолярлық макрофагтар жүргізеді. Сонымен қатар бұл жасушалар бөлінуге қабілетті болғандықтан резекция жағдайында өкпенің қалпына келуіне қатысады.

35. Бағана клеткаларының негізгі қасиеттерін түсіндіріңіз? Бағаналы клеткалар туралы терминді ең бірінші рет орыстың ұлы ғалымы, гистолог, эмбриолог - Максимов Александр Александрович 1909 жылы ұсынған. Ол алғашқы бағаналы клеткалар түсінігі мен ұлпаларды қоректік ортада өсіру әдістерін енгізген және қан жасалудың унитарлы теориясының ғылыми экспериментальді негізін қалаған. Бағаналы клеткалар дегеніміз – дифференциялданбаған және жаңаруға қабілетті, яғни ағзаның кез-келген ұлпасының клеткасына айналуға қабілеті бар клеткалардың ерекше типі. Бұл клеткалардың дифферен-цияциялану потенциясына байланысты мынандай терминдер ұсынылған: тотипотенті, плюропотентті, мультипотентті және унипотентті. Бағаналы клеткаларға тән тағы мынандай қасиеттер бар: Жаңаруға, яғни бөлінуден кейін өзгермейтін фенотипін сақтай алады. Потенттілік - Ассиметриялық бөліну - Стохастикалық бөліну - Тотипотентті-Плюрипотентті- Мультипотентті Олардың симметриялы және ассиметриялы бөлінуі. Симметриялы бөлінуде – бағаналы клеткалар митоз жолымен өзіне ұқсас екі клеткаға бөлінеді. Ал ассиметриялы бөлінуде – бағаналы клеткалар митоз жолымен бөлініп, клеткалардың екі типін құрайды, біріншісі бағаналы клеткалар, екіншісі дифференцияцияланған клеткалар бастамасы. Теломеразалық активтілігі – негізінен клеткалар репликациясында теломер бөліктері азайып отырады (Хейфлик лимиті). Бағаналы клеткаларға, жыныс және ісік клеткаларына теломеразалық активтілік тән, себебі олар хромосомадағы теломер бөліктерін қайта синтездей алады. Мұндай клеткалар шексіз бөліне алады, яғни өлмейтін клеткалар болып есептелінеді.Хоуминг эффектісі — бағаналы клеткалардың организмге енгізген кезде зақымданған аймақты тауып, фиксацияланып, сол жердегі бұзалған қызметті орындайтын қасиетә бар.

36.Гистогенез ұғымына анықтама беріңіз? Гистогенез —деп, дифференцирация сатысында жеке ұлпалардың өзіне тән сипатқа ие болып, дамуын атайды. Ұлпалардың белгілі бір түрлерінің пайда болуына әртүрлі ұрық жапырақшалары әсер етеді. Мысалға, бұлшықет мезодермадан, жүйке ұлпасы эктодермадан, т.б. пайда болады. Кейде бір типті ұлпалардың шығу тегі әртүрлі болады. Мысалға, терінің эпителийі эктодермальды болса, ішектің эпителийі энтодермальды. Гистогенез негізінде келесі процесстер жатыр:

  1. пролиферация - көбею;

  2. өсу;

  3. эмиграция;

  4. индукция;

  5. детерминация;

  6. дифференцировка.

Энтодерма 2 бөлінеді: ішектік және сарыуызды қапшық. Ішек энтодермасынан асқазан-ішек жолдарының эпителийі және ірі асқорыту бездері, бауыр, ұйқы безі дамиды. Сарыуыз энтодермасы алғашқы қан клеткалары мен жыныс клеткаларына бастама береді.

Тері эктодермасы, нейроэктодерма және ұрық сыртындағы эктодерма болады. Тері эктодермасынан эпидермис, шаш, тырнақ және тері бездері дамиды. Нейроэктодермадан жүйке түтігі және ганглиоздық жапырақша дамиды:

  1. эпидермис (терінің сыртқы қабаты),

  2. ми мен жұлын, олардың жүйкелері,

  3. сезім мүшелерінің құрылымдары;

  4. жүйке қырынан: жұлын мидың жүйке түйіндері (ганглийлері),

  5. вегетативті жүйке жүйесінің (симпатик. және парасимпатик.)

  6. ганглийлері мен жүйкелері,

  7. бүйрек үсті безі бозғылт затының хромаффинді клеткалары дамиды.

Ұрық сыртындағы эктодермадан дәнекер ұлпасы дамиды.

Гаструляцияның соңғы кезеңінде эктодерма мен энтодерманың аралығында хордомезодермалық өскін жетіліп, кейінірек одан хорда және мезодерма (грек, mesos - аралық, ортаңғы және қабық) дамып жетіледі.

Мезодерма сомиттерінен тері дермасы, миотом сомиттерінен көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы, склеротом сомиттерінен сүйек және шеміршек ұлпасы пайда болады. Спланхнотомның париетальды жапырақшасынан ішперденің, плевраның, перикардтың серозды қабықшалары, ал спланхнотомның висцеральды жапырақшасынан эндокард, миокард дамиды. Ұрық мезенхимасында дәнекер ұлпаның барлық түрлері, тегіс бұлшықет ұлпасы, қантамырлары пайда болады.

