
- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
- •Оқу формасы: күндізгі
- •Турысбекова г.К. – «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы, э.Ғ.К.
- •5. Пәндi оқыту мiндеттерi:
- •6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •7. Тақырыптардың мазмұны
- •8 Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі.
- •8.1 Негізгі әдебиеттер:
- •8.2 Қосымша әдебиеттер:
- •Оқу формасы: күндізгі
- •Турысбекова г.К. – «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы, э.Ғ.К.
- •5. Пәндi оқыту мiндеттерi:
- •6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •7. Мөж және омөж тапсырмаларының жоспарлары.
- •7. 1 Семинар (тәжірибе), лабораториялық сабақтардың жоспары
- •7.2 Моөж жоспары
- •8 Моөж өткізу кесетесі
- •9. Мөж бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •10. Бағалау түрлері
- •10.1. Білімді бағалаудың жалпы шкаласы.
- •10.2 Магистрантқа рейтинг қою шкаласы
- •10.4 Баға қою саясаты
- •1 Кесте. – Пән бойынша балдар келесідей есептелінеді
- •Бірінші аралық бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары
- •Арнайы мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер тізімі
- •3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы «Есеп және аудит» кафедрасы
- •5. Дәріс кешені
- •Қонақ үй кәсіпорнындағы айналым құралдарының мәні мен құрамы
- •Қонақ үй кәсіпорнының айналмалы құралдарын пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері
- •Айналым құралдарындағы қажеттілікті анықтау
- •Дебиторлық және несиелік берешекті басқару
- •Шығындар және олардың жіктелуі
- •Өнiмнiң және қызметтердің өзiндiк құнының калькуляциясы
- •Шығынды есепке алудың әдiстерi
- •Шығындарды есептеудің шетелдік тәжірибесі
- •Кәсіпорын пайдасы мен оны есептеу әдістері
- •Бизнес-жоспардың негізгі көрсеткіштері.
- •Еңбек өнiмдiлiгі: анықтамасы, көрсеткiштері. Өндiру көлемі және еңбексыйымдылығы, олардың сипаттамасы
- •Кәсіпорынның кадрлар санын жоспарлау. Жұмыс уақытының бюджетін есептеу
- •Еңбекке ақы төлеу қорын жоспарлау
- •Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына табыстардың шығындардан асуы, ақша қаражаттарымен еркін әрекет ету мүмкіндігі, қызмет барысында ақша қаражаттарының тиімді қолданылуы тән.
- •6. Семинар сабағының жоспары
- •7. Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
- •Семинар сабағында типтік есептеулерді орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •8. Магистранттардың өзіндік жұмысы үшін материалдар
- •Мөж тапсырмалары
- •9. Магистранттардың оқудағы жетістіктері және бақылау бойынша материалдар Бірінші аралық бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары
- •10. Оқу процесін мультимедиялық және бағдарламалық сүйемелдеу
- •11. Арнайы мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер тізімі
4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы «Есеп және аудит» кафедрасы
Мамандық |
Пән |
Негізгі оқу-әдістемелік құралдың болуы, дана |
Магистрант-тар контингенті |
Ескерту (ескірген/жаңа әдебиеттер, оларды жаңарту қажеттігі/ сатып алу, жаңа оқу-әдістемелік әдебиеттерді дайындау қажеттілігі) |
||||
|
Электронды түрде ПОӘК |
|||||||
қ/б |
о/б |
қ/б |
о/б |
қ/б |
о/б |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
6М050800 – «Есеп және аудит» |
Қонақ үй бизнесі мен қоғамдық тамақтанудағы бухгалтерлік есеп |
1 |
10 |
2 |
4 |
20 |
|
|
5. Дәріс кешені
Дәріс 1-2. |
Қонақ үй бизнесі мен қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының айналым құралдары
|
Қонақ үй кәсіпорнындағы айналым құралдарының мәні мен құрамы
Кәсіпорындағы қонақ үй қызметтерін көрсету үдерісінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір айналым құралдары (активтер) үнемі болуы тиіс.
Айналым қаражаттары кәсіпорынның үздіксіз айналымындағы материалдық және ақшалай құндылықтардың жиынтығы болып табылады, бір цикл ішінде өзінің материалдық формасын өзгертеді және өз құнын көрсетілетін қызметтерге толықтай көшіреді.
