
- •Дифференцировка туралы түсініктеме беріңіз?
- •Клеткалар мен ұлпалардың мамандану ерекшеліктерін сипаттаңыз?
- •Пролиферацияға түсініктеме беріңіз?
- •Дифференцировканың негізгі ерекшеліктерін атаңыз?
- •Клетка циклінің фазаларын атаңыз?
- •25. Морфогенез бен дифференцировка айырмашылығын табыңыз?
- •54.Гендер экспрессиясының дифференциациядағы рөлін түсіндіріңіз?
- •57.Дифференцияланған клеткалардағы метаболизміндегі өзгерістерді түсіндіріңіз?
Дифференцировка туралы түсініктеме беріңіз?
Дифференцировка – клетканың мамандануы процесі, нәтижесінде клетка химиялық, морфологиялық және функционалдық ерекшеліктерге ие болады. Бір клеткалық цикл барысында жүзеге асатын өзгерістер, мысалы, берілген клеткалық цикл типіне тән негізгі функциональдық белоктардың синтезінің басталуы кезінде болатын өзгерістер. Мысал ретінде адамның терісі эпидермисінің дифференцировкасы, клетка базальды қабаттан басқа беттік қабаттарға ауысады, клеткаларда жылтыр қабат элеидинге айналатын кератогиалин жинақталады, содан кейін мүйізді қабатта – кератин жинақталады. Клеткалардың формалары, клеткалық мембраналардың құрылысы мен органоидтар жиынтығы дифферециациялану барысында өзгереді. Тек бір клетка емес, ұқсас клеткалардың тобы дифференциацияланады. Адам организмде 220 түрлі клеткалар болатындықтан көптеген мысалдар келтіруге болады. Фибробласттар коллагенді синтездейді, миобласттар – миозинді, асқорыту жүйесінің эпителий клеткалары – пепсин мен трипсин синтездейді.
Дифференциация - бастапқы бірдей немесе бірдей элементтен тұратын жүйені түрлі сапалы бөлімдерге бөлу. Д. жүйенің кеңеюі мен интенсификациясымен байланысты, және оның бөліктері арасында бөлу, жүйені интеграцияға сәйкес механизмдері даму жағдайы кезінде оның толық жұмыс істеуіне тиімділік береді. Д. бірнеше тұрғыдан қарастырылады: филогенетикалық Д., жалпы таксонды екі немесе бірнешеге бөлу, (мыс., адаптивті радиация, түртүзу). Түрдің Д. популяцияда табиғи ресурстарды түрдің толығымен тиімді қолдануына әкеледі. Морфофизиологиялық Д. эволюция үрдісі кезінде ағзада түрлі қызмет атқаратын түрлі сапалы мүшелердің пайда болуы; осындай Д. бір қалыпты кезеңдері биологиялық ұйымдасудың негізгі деңгейлеріне сәйкес келеді; бұл Д., морфофизиологиялық дамудың бір белгісі.
Клеткалар мен ұлпалардың мамандану ерекшеліктерін сипаттаңыз?
Маманданудың соңғы деңгейіне дейін жетпеген (яғни, мамандануға қабілетті) барлық клеткалардың жалпы атауы – бағаналы клеткалар. Клетканың дифференцияциалану деңгейі («дамуға потенциясы») потенттілік деп аталады. Ересек организмнің кез келген клеткасына мамандана алатын клеткалар плюрипотентті деп аталады. Жануарлар органиміндегі клеткалардың плюрипотенттілігін белгілеуге «эмбриональды бағаналы клеткалар» термині де қолданылады. Зигота мен бластомерлер тотипотентті, себебі олар олар кез келген клеткаларға дифференциациялана алады, соның ішінде экстраэмбриональды ұлпаларға да.
Бағаналы клеткалар – өздігінен жаңаруға қабілетті клеткалар, олардың ассиметриялық бөлінуі нәтижесінде әртүрлі ұлпалардың маманданған клеткалары түзіледі.
Бағаналы клеткаларды дифференциалдану потенциалы бойынша бөледі:
Тотипотентті клеткалар барлық эмбрионалды және экстра-эмбрионалды клеткаларды түзуге қабілетті клеткалар. Оларға ұрықтанған ооцит және бластомер жатады.
Плюрипотентті клеткалар эмбрион клеткасының барлық түрлерін түзуге қабілетті клеткалар. Оларға эмбрионалды бағаналы клеткалар, бірінші реттік жыныс клеткалары, эмбрионалды карцином клеткалары жатады.
Мультипотентті бағаналы клеткалар – ересек ағза бағаналы клеткалары.
Унипотентті бағаналы клеткалар – клетканың тек бір ғана типінде дифферциалдана алатын клеткалар.
