
- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
- •Оқу формасы: күндізгі
- •Турысбекова г.К. – «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы, э.Ғ.К.
- •5. Пәндi оқыту мiндеттерi:
- •6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •7. Тақырыптардың мазмұны
- •8 Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі.
- •8.1 Негізгі әдебиеттер:
- •8.2 Қосымша әдебиеттер:
- •Оқу формасы: күндізгі
- •Турысбекова г.К. – «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы, э.Ғ.К.
- •5. Пәндi оқыту мiндеттерi:
- •6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •7. Мөж және омөж тапсырмаларының жоспарлары.
- •7. 1 Семинар (тәжірибе), лабораториялық сабақтардың жоспары
- •7.2 Моөж жоспары
- •8 Моөж өткізу кесетесі
- •9. Мөж бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •10. Бағалау түрлері
- •10.1. Білімді бағалаудың жалпы шкаласы.
- •10.2 Магистрантқа рейтинг қою шкаласы
- •10.4 Баға қою саясаты
- •1 Кесте. – Пән бойынша балдар келесідей есептелінеді
- •Бірінші аралық бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары
- •Арнайы мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер тізімі
- •3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы «Есеп және аудит» кафедрасы
- •5. Дәріс кешені
- •Қонақ үй кәсіпорнындағы айналым құралдарының мәні мен құрамы
- •Қонақ үй кәсіпорнының айналмалы құралдарын пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері
- •Айналым құралдарындағы қажеттілікті анықтау
- •Дебиторлық және несиелік берешекті басқару
- •Шығындар және олардың жіктелуі
- •Өнiмнiң және қызметтердің өзiндiк құнының калькуляциясы
- •Шығынды есепке алудың әдiстерi
- •Шығындарды есептеудің шетелдік тәжірибесі
- •Кәсіпорын пайдасы мен оны есептеу әдістері
- •Бизнес-жоспардың негізгі көрсеткіштері.
- •Еңбек өнiмдiлiгі: анықтамасы, көрсеткiштері. Өндiру көлемі және еңбексыйымдылығы, олардың сипаттамасы
- •Кәсіпорынның кадрлар санын жоспарлау. Жұмыс уақытының бюджетін есептеу
- •Еңбекке ақы төлеу қорын жоспарлау
- •Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына табыстардың шығындардан асуы, ақша қаражаттарымен еркін әрекет ету мүмкіндігі, қызмет барысында ақша қаражаттарының тиімді қолданылуы тән.
- •6. Семинар сабағының жоспары
- •7. Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
- •Семинар сабағында типтік есептеулерді орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •8. Магистранттардың өзіндік жұмысы үшін материалдар
- •Мөж тапсырмалары
- •9. Магистранттардың оқудағы жетістіктері және бақылау бойынша материалдар Бірінші аралық бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары
- •10. Оқу процесін мультимедиялық және бағдарламалық сүйемелдеу
- •11. Арнайы мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер тізімі
Кәсіпорын пайдасы мен оны есептеу әдістері
Пайда - қонақ үй кәсіпорнының кәсіпкерлік қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылады және өнімнің немесе қызметтің бағасы мен өзіндік құнының арасындағы айырмашылықты көрсетеді, сонымен қоса ол жалпы кәсіпорын бойынша өнім немесе қызметтен түскен түсім мен олардың өзіндік құнының арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Экономикалық көрсеткіш ретінде пайда кәсіпкерлік қызмет үдерісінде алынған таза табысты көрсетеді. Пайда – кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі және кәсіпорынның қаржылық ресурстарының негізгі элементтері болып табылады. Пайда экономикалық нәтиженің көрсеткіші ретінде сипатталады.
Пайда кәсіпкерлік қызметтің негізгі нәтижесі ретінде кәсіпорынның өзінінің оң жағдайын, оның жұмысшыларын, жалпы мемлекетті қамтамасыз етеді. Абсолютті пайда сатушының жүзеге асырған тауардан шығынды алып тастағандағы табыспен айқындалады.
Абсолютті пайданы жалпы пайда деп атайды, сондықтан оның құрамы мен абсолютті түрдегі шамасын анықтаудың маңызы зор.
