Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
акша теориялары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60.02 Кб
Скачать

1.2.Ақшаның мәнi, қызметтерi және ақша айналысы.

Ақша ежелгi заманда пайда болды. Олар тауар өндiрiсiнiң дамуындағы бiрден-бiр шарт және өнiм болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшiн жасалынған еңбек өнiмi. Адам еңбегiнiң өнiмi, оны өндiрушiлердiң белгiлi қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтан да әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.

Әрбiр ерекше тауар мiндеттi түрде тұтыну құны ретiнде көрiнедi. Оның құны жасырын түрде болады. Тауарлар және ақшалар бiр және осы тауарлар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесiнде бiр-бiрiн табады және өзара бiр-бiрiне ауысады.

Алғашқы қауымдық құрылыс кезiнде бiр тауардың басқа бiр тауарға айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады ( 1 балта = 5 құмыра, 1 қой = 1 қап бидай).

Тауар өндiрiсiнiң өсуiне байланысты кездейсоқ айырбас жиiленедi. Жалпы тауар массасының iшiнен барынша жиi айырбасталатын тауардң бөлiнiп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Осыдан келiп , құнның толық немесе кең көлемдегi формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бiрақ оның ролi бiр тауарға нық бекiтiлмеген едi. Бiртiндеп жалпы құндық эквивалент ролiн белгiлi бiр тауарлар көптен атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.

Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесiнде жалпы құндық эквивалент немесе ресiмделiнбеген ақша формасын , әр түрлi тауарлар қабылдады. Әрбiр тауарлы шаруашылық уклад өз эквивалнтiн алға тартады. Сонымен, бiрiншi, iрi еңбек бөлiнiсiнiң нәтижесiнде мал бағушылардың бөлiнiп шығуымен мал (iрi қара) айырбас құралына айналды. Шалғынды аудандарда – жылқы, сиыр және қой, ал шөл және шөлейт аудандарда – түйе, ал тундрада – бұғы жалпы эквивалент қызметiн атқарады. Бұған бiрнеше мысалдар келтiруге болады: латынның сөзi “пекуния” (ақша) “пекус (мал) сөзiнен шыққан. “Рупа” (мал) сөзi үндiлердiң ақша бiрлiгiнiң атауы “рупия” негiзiнде жатыр.

“Капитал” сөзiнiң шығуы да малмен байланысты, өйткенi ескi герман тiлiнде бұл сөз мал басы санының көптiгiн бiлдiре отырып, меншiк иесiнiң байлығын көрсеттi.

Солтүстiк халықтары ең бiрiншi айырбас құралы ретiнде жүндi пайдаланды. Ежелгi скандинавтар көлемi бойыша әр түрлi тауарлар сатып алу барысындақ құстардың, аңдардың жүндерiн пайдаланды.

Жылы теңiздердiң жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретiнде бақалшақ ақшаларды пайдаланды. Көлемi түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ кари көптеп таралды. Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың ең бiр тұрақты формасы болып табылады. Бiздiң бүгiнгi күндерiмiзмге дейнi өмiр сүре отырып, олар ешкандай өзгерiске ұшыраған жоқ. 20 ғасырдың 70 жылдарының басында Соломон аралдарының кейбiр тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретiнде бақалшақтардың үш түрi: ең арзаны – қара түстi (куррила), ақ түстi (галиа), аса қымбат - қызыл түстi (ронго) пайдалынады.

Әлемде әр түрлi экзоотикалық ақшалар болған. Королин аралдары тобына кiретiн ява аралдарында осы күнге дейiн феи акша айналысыда қызмет етедi. Олардың формасы дөңгелекше тас түрiнде келе отырып диiрменнiң тасын еске түсiредi. Мұндай монеталардың диаметiрi бiрнеше метрге жетедi. Сауда мәмiлесi орындалғаннан кейiн сатушыға феяға бұрынғы иесiнiң белгiсiн өшiрiп, өзiнiң белгiсiн соғады.

Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретiнде құралдарды пайдалынған. Сонымен бiр құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екi қойға теңестiрiлген.

Өнер мен жер игертушiлердiң бөллiнуiмен эквиваленттiң жетiлуi жалғасты. Бөлiнушiлiк, бiрiгушiлiк, бiркелкiлiк мiнездемелерi бар эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзылатын өсiмдiк өнiмдерi – зәйтүн майы , күрiш , кофе, какао, құйма түрiндегi тұздар т.б.

Жалпы эквивалент ретiнде металдарда пайдалана бастады . Ежелгi Спартта, Жапонияда , Африкада темiр , мырыш ,қорғасын , мыс , күмiс алтын түрiндегi ақшалар қолданалыды . Рим императоры Диониссий сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын карольдары мырыш ақшаларды құйды . Қытайда және Ежелгi Римде мыс ақша ретiнде пайдаланылды . XYII ғасырда Солтүстiк Америкада ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшектерiн қолданылады .

Металл ақшаларының артықшылығы олар - бiркелкi , төзiмдi , ұсақталынады. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебiнiң салмақтық жүйесi нақтылана түстi.

Кейiн келе металдардың арасында басты роль алтын мен күмiске өте басталды , өйткенi олар жалпы эквивалент үшiн аса қажеттi сапаға ие .

Әрине , металлдар бұған дейiнгi ақша формаларын бiрден ығыстырып шығарып тастаған жоқ . Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келдi . Темiр ақшалар күрек, таға, шынжыр, шеге және т. б формаларда ұзақ уақыт бойы ғана сақталынды. Грек ақшасының атауы “ драхма” “ бiр уыс шеге” деген мағынаны бiлдiредi . Мыс ақшалар қазындық, құмыры , қалқан түрлерiнде ғана айналысқа түстi . Күмiс және алтын ақшалар жүзiк, сырға, бiлезiк түрiнде пайданалынды .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]