
- •Мазмұны
- •1. Ақшаның түсінігі мен теориялық негіздері
- •2. Ақша теорияларының сипаттамасы және қазіргі таңдағы ролі
- •3. Ақша теорияларының қазіргі кезде қолданылуы.......................27
- •1. Ақшаның түсінігі мен теориялық негіздері
- •1.2.Ақшаның мәнi, қызметтерi және ақша айналысы.
- •1.3. Ақшаның эканомикалық мәнi мен ақша қызметтерi.
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер.
Мазмұны
Кiрiспе .......................................................................……………........3
1. Ақшаның түсінігі мен теориялық негіздері
1.Ақшаның мәнi, қызметтерi және ақша айналысы ...............………........4
2.Ақшаның экономикалық мәнi және ақшаның қызметтерi.....................14
3.Ақша айналысының жалпы сипаттамасы ............................………......16
2. Ақша теорияларының сипаттамасы және қазіргі таңдағы ролі
2.1 Ақшаның металдық теориясы................................................................21
2.2 Ақшаның сандық теориясы.............................................................23
3. Ақша теорияларының қазіргі кезде қолданылуы.......................27
Қорытынды ....................................................................……………..32
Қолданылған әдебиеттер .................................................…………….33
Кiрiспе.
Тақырыптың өзектілігі. Ақша туралы осы уақытқа дейiн талай – талай шығармалар жазылып, ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзедi деп даттауда. Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi, ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе, ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады.
Сонымен, ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.
Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын едi. Ақша түрiнде көрiнетiн тауарлардың құны , оның бағасы болып табылады.
Мен жұмысымды екi бөлiмге, яғни бiрiншi бөлiмде жалпы ақшаның шығу тегiн және оның экономикалық мәнi мен қызметтерiне тоқталдым. Екiншi бөлiмде ақша теориясының дамуына, яғни оның басты үш теориясын және олардың айналысын қарастырдым. Бұл әр теорияның экономика үшiн әр түрлi пайдалы жақтары бар, сондай-ақ ақша теориясы экономикалық қатынастардың дамуымен оның құрылымы да осы үш теорияны бағытретiнде алып дами бередi . Бұл теориялармен және олардың айналыс ерекшелiктерiмен жұмыс барысында кең тоқталамын.
Сондай-ақ елiмiздiң егемендiгiн алып, нарықтық қатынастарға өту үстiнде екендiгi баршамызға белгiлi. Ал ақша рыноктық экономиканың басты элементтерiнiң бiрi ретiнде ол өте маңызды болып отыр.
Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады. Қазақстан Республикасында ақша жүйесi 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi туралы” Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысының ұйымдастыру негiзiн және формаларын белгiлейдi, онда ресми ақша бiрлiгi, ақша белгiлерiнiң эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртiбi, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртiптерi қамтылады. Ал мұның алдында тұнғыш рет 1993 жылы ұлттық валютамыз теңгенi айналысқа шығарып, оны 1999 жылы еркiн айналымға жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда.
Курстық жұмыстың мақсаты ақша теорияларын ашу және қазіргі кезжегі қолданысын зерттеу болып табылады.