Жалпы пайда мынадай түрлерге бөлінеді:
негізгі қызметтен түскен пайда;
басқа да өнім мен қызметті жүзеге асырғаннан түскен пайда;
негізгі қорлар мен басқа да мүліктен түскен пайда;
өткізуден тыс табыс пен шығыстан түскен пайда.
Пайданы жоспарлаудың негізгі әдістері:
тікелей есептеу әдісі;
аналитикалық әдіс;
қатар есептеу әдісі;
мультипликативтік нәтиже әдісі.
Мультипликативті әдісті тәжірибеде қолданудың пайдалы жері сол, өткізілетін маркетингтік шараларды орнатуға, бақылау жасауға мүмкіндік береді және мынадай сұрақтарға жауап табуға көмектеседі:
Сауда айналымының өзгеруіне тәуелді болған кезде пайданың көлемі қалай өзгереді?
Алынатын пайданың көлемін көбейту үшін қаншалықты шығын жұмсауымыз мүмкін?
Пайда қысқартпай шығындардың өсуін қалпына келтіру үшін қандай қызмет түріне бағаны көтеруге болады?
Осы сұрақтардың жауаптары қонақ үй кәсіпорынының алдағы жылға дұрыс баға стратегиясын таңдауға мүмкіндік береді. Мультипликативті әдістің бір артықшылығы оны қолданудағы қарапайымдылық пен көрнекілігі болып табылады. Бәсекелестік артықшылыққа ие болу үшін әрбір қонақ үй кәсіпорны өз бетімен осы және аналитикалық әдіспен есеп жүргізуі қажет.
Қонақ үй кәсіпорынындағы қызметтің шығынсыздығы. Шығынсыздық нүктесі: мәні, есептеу әдістемесі, қолданылуы
Қонақ үй кәсіпорнының шығынсыз қызметі көптеген факторларға, соның ішінде тауар өндірісінің оптималды көлемін таңдауға және қызмет беруге, мақсатты даму қарқынына тәуелді болады. Түсім шамасы барлық шығынды жабуы және пайда алуды қамтамасыз етуі қажет. Бұл мәселені шешуге арналған аналитикалық құралдар бар.
Өтеу сомасы деп түсім мен жалпы айнымалы шығындар айырмашылықты айтамыз, яғни, бұл - тұрақты шығындар мен пайданың қосындысы. Өтеу сомасын есептеу үшін түсімнен барлық айнымалы шығындарды (кейде оларды тікелей шығындар деп атайды) алады, сонымен қатар өндіріс пен қызмет көлеміне тәуелді қосымша шығындардың бөлігі алынады.
Өтеудің орташа шамасы дегеніміз – қызмет бірлігінің бағасы мен орташа айнымалы шығындар арасындағы айырмашылық. Өтеудің орташа шамасы қызмет бірлігінің тұрақты шығындарды жабуға және пайда табуға салған салмағын көрсетеді.
Өтеу коэффициенті дегеніміз – сатылымнан түскен табыстағы өтеу сомасының үлесі. Қызметтің бөлек бірлігі үшін өтеу коэффициенті – осы қызмет бірлігіндегі баға түрінде көрсетілген өтеудің орташа мөлшерінің үлесі.
Шығынсыздық нүктесі (көрсетілетін (сатылатын) қызметтің шекті көлемі) — кәсіпорын қызметіндегі шығындарды толық өтеуге мүмкіндік беретін, бірақ пайдамен қамтамасыз етпейтін әрекет жағдайы. Басқаша айтқанда пайда нөлге тең болған жағдайдағы көрсетілетін қызметтің төменгі шекті көлемі.
Тұрақты шығындары төмен деңгейлі кәсіпорынның қаржылық жағдайы көрсетілетін қызметтің физикалық көлемінің өзгеруінен аз мөлшерде тәуелді болады. Тұрақты шығындарының бөлігі жоғары болып келетін қонақ үй кәсіпорыны орын қорларының жүктелуінен сақтануы жөн.
Тетік (левередж) - шығындардың құрылымы, капитал және қаржылық нәтиже құрылымдарының арақатынасын сипаттайтын көрсеткіш болып табылады. Бұл көрсеткіштің аз мөлшерде өзгеруі кәсәпорынның соңғы көрсеткіштерінің (пайда, тиімділік) елеулі түрде өзгеруіне әкелуі мүмкін.
