- •1.1Микрофлора. Жалпы өсімдіктердің микрофлорасы
- •1.2Картоп туралы жалпы сипаттама
- •1.2.1Картоптың өсу, өнуінің ерекшеліктері және биологиялық ерекшеліктері.
- •1.2.2Картоптың физиологиялық ерекшеліктері
- •1.2.3 Картоп өсіру өндірісінің әртүрлі технологиялары
- •1.2.4 Картоптың тұқымдар
- •2 Қырықжапыраққа жалпы сипаттама және оның жіктелуі.
- •2.1 Қырықжапырақтың сорттары
- •2.2Қырықжапырақтың құрылымдық және биологиялық ерекшеліктері.
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
МАЗМҰНЫ
|
АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР |
5 |
|
КІРІСПЕ |
6 |
1 |
НЕГІЗГІ БӨЛІМ |
8 |
1.1 |
Микрофлора. Жалпы өсімдіктердің микрофлорасы |
8 |
1.2 |
Картоп туралы жалпы сипаттама |
10 |
1.2.1 |
Картоптың өсу, өнуінің ерекшеліктері және биологиялық ерекшеліктері |
11 |
1.2.2 |
Картоптың физиологиялық ерекшеліктері |
15 |
1.2.3 |
Картоп өсіру өндірісінің әртүрлі технологиялары |
22 |
1.2.4 |
Картоп тұқымдары |
24 |
2 |
Қырықжапырақтың сипаттамасы және оның жіктелуі |
25 |
2.1 |
Қырықжапырақ сорттары |
27 |
2.2 |
Қырықжапырақтың құрылымдық және биологиялық ерекшеліктері |
28 |
|
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
30 |
|
ҚОРЫТЫНДЫ |
31 |
АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Осы курстық жұмыста келесі анықтамалар қолданылды:
Микрофлора (микро... және флора) – белгілі бір ортада кездесетін микроорганизмдер жиынтығы.
Картоп, картофель (нем. Kartoffel ) — алқа тұқымдасына жататын көп жылдық дақыл.
Картоп аурулары – картоп дақылында саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар және микоплазмалар қоздыратын өсімдік аурулары.
Қырықжапырақ тұқымдасы (Crucіferae, Brassіcaceae) – қосжарнақты, бір, екі және көп жылдық шөптесін, бұта, жартылай бұта өсімдіктер.
Осы курстық жұмыста келесі қысқартулар мен белгілеулер қолданылды:
%-процент
˚С-градус цельсий
г-грамм
см-сантиметр
млн-миллион
т-тонна
кг-килограмм
оңт.-оңтүстік
АҚШ-Америка Құрама Штаттары
ТМД-Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде картоп пен қырықжапырақтың потенциалды мүмкіндігін зерттеуге көп назар аударылады. Осымен қатар зерттеулердің негізгі мақсаты – осы бағалы ауыл шаруашылығы дақылдарынан өнімі жоғары және тұрақты өнім алу. Көптеген елдерде картоп пен қырықжапырақты өсірудің жинақталған тәжірибесі – картоп пен қырықжапырақ өнімдерінің өндірісінің дамуы мен өсуі әлемдік іс санада келесі факторларға байланысты екенін дәлелдеді: селекцияның даму деңгейіне; отырғызу материалдарының сапасына; өнімдерді өсіру технологиялық үдерістің механикаландыру деңгейіне; суармалы егіншілікті жеткіліксіз су қамтамасыз етілген аймақтарда егістік көлемін кеңейту.
Қазіргі уақытта Қазақстанның көптеген аудандарының өндірістік егістігінде осы өнімдердің отандық селекциямен шығарылғандары кең қолданылады. Көптеген сорттар бірқатар шаруашылық – пайдалы белгілерімен сипатталады: фитофторозға және вирусты ауруларға төзімділігімен. Айта кететін жәйт, отандық өнімдердің сорттары әр түрлі топырақ – климат жағдайларында тұрақты және жоғары өнім береді, өзінің өнімділігі жөнінен және басқа көрсеткіштері бойынша шетел сорттарынан қалыспайды. Бірақ, қазіргі кезде отандық селекцияда күрделі және қиын шешілетін мәселелер туындап отыр. Олардың арасында вирустық, бактериялық және саңырауқұлақ ауруларына, зиянкестерге қарсы кешенді төзімділігі бар жоғары өнімді сұрыптарды шығару – ол маңызды болып тұр.
