Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psikhologia_rubezh_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
61.26 Кб
Скачать

1.Адам,индивид, тұлға түсініктері

Психология көптеген жаратылыстану және қоғамтану ғылымдар қатарында адамды, тұлғаны зерттейді, бірақ олардың жеке өздеріне тән ерекше қырлары мен сырларын бөле қарастырады.

Бұл орайда психология тұлға терминімен бір қатар адам, тек өкілі (индивид) және «даралық» түсініктерін пайдаланады. Бұл ұғымдардың бәрі өзіндік өзгешелікке ие, дегенмен олар өзара кіріге байланысқан. Аса жалпыланған, бірігімді түсінік – бұл адам.

Адам - өмірдің ең жоғары даму сатысын, қоғамдық еңбек үдерісінің өнімін, табиғилық пен әлеуметтіктің ажыралмас бірлігін танытушы тіршілік иесі. Әлеуметтік-тайпалық мәнге ие болуымен бірге, әрбір адам өз алдына бөлектенген табиғат туындысы, тек өкілі.

Тек өкілі – бұл homo sapiens (саналы адам) ретінде нақты адам, дамудың адамдық алғы шарттарын (нышандарын) бойына сіңірген жаратылыс туындысы.

Даралық – нақты адамның тұтастай болмысының, оның табиғи және әлеуметтік меңгерілген қажеттерінің қайталанбас, ерекше сипаты.

Даралық әр адамның меншікті тәжірибесінен, білімінен, пікірі­нен, ұстаным – көзғарастарынан, мінезі мен темпераментіндегі өзгешеліктерден көрінеді, адам өз даралығын дәлелдейді, бекітеді.

2, Тұлға типологиясы

Тұлғаның көптүрлі ғылыми типологиясын шартты түрде бірне ше топқа келтіруге болады.Тұлға типологиясын анықтауға негіз болған ең ежелгі психологиялық таным жетістігі – гуморалдық (сұйықтық) теориялар. Бұл теориялар бойынша тұлға типі адам (жануар) ағзасындағы қандай да сұйықтық (қан,шырын және т.б.) түрімен байланыстырылады. Бұл орайда типологиялық ажыратудың бастау көзін ежелгі грек ғалым дәрігері Гиппократ берген.Ол тұлға типін ағзадағы төрт сұйықтыққа байланыстырады – қан, өт,қара және сары шырын (запыран). Осылардың қай бірінің басымдылығытемперамент типіне ықпал жасайды: сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик Тұлғаның дене көрінісіне (конституционалды типология) орай Э. Кречмер адамды төрт типке бөледі: астеник, пикник, атлетик,дипластик (Конституционалды типология негізі – жатырдағы ұрықтықдаму динамикасынан болатын туғаннан соңғы дене құрылымының ерекшеліктері).

1) астеник (әлжуаз) адам – нәзік денелі, қушық кеуде, тар иық, қол-аяғы серейген ұзын, сопақ жүзді, бірақ жүйке жүйесі мен бас миы күштідамыған; ынжық; 2) пикник (шәлтік) адам – кіші не орта бойлы, етшең, биік кеуделі,қарынды, қысқа мойын, домалақ басты; көпшіл;

3) атлетик (шомбал) адам – ірі, қарулы денелі, бұлшық етті, денебөліктері өзара сәйкес дамыған, кең иықты; маңғаз; 4)дипластик (мүгедек) адам – тән-дене құрылымы қисынсызжаралған, тартыншақ.

Психология ғылымында орын алған келесі бір теория – психиатрикалық типология атамасын алған. Бұл теория психикалық сырқаттану (пато­психология) белгілеріне негізделіп, дәрігерлік емдеу тәжірибелерінде пайдаланылады.

3, Қазіргі заманғы тұлға теориясы

Теориялар көп. Бірақ оларды әдетте 3 топқа бөледі.

1. Психодинамикалық теориялар – жеке адам дамуы мен қалыптасуы, ішкі субъективті психологиялық факторларға байланысты

2. Социодинамикалық теориялар – жеке адамның дамуы мен қалыптасуы сыртқы әлеуметтік ортаға тәуелді

3. Интеракциялық теориялар – адамның жеке адам болып қалыптасуы өздері жоғарыда айтылған 2 факторға да тәуелді болады

Тұлға проблемасына орасан көп зерттеулер арналған. Олардың бәрін үш үлкен топқа бөліп, қарастыруға болады: 1.Тұлға проблемасының әдіснамалық және жалпы теориялық зерттеулері. Бұл зерттеулер келесі әдіснамалық принциптер мен пробламаларды ашуға арналған: сана және іс-әрекет бірлігі принципі; тұлғалықпринципі, тұлғаның себептілік принципі, биологиялық пен әлеуметтіктің өзара қатынасы принципі, тұлға бойындағы даралық және қоғамдық сипаттар, субъект проблемасы, жүйелілік бағытының іске асып баруы,және т.б. Тұлға психологиясындағы жалпы теориялық проблемалар:тұлға құрылымы проблемасы, тұлға типологиясы, қозғалысы (динамикасы) және дамуы, т.б. проблемалар. 2.Тұлғаның нақты құрылым бірліктерін және тұлға ерекшеліктерін, яғни тұлғаның сеп-түрткі – қажетсіну аймағын, агрессивтігін,күйзелісін, мінезін және т.б. эмпирикалық талдауға арналған зерттеулер. 3.Тұлға жөніндегі біртұтас авторлық теориялар: Фрейд, Юнг,Рубинштейн және т.б. ғылыми көзқарастары.Тұлға жөніндегі зерттелеулердің бұл үш тобы өзара байланыстыкеледі.

Психологиядағы тұлға зерттеулерінің жалпы бағыттарына шолу береотырып, екі негізгі бағытты – номотетикалық және идеографиялық ажырата атамай болмайды.Номотетикалық бағыт – тұлға қызметтерінің жалпы, әмбебапзаңдарын талдауды көздейді. Бұл салада қолданылатын басты 4 Тұлғаның әлеуметтену кезеңдері.

Әлеуметтену-бұл белгілі әлеуметтік шарттармен үйлескен тұлғаның белсенді түрде өзін-өзі қалыптастыру.Әлеуметтену кезеңдері:

1. Бейімделу кезеңі (туғаннан жасөспірімдік шаққа дейін бала әлеуметтік тәжірибені ойланбастан қабылдайды, соған бейімдеседі, икемделеді, еліктейді).

2. Даралану кезеңі (басқалар арасынан өзін бөле көрсету ниеті пайда болады, қоғамдық әрекет-қылық қалыптарын сындарлы ой қалыбына сала, қабылдайды).

3. Бірігу (интеграция) кезеңі (қоғамдағы өз орнын табу ниеті пайда болып, қоршаған ортамен үйлесім табуға ұмтылыс жасайды).

4. Еңбеккерлік кезеңі (адам тек әлеуметтік тәжірибені меңгеріп қана қоймастан, өз еңбек әрекетімен қоршаған дүниеге ықпал жасап, сол тәжірибені қайта жасайды, өңдеп жаңа өнімге айналдырады).

5. Еңбеккерліктен соңғы кезең(әлеуметтік тәжірибені қайта жасауда әрі оны келесі әулетке өткізуде үлкен де маңызды үлесімен танылатын адамның егде жасы).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]