Шығындардың құрылымын (тұрақты және айнымалы шығындардың арасалмағы), капиталдың және қонақ үй қызметінің қаржылық нәтижесінің құрылымынынын арақатынасын сипаттайтын үш түрлі тетік бар.
Мықты операциялық тетік пен мықты қаржылық тетіктің байланысы кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайына, әсіресе кәсіпкерлік қызметтің тоқырауы және өткізуден түскен түсімнің төмендеуі жағдайында теріс әсер етуі мүмкін. Себебі кәсіпкерлік және қаржылық тәуекелдер бірін бірі көбейтеді, сонымен қоса, операциялық және қаржылық тетіктердің өз ара байланысы түсімнен қысқарып келе жатқан пайданың таза табысқа деген теріс әсерін күрделендіріп жіберуі мүмкін. Жоғарыда айтылғанға байланысты, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы үшін төмендегілер маңызды:
өнімнің өзіндік құн құрылымындағы тұрақты және айнымалы шығындардың арасындағы тиімді байланыстың болуы;
меншікті және қарызды капиталдардың байланысына қарай капиталдың мақсатты құрылымын таңдау.
Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес салық дегеніміз – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізілетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын, бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.
Әлеуметтік және экономикалық міндеттерге сәйкес ұлттық пайданы бөлу және қайта бөлуді қамтамасыз ететін қаржылық қатынастарының бір нысаны болып, салық сол немесе басқа да қызмет нысанын дамытуда адамдарды ынталандырады және бөлу жүйесінде пайда болған қатерді жоюға бағытталған. Сондықтан салықтар қазіргі кезде мемлекеттің қаржылық саясатында маңызды бөлім болып табылады.
Салықтар табыс, пайда және мүлікке салынатын тікелей салыққа (табыс салығы, ҚҚС және т.б) және бағаға және тарифке (акциз) үстеме ретінде қосылатын жанама салыққа бөлінеді.
Салық салудың негізгі принциптері — бұл біркелкілілік және анықтылық. Біркелкілілік — жалпылылық, ереженің бірлігі және де салық төлеушінің бірдей шығын шығаруына қарай мемлекеттің салықсалушыларға деген бірдей көз қарасы. Анықтылықтың мәні салық салу реті алдын ала заңмен бекітілуден тұрады, яғни салықтың мөлшері мен мерзімі алдын ала белгілі болуы қажет. Мемлекет сонымен қатар осы заңның орындалмағаны үшін жазалау шараларын анықтайды.
Бақылау сұрақтары
Кәсіпорын пайдасы экономикалық cанат ретінде, пайданың түрлері.
Пайданың тікелей есепті жоспарлау әдісін сипаттаңыз.
Пайданың түрлі жоспарлау әдісін сипаттаңыз.
Пайданың аналитикалық жоспарлау әдісін сипаттаңыз.
Пайданың қосарлы есеп әдісін сипаттаңыз.
Пайданың мультипликативті есептеу әдісін түсіндіріңіз.
Жалпы пайданы түзету алгоритмін түсіндіріңіз.
Кәсіпорынның шығынсыздық нүктесінің мәнін түсндіріңіз және оның көрсеткіштерін сипаттаңыз.
Операциялық (өндірістік) тетікті сипаттаңыз және оны есептеу әдістерін келтіріңіз.
Қаржылық тетікті сипаттаңыз және оны есептеу әдістерін келтіріңіз.
Түйіндес тетікті сипаттаңыз және оны есептеу әдістерін келтіріңіз.
Дәріс 9-10. |
Қонақ үй-мейрамхана бизнесі кәсіпорындарының қызметін жоспарлау:
|
Жоспарлаудың бірнеше әдістері белгілі: баланстық, есепті-талдамалық, экономика-математикалық, графоталдамалық, бағдарламалы-мақсаттық.
Жоспарлаудың баланстық әдісі жоспардың бөлімдері арасында байланыстардың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Мысалы, баланстық әдіс өндірістік бағдарламаны кәсіпорынның өндірістік қуатымен, ал өндірістік бағдарламаның еңбек сыйымдылығын жұмыскерлер санымен байланыстырады. Кәсіпорында өндірістік қуат, жұмыс уақыты, материалдық, энергетикалық, қаржы және т.б. баланстары құрылады.