  1. Ұлпалардың регенерациясына түсініктеме беріңіз? Регенера́ция (қайта қалпына келу) — тірі организмдердің уақыт өте келе зақымдалған ұлпадарын, кейде толық жойылған мүшелерін қайта қалпына келтіре алу қасиеті.

Регенераций деп, организмнің жойылған бөліктерін тіршілік циклінің бір сатысында қайта қалпына келтіруін атайды. Репаративті регенерация деп, қандайда бір организм бөлігінің немесе мүшесінің жоғалуы немесе зақымдалуы кезінде пайда болған регенерацияны атайды. Ал зақымдалулар немесе жоғалулармен байланыспаған, организмнің қалыпты тіршілік етуіндегі процесстер регенерациясын физиологиялық деп атайды.

Регенерацияны реттеуші факторлар:

  1. гормондар – биологиялық активті заттар;

  2. медиаторлар - метаболиттік процесстердің индикаторы;

  3. кейлондар – соматикалық клеткалар синтездейтін гликопротеидті заттар, негізгі функциясы – клеткалық жетілуді бәсеңдету;

  4. кейлондар антагонисттері – өсу факторлары;

  5. әрбір клетканың микроқоршаған ортасы. Регенерацияға қабілетті клеткалардың 2 типі бар: қан клеткалары мен бауыр клеткалары. Сүтқоректінің эмбрионы дамыған кезде аздаған клеткалар мамандану процессінен шетте қалады. Бұл клеткалар – бағаналы клекталар деп аталады. Олар қан қорларын толықтыру немесе өлі бауыр клеткаларын ауыстыруға қабілетті. Егер бұлшықеттері зақымдалған тышқанның қанына сүйек кемігінің клеткаларын енгізсе, клеткалар зақымдалған жерге жинақталып, оны жөндейді, бірақ бұл ересек адам организміне қолданылмайды.

38. Тыныс органдары клеткаларының дифференцировкасын түсіндіріңіз?Қандағы газдардың тұрақтылығымен қамтамасыз ететін тыныс алудың қызметтік жүйесі туралы түсінік.Дем алу, дем шығару боихимиясы Пневнотракс. Альвеолардың ауа организімінің ішкі ортасы болып саналады және өкпемен веналық қанның арасындағы газ алмасуда қамтамасыз ететін фактор. Беокейлік – активтік заттар (сурфактант), өкпелік көлемдер мен мөлшерлер. Тыныс алу организмнің оттегін сіңіріп, көмір қышқыл газын бөліп шығаруын қамтамасыз ететін процестердің жиынтығы. Клеткаларда атмосфералық оттегінің түсуі (енуі) органикалық заттардың биологиялық тотығу үшін қажет, соның нәтижесінде организмнің тіршілігі үшін қажжетті: қуат ( энергия) бөлінеді. Биологиялық тотығудың нәтижесінде пацда болған көмір қышқыл газды организмнен сыртқа шығарылуы керек. Организм ауадан үздіксіз оттегін алып, ұдайы көмір қышқыл газын сыртқа шығарып тұрса ғана өмір сүре алады. Тыныс алудың тоқтауы әуелі нерв клеткаларының, одан кейін организмнің басқа клеткаларының өлуіне соғады.

39.Ұлпалардың даму заңдылықтарын түсіндіріңіз? Филогенезде ұлпалардың дамуынаң бірнеше теориялары бар: 1- А.А. Заварзиннің параллельді қатар заңдлығы – бірдей қызмет атқаратын әр түрлі кластар мен түрлер жануарларының ұлпаларының құрылысы бірдей болады. Себебі, олар филогенетикалық ағаштағы түрлі жануарларда параллельді дамиды. 2- Н.Г. Хлопиннің ұлпалардың дивергентті эволюция заңдылығы – филогенезде ұлпалық топтардың аралығында ұлпалардың белгілерінің ажырауы және ұлпалардың жаңа түрлілігінің пайда болуы, жануар организмінің күрделенуі мен ұлпалардың көптүрлілігінің көбеюіне алпы келеді. 3- Э. Геккельдің (1874) пікірі бойынша көпклеткалы организмдер шартәрізді қарапайымдылардың жоғары құрылымды колониальды формаларынан пайда болған. Бұл организмдер көпклеткалылар деп есептелінбейді, себебі, олардың барлық клеткалары бірдей және бір қабат болып орналасқан. Екіқабаттылықтың пайда болуы Геккель бойынша инвагинация процессімен байланысты. Екіқабатты гаструланың ішінде қалған клеткалары бастапқы құрылысы мен функциясын сақтай алмай, клеткалар түрөзгертіп, асқорыту функциясын атқаратын болған, ал сыртқы клеткалары қозғалуға арналған кірпікшеларін сақтаған. Геккель бұл – гипотизалық организмді гастрия деп атаған. Ал И.И. Мечниковтің пікіріде Геккельдікі секілді, яғни, көпклеткалы организмдер талшықтылар типі вольвокстан пайда болған. Бірақ клеткалар қабырға орналасқан клеткалардың инвагинациясынан емес, бөлек клеткалардың миграциясынан болады. Мечников бұл гипотезалық микроорганизмді фагоцителла деп атаған.

