Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
82.43 Кб
Скачать

2.2Қырықжапырақтың құрылымдық және биологиялық ерекшеліктері.

Қырықжапырақтың түрлі-түсті және Қытайлық түрлерінен басқасы - екі жылдық өсімдік. Бірінші жылы өсімдік бөлігі(каудан және жапырақтары) екінші жылы репродуктивті мүшелері мен тұқымдары дамиды.

Қырықжапырақтың түрлері вегетативті мүшелеріне байланысты орай ажыратылады. Ал, репродуктивті мүшелері мен тұқымдарына қарап ажырату мүмкін емес.

Қаудыйған тұтас орамжапырақ. Есейген өсімдіктердің тамырлы жүйесі шашақталған, көбінесе, екінші қатарлытамырлардан тұрады. Тамырының негізгі бөлігітерең емес орналасқан, дегенмен тамырларының кейбір бөлімдері150см тереңдікке еніп, еніне 100м және одан көпке бойлайды.

Сабағы бірінші жылы қысқа қалың, жапырақтары жиі орналасқан болып келеді. Орамжапырақтың сыртқы және ішкі өзегінің қалыңдығы сортқа және өсіру ерекшеліктеріне байланысты қатты өзгеріп отырады.Суы аз және температурасы жоғары болған жағдайда орамжапырақтың өзегі биіктеу болады. Жапырақтары ірі, отырған. Жапырақ пласпинкасы ұзарған овал, жұмыртқа тәрізді немесе дөңгелек болып келеді.Жапырақ пластинкасының беті тегіс, іші иілген немесе шығыңқы болуы мүмкін. Сабағының ұзындығы 4-10см-ден 15см-ге дейін немесе одан да ұзын болуы мүмкін. Кейбір сорттарының топырақтары отырған болады. Жапырақтарының жиегі тегіс немесе фестон тәріздіден толқынды болуы мүмкін болуы мүмкін. Жапырақтарының түсі ақшыл және қою жасылдан күлгін түске дейін боялады. Жапырақ пластинкасының пішіні сорттардың негізгі белгісі болып табылады, дегенмен олар көптеген өзгерістерге ұшырап отырады.

Құрғақшылық және жоғарғы тамператураның әсерінен жапырақтар ұсақтау болады. Бірақ жапырақтарының өзгеруі орамжапырақтың сортына байланысты болып келеді. Оңтүстік сорттарының жапырақтары жоғарғы температураның әсерінен кішіреюі орталықтағы сорттардың жапырақтарына қарағанда әлсіз өзгереді. Жапырақ және жапырақ пластинкасының кішіреюі өсімдікті өсірген топыраққа да байланысты. Пластинка бетінің өзгеруі егу ерекшеліктеріне байланысты болады.Ылғалды климатқа тегістеліп, құрғақшылық жағдайда томпайа түседі.

Қаудан – ол әр түрлі мөлшерлі болады: ұсағының диаметрі 10см, ірісінің диаметрі 35-40см және одан да үлкен. Қауданның пішіні мен мөлшері сорттарды айыруда маңызды орын алады. Қауданның мөлшері егу ерекшелігіне байланысты қатты өзгеріске ұшырап отырады. Ал, қауданның пішіні әлсіз өзгереді.

Тамырлы жемістер. Халық шауашылығында қолданылатын тамырлы жемістердің маңызы зор. Өйткені олар адамзаттың тамақтануында қолданылатын негізгі тағамдардың бірі болып табылады. Тамырлы жемістер өсінділердің әр түрлі бөліктерінен дамиды. Тамырлы жемістердің негізгі үш бөліктерін ажыратамыз: басы, мойыны, тамырдың өзін. Тамырлы жемістердің қалыптасуында өсінділердің қатысуы жеке дақылдар мен сорттардың арасында әр түрлі болады. Басы сабағынан дамиды. Мойыны басы мен тамырды жалғастырып тұрады. Мойыны басымен төменгі жапырақтардың бекіншген жері мен шекараласатын боллса, тамырымен әлде қайда төменгі бөліктерінде.

Ботаника тұқымдастығында көптеген өсімдіктер тамырлы жеміс түзе алады: зонтикалық сәбіз, петрушка,сельдерей, марелық қызылша; крестоезбетті- тұрып, тұрма, шалқан,тарна және т.б [10].