- •1.Адам,индивид, тұлға түсініктері
- •3, Қазіргі заманғы тұлға теориясы
- •5Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы
- •7Тұлғаның психологиялық құрылымы, бағыттылық, нышан, қабілет
- •8.Қабілет.Қабілет түрлері.
- •10 Мінез құлықты анықтау өлшемі
- •11 Мінез типологиясы
- •12 Мінездің дамуы мен қалыптасуы
- •13Тұлға және адам мінезі
- •14,15.Ерік туралы жалпы түсінік
- •16 Эмоция және тұлға
- •17 Мотив және мотивация
- •18 Іс әрекет және мотивация
- •19 Жеке адам мотивтері
- •20,21 Темперамент, темперамент типтері
- •23Мінез бітістері- ----мінез түрлері(кітаптан кара)
- •24Қарым қатынас психологиясы
- •25Қарым-қатынастың түрлері:
- •26 Топ жіктемесі
- •27,28Кіші топ психологиясы, психологиялық үйлесімділік
- •29 Референт тобы
- •30 Қарым қатынас техникасы мен тәсілдері
- •31 Топтық іс әрекет
- •34.Адамдардың бір бірін қабылдау және түйсіну
- •35Тұлғаның психологиялық зерттеу әдістері
- •36 Топ көшбасшысы және оның қасиеттері
- •37 Тұлғалық Қақтығыстар және оның қасиеттері
- •38 Маман тұлғасының кәсіби мәртебесінің қалыптасы аспектілері
- •39 Дәрігер- маман, және оның қазіргі заманғы қоғамдағы орны
- •41,,,Кречмер, Шелдон ,Фромм,Леонгард,Личконың мінез-құлық жіктеулері
17 Мотив және мотивация
Адамды әрекетке бағыттайтын, мақсат қоюға талаптандыратын бір түрткі болатындығы, мұны психологияда мотив (себеп) не түрткі деп атайды. Кез келген түрткі сан – қиылы қажеттермен тікелей, не жанама түрде байланысып жатады.
Сеп-түрткілер (мотивы) – іс-әрекетке ынталандырушы немәжбүрлеуші, белгілі қажеттердің қанағаттандырылуымен байланысты, «не үшін іс-әрекет орындалып жатыр?» деген сұраққа жауапберетін ниет, талаптар (побуждения). Тіршілік жағдайына, қажеттерінеорай әрбір адам өзіне тән салыстырмалы тұрақты және қайталанбас сеп-түрткілер жүйесін (мотивация) пайдаланады.Адамды әрекетке итермелейтін негізгі түрткі – оның түрлі қажеттері. Адам өз қажетіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс - амалдар қарастырады. өйткені, адам сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын тек танып не оған өзінің қатынасын білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге, оны қажетіне орай өзгерткісі келеді. Бұл үшін ол қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады. Адамда қимыл қозғалыстар есепсіз көп. Бұларды үлкен екі топқа бөлуге болады. Оның бірін еріксіз қозғалыстар (яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар: көздің жұмылуы, жөтелу, шашалу, түшкіру т.б.), екіншісін- ерікті қозғалыстар деп атайды. Мәселен, жерге түсіп кеткен нәрсені көтеріп алу қозғалыстың соңғы түріне жатады.
18 Іс әрекет және мотивация
Іс-әрекет – әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетін процесте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті.Іс-әрекет – адамның дүниемен қарым-қатынас тәсілі. Іс-әрекет барысында адам табиғатты, қоршаған айналаны игеріп, шығармашылық тұрғыда өзгертеді. Сөйтіп, өзін іскер, жасампаз субъектретінде қалыптастырады, ал өзі игерген табиғи ортаны Іс-әрекет объектісі етеді. Адам іс-әрекет үстінде кез келген затқа жат пиғылмен қарамайды. Керісінше осы заттың табиғаты мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, игереді, сондай-ақ өз іскерлігінің өлшемі мен мәні етеді.Іс-әрекет барысында адам табиғатпен өзара әрекетте болып қана қоймайды, оны бірте-бірте өзінің материалдық және рухани мәдениетінің құрамына кіргізеді. Сыртқы дүниені өзгерту адамның өзін дамытуы үшін қажетті жағдай және алғышарт болып табылады.Іс-әрекет тұтас процесс қарым-қатынаспен тығыз байланыста және болашақ ұрпаққа бағытталған әлеуметтік сабақтас белсенді құбылыс болып табылады. Адамдардың Іс-әрекеті әрдайым бұрын жасалған дәлелді алғышарттар мен белгілі бір қоғамдық қатынастардың негізінде жүзеге асады. Сол себепті ол нақты тарихи сипатта, нақ осы әлеуметтік шындықтың өмір сүру тәсілі болып табылады.Іс-әрекеттің философиялық ұғымының барлық әлеуметтік ғылымдар, әсіресе, психология, социология, педагогика, т.б. үшін маңызды дүниетанымдық және методологиялық мәні бар.Азаматтардыңеркімен пайда болатын заңды фактілер, былайша айтқанда еркін қалауын білдіру. Құқыққа сәйкес келушілікке байланысты іс-әрекет (құқық бұзушылықтар ретінде) заңды жәнезаңсыз болып бөлінеді