40.Дифференциалану қабілетіне байланысты бағаналық жасушалардың негізгі түрлерін түсіндіріңіз? Бағаналы клеткалар дегеніміз – дифференциялданбаған және жаңаруға қабілетті, яғни ағзаның кез-келген ұлпасының клеткасына айналуға қабілеті бар клеткалардың ерекше типі. Бұл клеткалардың дифферен-цияциялану потенциясына байланысты мынандай терминдер ұсынылған: тотипотенті, плюропотентті, мультипотентті және унипотентті. 1. Тотипотентті клеткалар зиготадан бастап, 5-6 тәулікке дейінгі клеткалар, яғни бластула сатысында, эмбрионнан түзілген моруланың кез-келген бір клеткасы тұтастай ағза мен плацента түзуге қабілетті. 2. Плюропотентті клеткалар - бластоциста сатысында эмбриобластан алынады, бұл клеткалар ұрық жапырақшасының үш түрін: эктодерма, мезодерма және энтодерма түзуге қабілетті. Яғни, бұл клеткалар денедегі ұлпалардың барлық типін түзе алады, плацента мен тұтас ағзадан басқасын. 3. Мультипотентті клеткалар. Кейіннен бластоциста гаструлаға айналып, мұндағы клеткалар ұлпалар мен клеткалардың белгілі типтерін түзуге қабілетті болады. Бұл ұрық жапырақшасының клеткалары мультипотентті болып саналады. 4. Унипотентті клеткалар - бұл дифференциялданған клеткалардың бір түрінің бастамасы болып табылады.

41.Гендердің дифференцировкадағы рөлін түсіндіріңіз? Дифференцировка – клетканың мамандануы процесі, нәтижесінде клетка химиялық, морфологиялық және функционалдық ерекшеліктерге ие болады. Бір клеткалық цикл барысында жүзеге асатын өзгерістер, мысалы, берілген клеткалық цикл типіне тән негізгі функциональдық белоктардың синтезінің басталуы кезінде болатын өзгерістер. Мысал ретінде адамның терісі эпидермисінің дифференцировкасы, клетка базальды қабаттан басқа беттік қабаттарға ауысады, клеткаларда жылтыр қабат элеидинге айналатын кератогиалин жинақталады, содан кейін мүйізді қабатта – кератин жинақталады. Тұқымқуалаушылықтың бірлігі – ген. Гендер клетка ядросындағы хромосомаларда тізбектеле, бір сызықтың бойында орналасқан және әрбір геннің хромосомада нақты тұрақты орны болады. Ген белок биосинтезіне қатысады және тірі организмдерде тұқым қуалаушылықты сақтап, оның бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді. Қазіргі таңдағы цитодифференцировканың негізгі механизмі болып дифференциальді гендердің экспресиясы саналады. Гендердің дифференциальді экспресиясының реттелуінің деңгейі «ген - полипептид – белгі» бағыты. Дифференцировканың молекулярлы генетикалық негізі – әр бір ұлпаға тиісілі спецификалық гендердердің белсенділігі. Барлық клеткаларда, соның ішінде дифференцирленген клеткаларда да бүкіл генетикалық аппарат сақталынады. Алайда әрбір ұлпада сол дифференцировкаға жауапты гендер бөлігі ғана белсенді. Дифференцировка факторларларының ролі – осы гендердің қатаң таңдамалы активациясы. Бұндай қосылу механизмі қарқынды зерттеліп келеді. Белгілі гендердің белсенділігі соған сәйкес келетін дифференцировканы анықтайтын белоктардың синтезіне алып келеді. Мысалға, эритробласттарда қызыл қан клеткалары— гемоглобиннің маманданған белоктары, бұлшықет клеткаларында— миозин, ұйқы безінің дифференцирленуші клеткаларында— инсулин, трипсин, амилаза және т.б.; шеміршек немесе сүйек ұлпалары дифференциациясы кезінде шеміршектің мукополисахаридтерінің клекалары мен сүйек тұздарының жан жағынан жиналып, түзілін қамтамасыз ететін ферменттер синтездейді. Болжам бойынша, клеткалардың формасын анықтауда, олардың бір-бірімен байланысу қабілеттілігін анықтауда, олардың дифференцировкада қозғалысын анықтауда шешуші ролді клетка бетіндегі белоктар атқарады.

42.Бағана клеткаларының қолданылуын түсіндіріңіз? Бағаналы клеткалар дегеніміз – дифференциялданбаған және жаңаруға қабілетті, яғни ағзаның кез-келген ұлпасының клеткасына айналуға қабілеті бар клеткалардың ерекше типі. Алыну көздеріне байланысты бағаналы клеткаларды былай жіктейді: 1. Эмбриональді бағаналы клеткалар (ЭБК). Тотипотентті ЭБК тұтастай эмбрион түзе алады. ЭБКдың басты ерекшелігі ретінде олардың лейкоцитарлы антигендерін HLA (human leucocyte antigens) экспрессияламайтындығын айтуға болады. Яғни ұлпалардың сәйкестендіруші антигендерді шығармайды. Әр адам осындай әмбебап антигендерге ие болып келеді. Ол трансплантация жасау кезінде донор мен реципиенттің сәйкестігі үшін маңызды факторы болып табылады. 2. Фетальді бағаналы клеткалар түсіктен кейінгі ұрықтық материалдан немесе экстрокорпаральді ұрықтандыру материалдарынан алынады. 3. Постэмбриональді бағаналы клеткалар (ПБК).Ересек организмдегі бағаналы клеткалар өте аз потентілікке ие, эмбриональді және фетальді бағаналы клеткаларға қарағанда аз мөлшерде клеткалар типтерін түзе алады. Ересек организімдердегі бағаналы клеткаларды 3 негізгі топқа бөлуге болады: 1.Гемопоэтикалық - барлық миелоидті қан клеткаларына және лимфоидты қан клеткалар қатарына бастама береді. Сүйектің қызыл кемігінде болады. 2.Мультипотентті мезенхимальді ( стромальді) - остеобластарға, хондроциттерге және адипоциттерге дифференцияциялана алады. Кейінгі кездері осы клеткалардан нейробластарды, бұлшық ет клеткаларын да алып жүр. Негізінен ММСК көп мөлшерде сүйектің қызыл кемігінде болады. 3.Ұлпалық спецификалық клетка Бағаналы клеткалардың алыну көздері: перифериялық қан, сүйектің қызыл кемігі, кіндік қан, абортивті материалдар. Кейінгі кезде бағаналы клеткаларды адам терісінен, шаш фолликуласынан, май ұлпасы, сүт тістерінен бөліп алу жұмыстары жүргізіліп жүр. Бағаналы клеткаларды медицинада колдану. Негізінен бағаналы клеткаларды медицинада гемотология, неврология, ортопедия, офтольмология, стомотология, кардиология, дермотлогия, гастроэнтерология салаларында қолдануға болады. Әсіресе қатерлі ісік ауруларын, лейкоздың әртүрлі формаларын мен басқа да қан ауруларын емдеуге басты көңіл бөлінуде. Жүрек қан-тамыр аурулары мен жүйке ауруларында бағаналы клеткаларды трансплантациялаған жаңалықтар да бар. Әртүрлі ғылыми зерттеу орталықтарында бағаналы клеткаларды миокард инфарктісі мен жүрек ақауларын емдеу мақсатында қолдану зерттелінуде. Инсульт, Паркинсон және Альцгеймер ауруларын емдеу шаралары іздестірілуде.

43.Тұқым қуалау материалының дифференцировкаға әсерін түсіндіріңіз? Тұқым қуалаушылық - ұрпақтар арасындағы материалдық және функционалдық сабақтастықты қамтамасыз ететін тірі организмдерге тән қасиет. Тұқымқуалаушылықтың бірлігі – ген. Ген белгілі полипептидтің кезектесе орналасуын анықтайтын ДНҚ – ның бөлігі. Гендер клетка ядросындағы хромосомаларда тізбектеле, бір сызықтың бойында орналасқан, әрбір геннің хромосомада нақты тұрақты орны (локусы) болады. Кез келген хромосома өзінің гендер тобымен ерекшеленеді. Олар тірі организмдердегі генетикалық ақпаратты сақтайтын және тасымалдайтын жасушаның (жасушаның) маңызды кұрам бөліктері болып табылады. Ген белок биосинтезіне қатысады және тірі организмдерде тұқым қуалаушылықты сақтап, оның бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді. Қазіргі таңдағы цитодифференцировканың негізгі механизмі болып дифференциальді гендердің экспресиясы саналады. Гендердің дифференциальді экспресиясының реттелуінің деңгейі «ген - полипептид – белгі» бағытындағы информацияның орындалу этаптарына байланысты және клеткаішілік процестерді ғана емес, сонымен қатар ұлпалық және ағзалық процестерді де қамтиды. Гендердің дифференциациясы әр түрлі уақытта әсер етеді деп есептеледі . Бұл мРНК сы әр түрлі және әр түрлі дифференциацияланған клеткалардың транскрипциасындағы гендердің репрессиясы және дерепрессиясында орын алады. Дифференцировканың молекулярлы генетикалық негізі – әр бір ұлпаға тиісілі спецификалық гендердердің белсенділігі. Барлық клеткаларда, соның ішінде дифференцирленген клеткаларда да бүкіл генетикалық аппарат (барлық гендер) сақталынады. Алайда әрбір ұлпада сол дифференцировкаға жауапты гендер бөлігі ғана белсенді. Дифференцировка факторларларының ролі – осы гендердің қатаң таңдамалы активациясы (қосуы). Бұндай қосылу механизмі қарқынды зерттеліп келеді. Белгілі гендердің белсенділігі соған сәйкес келетін дифференцировканы анықтайтын белоктардың синтезіне алып келеді. Мысалға, эритробласттарда қызыл қан клеткалары— гемоглобиннің маманданған белоктары, бұлшықет клеткаларында— миозин, ұйқы безінің дифференцирленуші клеткаларында— инсулин, трипсин, амилаза және т.б.; шеміршек немесе сүйек ұлпалары дифференциациясы кезінде шеміршектің мукополисахаридтерінің клекалары мен сүйек тұздарының жан жағынан жиналып, түзілін қамтамасыз ететін ферменттер синтездейді. Болжам бойынша, клеткалардың формасын анықтауда, олардың бір-бірімен байланысу қабілеттілігін анықтауда, олардың дифференцировкада қозғалысын анықтауда шешуші ролді клетка бетіндегі белоктар атқарады.

