Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
82.43 Кб
Скачать

1.2Картоп туралы жалпы сипаттама

Картоп, картофель (нем. Kartoffel ) — алқа тұқымдасына жататын көп жылдық дақыл. Картоптың 150-ге жуық түрі белгілі..Картоп жарықсүйгіш, ылғалсүйгіш (әсіресе, гүлдеу және түйнек-түзілу кезінде), суыққа төзімді дақыл. Картоптың биіктігі 40 — 80 см, кейде 150 см-ге дейін жетеді. Бір түпте 3 — 6 сабақ болады. Гүлі ақ, қызғылт не көкшіл күлгін түсті. Жемісі екі ұялы, көп түқымды. Жер астындағы өркен сабағының ұшы түйнекке айналады. Топырақ температурасы 5 — 8°С-та түйнек бүршік жара бастайды, түйнектің түзілуіне ең қолайлы температура 10 — 13°С, 20°С-та түйнек түзілу процесі тоқтайды. Ал -1 — 2°С суықта жас өскіндері үсіп кетеді. Вегетациялық кезеңі 70 — 120 тәулік. Тұқымынан және түйнектен көбейеді. Картоп түйнегінде 23,7% құрғақ зат болады, оның ішінде: 17,5% крахмал, 0,5% қант, 1 — 2% белок, 1%-ке жуық минералды тұздар, С, Вр В2, В6, РР, К витаминдері бар. Казақстанда картоптың 20-дан астам сорттары аудандастырылған (оның ішінде 10-ы жергілікті селекциядан шыққан), 1 га-дан орта есеппен 100 — 200 ц өнім түседі. Картоп B1, B2, B6, PP және C дәрумендерінің бай көзі болып табылады. Оның құрамында сондай-ақ белок және көмірсулар, кальций, калий, фосфор және магний бар.Картоп тағам, мал азығы және өнеркәсіпте техникалық шикізат ретінде пайдаланылады. Зиянкестері:түн көбелегі, колорадо қоңызы, т.б. Картоп түйнегі, ең алдымен кеңінен және әр түрлі тағамға пайдаланылады. Бір килограмм түйнек 840 калорияға дейін береді және адамның сөткелік рационында айтарлықтай орын алады.

Картоп түйнегінде 22-25% құрғақ зат, оның ішінде 80-85 процент крахмал және 3 %-ке дейін белокты заттар болады. Картоп белогы өзінің биологиялық құндылығы жағынан дәнді дақылдар белогінен анағұрлым жоғары бағаланады, өйткені оның құрамында және жануарлар организмдерінде синтезделмейтін амин қышқылдары (ванилин, лизин, триптофан, лейцин т.б.) көп.

Картоп түйнегі адам организмінің қалыпты қызметіне өте қажетті көптеген бағалы витаминдер (С, В, А, Р, К) мен минералдық тұздардың маңызды көзі. Картоп, әсіресе сауын малы, шошқа және құстар үшін малазықтық дақыл ретінде жоғары бағаланады. 100 кг картоп түйнегінде 31 азықтық өлшем және 1,6 кг қорытылатын (сіңімді) протеин бар. Картоп көптеген ауыл шаруашылық дақылдарына жақсы алға дақыл, тыңайтқыш пен мелиорацияға қайтарымы мол. Жоғары агротехника жағдайында бір орынға қайта отырғызуға, тіпті дара дақыл ретінде өсіруге болады. Сонымен қатар, картоп-бір өлшем жерде жоғары өнімді құрайтын потенциалды мүмкіндігі бар өнімді далалық дақылдардың бірі. Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстанның алты облысы мен Қарғанды облысында республикадағы картоп егістігінің ( 212 га) 60%-тен астамы шоғырланған. Аталған облыстардың картоптан, әсіресе суармалы жерелерде, жақсы өнім алуға мүмкіндік береді.

Картоп алқа тұқымдасына жатады және егістіктегі негізгі түрі Solanum tuberosum. Табиғи тегі бойынша картоп сабағы жыл сайын өліп отыратын көпжылдық шөптесін өсімдік, бірақ жер шарының көптеген елдерінде бір жылдық өсімдік түрінде өсіріледі. Оны вегетативті түрде (түйнек, көзше және бүршіктерімен) және тұқымымен көбейтуге болады. Өндіріс жағдайында картоп негізінен түйнегімен қысқарған жер асты өркенінің өзгерген түрі көбейтіледі. Тұқымымен көбейтілгенде картопқа кіндік тамыр мен жалғыз сабақ, ал түйнегімен көбейтілгенде шашақ тамырлар жүйесі мен бұта пайда болады. Картоп бұтасы бірнеше сабақтардан құралған.

Картоп түйнегі маңызды биологиялық қасиеті-тыныштық күйі кезеңімен сипатталады, мұның өзі тұқымдық материалды келесі өніміне зиян келтірмей күзгі-қысқа кезеңде сақтауға мүмкіндік береді. Тыныштық күйінің ұзақтығы картоптың сорты мен сақтау жағдайларына байланысты. Қысқы сақтау режимін дұрыс қолданғанда картоп түйнегі 6-7 ай бойы өспей жақсы сақталады [3].