- •Электрондық үкіметтің компоненттері
- •Электрондық инфрақұрылымның базалық элементтері
- •Мемлекеттік органдардың электрондық қызметтерін дамыту
- •Электрондық үкіметтің кезеңдері
- •Қазақстан республиксында электронды үкіметті қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасы
- •Қазақстан Республиксында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі бағдарлама
- •Ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялардың конвергенциясы
- •Ақпараттық технологиялардың екпінді дамуы
- •Қазақстанда Интернет желісінің технологиялық инфрақұрылымын дамыту
- •2. Пошта туралы. Байланыс туралы
- •3.Ақпараттандыру туралы
- •Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту
- •Есептеу орталықтарын дамыту
- •Астана қаласының мемлекеттік органдарының серверлік орталықтарын техникалық қамтамасыз ету
3.Ақпараттандыру туралы
автоматтандыру – адам еңбегін жеңілдету және оның нысандарын ығыстыру, үдерістердің өнімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында ақпаратты өңдеу, жүйелендіру, сақтау және беру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану; 1-1) ақпараттандыру – ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастыру, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық үдеріс; 2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган; 3) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 4) ақпараттандыру саласындағы оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды интеграциялау жөніндегі, ақпараттандыру саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыруға қатысу жөніндегі міндеттер, «электрондық үкіметтің» инфрақұрылымы жобалық интеграторының функциялары жүктелген заңды тұлға; 5) ақпараттық жұмыстар – электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді құру жөніндегі қызмет; 6) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе; 7) ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке беру (бұдан әрі – депозитке беру) – бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың даналарын депозитарийге сақтауға беру; 8) ақпараттық жүйелердің аудиті – ақпараттық жүйенің ағымдағы жай-күйінің, онда болып жатқан іс-әрекеттердің және оқиғалардың белгілі бір критерийлерге, техникалық регламенттерге, стандарттарға, нормативтік-техникалық құжаттамаға және (немесе) тапсырыс берушінің талаптарына сәйкестік деңгейін белгілейтін, оларды бағалаудың жүйелі процесі; 9) ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың депозитарийі (бұдан әрі – депозитарий) – бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың даналарын оларға ілеспе нормативтік-техникалық құжаттамасымен бірге жинақтауды, сипаттауды, сақтауды және жүйелеуді қамтамасыз етуге арналған арнаулы сақтау орны; 10) ақпараттық-коммуникациялық желі – ақпараттық жүйелер арасындағы немесе олардың құрамдастары арасындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ ақпараттық ресурстарды беруді қамтамасыз ететін техникалық және аппараттық-техникалық құралдардың жиынтығы;
5-билет
Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту
Қазақстан телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша 91 орында болса, онлайндық қызметті қамтамасыз ету жөнінен орташа әлемдік деңгейі 0,286 құрайтын индексі 0,5270 (24 орын) орташа әлемдік деңгейден айтарлықтай озық тұр, ал, енгізілген жаңалықтарға дайындығы бойынша 22 орында. Қазақстан азаматтарды электрондық үкіметтік жобаларға “электронды қатыстыру” (еparticipation) көрсеткіші классификациясына қатысты 2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда (106 орын) 18 орында тұр. Әлем елдерінің электронды үкіметті пайдалануға дайындығы деңгейін бағалау БҰҰның экономикалық және әлеуметтік даму Департаменті ісқызметі аясында іске асырылады. Департамент жыл сайын әлемнің 192 елінің аталған технологияларды дамыту мүмкіндігі мен күшқуатын білдіретін есептерді жариялап отырады. Электронды үкіметке әр елдің дайындығы индексі үш көрсеткіш бойынша айқындалады, олар — адам күшқуатын дамыту индексі, ИКТинфрақұрылым жағдайы индексі мен онлайндық мемлекеттік қызмет көрсету (вебқатысу) индексі. Аталған индекстердің әрқайсысы бойынша да өткен кезеңде бірқатар өзгерістер болды. БҰҰ рейтингі бойынша алғашқы көшбастаушы алғашқы бестік қатарына бұрынғысынша ОңтүстікШығыс Азия, Батыс Еуропа, Солтүстік Американың жетекші елдері: Корея, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Голландия енеді. Қазақстан рейтингінің көтерілуіне өмір сүріп отырған модернизацияға бағытталған тұрақты тиімді технологиялық саясатты өткізу, жаңа ақпараттық жүйе мен ортақ пайдаланылатын байланыс желілерін енгізу, заманауи және жоғары сапалы қызмет көрсету рыногын дамыту ықпал етті. Жыл сайын ICTMarketing зерттеу компаниясы өткізетін Қазақстанның Ғаламтораудитория зерттеулеріне сәйкес, 2009 жылдың соңына қарай ғаламторды пайдаланатындар саны 3,16 миллион адамды, немесе Қазақстан Республикасы халқының 19,8 пайызын құрайды деген тұжырым жасауға болады. Жалпы, 2008 жылдың желтоқсанынан 2009 жылдың желтоқсанына дейін Ғаламтораудитория мөлшері 30 пайыздан астамға артты. 