Есепті-талдамалық әдіс белгілі сандық деңгейді қамтамасыз ететін жоспар көрсеткіштерінің динамикасы мен факторларын есептеу үшін қолданылады. Осы әдіс аясында жоспардың негізгі көрсеткіштерінің базистік деңгейі анықталады, олардың жоспарлы кезеңде негізгі факторлардың сандық әсерінен пайда болған өзгеруі сипатталады және базистік деңгейімен салыстыру негізінде жоспардың көрсеткіштер индексі есептеледі.
Экономика-математикалық әдістер сандық параметрлерді негізгі факторлармен салыстыру негізінде көрсеткіштер тәуелділігінің экономикалық модельдерін құрастыруға мүмкіндік береді және жоспардың бірнеше нұсқасын әзірлеп, оңтайлысын таңдауға ықпалын тигізеді.
Графоталдамалық әдіс экономикалық талдау нәтижелерін графикалық құралдар арқылы сипаттауға мүкіндік береді. Графиктер көмегімен түйіндес көрсеткіштер арасындағы сандық тәуелділікті анықтау мүмкін болады (мысалы, қор қайтарымы, қор жарақтану және еңбек өнімділігінің өзгеру қарқындары арасындағы тәуелділікті анықтау).
Желілік графиктер графоталдамалық әдістердің бір түрі болып табылады. Олардың көмегімен кеңістікте және уақыт ішінде күрделі жобалардың қатар орындалуы модельденеді (мысалы, жаңа бөлмелер қорын қалыптастыру және қосымша шет елдегі нарықты игеру).
Бағдарлама-мақсаттық әдістер жоспарды бір мақсатқа біріккен бағдарламалар, іс-шаралар кешені ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Бағдарламаның маңызды сипаты - соңғы нәтижелерге жетуге бағытталушылық. Бірқатар мақсаттар мен міндеттер негізінде айқындалатын басты мақсат бағдарлама түйіні болып табылады. Мақсаттарға жету үдерісі қажетті ресурстар мен өкілеттіліктері берілген нақты орындаушылар арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда жоспарлаудың үш негізгі тәсілі белгілі:
«жоғарыдан төменге» (ретроградты) жоспарлау - қонақ үйдің жоғары денгейлерімен құрастырылып, бекітіліп ұйымдық иерархия бойынша төменгі бөлімдерге түсіріледі;
«төменнен жоғарыға» (прогрессивті) жоспарлау – қонақ үйдің төменгі қызметтерінде және бөлімшелерінде құрастырылады және дайын жоспар бекітілуге жоғары басшыларға жіберіледі;
қарама-қарсы (шеңберлі) жоспарлау – прогрессивті және ретроградты жоспарлау тәсілдерін біріктіреді, яғни басшылар және төменгі бөлімшелердің әрқайсысы өздерінің жоспар нұсқаларын дайындайды және жалпылай талдау негізінде бір ортақ нұсқаны бекітеді.
Маркетингтің эволюциялық даму кезеңі ғасырдан астам уақытқа созылып келеді. Ірі ауқымды өндіріс қалыптасып, бәсекелестіктің күрт шиеленіскен жағдайларында өндірісті басқару және өнімді өткізу әдісі ретінде ол, ең алғаш АҚШта, содан кейін Еуропа елдерінде де пайдалана басталды. ХХ ғасырдың 60-жылдары маркетинг ғылыми негізделді және толысқан нарық жағдайында өнімді сатудың тиімді әдісі ретінде кең қолданылды, 70-жылдары өнеркәсіпте белсенді пайдаланылды, ал 80-жылдары қызмет көрсету саласына және коммерциялық емес іс әрекетке де енгізіле бастады.
«Маркетинг» ұғымы ағылшынның «market» (нарық) сөзінен шыққан, ал «инг» жалғауы нарық жасаушысы немесе нарық аумағындағы қызмет дегенді сипаттайды. Маркетинг ірі ауқымды өндірістің қалыптасуы және бсекелестіктің күрт шиеленіскен жағдайында өнімді өндіру мен өткізуді басқарудың әдісі ретінде бөлініп шықты.