44.Дамудың генетикалық жолмен реттелуіне анықтама беріңіз? Дамудың генетика жолмен реттелуі ДНК-ның репликация механизімі арқылы жүреді.ДНҚ Репликациясы — аналық ДНҚ молекуласының синтезі, ДНҚ молекуласының екі еселу процесі.Осылай еселенуі арқасында бір организімнің барлық клеткасының генетикалық мазмұны өзгеріссіз сақталады және гендер де біршама тұрақты болады. Жартылайконсервативті моделін М. Мезельсон және Ф.Сталь 1958 жылы дәләлдеді. Олар E.coli бактерияныі аналық ДНҚ молекуласын азоттың ауыр 15N таңбасымен зерттегенде екінші циклда кейін екі еселеніп өскен ДНҚ молекуласының бір тізбегі бұрынғы аналық тізбегі,ал екінші комплементарлы тізбек жаңадан түзілген болып шықты.Эксперементальды материал бойынша консервативті репликация мүмкін емес,яғни жаңадан түзілген екі ДНҚ молекуласы біреуінің екі тізбегі де аналық тізбектен, ал екінші ДНҚ молекуласының екі тізбегі де жаңадан құрылуы болмайды. ИНИЦИАЦИЯ Клеткада репликация ДНҚаның специфическалық нүктеден басталады( репликацияның басталу нүктелері) деп аталатын арнайы орындарында басталады және екі бағытта жалғастырылады.Көшіріп алу процесі репликативті айырымдардың пайда болу арқылы,бір немесе екі бағытта ДНҚ әбден екі еселеніп болғанша жалғаса береді.Репликативті айырдың пайда болуына ДНҚ топоизомераза ! қатысуымен болады.Нуклеаздық активтілігімен фофоэфирді байланыстарды үзеді.Нәтижесінде екі репликативті айыр пайда болады.Шағын сақиналы ДНҚ молекуласы репликация басталатын бір ғана нүктесі бар репликациясындағы бір құрылымдық өлшем бірлігі ,репликон,болып табылады. ДНҚ молекуласы екі полинуклеотидті жіпшелерінің жұмысы жылдам спиральданудан және олардың комплементарлы негіздер жұптарының арасындағы сутектік байланыстардың бұзылуын арқылы бөлініп кетуіне байланысты болады.Репликация пайда болған қос айыры ДНҚ ның ата аналық молекуласының қос спиральді бойымен ДНҚ хеликаза ферментінің белсендігімен және ДНҚ ның тізбекті бөлімшелерімен байланыстың белоктардың (SSB –singlе strand DNA bilding proteins) қатысуымен жылдам жылжып отырады ол жаңадан түзілген тізбекті бөлімшелермен байланысады. ЭЛОНГАЦИЯКелесі кезеңде жаңа нуклеотидті тібектің комплементарлы матрицалық синтезі жүреді.ДНҚ полимеразамен нуклеотидттердің комплеметарлы жұптастырады.ДНҚ синтезі 5’ 3’бағытта жүреді.Ата аналық тізбектердің бірінде 5’ 3’бағытында үздіксіз жаңа тізбек түзіледі және ол репликация айырымның жылжу бағытымен сәйкес келеді.Оны негізгі немесе басты тізбек деп атайды.Басқа матрицада қысқа фрагменттер тұратын қалып қоятын тізбектердің үздіксіз синтезі жүреді ,оны Оказаки фрегменттері деп аталады.Олар айырымнаң қозғалысына қарама қарсы бағытта синтезделеді.Оказаки фрагменті синтезінің басталуына қажеті бос күйінде 3’ұшы РНҚ праймерді РНҚ праймаза ферментінің көмегімен синтезделетін РНҚ ның жіпшесімен қамтамасыз етіледі.ДНҚ полимераз ферменттінің қатысуымен Оказаки фрагменттеріңің синтезделіуіне мүмкіндік туғызады.Содан кейін ДНҚ полимераза 1 ферменттері ол РНҚ нуклеоттидттерін босатып шығарады.Ол ДНҚның тиісті фрагменттерімен алмастырылады. Қалған бір тізбекті үзінділер ДНК-лигазамен репарацияланады. ДНҚ лигаза Оказаки фрагменттерін бірінің 3’ұшын көршілес фрегменттік 5’ұшымен жалғастырылады.Нәтижесінде фосфодиэфирлі байланыс түзіледі.

