Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psikhologia_rubezh_1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
61.26 Кб
Скачать

5Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы

.Тұлғаның дамуы оның мүмкіндіктерінің үздіксіз кеңейіп баруымен,қажетсіну деңгейлерінің жоғарылай ауысып отыруымен байланысты.Әр адамның даму деңгейі ол ұстанған қарым-қатынас сипатына тәуелді.Күнделікті тұрмыстық күйбең, пайдакүнемдіктен аса алмаған адамдытөменгі даму деңгейіндегі тұлға деп білеміз. Ал жоғары деңгей адамныңқоғамдық мәнді құндылықтарынан, оның рухани жігерлі шабытынанкөрінеді.Тұлға дамуы – оның әлеуметтік ұнамды сапалары жүйесінің әр өміркезеңіне орай қалыптасып баруын, белгілі қоғамдық алғы шарттарды,әлеуметтік тапсырысты орындап жүруін, адамды қоғамдық жатсынуғаитермелейтін жағдаяттардың күшін жойып отыруын талап етеді.

6 ЖОҚ

7Тұлғаның психологиялық құрылымы, бағыттылық, нышан, қабілет

Тұлғаның өмір жолы нақты тарихи- әлеуметтік кеңістікте өтеді.Өндірістік - материалды жағдайлардың, тұтыну аймақтарының,әлеуметтік қатынастарының өзіндік ерекшелігі адамның тіршілік, өмірсүру қалпын айқындайды, оның әрекет – қылығындағы тұрақтанған меншікті ерекшеліктері тұлға типін айырады.Әр тұлға өзінің өмірлік ізгілікті бағыт – бағдарын (стратегиясын)қалыптастырады. Ізгілікті бағыт - бағдар мәні – тұлғаның өмірлік ұстанымы, өз құндылықты бағытына сәйкес ағымдағы тіршілік жағдайларын өзгерту және оларды пайдаланудың, жасаудың жалпылайәдістері жүйесінің тұрақталған бет алысы.Тұлға қалпының аса маңызды көрсеткіші оның өзіндік психикалықреттеу әрекеті, оның әрекет – қылығының әлеуметтік қалыптасқанөлшем – шектерге сай емес, тікелей жанама қарым – қатынасқа түсе білуі.Тұлға өзінің тұрақтанған қасиеттер бірігімімен сипатталады. Олар:- сыртқы ықпалдарға сезімталдығы, тұрақты сеп – түрткі, қызығу,қоршаған ортамен қатынас түзу қабілеті және өзіндік әрекет - қылықты реттеудің адамгершілік принциптері. Тұлғаның бұлерекшеліктерінің бәрі тума (генетикалық), нәсілдік және әлеуметтік- мәдени жағдаятардың біріге іске қосылуының нәтижесі.

ҚАБІЛЕТ ТУРАЛЫ 8 - СҰРАҚТА БАР

8.Қабілет.Қабілет түрлері.

Қабілет – адамның әрқилы іс-әрекеттерге орай көрініс бере­тін психикалық мүмкіндіктерін анықтаушы тума анатомиялық – физиологиялық және өмір барысында меңгерген реттеу-түзету сапаларының жиынтығы.

Әрқандай қызмет, іс-әрекет адамның тән-дене, психофизиологиялық және психологиялық мүмкіндіктеріне байланысты талаптар легін алға тартады. Осыдан, қабілет-тұлға қасиеттерінің нақты іс-әрекет талап­тарына сәйкестік шама-шарқын көрсетеді.

Қабілеттер жалпы және арнайы болып бөлінеді.

Жалпы қабілеттер іс-әрекеттердің барша түрінде қажет. Олар қарапайым және күрделі болып ажыралады.

Қарапайым қабілеттер – болмысты жай бейнелеуде, қабылдау, ес, ойлау, қиял мен еріктің әдеттегі, барша тек өкіліне тән деңгейде қалаған әрекет орындауда іске қосылады.

Күрделі қабілеттер – оқуда, бақылау, шығармашылық істерінде көрініп, ақыл-ес дамуының жоғары деңгейін танытады. Қарапайым және күрделі қабілеттердің қажетті деңгейдегі дамуы болмаса, тұлға адами іс-әрекеттердің бірде біріне араласа алмайды. Іс-әрекет түрлеріне орай арнайы қабілеттер – сызу, көркемөнер – әдеби, нақты-ғылыми (математикалық және т.б.), тәжірибелік-ұйымдастыру, тұрмыстың-жасампаздық, т.с.с. болып ажыралады.

Қабілеттер тек өкілі бойындағы білім, ептілік және дағдылармен шектелмейді. Олар нақты іс-әрекет тәсілдерінің шапшаң әрі берік игерілуінен көрінеді, тек өкілінің психикалық әрекеттерін реттеп ба­рушы тетік ретінде қызмет етеді.

Дарындылық – бұл белгілі іс-әрекет саласындағы табысты қамтамасыз етуші қабілеттер тобы (комплекс).

Арнайы қабілеттер нақты мамандыққа орай іс-әрекет түріне қатысты көрінеді. Қандай да бір арнайы қабілеттер ішінде тек өкілінің адами қызметтерінің жетекші формаларының жалпы шарттарымен сәйкес келетін жалпы дарындылық та байқалуы мүмкін.

Адамның шынайы дарындылық кейпі осы жалпы және арнайы қасиеттердің ажырамас, өзара кіріге, бірігуімен ғана қамтамасыз етіледі.

Дарындылықтың аса жоғары деңгейі «талант» және «данышпандық» ұғымдарымен айқындалған.

Талант – нақты іс-әрекетке болған жоғары қабілеттілік.

Данышпандық – бір дәуірлік мәні бар жетістіктерге арқау болған қабілеттердің ең жоғары деңгейі.

