Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
82.43 Кб
Скачать

2.1 Қырықжапырақтың сорттары

Батыс Еуропалық сорттары Англия мен Францияда қыс мезгілі жағдайында жарыққа шығарылған. Аз пісетін немесе кеш пісетін түрлері болады. Қауданы ұсақ және орта мөлшерлі болуы мүмкін Орталық сорттары Орталық Еуропаның қоңыр салқын климатында өндірілген Голландық сорты жұмсақ теңіз маңы климатында, ұзақ вегетационды кезеңмен жоғары агротехника жағдайында өндірілген. Ол кеш пісетін және орташа пісетін түрлерімен суыққа және ауруларға төзімділігімен белгілі Сібірлік сорты Сібір жағдайында өсіріледі.

Савойлық қырықжапырақB. sabauda Lizg. Екі жылдық өсімдік; қаудан түзетін және де түзбейтін сорттары белгілі. Қауданы қаудыйған тұтас орам жапыраққа қарағанда кішірек, жапырақтары тұтас, әлсіз мера тәріздес немесе мера тәрізді отырған, немесе орташа және қысқа сапты. Жапырақ пластинкалары көпіршікті овал тәріздес, қайтымды жұмыртқа немесе бүйрек пішінді болып келеді. Көпіршіктер жапырақтың мезофилдері талшықтарына қарағанда тезірек дамиды. Соның нәтижесінде жапырақ талшықтарының арасы бітісіп, талшықтардан шығыңқырап тұруынан пайда болады. Жапырақтарының түсі сұрғылт-жасылдан қою жасылға дейін. Өмірінің екінші жылында өсімдік орташа биіктіктегі, тұқымды бұта күйіне ауысады. Гүлдері орта мөлшерлі, гүл жапырақтары гофриленген жіңішке тырнақшасымен.

Брюсельдік қырықжапырақВ. Gemmifera Lizg. Брюссель төңірегінде 1750 жылы жабайы өсімдік ретінде табылған қырыққабаттың бір түрі. Бельгиялықтар брюссель қырыққабатын 1821 жылы алғаш өсірдік деп сендіреді және оны бәрінен артық мақтан тұтатын (вафлимен, шашыратқымен, ірімшіктермен және бельгиялық печеньемен қатар) ұлттық тағам деп санайды. Брюссель қырыққабатының заманауи түрі аязға шыдамды. Бұл өсімдіктің биіктігі бір метрге дейін жетеді, оның сабағында 20-дан 75-ке дейін кішкене қауданшалар өседі.Екі жылдық өсімдік. Өмірінің бірінші жылында сабағы цилиндр тәрізді, 30-80 см биіктікке жетеді. Жапырақ кесіндісі ұзын, қайтымдыжұмыртқа тәріздес пішінді, жиектері тегіс, түсі жасыл немесе сұрғылт-жасыл болып келеді. Өмірінің екінші жылында күшті бұтақшалы бұта түзіледі. Гүлдері үлкен немесе орта мөлшерлі, әлсіз гоферленген гүл жапырақшаларымен болады. Қабығы қысқа немесе орташа ұзындықта жиі жалпақ немесе тығыз цилиндр пішінді.

КольбариВ.caulorapa Pasy.Екі жылдық өсімдік. Өмірінің бірінші жылында қысқы, өте тығыз, жасыл немесе күлгін, жалпақ, овал тәрізді пішінді сабақ түзеді.

Жапырақтары сабақтың қалыңдаған жерінде спираль тәріздіорналасқан. Жапырақтың жоғарғы бөлігі үшбұрыш, овал тәрізді, жұмыртқа тәрізді пішінді. Жапырақтың түсі ақшыл-жасылдан күлгін түске дейін. Өмірінің екінші жылында гүлденген аласа бойлы бұтағы айналады. Гүлінің жапырақшасы жіңішке тырнақшасымен.

Түрлі – түсті қырықжапырақВ.cauli Hora Lizg. Бір жылдық өсімдік. Бұтағы тік тұратын цилиндр тәрізді, жапырақтары жиі орналасқан болып келеді. Жапырақтың түсі ақшыл жасылдан көкшіл жасылға дейін. Жапырақ пластинкасының пішіні ланцент, жұмыртқа және жартылай овал тәрізді болып келеді.

Жас бұтақтарының өсуіне байланысты тұқымды бұтаға айналады. Гүлдері ақ немесе сары түстес. Бұтағы орта немесе аласа бойлы болып келеді. В. Caulillora екі топшаға жіктеледі: subsp. Simplex Lizg және subsh aborlica Lizg.

a) subsp simplex – жамылғышы күлгін басы барспаржалы сорт. Тұқымды бұта негізгі және бүйірлік сабақталдан тұрады. Бұл сорт Италияда, Испанияда өндіріледі. Қазақстанда кездеспейді.

b) Sups abortica – ақ және тығыз басы бар сорт. Гүлденген бұталарында өнген негізгі сабағы және бүйірлік жаңа сабақтары болады. Мугонованың жіктеуі бойынша орамжапырақтың бұл түрі келесідей сорттарға бөлінеді.Солтүстік Еуропалық, Француздық, Италиандық, Ағылшындық.

Жапырақты қырықжапырақВ. Subsponfasa Lizg. Екі жылдық өсімдік, кауданы болмайды.Сабағындағы жапырағыжиі немесе сирек орналасқан болып келеді. Құрамында бета-каротин, лютеин, кальций, фосфор, магний, темір және A, B1, B2, B6, C, E және K дәрумендері бар.

Қытайлық қырықжапырақВ.pehiriens Bupl. Қытайда және Жапонияда өсіріледі. Бір жылдық өсімдік. Жапырақты және кауданды түрлері бар [9].