
- •1.Адам,индивид, тұлға түсініктері
- •3, Қазіргі заманғы тұлға теориясы
- •5Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы
- •7Тұлғаның психологиялық құрылымы, бағыттылық, нышан, қабілет
- •8.Қабілет.Қабілет түрлері.
- •10 Мінез құлықты анықтау өлшемі
- •11 Мінез типологиясы
- •12 Мінездің дамуы мен қалыптасуы
- •13Тұлға және адам мінезі
- •14,15.Ерік туралы жалпы түсінік
- •16 Эмоция және тұлға
- •17 Мотив және мотивация
- •18 Іс әрекет және мотивация
- •19 Жеке адам мотивтері
- •20,21 Темперамент, темперамент типтері
- •23Мінез бітістері- ----мінез түрлері(кітаптан кара)
- •24Қарым қатынас психологиясы
- •25Қарым-қатынастың түрлері:
- •26 Топ жіктемесі
- •27,28Кіші топ психологиясы, психологиялық үйлесімділік
- •29 Референт тобы
- •30 Қарым қатынас техникасы мен тәсілдері
- •31 Топтық іс әрекет
- •34.Адамдардың бір бірін қабылдау және түйсіну
- •35Тұлғаның психологиялық зерттеу әдістері
- •36 Топ көшбасшысы және оның қасиеттері
- •37 Тұлғалық Қақтығыстар және оның қасиеттері
- •38 Маман тұлғасының кәсіби мәртебесінің қалыптасы аспектілері
- •39 Дәрігер- маман, және оның қазіргі заманғы қоғамдағы орны
- •41,,,Кречмер, Шелдон ,Фромм,Леонгард,Личконың мінез-құлық жіктеулері
10 Мінез құлықты анықтау өлшемі
Әлеуметтік мінез-құлықтың өлшемі болып қылық (поступок) саналады.
Қылық – бұл іс-әрекет. Мұның әлеуметтік маңызы және мәні болады. Мысалы, анасы баласына уақытында тамақ бермесе, бұл жағымсыз қылық болып есептеледі.
Әлеуметтік тәртіп белгілі бір әлеуметтік ережелерге (нормаларға) сәйкес келсе, қалыпты дейді. Ал, мінез-құлық нормаға сәйкес келмесе, оны ауытқыған (немесе девиандтық) мінез-құлық дейді. Бұл ауытқуды әлеуметтанудың арнаулы теориясы – ауытқы мінез-құлқының әлеуметтануы зерттейді.
Ауытқу тәртібіне құқық пен мораль прициптерінен кейін кету, оларды бұзу жатады.
Ауытқу тәртібі еңбек, өндіріс саласында, жеке адамдар арасында, ұцымдық қарым-қатынастарда, қызметте, жұмыста, тұрмыс-салтында жиі кездесіп отырады. Мұндай жат қылықтарға бұзақылық, ұрлық, маскүнемдік, нашақорлық, өз-өзіне қол жұмсау, жезөкшелік, т.б. жатады. Мұндай ауытқу мінез-құлықтарына қарсы күрестер еліміздің барлық салаларында алуан түрлі әдістермен қатаң жүзеге асырылуда.
Анығында адамның өлшемі (кейбір уақытта құрылымы деп те айтады) үш түрлі болады: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік. Бологиялық өлшем – бұл адам организмінің түр бейнесі мен құрылымының (морфологиясын), басқаша айтқанда, органимзнің құрылысын және формаларын зерттейді, оның атқаратын, орындайтын қызметін, шығу негізін, ми, жүйке жүйесін, т.б. қамтиды.
Психологиялық өлшем – адамның ішкі жан дүниесі, онда жүріп жататын саналы және санадан тыс құбылыстар мен процестер, (сезім жүйесі, мысалы, құмарлығы, жек көру, не сүю, мақтаныш, не қорлану, күйініш, не наразылық, ойлау) адамның еркі мен сипатын (бейнесін) темпераментін, т.б. қамтиды.
Осыған орай жеке-жеке алып қарағанда бұл екі өлшемнің әрқайсысы адам ұғымын тұтас тұлға ретінде ашып бере алмайды, өйткені биология мен психология адамдарды жеке-дара зерттеп, оларды тұлға ретінде көрсете алмайды.
Әлеуметтік өлшем – адамды тұлға, яғни белгілі бір тип, бірнеше адамның үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде қарайды. Тұлғаны жан-жақты осылай қалыптастыратын оны қоршап тұрған орта, мұнда ол үнемі іс-әрекет, қызмет атқарады, үнемі онымен тығыз байланыс, қатынаста болады. Осыған сәйкес әрбір қоғам өзіне тән лайықты тұлғаны қалыптастырып отырады.
11 Мінез типологиясы
Мінез деген - адамның іс-әрекетінде және мінез-құлқында тұрақты көрініс беретін жеке ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез адамның барлық тіршілігіне әсерін тигізіп тұратын қасиет болғандықтан типологиялық зерттеулерді мінез сипатынан бастаған. Адамға мінездеме бергенде оның не істегенін ғана айтып қоймай жұмысының сапасын, басқа адамдармен қарым-қатынасын ерекше көрсетеді. (қалай орындағаны үлкен роль атқарады). Біреулер жалқау, ұяң, бірақ сиысымды, көпшілікті сыйлайды, ізеттілік көрсетеді. Ал біреулер іскер, қатал, тілектестік білдіреді, бірақ жұмысты сапалы орындауды талап етеді. Үшіншілер аз нәрсені шала істеп оны жұртқа түгел мәліметтеп шығады, басқалардың табысын көре алмайды, ашушаң, ызақор, сыйымсыз болады.
Мінездің типологиясы
Адамдардың мінез типологиясы жалпы пікірден шыққан
1. идея Адамдардыңи мінез құлқы өте ертеде қалыптасқан және ол өмір бойы тұрақты көрініс тауып отырады .
2 идея. Жеке тұлғаның мінез құлқы кенеттен пайда болмайды олар әр түрден барып мінез типологиясын қалыптастырады. Осыған байланысты адамның көпшілігі топтарға бөлінеді.
3 Идея Кречмер 4 негізгі дене типін анықтады Лептосоматик, пикник, атлетик, диспластик.Олардың бәрі адамның күрделі мінез типімен байланысты.