Соңғы жылдары өнімдердің отандық селекциясында өнімділігі мен иммуногиялогиялық сипаттамасының артуымен бірге селекционерлер оның сапалық тұтынушылық қасиеттеріне үлкен көңіл аударуда. Себебі, қазіргі уақытта нарықтағы нарықтағы картоптың сұранысы мен бағасын көбінесе түйнектің қызықтыратын сыртқы түрі және сүйкімді сыртқы пішінін анықтайды. Сатып алушы өнімдердің мынадай сорттық ерекшеліктерімен белгілеріне көңіл аударатын болған: қабығының түсіне, түйнектің жұмсақтық түсіне, тереңдігіне, дәмдік сипатталғанын, сонымен бірге селекциялық жұмысында басты көрсеткіші – шығарғанда түйнектегі құрғақ заттар мөлшері, крахмалдылығы және әр түрлі өнімдерін шығаруға жарамдылығы. Қазақстанда бұл мәселелерді селекционерлер еш қиындықсыз шешті. Бүгінгі күні еліміздегі шығарылған жаңа сорттар өзінің тартымдылығы мен тауарлық өнімнің сапасы жөнінде шетел сорттарынан кем түспейді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Картоп пен қырықжапырақ өсімдіктерін жан-жақты сипаттау, өсімдіктердің микрофлорасын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті:
-Өсімдіктердің микрофлорасын қарастыру;
-Картоп өсімдігі туралы жалпы сипаттама беру;
-Қырықжапырақ өсімдігі туралы жалпы сипаттама беру.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1Микрофлора. Жалпы өсімдіктердің микрофлорасы
Микрофлора (микро... және флора) – белгілі бір ортада кездесетін микроорганизмдер жиынтығы. Олардың қатарында белгілі бір экологиялық факторға сәйкес, сол жерде тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктерге тән әр түрлі түрге жататын микроорганизмдер де бар. Табиғи жағдайда әр түрлі микроорганизмдер: бактериялар, актиномицеттер, микроскоппен көрінетін саңырауқұлақтар, балдырлар белгілі бір ортада тіршілік етеді. [1].
Микрофлораның тегі және оның қалыптасуы. Ауылшаруашылық дақылдарының негізгі көзі-топырақ. Топырақты өсімдік тамырына жақын жерінде (ризосфера) бәрінен де бұрын бактериялар, әсіресе, спорасыз бактериялар басым. Тіршілік ету сипаты мен дәнге қалай әсер ететініне қарай астық микрофлорасы үш топқа бөлінеді:
1)Сапрофитті
2)Фитопатогенді
3)Адамдар мен жануарлар үшін патогенді
Сапрофитті микроағзалар дән мен тұқымның сыртында болады, дамуы үшін олар органикалық заттарды қажет етеді. Кейбір сапрофиттер ондай заттарды дәннен алады, сөйтіп оның химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерін ішінара немесе толығымен бұзады және өзгертеді.