Маркетинг дамуының бірінші кезеңі ХХ ғасырдың басынан бастап қырқыншы жылдардың соңына дейін созылды. Бұл кезеңдегі маркетингтің мақсаты тауарларды ұтымды өткізу мен тездетіп сату және коммерциялық іс әрекеттің тиімділігін арттыру болып табылады. Бұл кезеңде алпысыншы жылдарға дейін кең қанат жайған маркетингтің өндірістік, содан соң өткізу тұжырымдамалары дамыды. Бәсекелестіктің күшеюі, сонымен қатар капитал шоғырлануы мен орталықтандырылуы үдісі үдеюінің ықпалымен, кейіннен маркетинг блімнің жеке саласы ретінде бөлініп шықты. Ал оқу пәні ретінде маркетинг ХХ ғасырдың басында алғаш АҚШ тың Мичиган және Калифорния университеттерінде жүргізіле бастады.
Маркетингтің шетелдік және отандық ғалымдар ұсынған неғұрлым жиі кездесетін анықтамаларын талдай келе, оларды мазмұнына қарай былай топтастыруға болады.
Маркетингті тауарлар мен қызметтерді өткізу және сату ретінде қарастыратын анықтамалар. Мұнда негізінен өткізу қызметіне және тауарларды нарыққа жылжытуға назар аударылады. Бұл көзқарас шектеулі, өйткені оның авторлары маркетингт өткізу, сату және жарнамаға теңейді. Осыған орай, Ф.Котлердің «өткізу маркетинг мұзтауының ұшар басы ғана, маркетинг міндеттерінің бірі ғана, тіпті ең елеулісі де емес» деген сөзін келтіргеніміз жөн.
Маркетинг менджменттің маңызды міндеті ретінде қарастырылады, мұнда ол фирманың өндірістік өткізу әрекетінің басқару жүйесі деп беріледі. Бұл амал маркетингтің жалпы экономикалық ққұбылыс ретіндегі табиғатын ашпайды. Маркетингті менежмент доктринасына ұштастыру, нарықтық қатынастарды тиімді қалыптастыру құралы ретіндегі оның әлеуметтік экономикалық негізін айқындауға мүмкіндік бермейді.
Маркетинг қазіргі бизнес философиясы, ойлау стилі және тұтынушылардың мұқтаждықтары мен тілектерін қанағаттандыруға бағытталған мақсат. Мұндай көзқарасты ұстанатын авторлар маркетингті әлеуметтік экономикалық жағынан қарастырады, бірақ мұнда оның мақсаттары тым мінсіздендірілген. Бұл көзқарас нарықтық экономикасы дамыған елдердегі фирмалардың маркетингтік қызметіне сәйкес келеді.
Маркетингті адамдардың мұқтаждықтары мен қажеттеліктерін қанағаттандыруға және зерттеуге бағытталған әлеуметтік үдеріс ретінде қарастырылатын анықтамалар. Бұл көзқарас маркетингтің әлеуметтік сипатын көрсетеді.
Сонымен маркетинг бұл нарықты жан жақты зерттеу негізінде тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру жолымен бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы пайда табуға бағытталған тұжырымдама және біріккен қызмет. Бұл анықтама маркетингтің екі жақтылығын бөліп көрсетеді, ол екі аспектілерден (тұжырымдамадан)/(іс әрекеттен) тұрады.
Маркетинг тұжырымдамалары
Маркетинг нарықтық экономикалық жүйеде орны бар ойлау стилі, іргетасты қалайтын қондырғы немесе басқару философиясы сияқты кәсіпкерліктің де ең негізгі тірегі болмақ. Маркетинг тұжырымдамасы фирма қызметінің басты мұраты сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және осының негізінде оның өсу мен мол пайда табу мақсатына жетуді көздейді.
