
- •1.Адам,индивид, тұлға түсініктері
- •3, Қазіргі заманғы тұлға теориясы
- •5Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы
- •7Тұлғаның психологиялық құрылымы, бағыттылық, нышан, қабілет
- •8.Қабілет.Қабілет түрлері.
- •10 Мінез құлықты анықтау өлшемі
- •11 Мінез типологиясы
- •12 Мінездің дамуы мен қалыптасуы
- •13Тұлға және адам мінезі
- •14,15.Ерік туралы жалпы түсінік
- •16 Эмоция және тұлға
- •17 Мотив және мотивация
- •18 Іс әрекет және мотивация
- •19 Жеке адам мотивтері
- •20,21 Темперамент, темперамент типтері
- •23Мінез бітістері- ----мінез түрлері(кітаптан кара)
- •24Қарым қатынас психологиясы
- •25Қарым-қатынастың түрлері:
- •26 Топ жіктемесі
- •27,28Кіші топ психологиясы, психологиялық үйлесімділік
- •29 Референт тобы
- •30 Қарым қатынас техникасы мен тәсілдері
- •31 Топтық іс әрекет
- •34.Адамдардың бір бірін қабылдау және түйсіну
- •35Тұлғаның психологиялық зерттеу әдістері
- •36 Топ көшбасшысы және оның қасиеттері
- •37 Тұлғалық Қақтығыстар және оның қасиеттері
- •38 Маман тұлғасының кәсіби мәртебесінің қалыптасы аспектілері
- •39 Дәрігер- маман, және оның қазіргі заманғы қоғамдағы орны
- •41,,,Кречмер, Шелдон ,Фромм,Леонгард,Личконың мінез-құлық жіктеулері
19 Жеке адам мотивтері
Ал жеке тұлғаның іс-әрекеттің қандайына болсын мотивациялық ерекшеліктерін ескермей әлеуметтік психологиялық тиімді өзара әрекет, қатынас жасау мүмкін еместігі белгілі. Әрбір жеке тұлғаның мотивациясы өзіндік сипатқа ие болатындықтан, нақтылы фактілер мен заңдылықтарды талқылауға өтпей тұрып, негізгі ұғымдарды анықтап алу керек. Кейбір авторлар (В.В. Юрчук, М. Кордуэлл) мотив ұғымы арқылы психикалық құбылысты сипаттаса, ал басқалары (А.К. Маркова, В.И. Ковалев) жеке тұлғаның қылықтары мен іс-әрекетті таңдау себептерін түсіндіреді мотив ретінде жеке тұлғаның қызығушылықтары, әлеуметтік құрылымдар, құндылықтар, идеалдар әсері алынады деген пікірді ұстанамыз. Мотивтің мотивациядан айырмашылығы, мотив – субъектінің тұрақты, жеке басына тән қасиеті және белгілі бір іс-әрекет жасаудағы ішкі оятқыш күші болып табылады.
Мотивация категориясына қазіргі кездегі психологиялық көзқарас тұрғысынан қарасақ, ол жеке тұлғаның тұрақты мотивтерінің жиынтығы және сол жеке тұлғаның бағыттылығын көрсететін белгілі иерархиясы бар мотивациялық аймақ болып табылады.
20,21 Темперамент, темперамент типтері
Темперамент – тек өкілінің психикалық белсенділігінен көрінетін психодинамикалық қасиеттерінің бірлігі, яғни психикалық жауап әрекеттерінің жеделдігі, шапшаңдығы, қарқыны. Академик И.П.Павлов темпераменттің физиологиялық негіздерін талдай отырып, бұл психикалық қасиеттің жүйке жүйесі типіне тәуелділігін, бас миы қызметінің жеке жүйке үдерісі – қозу мен тежелуге байланыстылығын дәлелдеді. Жүйкенің қозу мен тежелу дкүші,тепе-теңдігі және қозғалмалылығы тумадан, әр адамда әрқилы.Осы қасиеттердің ара қатынасына орай И.П.Павлов жоғары жүйке қызметінің 4 типін ажыратты: «ұстамсыз» ( жүйке жүйесі күшті, қозғалмалы, қозуы басым – холерик темпераментіне сәйкес) ; «тіршең» (жүйке жүйесі күшті, қозғалмалы, қозуы мен тежелуі тең – сангвиник темпераментіне сәйкес); «байсалды» (жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, селқос– флегматик темпераментіне сәйкес); «әлсіз» (жүйке жүйесі нашар, тежелуі басым, қозғалысы кем – меланхолик темпераментінің негізі).Темперамент атауларын ғылымға алғаш ежелгі грек дәрігері Гиппократ (460-377ж. б.э.д.) енгізген. Ол темперамент түрлерін адам ағзасындағы әрқилы сұйықтықтардың басымдылығына қарай ажыратқан:қаны (сангвис) басым – сангвиник (қайратты, жылдам, өмірі шуақ,көпшіл, қуанышқа да , күйзеліске де бірдей төзімді; сары өті (холэ) – холерик ( ашушаң, шыдамсыз, қызбалы, ұстамсыз, күйгелек, көңіл кейпіауыспалы; шырышы( флегма) басым – флегматик (байсалды, жайсаң,ұстамды, бір істен екіншісіне ауысуы қиын, жаңа жағдайларға бейімделуіауыр); қара өті (мелайнахолэ) басым (запыранды) – меланхолик (тұйық, ұяң, көңілшек, тартыншақ, тез шаршайды, қиындыққа төзімсіз). Кейбір темперамент түрлерінде аталған сапалар жеке адам болмысынаорай «араласа» көрінеді. Әрқилы өмір жағдайларына байланысты туындайтын психикалыққалыптар адам темпераментіне тәуелді келеді. Алайда, адамның әрекет-қылық мәдениеті темпераменттен болмай, тәрбиеге тәуелді қалыптасады. 22 Гиппократ бойынша темперамент типтері
Темперамент жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері – Гиппократ.Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт «дене шырындарының» - қан, шырыш, өт, запыран - өзара қатынасымен ажыратылады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін жоғарыда аталған шырындырдың бірінің басымдылығымен байланыстырды.
Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: сангвиник (sangius – қан), флегматик(phlegma – шырыш), холерик( chole - өт), меланхолик(melaschole – запыран). Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигізді.