Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билет 1-5 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
44.23 Кб
Скачать
  1. Қазақстан Республиксында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі бағдарлама

Атауы- Қазақстан Республикасында ақпараттық жәнЕ коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама(бұдан әрі - Бағдарлама)

Әзірлеуге негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің2010 жылғы19 наурыздағы№ 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын  үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама

Салалық бағдарламаны Қазақстан Республикасы Көлік және әзірлеуге және іске коммуникация министрлігі асыруға жауапты мемлекеттік орган

      Мақсаттары  -Қазақстан Республикасының ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласын мынадай мақсатта дамытуға жағдай және тетіктер жасау: Қазақстан Республикасының ақпараттық қоғамға және инновациялық  экономикаға көшуі; ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бәсекеге  қабілетті экспортқа бағдарланған ұлттық секторын қалыптастыру.                                       

Міндеттер -Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді орындау қажет: ақпараттық- коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту; цифрлық телерадио хабарларын таратуды дамыту; Интернет желісінің қазақстандық сегментін бағдарламалық қамтамасыз етуді(бұдан әрі- БҚ) әзірлеу және ақпараттық-технологиялық қызметтер секторын дамыту; жоғары технологиялық жабдықтың отандық өндірісін дамыту; ақпараттық-коммуникациялар саласында білім беруді дамыту; электрондық қызметтерді және  электрондық үкіметті дамыту

Іске асыру мерзімдері -Бағдарламаны іске асыру 2010 - 2014 (кезеңдері)             жылдарға мынадай кезеңдер бойынша жоспарланды: 2010-2011: АКТ-саласын институттандыру және ұзақ мерзімді дамуға ресурстар жасау; 2012-2014: АКТ әлеуетін  бизнестің, мемлекеттің және қоғамның тиімді пайдалануы.

3-билет

  1. Ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялардың конвергенциясы

Ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялардың конвергенциясы келесіге тиесілі құқықтық базаны жетілдіру қажеттілігін анықтайды:

конвергентті қызметтердің ұғымдық аппараты;

интеграцияланған бизнестің шеңберінде қызметті лицензиялау;

радиожиілікті, нөмірлік және жер ресурстарын қосқандағы қолданылатын өндірістік ресурстар.

Конвергенция жағдайларында байланыс операторлары мен нарықтың басқа да қатысушыларының қызметтерін мемлекеттік реттеудің ауқымын қайта бағалаудың қажеттілігін ескертетін ақпараттық коммуникация саласында желілер мен қызметтердің, реттеудің техникалық ұстанымнан экономикалық ұстанымға, сонымен қатар нарықтың жаңа сегменттеріне ауысудың айтарлықтай өзгеруі болады.

Ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылым саласында негізгі проблемалар телекоммуникациялық желілерді цифрландырудың аяқталамағандығы болып табылады. Жаңа ұялы байланыс технологияларын енгізу, сондай-ақ ауылдық жерлерді телефондандыруды дамытудың бөгелуі, жаңа байланыс технологиялары күшті министрліктер мен ведомстволардың радиоэлектрондық құралдарының жиілік диапазонын қолданумен түсіндіріледі.