Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Конак уй биз мен когам тамак БЕ магистратура.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.11 Mб
Скачать

Еңбек өнiмдiлiгі: анықтамасы, көрсеткiштері. Өндiру көлемі және еңбексыйымдылығы, олардың сипаттамасы

Еңбек өнiмдiлiгі - шығарылған өнiмiнiң бiрлiгiне немесе iстелiнген жұмыстарға кеткен еңбек шығындарының тиiмдiлiгін, нәтижелілігін сипаттайды және жұмыс уақытының бірлігінде өндірілген өнім/қызмет санымен немесе өнім өндіруге/қызмет көрсетуге кеткен уақыт бiрлiктерінің санымен анықталады.

Жалпы тәжірибеде еңбек өнімділігін екіге бөліп қарастырады: жанды және қоғамдық (жиынтық) еңбек өнiмдiлiгі. Жанды еңбек өнiмдiлiгі әрбiр жеке өндiрiстегi жұмыс уақытының шығындарымен анықталады, қоғамдық (жиынтық) еңбек өнiмдiлiгi - жаңды және затқа айналған еңбек (өткен шақтағы еңбек) шығындары негізінде анықталады. Қоғамдық (жиынтық) еңбек өнiмдiлiгінің есептелуi күрделi болып табылады. Егер бұл көрсеткiш барлық халық шаруашылығына қатысты қарастырылса, онда ол заттық өндірістегі бір жұмыскерге шаққандағы ұлттық табыс ретінде есептеледі.

Кәсіпорынның кадрлар санын жоспарлау. Жұмыс уақытының бюджетін есептеу

Кадрлар санының нормасы с) - белгілі бір кәсіби біліктігі бар нақты өндірістік, басқару функцияларын немесе көрсетілетін қызметтер көлемін орындауға қажетті жұмыскерлердің бекітілген саны. Бұл нормалар негізінде мамандықтар, топтар немесе жұмыс түрлері, жеке қызметтер, кәсіпорын немесе оның құрылымдық бөлімдері бойынша еңбек шығындарын анықтайды.

Жұмыскерлер саны кәсіпорынның еңбек ресурстарын сипаттайтын маңызды көрсеткіш болып табылады. Ол қатысу құрамы, тізімдік және орташа тізімдік жұмыскерлер саны сияқты көрсеткіштермен өлшенеді.

Кәсіпорын жұмыскерлерінің тізімдік саны - бұл белгілі бір күнге немесе мерзімге бекітілген тізімдік құрамдағы жұмыскерлер санының көрсеткіші. Сонымен қоса, ол еңбек келісімдеріне (келісімшарт) сәйкес тұрақты, маусымдық және уақытша жұмысқа қабылданған кәсіпорын жұмыскерлерінің санын ескереді.

Қатысу құрамы - белгілі бір күнде жұмысқа келген және іссапардағы тізімдік құрамындағы жұмыскерлердің санын сипаттайды. Басқаша айтқанда, бұл – өндірістік-ауысымдық тапсырманы орындауға қажетті жұмыскерлер саны.

Орташа тізімдік сан - белгілі бір кезеңдегі орташа жұмыскерлер саны (ай, маусым, жыл басынан, жыл бойы). Бір айдағы орташа тізімдік жұмыскерлер саны айдың әр күнтізбелік күніндегі (мереке және демалыс күндері қосып санағанда) тізімдік құрамдағы жұмыскерлер санын сомалау және алынған соманы айдың күнтізбелік күндеріне бөлу арқылы анықталады.

Кәсіпорындағы кадрларға деген қажеттілік өндірістік және өндірістік емес кадрлар топтары бойынша анықталады. Жұмыскерлердің санын анықтау үшін мынадай бастапқы мәліметтер қолданылады: өндірістік бағдарлама; уақыт, өндіру көлемі және қызмет көрсету нормалары; бір жылдағы жұмыс уақытының номиналды бюджеті; еңбек шығындарын қысқарту жөніндегі шаралар және т.б. Кадрларға деген сандық қажеттілігін анықтаудың негізгі әдістеріне өндірістік бағдарламаның еңбек сыйымдылығы бойынша есептеулер, өндіру көлемінің нормалары бойынша есептеулер, қызмет көрсету нормалары бойынша есептеулер, жұмыс орындары бойынша есептеулер жатады.

Еңбекке ақы төлеу қорын жоспарлау

Жалақы - еңбек келісімі негізінде орындалған жұмыс үшін ақша төлемдерінің сомасы немесе атқарылған жұмыстың табиғи төлем құны және құрылымы бойынша негізгі және қосымша болып бөлінеді.

Негізгі жалақыға кәсіпорындағы келісімді бағалаулар, тарифтік мөлшерлемелер негізінде жұмыскерге еңбек ақысын төлеу жатады және бекітілген нормаға сәйкес ол жалақының тұрақты бөлігі болып табылады.

Қосымша жалақыға әр түрлі сыйақылар, мерзімінен тыс уақыттағы жұмыс үшін төлемдер, прогрессивті бағалаулар бойынша қосымша төлеу, толық күндік немесе ауысымішілік тұрып қалуларға төлеу, төмен деңгейлі менеджерлерге (ресепшн, броньдау бөлімдерінің басшыларына) қосымша төлеу және т.б. жатады.

Еңбекақы төлеу нысандарының ең көп қолданылатын түріне келісімді және мерзімді еңбекақы жатады. Еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелерінің барлық түрлері тарифтік жүйеге және еңбекті нормалауға негізделеді.

Бақылау сұрақтары

  1. Қонақ үй шаруашылығының кадрларын басқару барысында қандай жалпы әдістер қолданылады?

  2. Ұйымдастырушылық-әкімшілік әдістер басқару нысанына қалай әсер етеді?

  3. Экономикалық басқару әдісінің мәні?

  4. Еңбек ұжымын басқару барысында қандай әлеуметтік-экономикалық әдістер қолданылады?

  5. Кәсіпорынға кадрларды тарту мақсатында қандай әдістер қолданылады?

  6. Кәсіпорындағы кадрлардың кетуін анықтау формуласы.

  7. Тарифтік-біліктілік сипаттаманың негізгі бөлімдері.

  8. Өндіру көлемін және еңбек сыйымдылығын көрсеткіштердің ұғымы және оларды есептеу формулалары.

  9. Еңбек өнімділігінің артуын жоспарлау, есептеу формуласы.

  10. Жұмыскерлердің санын жоспарлау, есептеу формуласы.

  11. Келісімді еңбекақыны есептеу формуласы.

  12. Мерзімдік еңбекақыны есептеу формуласы.

Дәріс 13-14.

Қонақ үй қызметінің тиімділігі:

  1. Қонақ үй-мейрамхана кешенінің тиімділік мазмұны және мәнін анықтау

Қонақ үй-мейрамхана кешенінің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері