
- •Электрондық үкіметтің компоненттері
- •Электрондық инфрақұрылымның базалық элементтері
- •Мемлекеттік органдардың электрондық қызметтерін дамыту
- •Электрондық үкіметтің кезеңдері
- •Қазақстан республиксында электронды үкіметті қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасы
- •Қазақстан Республиксында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі бағдарлама
- •Ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялардың конвергенциясы
- •Ақпараттық технологиялардың екпінді дамуы
- •Қазақстанда Интернет желісінің технологиялық инфрақұрылымын дамыту
- •2. Пошта туралы. Байланыс туралы
- •3.Ақпараттандыру туралы
- •Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту
- •Есептеу орталықтарын дамыту
- •Астана қаласының мемлекеттік органдарының серверлік орталықтарын техникалық қамтамасыз ету
1-билет
Электрондық үкіметтің компоненттері
Электронды үкіметтің бірқатар мемлекеттік орган порталының ақпараттық жүйесі, сервер
орталығы, мемлекеттік органдардың бірыңғай транспорттық
орталығы, ұлттық тіркеу жүйесі, “электронды үкіметтің” веб-
порталы және шлюзі, “электронды үкіметтің” төлем шлюзі, ұлттық
жекешелендірілген жүйе, ұлттық анықтау-бекіту орталығы.
Электрондық инфрақұрылымның базалық элементтері
Электрондық үкіметтің базалық инфрақұрылымы бірқатар жүйеден тұрады. Атап айтқанда, бұған мемлекеттік деректер базасы, төлем шлюзі, электрондық құжат айналымы секілді жүйелер кіреді. Ал жаңа заң жобасында «электрондық үкіметті» дамытудың бірқатар бағыттары айқындалып отыр. Бұлардың арасында электрондық мемлекеттік қызметтерді төлеу мүмкіндігін қарастыру, ақпараттық мемлекеттік ресурстарда мемлекеттік тілдің қолданылуы, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету секілді мәселелер көзделген.
Заң жобасы арқылы «электрондық үкімет» саласындағы мемлекеттік тілді қолдану мәселесіне де назар аударылған. Бұл ретте ең алдымен мемлекеттік тілде электрондық мемлекеттік қызметтерді ұсыну шаралары қарастырылады. Бұдан бөлек интерфейсте және мемлекеттік деректер базасында мемлекеттік тілдегі ақпаратты қолдау шаралары да қамтылған.
«Ақпараттық қауіпсіздік мәселесінде де бірқатар нормалар қарастырылып отыр. Атап айтқанда, заң жобасында электрондық цифрлық қолтаңбаны шығару қызметін бақылау, мемлекеттік органдар арасында қорғалған байланыс арналарын ұйымдастыру мәселелері көзделеді.
Мемлекеттік органдардың электрондық қызметтерін дамыту
Е-үкіметтің талаптары ескеріле отырып, мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттандыру ведомствоішілік мұқтаждарға бағдарланудан азаматтардың және ұйымдардың мұқтаждары мен міндеттеріне бағдарлануға көшуді жоспарлайды. Мемлекеттік органдардың е-қызмет көрсетулерін қалыптастыру және сату ведомстволық ақпараттық жүйелерді құру мен дамыту шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Мемлекеттік органдардың е-қызмет көрсетулер жүйесін қалыптастыру мемлекеттік қызмет көрсетулер мен әкімшілік процестерді жүзеге асыру регламенттеріне функционалдық талдау жүргізу нәтижесінде асырылады. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік басқару жүйесі мен әкімшілік рәсімдерін іске асыруды жаңғырту жөнінде ұсыныстар тұжырымдау жоспарлануда. Осы бағыттағы іс шараларды жүзеге асыру шеңберінде е-қызмет көрсетулерді сату және е-үкімет инфрақұрылымның базалық құрамдас бөліктерімен өзара іс-қимыл бөлігінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне қойылатын талаптар айқындалатын болады. Бағдарламаны іске асырудың бастапқы кезеңінде мемлекеттік е-қызмет көрсетулерді әзірлеу, қабылдап алу, дамыту регламенті, сондай-ақ оларды құжаттандырудың стандартты нысаны анықталатын болады. Мемлекеттік органдардың е-қызмет көрсетулерді ұсынуы қолда бар ведомстволық ақпараттық жүйелерге өзгерістер енгізуді не ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылының стандарттарын ескере отырып, е-үкіметті порталмен біріктіру үшін жаңа ақпараттық жүйелер әзірлеуді қарастырады. Бағдарлама шеңберінде ведомстволық ақпараттық жүйелер базасында қызмет көрсетулердің 85 түрін қамтитын е-қызмет көрсетулер жүзеге асырылады.
2-билет