45. Ісік клеткаларындағы гендердің экспессиясын түсіңіріңіз? Ісік —бұл патологиялық процесс, клетканың генетикалық аппараты өзгеріп, клетканың өсуі мен дифференцияциясының реттелуі бұзылып, жаңа түзілімді ұлпалар пайда болады. Генетикалық ақпараттың ДНҚ-дан РНҚ арқылы полипептидтер мен белоқтарға тасымалдануы экспрессия немесе Гендердің көрінуі деп аталады. ДНҚ-ның басқа Гендердің белсенділігін реттейтін бөліктерін реттеуші Гендер деп атайды. Реттеуші Гендер басқа молекулалармен әрекеттесе отырып, сол клеткадағы ақуыз синтезіне әсер етеді. Геннің маңызды қасиеттерінің бірі — олардың жоғары тұрақтылығының (ұрпақтар бойында өзгермеушілігі) тұқым қуалағыш өзгерістерге — мутацияға ұшырау қабілеттілігімен үйлесімділігі. Бұл қасиет табиғи сұрыпталудың, оның нәтижесінде организмдер өзгергіштігінің негізі болып табылады. Гендердің экспрессиясының регуляциясының 2 типі бар-жағымды және жағымсыз. Егер де арнайы регуляторлық элементтердің көмегімен генетикалық ақпараттың экспрессиясы жоғарылыса,онда ол жағымды регуляция деп аталады. Ал егер керісінше,басқа да регуляторлық элементтердің көмегімен төмендесе,онда ол жағымсыз регуляция деп аталады.Даму барысында көптеген гендер мРНК түрінде экспрессияланады. Мысалы, трансляция процесінің гаструла сатысында белоктың құрамында 10 мыңнан 15 мыңға дейінгі гендердің орнына мРНҚ болады.  Қалыпты клеткада белгілі бір жүйенің бар екені анықталды. Ол « геномды сақтайтын жүйе». Бұл жүйе организмді, клетканы, геномды мутациядан қорғайды. Белок Р53. Егер де қалыпты клеткада ДНК геномы бұзылатын болса, осындай жағдайда Р53 белок көбейе бастайды, бұл механизм әлі ашылған жоқ. Бұл белок клетканың бөліну реакциясын тоқтатады. Р53 белогы арқылы ДНКның жарақаттанған жері жөнделеді. ДНКның үзілген жері ерекше ферменттер арқылы тігіледі. Біраз уақыттан кейін ДНКның құрылысы орнына келеді, үзілген жері қалпына келеді, осы кезеңде Р53 қайтадан азайып бұрынғы көлеміне келеді, өсуінің тежелуі тоқталады. Клетка қайтадан бөлінуге дайындала бастайды. Егер де геномның жарақаты ауыр болатын болса, онда Р53 басқа реакцияны іске қосады бағдарланған өлім немесе апоптоз. Апоптоз ядрода, митохондрияда және де басқа да компоненттердің деструктивті өзгерістер жүретін процес. Бұл процес клетканың өліміне алып келеді. Апоптоз процесі қалыпты жағдайда да керек емес клеткаларды алып тастайды. Р53 осындай қорғаныштық рөлін өте сирек кездесетін тұқым қуалайтын Ли Фраумен синдромы растайды. Бұндай синдроммен ауыратындарда организміндегі клеткаларда Р53 белогын кодтайтын ген болмайды. Бұндай адамдардың көзге көрінетін дефектісі байқалмайды, олар дұрыс өседі, қалыпты дұрыс дамиды, бірақ 40 жасқа дейін оларда қатерлі ісіктер дамиды, ісіктер орналасуы әртүрлі болады. Бұл ісіктердің пайда болуы мутацияның жиіленіне байланысты протоонкогендер онкогендерге айналады, себебі оларда қорғаныш белогы Р53 болмайды. Р53 ген белокты кодтайды, ол белок онкогенді мутацияның болуын тежейді. Бұндай гендерді антионкогендер деп атайды.

46. Эпителий ұлпасының мамандану ерекшеліктерін түсіңдіріңіз? Бірқабатты көпқатарлы призма тәрізді кірпікшелі эпителий — тыныс жолдары (мұрын қуысы, аңқа, көмекей, кеңірдек, өкпе бронхтары), ең қосымшасы мен жұмыртқа жолы (жатыр түтігі) кілегейлі қабықтарын астарлайды. Бірқабатты көпқатарлы призма тәрізді кірпікшелі эпителийдің эпителиоциттері негіздік жарғақта бір қабатта орналасады.Бірақ, эпителий үлпасын пішіні, құрылысы және қызметі әртүрлі эпителиоциттер қүрайды. Бұлар негізінен төрт түрлі болады. Оларға: кірпікшелі эпителиоцитер, ендірме эпителиоциттер (діңгекгі, орынбасу жасушалары), құты (бокал) тәрізді эпителиоциттер (бірклеткалы без), базальды эпителиоциттер (эндокриноциттер) жатады. Бірқабатты призма (цилиндр) тәрізді эпителий  — негіздік жарғақта бір қабатта орналасқан, пішіні призма тәрізді эпителиоциттерден тұрады.Олардың биіктігі енінен әлдеқайда ұзын болып келеді. Эпителиоциттердің сопақ келген ядролары да бір қатарда орналасады және негіздік жарғаққа жақын жатады. Құрылысы мен қызметіне байланысты эпителий бірнеше түрге бөлінеді.Бірқабатты призма тәрізді безді эпителий — безді қарын мен жатыр мойынының кілегейлі қабықтарын астарлайды.Эпителий эпителиоциттері — шекаралық шектеу қызметімен қатар, кілегейлі сөл бөледі.Бірқабатты призма тәрізді жиекті (көбелі) эпителий — ащы және жуан ішектердің, өт қабының, бауыр мен үйқы безі өзектерінің кілегейлі қабықтарын астарлайды. Эпителиоциттерінің апикальды ұшында сору процесіне маманданған микробүрлерден құралған жиегі (көбесі) болады. Сондықтан, эпителий ұлпасы жиекті эпителий деп аталады.Бірқабатты текше тәрізді эпителий — организмдегі без өзектері мен бүйрек нефрондарының, қалқанша безі фолликулдарының қабырғасын астарлайды. Негіздік жарғақта бір қабатта орналасқан, пішіні текше тәрізді эпителий клеткаларының биіктігі мен ені шамалас. Мөлшері біркелкі дөңгелек келген ядролары бір деңгейде, бір қатарда және жасушалар цитоплазмасының ортасында орналасады.

47. Ішек эпителий құрамындағы клеткалардың мамандануын түсіңдіріңіз?