2009 жылдың аяқ шенінде тұрақты ғаламтораудиторияға (ғаламтор қызметін ең болмағанда айына бірнеше рет пайдаланатындар) тұрғындарының саны 70 мыңнан асатын ҚР қалаларындағы ересек ғаламтор пайдаланушылардың 92 пайызы жатты. 2008 жылдың аяғында бұл көрсеткіш 84 пайызды құраған еді. Ғаламторды пайдаланудың негізгі орны бұрынғысынша үй болып қалып отыр. Егер 2008 жылдың қазан айында халқының саны 70 мыңнан астам ҚР қалаларында тұратын ересек ғаламтор пайдаланушылардың 56 пайызы көбінде ғаламторды өз үйлерінде пайдаланса, 2009 жылдың аяғында бұл көрсеткіш 61 пайызға жетті. Ғаламторды жұмыс орнында пайдаланушы ересек ғаламтор пайдаланушылардың үлесі 2008 жылдың қазан айындағы 17 пайыздан 2009 жылдың қараша айында 14 пайызға дейін төмендеді. “Электронды үкімет” қызметін мемлекет пен азаматтарға көрсету бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жетті. “Электронды үкімет” порталы тұрақты түрде жұмыс істеп тұр, оны дамыту қолға алынған. 2009 жылы қосымша 15 қызмет іске қосылды. Қатысушылар саны 1,6 миллион адамнан асты. Порталда қазір барлығы 59 электрондық қызмет іске асырылса, оны 45 мың адам пайдаланды. Мәселен, адамдар сотталмағандығы туралы, қозғалмайтын мүліктерінің баржоғы туралы, СИК,РНН анықтамаларының бәрін тек электрондықсандық қол қою көмегімен ғана ала алады. Қазіргі күні Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының 28 тіркеу Орталығы ашылды. Ұлттық куәландырушы орталықтың сертификатымен алғашқы етөлқұжаттарға қол қойылды. Бүгінгі күні Ұлттық куәландырушы орталықтың 53 мыңнан астам электрондысандық қолдары шығарылды. Орталық мемлекеттік қызметтердегі электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуді дамытудан басқа жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызмет көрсетуді дамыту бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, 2009 жылдың қараша айында “Еәкімат” тәжірибелік жүйесі пайдалануға берілді, қазіргі күні ол 5 электрондық сервис бойынша Павлодар облысының әкіматында сынақтан өтіп жатыр. “Электрондық үкімет” мәселелері мен инфрақұрылымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік акті пакеттері, Мастерплан жасалып, бекітілді. Олар мемлекетті электрондық қызмет көрсетуді қарқынды жетілдіру жолымен дамытуға бағытталған. “Электронды үкіметтің” жаңа компоненттерін жасау мен оны дамытуға қатысты белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бірыңғай электронды құжат айналымы жүйесіне 16 әкімат қосылған, солардың ішінде Астана мен Алматы қалалары да бар. Сондайақ, ведомствоаралық құжат айналымы орталығын жаңарту іске асырылды. “Электронды үкіметінің” Төлемдік шлюзін дамыту аясында екінші деңгейдегі банктермен кірігу (интеграция) мен ағымдағы банк есепшотын пайдалана отырып, төлемдік карталармен төлеу тетіктері, төлем карталары, банк есепшоттары және СМС көмегімен мобильдік оператордың қысқа нөміріне төлем төлеу механизмі іске асырылды. Екінші деңгейдегі 4 банкпен (ТӘБ, “Нұрбанк”, “Казкоммерцбанк”, “Ресей Сбербанкі”) ынтымақтастық байланыс ұйымдастырылды. Төлемдік шлюз көмегімен қазірдің өзінде Салық комитеті мен Әділет министрлігі қызметінің 120 түрлі салығын төлеуге болады. “Электронды үкімет” пен электрондық қызмет көрсетуді дамыту бағыты бойынша 2009 жылдың желтоқсанында Астана қаласының пилоттық аймағында “Енотариат” атты Бірыңғай нотариалдық ақпараттық инвестициялық жүйе жобасы пайдалануға берілді. Ол нотариустердің нотариалдық қызмет көрсету бойынша республикалық, территориялық нотариалдық палаталармен, ҚР Әділет министрлігімен, тұрғындармен тиімді әрі сапалы жұмыс істеуін, құқықтық нотариалдық ісәрекеттердің дер кезіндегі және шынайы есебін қалыптастыруын қамтамасыз етеді. 20102012 жылдары аталған жүйені республика көлеміне тарату бойынша жұмыстар қолға алынады. Аталған жобаны іске асыру келісімдер жасау кезінде жеке және заңды тұлғалардың қозғалмайтын және қозғалмалы мүліктері мен жер телімдеріне қатысты құжаттарын тексеру мен салыстыру есебінен алдапарбау тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді. Өткен жылдан бері “Елицензиялау” атты Мемлекеттік ақпараттар базасын жасау жобасы іске асырылып жатыр. Бүгін ол жүйеге 9 меморгандар тартылған, биылғы жылы оларға тағы да 10ны қосылады. Жобаны толық іске асыру 2012 жылы аяқталады.
