Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Европаның ұлттық саябақтары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.36 Mб
Скачать

Саяси бөлінуі

20 ғасырдың соңғы он жылдығында Еуропаның саяси-әкімшілік бөлінісінде үлкен өзгерістер болып өтті. КСРО, ЮСФР-дің ыдырауына байланысты бір топ жаңа мемлекеттер пайда болды. Германия Демократиялық Республикасы Германия Федеративтік Республикасының құрамына енді. 2001 жылдың басында Еуропада мынандай мемлекеттер болды: Австрия,Албания, Андорра, Беларусь, Бельгия, Болгария Босния және Герцеговина, Ватикан, Вея, Германия, Грекия, Дания, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Қазақстан (батыс бөлігі), Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Македония,Мальта, Молдова, Монако, Нидерланд, Норвегия, Польша, Португалия, Ресей, Румыния, Сан-Марино, Словакия, Словения Түркия (солтүстік-батыс шеті), Украина, Ұлыбритания, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия , Швейцария , Швеция , Эстония ,Югославия

Мемлекеттер

Еуропада 49 мемлекет орналасқан (тұтастай немесе жартылай)

Батыс Еуропа елдері мен олардың астаналары:

  • Австрия — Вена

  • Андорра — Андорра-ла-Велья

  • Бельгия — Бруссел

  • Ватикан — Ватикан

  • Ұлыбритания— Лондон

  • Германия — Берлин

  • Ирландия— Дублин

  • Испания — Мадрид

  • Лихтенштейн — Вадуц

  • Люксембург— Люксембург

  • Монако — Монако

  • Нидерланд — Амстердам

  • Португалия — Лиссабон

  • Сан-Марино — Сан-Марино

  • Франция — Париж

  • Швейцария — Берн

Италия тарихы

Италия Республикасы – Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағыАпеннин түбегінде Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 301,2 мың км2. Халқы – 57,5 млн. адам (1998). Халқының 94%-ы италиялықтар. Мемлекеттік тілі – италия тілі. Халқы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы –Рим қаласы (2,8 млн.). Бұған қоса Милан (1,6 млн.), Неаполь (1,2 млн.), Турин (1,1 млн.), т.б. ірі қалалар бар. Италия территориясында тәуелсіз 2 мемлекет (Ватикан, Сан-Марин рналасқан. Әкімшілік-территориялық жағынан 20 облыстан тұрады. Оның 5-еуінің (Сицилия,Сардиния, Трентино-Альто-Адидже, Валле Д’Аоста, Фриули-Венеция-Джулия) ерекше автономиялық мәртебесі бар. Облыстар 94 провинцияға бөлінеді. Италия – парламенттік республика. 1948 жылы қабылданған конституция бойынша елді Президент басқарады (1992 жылдан О.Л. Скальфаро). Ол 7 жыл сайын қос палаталы парламент депутаттары мен облыстардан келген өкілдердің бірлескен жиналысында қайта сайланып отырады. Заң шығарушы орган екі палатадан: Республика сенаты (372 сенатор) мен Депутаттар палатасынан (630 депутат) тұрады. Атқарушы билік Министрлер Кеңесінің қолында. Ұлттық ақша бірлігі –лира. Ұлттық мерекесі маусымның алғашқы жексенбісі – Республиканың құрылған күні (2 маусым, 1946).