Бір қабатты куб пішінді эпителий.Сирек кездесетін эпителийдің түрі. Бұның негізгі функциясы – ылғал беттерді қорғау. Бұл кезде секрет бөлу немесе сіңіру қызметтерін атқармайды.Осы эпителийдің барлық клеткалары біріне-бірі ұқсас. Кейбір бездердің өзектерінде кездеседі. Көпшілік жағдайда бір қабатты цилиндр тәрізді эпителий өзгеріске ұшырап, қорғау қызметтерімен бірге секрет бөлу және сіңіру функцияларын да атқарады.Секретор-лық және сіңіруші клеткалардан тұратын бір қабатты цилиндр тәрізді эпителий ішекті астарлайды. Сондықтан оны ішек эпителийі деп атайды. Ішектің түрлі бөлімдеріндегі эпителиалдық. клеткалардың құрылысы бірдей емес, жалпы алғанда оларды екі топқа бөлуге болады:

1. Ішектің қуысындағы қорытылған өнімдердің сіңіруін қамтамасыз ететін клеткалар.

2. Шырыш бөлетін (бокал тәрізді клеткалар) секреторлық клеткалар. Ішек эпителийі- нің сіңіруші клеткаларын жарық микроскоппен қарғанда сызылған жұқа қабатпен қапталғанын көруге болады. Осы белгісіне қарап, оны щеткалық көмкерме деп аталған. Электрондық микроскоп бұл құрылымның плазмалемманың өсінділерінен түзілгенін анықтайды. Әрбір өсіндінің көлденең өлшемі 0,1 - 0,2 мкм, ал ұзындығы 1 – 3 мкм. Осы ультромикроскопиялық құрылымдар микробүрлер деп аталған. Эмбриондық клекаларда олар аз болады. Жіктелу процесі кезінде микробүрлердің саны көбейеді олар ішек эпителийінің сіңіру бетін 25 – 30 есе арттырады. Iшек қабырғасындағы ас қорытылуында жиналған түрлі заттар адсорбцияланады, кейін пиноцитоз арқылы клетканың цитоплазмасына түседі.Қоректік заттарды сіңіруге қатыса отырып, бұл эпителий ас қорыту жолындағы бактериялардың дене ішіне әтуіне кедергі болады. Сонымен бірге осы ұлпа ішектің қабырғасын ас қорыту ферменттерінің қорытушы әсерінен қорғайды. Ащы және тоқ ішектердің эпителиалдық астарының бір қабатты цилиндр тәрізді клеткаларының арасында клеткаларды механикалық және химиялық зақымдардан қорғайтын шырыш бөлетін бір клеткалы бездер болып есептелетін көптеген бокал тәрізді клеткалар кездеседі.Ішек эпителий клеткалары мен базальдық мембрананың арасындағы байланыс жеңіл үзіледі. Ас қорыту жолының арасындағы байланыс жеңіл үзіледі. Ас қорыту жолының үздіксіз қозғалысы мен эпителийдің үдемелі жұмысы клеткалардың тез тозуына әкеліп соғады. Ішек эпителийінің құрамында көбею қабілетінен айырылмаған крипталарда орналасқан, шала жіктелген клеткалар болады. Бөлінудің нәтижесінде пайда болған жас клеткалар өліп, түлеген клеткалар орнын басады. Ішек эпителийінің барлық клеткалары 30 – 36 сағаттың ішінде жаңарады.

48. Тотипотентті бағана клеткаларына сиппатама беріңіз? Бағаналы клеткалар дегеніміз – дифференциялданбаған және жаңаруға қабілетті, яғни ағзаның кез-келген ұлпасының клеткасына айналуға қабілеті бар клеткалардың ерекше типі. Бұл клеткалардың дифферен-цияциялану потенциясына байланысты мынандай терминдер ұсынылған: тотипотенті, плюропотентті, мультипотентті және унипотентті. 1. Тотипотентті клеткалар зиготадан бастап, 5-6 тәулікке дейінгі клеткалар, яғни бластула сатысында, эмбрионнан түзілген моруланың кез-келген бір клеткасы тұтастай ағза мен плацента түзуге қабілетті. Тотипотентті клеткалар универсальді клеткалар. Олар клетканың қандай босада түріне айналуы мүмкін сондықтан клеткалық және гендік инженерияда оның қолданылуы өте маңызды болада.Бағаналы клеткалар — өзін–өзі жаңартуға және әртүрлі ұлпалар клеткасына дифференциялдануға қабілетті ерекше клеткалар түрі. Олардың адам өмірінде алар орыны ерекше. Себебі, бағаналы клеткаларды жан-жақты зерттеу болашақта әртүрлі жазылмайтын ауруларды емдеуге және көптеген ғылыми заңдылықтарды ашуға жол ашады

