
- •1.Адам,индивид, тұлға түсініктері
- •3, Қазіргі заманғы тұлға теориясы
- •5Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы
- •7Тұлғаның психологиялық құрылымы, бағыттылық, нышан, қабілет
- •8.Қабілет.Қабілет түрлері.
- •10 Мінез құлықты анықтау өлшемі
- •11 Мінез типологиясы
- •12 Мінездің дамуы мен қалыптасуы
- •13Тұлға және адам мінезі
- •14,15.Ерік туралы жалпы түсінік
- •16 Эмоция және тұлға
- •17 Мотив және мотивация
- •18 Іс әрекет және мотивация
- •19 Жеке адам мотивтері
- •20,21 Темперамент, темперамент типтері
- •23Мінез бітістері- ----мінез түрлері(кітаптан кара)
- •24Қарым қатынас психологиясы
- •25Қарым-қатынастың түрлері:
- •26 Топ жіктемесі
- •27,28Кіші топ психологиясы, психологиялық үйлесімділік
- •29 Референт тобы
- •30 Қарым қатынас техникасы мен тәсілдері
- •31 Топтық іс әрекет
- •34.Адамдардың бір бірін қабылдау және түйсіну
- •35Тұлғаның психологиялық зерттеу әдістері
- •36 Топ көшбасшысы және оның қасиеттері
- •37 Тұлғалық Қақтығыстар және оның қасиеттері
- •38 Маман тұлғасының кәсіби мәртебесінің қалыптасы аспектілері
- •39 Дәрігер- маман, және оның қазіргі заманғы қоғамдағы орны
- •41,,,Кречмер, Шелдон ,Фромм,Леонгард,Личконың мінез-құлық жіктеулері
34.Адамдардың бір бірін қабылдау және түйсіну
Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:
1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);
2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);
3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынастың өзара байланысқан үш қыры бар екендігін жоғарыда айтып кеттік. Қарым-қатынастың коммуникативті қыры адамдардың бір-бірімен ақпарат алмасу үрдісінде анықталады; қарым-қатынастың интерактивті жағы адамдардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыруда көрінеді, мысалы, серігінің көңіл-күйіне, мінез-құлқына, сенімдеріне әсер ету керек болса немесе әрекетшілерді тиімді түрде үлестіріп, қызметтерін бөліп алу қажет болған жағдайда: ал перцептивті жағы қарым–қатынастағы екі адамдардың бір-бірін қабылдап, осының негізінде өзара түсінісуінде. Қарым-қатынастың құралдары:
Адамдар бір-бірін қабылдау процесі қарым-қатынасының міндетті құрамды бөлігі ретінде танылып, перцепция деп аталады. С.Л. Рубинштейн бойынша адам мінез құлығының сыртқы көрінісінің негізінде оны танимыз, оны сыртқы мәліметтерінің мәнін ашамыз. Осының негізінде алынған нәрселер қарым-қатынас процесінде маңызды реттеуші рөлге ие. Біріншеден, басқа адамды тану барысында танушы индивидтің өзіде дамиды. Екіншіден, басқа адамды тану дәлдігінің өлшеміне онымен келісілген әрекеттердің жетістігі байланысты. Басқа адамды танудың ең қарапайым тәсілдерінің бірі өзін-өзі соның орнына қою. Бұл сол адамның ішкі жай күйін ұғынудың ең тиімді жолы. Өзіңді басқа адамның орнына қоя отырып оны түсіну амалымен эмпатия құбылысының мәні ұқсас Эмпатия - басқа адамды ішкі әлеміне еніп, оның барлық сезмдері мен ойларын ұғына отырып оны эмоцияналды түрде қабылдау қабілеті.
Өзінің және басқа адамдардың жеке қасиеттерін танудың қисынды түрі-рефлексия, яғни кері байланыс құбылысы. Бұл әрекет етіп отырған индивидтің өзінің серігімен қалай қабылданатындығын түсінуі. Рефлексия басқа адамды тану ғана емес, сонымен өзіңді басқа адамның қалай түсінетіндігін білу, яғни басқа адамдарды қабылдаудағы таптаурындардың, жалған сенімдердің және установкалардың да мәні зор. Таптаурындар басқа адамдардың тобы жайлы әдеттегі, ықшамдалған түсініктер жүйесі. Әр түрлі топтағы адамдар бір-бірімен етене араласа, жақындаса бастаса, ортақ мақсатқа жетуді тантаурындар өше бастайды. Жалған сенімдер адамдардың, өзін олардың мотивтерін, қылықтарын білместен бағалау нақты жағдайларды толығымен талдамастан алдын-ала құрастырылған қандайда бір бейнелерге назар аудару және кез-келген адамды үйреншікті түрде қабылдап, бағалауға қатысты адамның санадан тыс даярлығы. Өзара қатынаста ашық жарқын бола білген жөн, өйткені жақын қатынаста болмайынша адамдардың жылы қабылдауы екі талай.