Маркетингтің теориясы мен тәжірибесінде мынадай тұжырымдамалар белгілі:
өндірістік
тауарлық
өткізу немесе саудалық
маркетингтік
қоғамдық немесе әлеуметтік этикалық маркетинг тұжырымдамасы
Тұжырымдалар |
Қолдану шарттары |
Мақсаттар |
Өндірістік |
Сұраныс ұсыныстан елеулі түрде артық; үлкен және тұрақты нарықтың болуы |
Өнімді өндірудің жоғары тиімділігіне жету, бағаларды төмендету |
Тауарлық |
Тұтынушылардың тауар сапасына қоятын талаптары |
Тауарды жетілдіру және оның сапасын арттыру |
Өткізуші немесе саудалық |
Монополия және тауар тапшылығы жағдайы; өнімдерді өткізудің шектелген нарығы |
Өндірілген тауарды сату, өткізу бойынша жоспарды орындау |
Маркетингтік |
Тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін бәлу, мақсатты нарықтың болуы, біріккен маркетинг жүйесін құру |
Бәсекелестермен салыстырғанда тұтынушы мұқтаждықтары және қажеттіліктерін неғұрлым жақсырақ қанағаттандыру |
қоғамдық немесе әлеуметтік этикалық маркетинг тұжырымдамасы |
Экология мәселелері; әлеуметтік және этикалық мәселелерді есепке алу қажеттілігі |
Фирманың пайда табуы; сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру; қоғам мүддесін ескеру |
Өзара әрекеттесу маркетингі |
Тұрақты сатып алушылар мен бизнес серіктердің бар болуы |
Сатып алушылар мен бизнес серкітер арасындағы ұзақ мерзімді өзара қатынастарды орнықтыру мен қолдау |
Маркетинг түрлері
Конверсиялық маркетинг
Бұқаралық маркетинг
Маркетинг кешені (маркетинг микс)
Ұйымдық маркетинг
Қолданушы марктеинг
Тұтыну тауарларының маркетингі
Қарсы әрекет етуші маркетинг
Дамушы маркетинг
Өндіріс құрал жабдығының маркетингі
Ынталандырушы маркеинг
Сараланған тауар маркетингі
Қызмет көрсетулер маркетингі
Мақсатты маркетинг
Сол сияқты, экономикада пайдалану деңгейіне байланысты маркетинг макро және микро маркетинг деп бөлінеді.
Маркетенгті қолдану аумқтарын жүйелей отырып, оның қолданатын негізгі салаларын сәйкес өнеркәсіп, тұтыну, қызмет көрсету, коммерциялық емес, деген түрлерін бқліп қарастыруға болады.
Маркетингке үдеріс ретінде ішкі екі жақтылыө тән, ол маркетингтің сараптамалық және әрекеттік жақтарынан көрінеді. Осы екі аспектіге сәйкесінше маркетингтің стратегиялық және жедел деген екі түрін бөліп көрсетуге болады.
Жүзеге асыр шекарасына байланысты маркетингтің ұлттық (ішкі), халықаралық, ғаламдық (глобальды) деген түрлері бар.
Өндірушінің тұтынушымен байланысына қарай тікелей және желілік сияқты маркетингтің екі түрін айқындаймыз.
Жіктеу белгілерінің бірі ол тауарлар мен қызметтерге сұраныс жағдайы. Оған сәйкес маркетингтің бірнеше түрлері бар, олардың мақсаты нарықтағы сұраныс жағдайын зерттеу және оларды басқару шаралларын әзірлеу. Олар мыналар болып табылады: жағымсыз сұраныс, ынталандырушы, дамушы маркетинг, ремаркетинг, демаркетинг, синхромаркетинг, қолданушы маркетинг.
Бизнес-жоспар және оны жасау жолдары. Бизнес-жоспар – бұл бизнестің жаңа түрін құруға, фирма қызметінің жаңа сферасын қамтуға қажетті кәсіпорынның даму жоспары.
Бизнес-жоспарды жаңадан құрылған кәсіпорындар, сонымен қатар экономикасы дамыған ұйымдар жасауы мүмкін. Бизнес-жоспар келесі маңызды мәселелерді шешеді:
кәсіпорынның болашақта тұрақтылығын және тіршілікке икемділік дәрежесін анықтайды, кәсіпкерлік қызметтің тәуелділігін төмендетеді;
дамудың сандық және сапалық көрсеткіштер түріндегі бизнестің болашағын анықтайды;
фирманың потенциалды инвесторлар жағынан көмекті қамтамасыз ете отырып, олардың ықыласын және қызығушылығын тартады;
жоспарлаудың бағалы тәжірибесін алуға көмектеседі, мекемеге және оның жұмыс ортасына деген болашақта көзқарасын дамытады.