Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билет 1-5 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
44.23 Кб
Скачать
  1. Ақпараттық технологиялардың екпінді дамуы

Ақпараттық технологиялардың екпінді дамуы, коммуникацияның және ақпарат берудің жаңа құралдарының пайда болуы пошталық алмасудың (әсіресе іскерлік хат-хабардың) бірден төмендеуіне алып келді. Пошта операторларының қаржылық жағдайының нашарлауы сапаның төмендеуін, пошташылар еңбегінің ынтасыздануын және тұрғындардың ақпаратқа қол жетімділігінің шектелуін туғызды.

«Қазпошта» акционерлік қоғамы магистралды бағыттарда жолаушыларды тасымалдау поездары құрамына тіркелетін және сол бағытта жүретін пошта вагондарын пайдаланады. Өзінің поездар қозғалысы технологиясы мен қауіпсіздігіне сәйкес оператор-тасымалдаушы аялдамалар және уақыт бойынша (кету, келу және поездардың тұрағы) регламент белгілейді, яғни «Қазпошта» акционерлік қоғамы поездар қозғалысы кестесіне тәуелді. Бұдан басқа, вокзалдар мен станциялардың инфрақұрылымы (перрондар, пандустар, жолдар) ең алдымен жол жүру бойынша пошта жүктерін тиеу және түсіруге емес, жолаушыларды қабылдау және отырғызуға бейімделген.

  1. Қазақстанда Интернет желісінің технологиялық инфрақұрылымын дамыту

Қазақстанда Интернет желісінің технологиялық инфрақұрылымын дамыту дамыған елдермен салыстырғанда артта қалып отыр. Халықаралық электрбайланысы одағының мәліметтеріне сәйкес, электрондық сауда саласындағы операциялар барысында қауіпсіз қосылуды пайдаланатын серверлер саны 2008 жылы Қазақстанда 1 млн. халыққа 3,5 серверді құрады, ал дамыған елдерде бұл индикатор 500 бен 1000 аралығында ауытқиды: Кореяда – 500-ден астам, Ұлыбританияда – 750-ден астам және АҚШ-та 1 млн. халыққа 1000 серверден келеді.Қазақстандық телерадио таратылымның алдында тұрған көкейкесті міндет цифрлық технологияларға көшу арқылы телерадио хабарларын таратудың бүкіл ұлттық желісін жаңғырту болып табылады. Халықаралық электр байланысы одағымен ұйымдастырылған, Жердегі радиохабарлау қызметін жоспарлау аймақтық конференциясы шегінде, 2006 жылы «Женева-06» келісіміне қол қойылды, ол сандық хабар таратудың жиілікті бөліністерінің (мақсаттарының) жоспарын анықтады. Осы құжатпен 2015 жылы, құрамына Қазақстан Республикасы да кіретін келісімге қатысушы елдер үшін цифрлық хабарлар таратуға көшудің соңғы мерзімі анықталды.

4-билет

1-ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА

 Осы Заң электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылған, құқықтық қатынастардың орнатылуын, өзгертiлуiн немесе тоқтатылуын көздейтiн электрондық құжаттарды жасау және пайдалану кезiнде туындайтын қатынастарды, сондай-ақ азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауды қоса алғанда, құқықтық қатынастарға қатысушылардың электрондық құжаттар айналымы саласында туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн реттеуге бағытталған.

 Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

лектрондық құжат айналымының принциптерi

      Электрондық құжат айналымы:

      1) электрондық құжат айналымының әр түрлi жүйелерiнiң жұмыс iстеуi;

      2) деректер жасау, өңдеу, сақтау және беру үшiн ақпараттық технологиялар қолданылатын қызметтiң кез келген салаларында электрондық құжаттарды пайдалану;

      3) кез келген ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық құжаттарды беру принциптерi негiзiнде мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелерде жүзеге асырылады.