Айналым қаражаттарының айналым циклі— бұл олардың жүйелі түрде қайталанып тұратын материалдық-заттай формасының ауысу үдерісі. Айналым қаражаттарының айналымы қонақ үйдің қызмет көрсету бойынша қажеттіліктерін қанағаттандыру үдерісіндегі материалдық-заттай форманың ауысуымен шартталады. Қаражаттар айналымының бәсеңдеуі кәсіпорынның жабдықтаушылар, сатып алушылар және банктермен есептесу жүйесінің бұзылуына және олармен экономикалық байланысты кәсіпорындардың да есептесу жүйесінің бұзылуына әкеледі.
Негізгі қорларға қарағанда айналым қаражатының бірқатар ерекшеліктері бар: біріншіден, айналым құралдары міндетті түрде айналымға қатысады, екіншіден, олар айналымнан тауарлар мен қызметтердің (материалдық-техникалық жабдықтарды есептемегенде) өткізілуіне байланысты шығады және өз құнын толығымен дайын өнім (қызмет) құнына көшіреді. Әдетте айналым құралдарының құны бір айналым ішінде өтеледі, бірақ бұл негізгі қорлар айналымының уақытынан аз уақытта жүзеге асады. Мысалы, қорлардың құны өнім құнына бір айналым ішінде толықтай өтеді.
Арзан және тез тозатын заттардың құны бірлік үшін төлемнің минималды көлемі шеңберінде қызметтер мен тауар құнына оларды пайдалануға берген кезде өтеді. Қымбат және қолдану мерзімі ұзақ құралдарының құны жартылай көрсетілетін қызмет құнына бірден кіргізілсе, қалған бөлігі құралдардың жарамсыздығына байланысты жайлап қызмет құнына қосылады.
Айналым құралдарының мәні олардың экономикалық мәнімен – өндіріс үдерісі және тұтыну үдерісі кіретін қайта өндіру үдерісін қамтамасыз ету қажеттігімен анықталады. Айналым құралдарының құрылымы сурет 7.1-де көрсетілген.
Негізінде айналмалы өндірістік қорларды және айналу қорларын ажыратады.
Айналмалы өндірістік қорларға өндірістік қорлар (шикізат жән негізгі материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар, қосымша материалдар, арзан және тез тозатын заттар, құралдар, отын, ыдыс), аяқталмаған өндіріс және болашақ кезең шығындары жатады.
Өндірістік қорлар екі бөліктен тұрады – кәсіпорынға енгізілген, бірақ өңдеудің бірінші кезеңінен өтпеген еңбек заттары және өндірістік үдерісіндегі, өңделе келе дайын өнімге айнлатын еңбек заттары.
Аяқталмаған өндіріс өңделіп басталған, бірақ өндірістік цехтарда әр түрлі өңдеу кезеңдерінен өтіп жатқан және әлі де болса дайын өнімге айналмаған аяқталмаған өнім болып табылды.
Сурет 7.1. Қонақ үй кәсіпорынның айналым құралдарының құрылымы
Айналу қорлары – айналым саласына қызмет көрсету және кәсіпорынның өндіріс үдерісінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті қорлар. Айналу қорларынана тауар қорлары, кәсіпорынның ақша қаражаттары (кассадағы, банктегі есептік және басқа да шоттардағы, аккредитивтерде және т.б.), қысқа мерзімді қаржылық салымдар жатады.
Дайын өнім – сатып алушыларға жіберілген өнім. Төлем жасалмаған дайын өнім тиеліп жіберілген тауарлар құрамында болады.
Ақша қаражаттарына кассадағы және кәсіпорынның банктік шоттардағы ақшасы, сонымен қатар құнды қағаздары жатады. Құнды қағаздарға басқа кәсіпорындардың акциялары мен облигациялары, ішкі мемлекеттік және жергілікті заемдар, мемлекеттің қазыналық міндеттемелері, жинақтау сертификаттары, вексельдер және басқа да ұйымдардың чектері жатады. Бұл қағаздар кәсіпорын қаражаттарын басқа кәсіпорындардың іскерлігін қаржыландыру, коммерциялық негізде қысқа және ұзақ мерзімді заемдарды беруін куәландырады.
