
- •1.Адам,индивид, тұлға түсініктері
- •3, Қазіргі заманғы тұлға теориясы
- •5Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы
- •7Тұлғаның психологиялық құрылымы, бағыттылық, нышан, қабілет
- •8.Қабілет.Қабілет түрлері.
- •10 Мінез құлықты анықтау өлшемі
- •11 Мінез типологиясы
- •12 Мінездің дамуы мен қалыптасуы
- •13Тұлға және адам мінезі
- •14,15.Ерік туралы жалпы түсінік
- •16 Эмоция және тұлға
- •17 Мотив және мотивация
- •18 Іс әрекет және мотивация
- •19 Жеке адам мотивтері
- •20,21 Темперамент, темперамент типтері
- •23Мінез бітістері- ----мінез түрлері(кітаптан кара)
- •24Қарым қатынас психологиясы
- •25Қарым-қатынастың түрлері:
- •26 Топ жіктемесі
- •27,28Кіші топ психологиясы, психологиялық үйлесімділік
- •29 Референт тобы
- •30 Қарым қатынас техникасы мен тәсілдері
- •31 Топтық іс әрекет
- •34.Адамдардың бір бірін қабылдау және түйсіну
- •35Тұлғаның психологиялық зерттеу әдістері
- •36 Топ көшбасшысы және оның қасиеттері
- •37 Тұлғалық Қақтығыстар және оның қасиеттері
- •38 Маман тұлғасының кәсіби мәртебесінің қалыптасы аспектілері
- •39 Дәрігер- маман, және оның қазіргі заманғы қоғамдағы орны
- •41,,,Кречмер, Шелдон ,Фромм,Леонгард,Личконың мінез-құлық жіктеулері
16 Эмоция және тұлға
Жеке адамөміріндеэмоциялықкүйлердіңүлкенмәні бар. Эмоциялық күйлер өтіп жатқан психикалық әрекет сипатына ғана тәуелді болып қана қоймай, оға нөзі де орасан зор әсер етеді. Эмоциялық күйлердің бәрі де өткінші сипатта болады.
Эмоция (көңіл шарпуы, сезім) – әрекет-қылықты бейберекет (импульсив) реттеуші психикалық құбылыс. Ол сыртқы ықпалдардың қажеттілік маңызы мен олардың тек өкілі тіршілігіне қолайлы не зияндылығының сезімдік бейнесіне негізделеді. Эмоциялар адам іс-әрекеті мен мінез-қылығында маңызды роль атқарып, төмендегі қызметтерді орындайды:
Эмоция адамның түрлі органикалық қажеттеріне туып отыратын қысқа ситуациялы көңіл күйі адам қуанғаннан, қамыққаннан көзіне жас алса,не болмаса бір нәрсеге мәз болып, шек сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы белгілі. |
Эмоция мәнерлі қозғалыстар (адамның сырт пішінінен байқалатын ымишаралар) көбірек байқалады. Мұнда адам өзін тек организм тұрғысынан көрсете алады. |
Эмоциялардың қызметін лимби жүйесі мен гипоталамус бөлігі басқарып отырады. |
- эмоцияның қорғаныстық қызметі. Адамды шынайы не жорамал қатерден сақтандыратын қорқыныштың туындауымен байланысты.
Мұндай қорқыныш адам басына төнген қауіпті жағдайды дұрыс барластыруға, алдағы жеңіс не жеңіліске жету ықтималдығын тиянақты анықтауға мүмкіндік береді. Осынысымен де қорқыныш адам үшін қолайсыз жәйттерден сақтандырады, тіпті тірі қалудың кепілі де осы болар. «қорықпайтын адам - ақымақ». – деп әйгілі батырымыз Бауыржан Момышұлы бекерге айтпаған.
- эмоцияның ынталандырушы қызметі – адамның өз бойындағы табиғи күштерді жинақтап, қандай болмасын әрекетті орындауға, кедергілерді жеңуге бағышталған рухани батылдықты пайда етеді.
- эмоцияның толықтырушы қызметі. Қандай да проблема бойынша шешім қабылдауға не шешім шығаруға жеткіліксіз ақпаратқа қосымша толықтырулар беруде жәрдемге келеді.
- эмоцияның сигналдық қызметі. Адамның не жануардың басқа бір жанды нысанға ықпал, әсер жасауымен байланысты. Эмоциялы көңіл-күй сырттай көріністі, сол арқылы тек өкілі екіншіге өз жағдайы жөнінде хабар бере алады (адам сөйлейді, айқайлайды не түртеді, ал жануар өзінше дыбыс шығарады, сүзеді, тебінеді және т.б.)
Эмоциялар ұнамды немесе болымсыз – екі сипатта көрінуі мүмкін, яғни көзделген нысан тиісті қажеттікті қанағаттандырады немесе қанағаттандырмайды. Эмоциялар генетикалық тұрғыдан инстинкт және құмарлықпен байланысты келеді. Алайда, қоғамдық – тарихи даму барысында арнайы адами жоғары эмоциялар – сезімдер қалыптасты. Бұл сезімдердің негізі – адамның әлеуметтік мәні, қоғамдық талап, қалыптар, қажеттіктер мен ұстанымдар.
Көптүрлі эмоция көріністері арасында төрт бастау көңіл шарпулары бөліне ажыралған: қуаныш (рахат), қорқыныш, ашу-ыза, таңдану. Эмоциялардың көбі аралас сипатты, себебі олардың бәрі қажеттіктер жүйесінің басымдық (иерархиялық) ұйымдасуынан.
Сонымен, эмоция да түйсік секілді психикалық құбылыстардың арқауы, өзегі. Түйсікте болмыстың материалдығы бейнеленсе, эмоцияда - оның субъектив – мән, мағыналы тараптары психикалық құбылыс кейпіне енеді.
Түйсіктің эмоциялық кейпі – бұл біздің түйсік сапасына болған қатынасымыз, нысанның қажеттілік қасиеттерінің психикалық бейнеленуі. Мысалы, біз гүлдің хош иісін, табиғаттың әсем көрінісін ұнатамыз, жағымсыз иістен, шектен тыс шудан тыжырынамыз.
Эмоционалды үндестік – заттасқан ортадағы күнделікті болып жататын өзгерістерге орай нақты эмоционалды жауап әрекет. Эмоционалды үндестік адамның көңіл шарпуы күшіне, оның көңіл кейпіне байланысты анықталады.