49. Флюро және мультипотентті бағана клеткаларына анықтама беріңіз? Бағаналы клеткалар дегеніміз – дифференциялданбаған және жаңаруға қабілетті, яғни ағзаның кез-келген ұлпасының клеткасына айналуға қабілеті бар клеткалардың ерекше типі. Бұл клеткалардың дифферен-цияциялану потенциясына байланысты мынандай терминдер ұсынылған: тотипотенті, плюропотентті, мультипотентті және унипотентті. Мультипотентті клеткалар. Кейіннен бластоциста гаструлаға айналып, мұндағы клеткалар ұлпалар мен клеткалардың белгілі типтерін түзуге қабілетті болады. Бұл ұрық жапырақшасының клеткалары мультипотентті болып саналады. Бағана клеткалардың ересек түрлері мультипотентті клеткалар болып саналады. Мысалға сүйек кемігінде мультипотентті клеткаларды кездестіре аламыз.Олар қан клеткаларына бастама береді.Мультипотентті клеткалар ұлпаларыдың тек арнаулы түрлерін ғана жасай алады. Бағаналы клеткалар — өзін–өзі жаңартуға және әртүрлі ұлпалар клеткасына дифференциялдануға қабілетті ерекше клеткалар түрі. Олардың адам өмірінде алар орыны ерекше. Себебі, бағаналы клеткаларды жан-жақты зерттеу болашақта әртүрлі жазылмайтын ауруларды емдеуге және көптеген ғылыми заңдылықтарды ашуға жол ашады.

50. Олиго және унипотентті бағана клеткаларына анықтама беріңіз? Бағаналы клеткалар дегеніміз – дифференциялданбаған және жаңаруға қабілетті, яғни ағзаның кез-келген ұлпасының клеткасына айналуға қабілеті бар клеткалардың ерекше типі. Бұл клеткалардың дифферен-цияциялану потенциясына байланысты мынандай терминдер ұсынылған: тотипотенті, плюропотентті, мультипотентті және унипотентті. Унипотентті клеткалар - бұл дифференциялданған клеткалардың бір түрінің бастамасы болып табылады. Унипотентті клеткалар мультипотентті клеткалардан пайда болады.Унипотентті клеткалар арнаулы клеткаларға айналады.Тері эпителийі унипотентті клеткаларының бір типі. Бағаналы клеткалар — өзін–өзі жаңартуға және әртүрлі ұлпалар клеткасына дифференциялдануға қабілетті ерекше клеткалар түрі. Олардың адам өмірінде алар орыны ерекше. Себебі, бағаналы клеткаларды жан-жақты зерттеу болашақта әртүрлі жазылмайтын ауруларды емдеуге және көптеген ғылыми заңдылықтарды ашуға жол ашады.

51.Пролиферацияға анықтама беріңіз? Бөліну арқылы клетка көбеюі жолымен организм ұлпаларының өсуі. Алғаш рет медицинада Вирхов жаңа клеткалардың бөліну арқылы түзілуін айтқан. Пролиферация активтілігі стимулятор және ингибиторлармен өлшенеді. Үздіксіз пролиферация эмбриогенез кезінде жүреді. Пролиферация қабынуға қатысатын әсіресе макрофагтар мен лимфоциттердің, жергілікті тін жасушаларының өсіп-өнуі. пролиферацияны дамытатын бірнеше медиаторлар белгілі, пролиферация үрдісі белгілі бір мөлшерде болуы қажет. Оның тым артық болуы ағзаның сыртқы пішінін өзгертетін және қызметін бүзатын артық тыртық тіннің өсіп-өніп кетуіне әкеледі. Бұл әсіресе жүрек қақпақшаларының, ми қабықтарының қабынуы кезінде өте қауіпті. Сондықтан қабыну ошағында дәнекер тіні же.сушаларының өсіп-өнуі белгілі мөлшерде шектеліп тұруы қажет. Сайын келгенде, тіннің кішігірім бүлінулерінде, жарақаттануында асқынбай бітетін қабыну үрдісі толық қалпына келумен аяқталады. Тым көп жасушалар тіршілігін жоғалтқанда ақау дәнекер тінге ауысып артынан тыртық пайда болады.

52.Фибробласттарға түсініктеме беріңіз? Дәнекер ұлпа клеткалары. Клетка сыртылық матриксті түзеді. Олар коллаген мен элестин түзілудің алдын алушысы. Эмбриогенезде мезенхималы бағана клеткалардан түзіледі. Клетка зақымдануында маңызды рөль ойнайды. Клетка аралық зат компоненттерін синтездейді: белок, протеогликан және гликопротеин.морфологиясы: формасы әртүрлі, организмде орналасуы мен активтілігіне байланысты. Активті фиброблаттардың ядросы дөңгеленген және рибосомалары көп болады. Активсіз фибробласт-фиброцит. Мөлшері кіші. Эмбриогенезінде мезенхималы бағана клеткалардан бастау алады. Зақымданған жерлерді жазылуында маңызды қызмет атқарады.

53.Бағана клеткаларын зерттеудегі жетістіктерді түсіндіріңіз? 1998жылы  Вискон университетінің  профессоры Джеймс Томсон және  оның шәкірттері ең алғашқы  болып адамның эмбриондық бағаналы  жасушаларын бөлді. 1999 жылы Science журналы эмбриондық бағаналы жасушалардың ашылуын биологиядағы ең ғажайып жаң-дың бірі деп жариялаған. 1996жылдан2004жылға дейін  аутологиялық бағаналы жасушаларды  трансплантациялауда 392 операция  жүргізілді. Сүйек кемігінің стромалық (мезенхималық) бағаналы  жасушалары  ортапедиялық клиникада қолданылады. Негізгі көрсеткіштері - сынған сүйек ақауларын, бұзылған буын шеміршегінің қалпына келуін қамтамасыз етеді.  Мезенхимальді бағаналы жасушалар  кардиохирургиялық клиникада белсенді орын алады. Инфарктан кейін бұзылған кардиомиоциттерді қалпына келтіреді.