Басқа кәсіпорындардың құнды қағаздарын (акциялар және облигациялар), мемлекет шығарған облигацияларды сатып алу олар бойынша дивидендтер алу (акциялар бойынша) немесе пайыздар алу (облигациялар бойынша) капитал салымдарының бір түрі болып табылады.
Дебиторлық қарызға уақытша басқа кәсіпорындардың немесе жеке тұлғалардың қарауындағы қаражаттар жатады, бұл есептерде көрсетіледі.
Жоспарлау ерекшеліктерін ескере отырып, айналмалы қаражаттарды нормаланатын және нормаланбайтын деп бөледі.
Нормаланатын айналмалы қаражатқа тауарлық қорлар, кассадағы немесе жолдағы ақша қаражаттары, өндірістік қорлар, жартылай фабрикаттар, арзан және тез тозатын заттар, болашақ кезең шығындары жатады.
Нормаланатын айналмалы құралдардың көлемі қонақ үй кәсіпорны өткізетін қызметтерінің көлеміне және тауарлардың (материалдық-техникалық жабдықтау заттарынан басқа) айналу жылдамдығына тікелей тәуелді. Айналмалы қаражаттардың осы түрлері бойынша қонақ үй кәсіпорны қызметін жүзеге асыру үшін қажетті қорлар нормалары бекітіледі (минималды мүмкін болатын шектерде).
Нормаланбайтын айналмалы құралдарға есептік және басқа да шоттардағы қаражаттар, дебиторлармен есептесу қаражаттары, тиеліп жіберілген және сақталатын тауарлар жатады. Нормаланбайтын айналмалы қаражаттар жоспарланбайды және осы қаражаттар қалдықтарының нормативтері қарастырылмайды.
Құрылу көздеріне байланысты айналмалы қаражаттар меншіктік және заемдық деп бөлінеді.
Меншіктік айналмалы қаражаттар кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын және оперативті дербестігін қамтамасыз етеді. Меншіктік айналмалы қаражаттар өндірістік қорларды және болашақ кезең шығындарын құру үшін бөлінеді. Олар жарғылық қорда кәсіпорын атына бекітілген. Кәсіпорындар өздігінен меншікті айналмалы құралдарды орналастыруға, жоспарлауға және пайдалануға құқықтары бар. Меншіктік қаражат көзі жарғылық қор (акционерлік капитал болуы мүмкін), пайда, арнайы қорлар және резервтер болуы мүмкін.
Жарғылық қор қатысушылардың кәсіпорынды құрған кездегі оның құрылтай құжаттарымен бекітілген көлемде қызметін қамтамасыз ету үшін мүлікке салған салымдарының жиынтығы болып табылады. Қатысушылар салымдарды мынадай түрде жүргізуі мүмкін: құрылыстарды, ғимараттарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, шикізат пен материалдарды қолдануға беру немесе кәсіпорынға ақша қаражаттарын аудару.
Қарыз айналмалы құралдар кәсіпорын тартқан несиелер есебінен құрылады. Қарыз айналмалы құралдар қатаң мақсатты бағытталған болып табылады, яғни қарыз берілген тауарлар мен шығындар үшін төлем жасауда қолданылады. Несие кәсіпорын жабдықтаушыларымен есептесу мақсатында немесе басқа да уақытша қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін алынуы мүмкін.
Қарыз қаражаттардың көздері — банктің қысқа және ұзақ мерзімді қарыздары, ұзақ мерзімді банк несиелері, кредиторлық қарыз. Бұларға жұмыскерлердің жалақысы бойынша қарыздар, бюджет алдындағы салықтар мен аударымдардың сомасы бойынша қарыздар, әлеуметтік және медициналық сақтандыру органдары алдындағы қарыздарды жатқызуға болады. Есептелген, бірақ сәйкес сақтандыру қорларына аударылмаған аударымдар сомасы біраз уақыт кәсіпорынның айналымында болады. Салықтарды ұстап қалу және оларды бюджет табысына аудару уақыты арасында уақыт айырмасы болуы мүмкін, осы кезде ақша кәсіпорынның щаруашылық айналымында болады және активтер құру үшін қолданылады. Осыған ұқсас кәсіпорынның шаруашылық айналымында күн сайын табылатын, бірақ айына бір немесе екі рет төленетін жалақы болады.