Дарындылықтың, әсіресе, данышпандықтың психикалық ерек­шеліктері жоғары дамыған тұлғада (интеллектте) оның қалыптан тыс ойлау мүмкіндігінен, жасампаздық сапаларынан, күшті көрегендігінен сезіледі.

Данышпандық табыстардың алғы шарты – шығармашыл жанпидалық, бірегей жаңалық іздестіруге құлшыныс, жалпыадамзаттық мәдениеттің әрқилы саласында аса жоғары жетістіктерге болған ұмтылыс. Дарынды адамдар бала күннен ерте жедел психикалық дамуымен ерекшеленеді. Дарындылық пен данышпандықтың дамуына тұлғаның бірегей, тек өзіне тән ерекше психикалық бітістеріне кедергілік етпейтін ұнамды әлеуметтік жағдайлар қажет.

Данышпан дарындылығы белгілі бағытта өрбиді, сонымен бірге сол бағыттың қандай да қырлары басымдау келіп, оларға байланысты қабілет түрлері оның шығармашылығында жетекші бағдар күйінде көрініп барады.

Қабілеттердің даму барысындағы аса маңызды да мәнді көрсеткіштер – сол қабілет қарқындылығы әрі оның жеңіл де шапшаң игеру мен алға іл­герілеуге жарасымдылығы. қабілеттердің нақты көрінісі мен дәлелдемесі білім игерудегі шапшаңдық және білімдік табыс нәтижесі, қажетті білім­дер шеңберін мүлтіксіз меңгеру. Әр түрлі адамдар бір орайлас білімдерді игере отырып, әрқилы ойлау, ақыл деңгейіне көтеріледі.

Дарындылық көрсеткіші ретінде тұлғаның даму дәуірлері де алы­нуы мүмкін. Оның ерте жаста көрінуі (жағдайлардың әртүрлілігіне қарамастан) – дарындылықтың аса жоғары болуының белгісі. Бірақ, дарындылық ерте жаста көрінбеді, сондықтан ол болашақта өріс ала алмайды деп қорытындылауға болмайды. Мұның дәлелі әйгілі физик Эйнштейн – бала күнінде мектепте физикадан үштік бағаға «зар» болған оқушы, кейін, есейген шақта осы ғылым саласының әйгілі жетекшісіне айналды. Кейде дарындылық ерте көрініп, бірақ соңынан біз күткендей даму деңгейіне жете алмай қалады. Сондай-ақ, бар беретінін жастық шағында жарқыратып, кейін тоқырауға түсетіндерде аз емес. Мұндай жастарды халықаралық тілде «вундеркиндтер» деп атайды.

9 Тұлға қасиеті мен көңіл күйі

Тұлға қасиеттерін бірнеше топқа бөліп, атауға болады.Тұлғаның ең төмен деңгейлі қасиеттер тобы - бұл адамның биологиялық шарттасқан сапалар жиынтығы: психиканың жасқа, жынысқа байланысты және жүйке жүйесі типі мен темпераментке орайласқан тума қасиеттері. Келесі топ өз ішіне адам психикалық үдерістерінің тума және жағдаяттарға тәуелді, сонымен бірге жаттығумен де дамып, жетілуші даралықты ерекшеліктерін қамтиды, яғни ес, жад, түйсік,ойлау, қабылдау қасиеттері, Психикалық қасиеттердің үшінші тобы тұлғаның даралықты әлеуметтік тәжірибесі, яғни адамның өмір барысында меңгергенбілімдері, дағдылары, ептіліктері мен әдеттері. Бұл сапалар, әдетте, әлеуметтік сипатта болып, арнайы оқу және тәрбие барысынды қалыптасады. Көңіл күйі, көңіл-күй – адамның психикалық процестерге, барлық қызметіне, соның ішінде оқу материалын меңгеруге әсер ететін эмоционалдық жағдайы. Көңіл күйіне қарап адамдарды: шат, жайдары, көңілді, жылы жүзді, ызбарлы, ызалы, т.б. деп ажыратуға болады. Көтеріңкі көңіл адамға қуат бітіріп, бойын сергітеді, ал уайым-қайғы жүнжітіп, жабырқатып жібереді.

Аффект (лат. affects — жан толқынысы) — адам көңіл-күйінің кенеттен өзгеріп, әсерленуі (долдану, үрейлену, т.б.). Жас балаларда жиі кездеседі. Аффект кезінде оқыс қимыл-қозғалыстар (ерекше мимика, ым-ишара) жасалып, қатты дауыс шығады (айқайлау, жылау). Мыс., тынышсызданудан басталған қорқу сезімі үрейленуге ұласып, Аффект дәрежесіне жетеді. Қуаныш кернеген немесе қайғы-қасіретке душар болған ересек адамның да жан толқынысы Аффект түріне өтуі мүмкін. Аффекттің сыртқы белгілері адамның өзіндік ерекшеліктеріне (еркіне, жоғарғы нерв жүйесінің қызметіне) байланысты. Аффект ұзақ уақыт бойы бойын билеп алған адамның сыртқы түрі өзгеріп, жүйке ауруына шалдығуы мүмкін.

Фрустрация - [ лат. frustratio – алдау, сәтсіздік, ақталмаған үміт ] - алға қойған мақсаттарына жете алмаған, жоспарлары күл-талқан болып күйреген адам басынан өткеретін уайым, үрей билеген психологиялық жай-күй. Дегеніне жете алмаған, діттеген мақсатын орындай алмаған саясат субъектілері фрустрация жағдайын кешуі мүмкін.Мақсатқа жету жолында жеңу мүмкін емес (немесе субъективті қабылданатын) қиыншылықтардан объективті негізде туындайтын жүріс-тұрыс пен уайым ретінде танылатын адамның психикалық қалпы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]