Табиғаты

Италия қоңыржай белдеудің орманды аймағы (Солтүстік) мен субтропиктік белдеуде (Оңтүстік) орналасқан. Жерінің 4/5 бөлігі – тау мен қырат. Ең биік жері – Монблан шыңы (4807 м) Альпі тауында ондаған ірі мұздықтар бар. Альпінің оңтүстігіндегі Падан жазығы Апеннин тауына жалғасады. Оңтүстігінің қиыр шеті – Калабрия тауы. Аралдарының көбі таулы, жанартаулы келеді. Орта және Оңтүстік Италияда жер сілкінісі болып тұрады. Пайдалы қазбалары: тас көмір, лигнит, мұнай, табиғи газ, қорғасын, темір кентасы, күкірт, т.б. Сынап кенінің табиғи қоры жағынан ел дүние жүзінде Испаниядан кейін 2-орында. Климаты, негізінен, субтропиктік: жазы ыстық, қуаң, қысы жылы. Шілдедегі орташа температура 20 – 22°С-тан (солтүстікте) 28°С-қа дейін (оңтүстікте), қаңтарда 0°С-тан (солтүстікте) 12°С-қа (оңтүстікте) дейін. Альпінің жоғарғы жағында қыста –15 – 20°С аяз болады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 500 мм-ден (Сицилия,Сардиния) 3000 мм-ге (Шығыс Альпі, Солтүстік Апеннин таулары) дейін. Елдің басты өзені – По (ұзындығы 652 км) (Рим қаласы осы өзеннің жағасында орналасқан), үлкен өзендер қатарынаАдидже, Брента, Рено, Арно, Тибр, т.б. жатады. Ірі көлдерінің көпшілігі (Гарда, Комо, т.б.) Альпі тауында орналасқан. Жері құнарлы қоңыр топырақты және шалғынды. Альпінің 800 м-ге дейінгі биіктіктерінде жалпақ жапырақты (емен, үйеңкі) ормандар, ал онан жоғары қарай шамшат және қылқан жапырақты ормандар, ал ең жоғарғы бөлігінде субальпілік шалғындар өседі. Падан (По) жазығында егіншілік жақсы дамыған. Апеннин тауы мен Сицилия, Сардиния аралдарында мәңгі жасыл шық тоғайлар, емен, шамшат ағаштары өседі. Альпі және Апеннин тауларында тау ешкі, жабайы мысық, сусар, күзен, абруц аюы кездеседі. Италияда 400-ге тарта құс мекендейді. Көрші теңіздері балыққа бай.

Аустрия мемлекеті.

Аустрия атауы алғашқы рет 996 ж. 1 қарашада жазылған құжатта кездеседі. 1156 жылдан бастап Австрия — «Қасиетті Рим империясы» құрамындағы герцогтық. 13 ғ соңынан онда Габсбургтер әулеті билік жүргізді, 1453 жылдан — эрцгерцогтық.

18ғ Габсбургтер Бельгия, Италия поляк, украин жерлерінің біразын өзіне қаратты. 17—18 ғасырларда Австрия монархиясы  Түркия Франция, Пруссиямен болған соғыстарға қатысты. 1804 жылдан Габсбургтер империясы болып аталды. 1859 ж. Франция мен Италияға қарсы соғыста Ломбардиядан айырылды. 1866 ж. Пруссияға қарсы соғыста жеңіліс тапты.[4]

Вена - Аустрияның елордасы

1156 — Аустрия Бавариядан шығып тәуелсіз мемлекет болады

1526 — Авустрия Хорватияны басып алады

1687—  Мажарстан мен Трансильвания Австрияға кіреді

1722 — Аустрия Галиция аумағын өзіне қосады

1804—1867— Аустрия Империясы

1867—1918 — Аустрия—Мажарстан монархиясы құрылды. 1-дүн. жүз. соғыста Аустрия—Мажарстан Алманияның басты одақтасы болды. Аустрия—Мажарстан монархиясы ыдырағаннан кейін 1918 ж. карашада Аустрия республикасы құрылды.

1938 ж. наурызда герман әскерлері Аустрияға басып кіріп, Алманияға қосып алды (аншлюс). Аустрияның фашистер үстемдік еткен 7 жылы оның тарихындағы ең қаралы кезең болды.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Аустрия Гитлер армиясы қарулы шабуылының алғашқы құрбандарының бірі болды.

Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде қабылданган декларация бойынша Алманияның Аустрияны қосып алуы заңсыз деп танылды. 1945 ж. наурызда Кеңес әскерлері Аустрия шекарасынан өтіп, 13 сәуірде Венаны азат етті. Бірақ Аустрия бірден тәуелсіз мемлекет бола алмады. Бірнеше жыл бойы ол Франция , АҚШ, Ұлыбритания және КСРО арасында 4 оккупациялық аймаққа бөлінген қалпында кала берді.

1955ж. 15 мамырда Венада  КСРО, АҚШ, Англия, Франция, Аустрия мемлекеттерінің өкілдері Аустрияның тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы шартқа қол қойды. Австриядан шетел әскерлері шығарылды, сөйтіп ол қайтадан тәуелсіз ел болып, сол жылы қазан айында елдің парламенті Австрияның тұрақты бейтараптығы туралы конституциялық заң қабылдады, ал 1955 ж. желтоқсанда БҰҰ-ға мүше болып қабылданды. Аустрияның сыртқы саясаты 1955 ж. 15 мамырдағы шартта көрсетілген міндеттемелер мен тұрақты бейтараптық мәртебесіне негізделген.