Клетка түрлерінің кинетикасына анықтама беріңіз?Кинетика – механиканың дененің мех. күйін оны анықтайтын физ. себептерге байланыстыра отырып зерттейтін саласы. Кинетиканың динамика және статика деп аталатын екі бөлімі бар. Кинетика физикалық және химиялық болып бөлінеді. Химиялық кинетика деп химиялық реакциялардың ме-ханизмдері жайлы ілімді айтады. Бұл салада әрбір реакция жыл-дамдығы және оған әсер етуші концентрация, қысым, температу-ра, катализатор, реакция жүретін орта (еріткіш) мен реакцияға түсетін заттардың табиғаты қарастырылады. Метаболизм нәтижесінде көмірсулар (пируват) органикалық қышқылға, одан әрі майға, көмірсудан пайда болған органикалық қышқылдар аммиак азотымен реакцияласу нәтижесінде амин қышқылына, май, белоктар метаболизм нәтижесінде ыдырап, соңында несеп зәрі, аммиак, көмірқышқыл газы, т.б. қарапайым заттарға айналады. Адам мен жануарлар организміндегі метаболизм процесін реттеуде жүйке жүйесінің атқаратын маңызы зор. Организмнің дамуы, өсуі, т.б. Метаболизм заңдылықтарына бағынады. Адамда метаболизм процесінің ауытқуы байқалса, адам ауруға шалдығады. Пластикалық алмасу немесе анаболизм дегеніміз — биологиялық синтез реакцияларының жалпы жиынтығы. Пластикалық алмасуда жасушаға сырттан келіп түсетін заттардан жасушаішілік заттар түзіледі. Пластикалық алмасу реакцияларына мыналар жатады: қанттар мен полисахаридтердің синтезі;крахмал және целлюлозаның түзілуі;глицерин мен май кышқылдарынан майдың, органикалық қышқылдардан аминқышқылының, аминқышкылы мен қанттардан нуклеин кышқылдары азоттық негіздерінің синтезделуі. Пластикалық алмасудың маңызды формаларының бірі — нәруыз биосинтезін қарастырамыз. Жасушада нәруыздар бүкіл тіршілігінде синтезделеді. Нәруыз биосинтезінде басты релді РНҚ және ДНҚ атқарады, оларға ядро мен рибосома қатысады. Жасуша ядросында және хромосомада нәруыз молекуласындағы аминкыпщылы қосылыстарыньщ орналасу реттілігі туралы ақпарат сақталады. Олар ДНҚ молекуласындагы төрт нуклеотид көмегімен жазылған, олар белгілі бір тәртіп бойынша кезектесіп отырады. Қатар орналасқан үш нуклеотид (триплет) бір аминқышқылын кодтайды, яғни оның нәруыз молекуласындағы орнын анықтайды. Сондықтан әрбір аминқышқылына өздерінің кодтық триплеті немесе кодоны сәйкес келеді. Нәруыз молекуласындағы аминқышқылдарының орналасу реттілігін анықтайтын ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтер қатарьын генетикалық код деп атайды. Генетикалық код белгілі бір қасиеттерімен сипатталады, ол — оның триплеттілігі мен әмбебаптылығы. Яғни, әрбір аминқышқылына үш нуклеотид реттілігі сөйкес келеді және барлық организмде бірдей аминқышкылдарын соларға сәйкес бірдей триплеттер кодтайды.
Биокинетика туралы ұғым, оның клеткалардағы зат алмасу процесіндегі рөлін атаңыз? Биокинетика - біркелкі жас ғылым. "Биокинетика" терминін 1979 жылы - И.В.Березин және С.Д. Варфоломев енгізген. Кинетика – механиканың дененің мех. күйін оны анықтайтын физ. себептерге байланыстыра отырып зерттейтін саласы. Кинетиканың динамика (күш әсер еткен денелердің қозғалысы жайлы ғылым) және статика (денелердің тепе-теңдігі жайлы ғылым) деп аталатын екі бөлімі бар. Кинетика физикалық және химиялық болып бөлінеді. Химиялық кинетика деп химиялық реакциялардың ме-ханизмдері жайлы ілімді айтады. Бұл салада әрбір реакция жыл-дамдығы және оған әсер етуші концентрация, қысым, температу-ра, катализатор, реакция жүретін орта (еріткіш) мен реакцияға түсетін заттардың табиғаты қарастырылады. Химиялық кинетика, химиялық реакциялар кинетикасы — химияның химиялық процестердің жылдамдығын және жүру заңдылықтарын қарастыратын бір саласы. Химиялық кинетика 19 ғасырдың орта кезінен бастап дамыды. Кинетиканың негізгі бөлімдері биологиялық реакцияның кинетикасын зерттейді. Бұл бөлімді биокинетика деп атау қабылданды. Биокинетика шектелген ғылым, ол биохимияның және химиялық кинетиканың бірігуінен пайда болған. Биокинетиканы жеке бағытқа көшіру тегін емес, ол логикалық жағынан барлық тірі ағзалар үшін кинетикалық процестердің маңызы зор. Зат алмасу - организмде жүріп жататын барлық химиялық процестердің жиынтығы. Бұл организмнің тіршілік қабілетін сақтау және сыртқы ортамен қарым-қатынасын, организмге қоректік заттардың еніп, олармен ферменттер әсерінен ыдырауын, пайда болған жай заттардың клеткалар мен органдарға тасымалданып, олардың тотығуын, энергия бөлініп шығуын, клетка құрамындағы түзілістердің биосинтезделуін және қорытылған өнімдердің организмнен бөлініп шығуын қамтамасыз етеді. Клеткадағы қандай да болса, бір заттың белгілі бір тәртіппен ферменттік айналуға түсуін – метаболизмдік жол, ал осы кезде пайда болатын аралық өнім – метаболиттер деп аталады. Метаболизмнің қарапайым молекулалардан күрделі құрылымдық заттардың түзілу реакциясын – анаболизм, ал бұған қарама-қарсы өтіп жататын процесті катаболизм дейді. Жасыл өсімдіктерде фотосинтез нәтижесінде түрлі көмірсулар түзіледі. Жануарлар, әдетте осы көмірсулармен қоректенеді. Қарапайым қанттар қанмен жануарлар денесіне таралып, күрделі полисахарид – гликогенге айналады.