Өсімдіктердің микрофлорасы.Өсімдіктердің қалыпты микрофлорасында ризосферлы және эпифитті микробтар кездеседі. Топырақпен қатынаста болған өсімдіктің тамырлық аймағын ризосфера деп, ал микроорганизмнің дамитын аймағын ризосферлі деп атаймыз. Ризосфераның екі типін ажыратуға болады : жақын және алыс аймақ. Жақын аймағы тамырдың жоғарға жағында орналасады, оның шеті тамырдан бірнеше биіктен басталды және оның радиусының миллиметрі 50 см дейін таралады. Жақын және алыс ризосферадағы микроорганизмдер әртүрлі дәрежелі: 1 г топырақтағы тамырдың жоғарғы бетінде 50 млн.- нан 10 млрд. дейін, ал тамырдың 15 см қашықтықта 5 млн - ға дейін жетеді. Топыраққа қарағанда ризосферадағы микроорганизмдер мөлшері 100 есе көп, ал өсімдіктердің тамырынан әртүрлі қоректік заттар бөлінетін болғандықтан бұл жерде кездеспейді. Өз кезегінде топырақ микробтары өсімдікке қолайлы әсер етеді,ол:органикалық заттарды және өсімдік қалдықтарын минерализациялап, витаминдер, аминқышқылдарын, ферменттер және басқа да өсу факторларына қатысады, өсімдіктердің ферментативтік процесін күшейтеді, тамырлық қоректену қабілетін күшейтеді және өсімдіктің зат алмасу энергиясын күшейтеді. Көптеген микроорганизмдер өсімдіктің тамыр асты аймағында кездеседі, себебі микроорганизмдер топырақтан түседі. Қоқыс көмілген орындардағы өскен өсімдіктерде микроорганизмдер көптеп кездеседі аз жағдайда өсімдік патогенді микроорганизмдермен зақымдалуы мүмкін саналады. Өсімдіктерді дұрыс емес дайындағанда олар микроорганизмдердің өсетін жақсы қоректік ортасына айналуы мүмкін. микроорганизмдердің өсуімен жүзеге асады сона Екінші бір кезекте өсімдіктерді кептіру процесі.
Бактериялар сонымен қатар ризосферада кездеседі (псевдомонадтар, микобактериялар т.б.), сонымен қатар актиномицеттер, түзетін бактериялар мен саңырауқұлақтар кездеседі. Ризосферадағы микроорганизмдер әртүрлі өсімдікке қажетті субстратты бөліп биологиялық активті заттар шағын организмдері (витаминдер , антибиотиктер т. б.) синтездеп, өсімдікпен симбиотикалық қарым - қатынас орнатып, нәтижесінде фитопатогенді бактерияларға қарсы антагонистік қасиет көрсетеді. Өсімдіктің тамырының жоғарғы бетінде микроорганизмдер (ризоплан микрофлорасы) ризосфераға қарағанда көп (псевдомонадтар). Өсімдіктің жоғарғы тамыры мен саңырауқұлақ мицелиясының симбиозын микориза деп атайды (грибокорнем). Микориза өсімдіктің өсуін жақсартады. Өсімдіктің әрбір түріне сәйкес ризосферадағы микрофлораның сандық және сапалық құрамы әртүрлі. Тамырлық микрофлораның негізгі бөлігін спорасыз грам теріс бактериялар құрайды Pseudomonas туысы, микобактериялар және саңырауқұлақтар, негізгілері базидиомицеттер, кейде фикомицеттер, аскомицеттер. Көрсетілген саңырауқұлақтар өсімдік тамырымен симбиозға түсіп дәрілік қасиет береді. Өсімдіктермен саңырауқұлақтардың бірге өмір сүруінің морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты саңырауқұлақтарды эктотрофты және эндотрофты микориздер деп бөлеміз. Эктотрофтар - ассоциациясы, бұлар өз кезегінде тамырдың ішіне енбей беткейлі орналасып мицелия түзетін тысы. Ал эндотрофты микориза кезінде саңырауқұлақ мицелиясы өсімдік тамырының клеткасында орналасып сол жерде жиналады. Микориза ол екі түрлі ағзаның бірге симбиотикалық өмір сүруі болып табылады. Осылай бірге өмір сүру өсімдіктердің дамуына пайдалы: саңырауқұлақ гифі тармақтанулардың шотының артынан түбірлерді бет сорып алатынға үлкейтеді; саңырауқұлақтар ферменттеріммен азотпен бай органикалық қосуларды жайып қояды, амин қышқыл, минералды заттармен жєне сумен өсімдіктер қамсыздандыра; микоризалар саңырауқұлақтар бойлық заттармен өсімдіктерді жабдықтайды. өсімдіктер бойлық заттардың өз қатарын кезегінде белгілейді, саңырауқұлақ даму ынталандырушы. Басқа мынаның, көмірсутектер, қайнармен қызмет ететін энергияның саңырауқұлақтар өсімдіктерден алады [2].
